Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бір халық-бір ел-бір тағдыр Діндер мен конфессиялар Қазақстандағы католик шіркеуі тарихы

Қазақстандағы католик шіркеуі тарихы

15 Тамыз 2013
278
0

Қазақстандағы алғашқы католиктік миссионерлер францискандық монахтар болған. Кейін католик дінінің Қазақстан аумағында таралуына XVIII ғасыр мен XIX ғасырдың екінші жартысындағы қуғын-сүргінге ұшыраған поляк ұлтының өкілдері, әскери қызметкерлер мен арнайы қоныс аударғандардың қоныстануы себеп болды. ХІХ ғасырдың соңында Қостанайда Омск приходының филиалы болған католик храмы болған. ХХ ғасырдың басында Ақмола және Семей аймағына жер аударылған поляк және неміс ұлтынан шыққан католик қауымы болған. 1930-1950 жылдары қуғынға ұшыраған және жер аударылған неміс, поляк, латыш, украиндықтардың келуі католиктік қоныстардың артуына алып келді. ХХ ғасырдың 50-ші жылдарының екінші жартысында қамау мен қуғыннан босап шыққан католик шіркеу қызметкерлері жасырын жалбарыну топтарын құрған.

Шіркеу орындарын салуға ресми рұқсатты католиктер тек ХХ ғасырдың 70-ші жылдары алды. 1978 жылы Қарағандыда Қасиетті Иосиф храмы салынып, ал 1979 жылы Целиноградта (қазіргі Астана) алғашқы католик діни бірлестігі тіркелді. Католик шіркеулерінің қайта жандануы Қазақстанның тәуелсіздік алуымен қайта басталды.

Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақпен байланысы 1992 жылғы  17 қазанда орнықты. Алғашқы католик оқу орны – Қарағанды қаласында негізі қаланған «Мәриям – Шіркеу Анасы» рухани семинариясы 1998 жылы ашылды. Ал 2001 жылы Рим Папасы Иоанн Павел ІІ Қазақстанда сапарда болды.

1991 жылы Орталық Азия және Қазақстан католиктері үшін Апостолдық Администратура (епископтық кафедра Қарағанды қаласында) құрылды.  1999 жылдың 6 тамызында Қазақстаның Апостолдық Администратурасы Қарағанды Епархиясына және үш жаңа Апостолдық Администратураға (яғни: Астаналық, Алматы және Атыраулық) қайта өзгертілді. 2003 жылдың мамырында Рим Папасы Иоанн Павел ІІ шешімімен еліміздің барлық аймағы орталығы Астанада орналасқан архиепархияны (архидиоцез), екі епархияны (Алматы қаласы мен Қарағанды қаласы) және апостолдық администратураны қосатын бірыңғай католик митрополиясына енді.

Қазақстандағы католиктік приходтарының шіркеу қызметкерлері шет елдік миссионерлер болып табылады. Алматы, Қарағанды, Балхаш қалаларында Сестры Бедного Младенца Иисуса, Сестры служительницы Иисуса в евхаристии, Сестры семьи Марии Соискупительницы, Служительницы непорочного зачатия Пресвятой Девы Марии және өзгелері секілді монах әйелдердің ұйымдары қызмет етеді.

Католик шіркеулерінде құдайға құлшылық ету рәсімі орыс, украин, неміс, ағылшын және поляк тілдерінде жүргізіледі. 

Католик шіркеуі кең көлемдегі қайырымдылық әрекеттерін жүргізуде. Көптеген приходтар жарлылар үшін асханалар, қарттар, панасыздар және жетім балалар үшін баспахана және жетімханалар ұйымдастыруда.  1994 жылдан бастап Алматыда «Caritas» қайырымдылық жобасының негізінде қайырымдылық амбулаториясы және жарлыларға арналған асхана жұмыс істейді. Бірнеше қайырымдылық бағыттағы дәрігерлік мекемелер жұмыс істейді. «Renovabis» қоры мен ерікті қайырымдылық жұмыстарының негізінде «Кредо» газеті жарық көреді. Жастармен жұмысқа көп мән беріледі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда Рим-католик шіркеуінің 79 діни бірлестігі қызмет етуде.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз