Басты бет Арнайы жобалар Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру Қазақ тарихындағы латын жазуына өту мәселесіне өркениеттік көзқарас

Қазақ тарихындағы латын жазуына өту мәселесіне өркениеттік көзқарас

14 Қыркүйек 2017
281
0

Ежелгі адамдар үңгірдегі салған сүреттері арқылы өз ойын жеткізіп, ол дами келе қоғамдық қатынастарды реттейтін құрал ғана емес, мәдениеттің тұтас бөлшегі болтынын білмеген болса керек. Уақыт ағымымен заман талабы жазулардың тиімді түрлерін қолдануды талап етті. Осылай, алғашқы жазулардың үлгісі ғана емес, жазу материалыда өзгеріске ұшырады. Сондықтан, петроглифтер қазіргі жазулардың қалыптасуына бірден бір негіз болды деп айталамыз. Қазақ жерінде тастағы суреттердің көптеп кездесуі ежелден бастау алған жазу үлгісінің болғанынан хабар береді. Бұл туралы Қазақстандық археолог, этнолог ғалымдардың зерттеулері толық негіз болады.

Ежелгі Вавилонда, Мысырда, гректерде жазулардың пайда болуы мифтермен тығыз байланысты. Алайда, палеография ғылымының пайда болуы жазулардың шығу тегін, олардың арасындағы байланысты ашып беріп, жүйелі зерттеудің негізін қалады.

Қазақ жазуының шығуы мен дамуы жайында, қазіргі таңдағы емле өзгертуге байланысты теориялық тұрғыдан екі көзқарас қалыптастыра аламыз. Біріншіден, мәдени-ұлттық, өркениеттік негіз ретінде «төл жазуға» қайта оралу; екіншіден, заман ағымына негізделеген жазу үлгісін қолдану.

Алғашқы көзқарасқа тоқталсақ. Басты мәселе «Төл жазу» ұғымын анықтау. Жергілікті географиялық орыныда сан мыңдаған жылыдар бойы өмір сүрген халықтың уақыт өте келе қалыптасқан жазуы. Олар: ежелгі вавилондық, египеттік, шумерлік, түрк халықында руна, гректе грек, Үндістанда санскрит, Қытай ероглифтері, Прасы бехистун жазуы т.б.

Қазақ тарихындағы жазу мәселесіне өркениеттік көзқараста қарасақ ыдырау ертеден басталады және біраз өтпелі кезеңдерден тұрады. Түркілердің ислам дініне кіруі, жазуымен қоса мәдениетінің басқа белгілерінде өзгеріске ұшыратты. Алайда, өркениеттік өзегінен толық айырылмады. Араб мәдениетімен араласуы негізінде «Түрк-исламдық» жаңа мәдениет қалаптасты. Араб жазуының түркілер арасына таралуы ғылым мен білім артуына негіз болғанын жасыра алмаймыз.

Жазу - мәдениеттің бір бөлшегі. Онда да даму мен құлдырау бар. Жазу - бір орталыққа бағындырылған мемлекет немесе қауымдарда қалыптасып, оның етене жақын бөлігіне айналады. Дамуы мен құлдырауыда сол өркениетке байланысты. XV-XVI ғасырларда Евразия мен Африка континенттерінің көп бөлігіне ықпал еткен ислам өркениеті үшін құлдырау кезеңі басталды. Құлдыраудың басты себептері: халифаттың ыдырауы өз ара тартыс, сыртқы шабуылдар (Керст, жорықтары, Моңғолдар шабуылы т.б), рухани дүниенің бұзылуы билік үшін күрес немесе діни-философиялық идеологияның жиі өзгерістерге ұшырауы салдарынан халық наразылықтары, батыс елдерінің экспасиялық әрекеттері т.б. Қоғамның регересске түсуі араб әліпбиін және осыған негізделеген басқада әліпбилердің (шағатай, иран, ұрду, осман т.б) қолданыс өрісін азайтты.

Ұлы географиялық ашылулардан соң дағдарыс пен діни идеологиядан тұншыққан батыс елдері жаңа мүмкіншіліктерге қол жеткізді. М.Поло мен В.Рубруктың саяхатынан белгілі «шығыс» олар үшін нағыз байлықтың отаны еді. Ағашқы ашылулар шаруашылық пен еңбек қатынасының жаңа жүйеге көшуі, жаңалықтардың ашылуымен қатар жүріп, ғылым мен техниканың қарыштап дамуы еуропаны үлкен философиялық бет бұрысқа алып келді.

Әлемдік отарлау өз кезегінде шығыс елдері үшін ауыр соққы болды. Нәтижесінде жаңа реформа, жаңа бет бұрыс пайда болуы, мұсылмандық түркі әлемі үшін «кезекті тарихи қайталау» болса, Ресей үшінде «славияндық төл жазуды» заманауи жүйеге негізде үшін «латын гарфикасын» қосылып реформаланды. Ресейдің еуропалануы барлық салада көрініс тапты. Яғни, сол кездегі Ресейдің батыс әлеміне тәуелді екенін аңғарсақ, қазіргі Қазақстан сол кезде «колонияның ішіндегі колония» болды деуге толық негіз бар. Дегенмен, түркілердің руна жазуынан арабқа, одан латын немесе кириллицаға ауысуы «өркениеттер қақтығысы» немесе синтезге түсуі тұрғысынан көптеген ойлар салары анық.

ХІХ ғасырдың ортасынан-ақ еуропалық державалар әлемнің үлкен бөлігіне үстемдік етуі, латын жазуының әлемдік беделін күшейтіп, біртұтас жаһандық мәдениетті қалыптаса бастауына (Ф.Фукуяма, К.Ясперс сияқты ғалымдар бір тұтас өркениет ұғымына келіспейді) негіз болды. Ислам елдері еуропалық негіздегі жаңа реформаларға көше бастады. Ол араб елдерінде түбі бір араб-ислам бастауынан алатын мұсылмандық фундаментализм (усулийя - арғы түпке немесе тамырға қайта оралу) ретінде көрініс тапты. Осман империясы құлағаннан кейін Түркияда М.К. Ататүрктің бастамасымен жаңғырту мен батыстандыруды қатар алып жүрген тарих, қоғам, мәдениет – кемалшілдік, ал орталық азиядағы мұсылман елдерінде жадидшілдік ретінде көрінді.

Қазақ жазуын латынға аудару мәселесі алғаш рет XIX ғасырдың аяғында байқалды. Оны орыс миссионерлерінің жазбаларынан білуге болады. Н.И Ильминскийдің бастамасымен Қазан қаласында шыққан «Из переписки по вопросу о применении русского алфавита к инородческим языком» атты кітабында қазақ, татарлармен қоса, орыс халқының латын жазуына өту керектігін, жаңа жазуға өту заман талабы екенін айтып өтеді.

XIX ғасырлың аяғында латынға өту тек қазақ жерінде ғана емес Әзербайжан, Түркия (Осман империясы), Иран елдерінде де көрініс тауып, сол кездегі зиялы қауымның көп бөлігінің қарсы шығуы, патшалық Ресейде саясатының шектеулеріне байланысты тоқтатылды.

Отарлық саясат әр елге әртүрлі әсер қалдырды. Орта ғасырда түркі халқытары әр түрлі мемлекет, империя құрып өз алдында саясаты болғанымен өз ара байланыс жасауда жазу мен сөзге келегенде ешбір тілмаштың көмегіне сүйенбеді. Түркі халақтарының саяси қуатының төмендеуі басқа халақтардың үстемдік етуіне негіз болып, түркі халықтары арасында жазу, тіл айырмашылығы байқала бастады (Қазіргі таңда түрк елдерімен қарым-қатынасқа түсу үшін олар мейлі ортақ латын жазуда болсада тілшінің көмегіне жүгінуге тура келеді). Осылай болудың басты себебі, ортақ идеологияның қалыптаспауында. Ал, Ұлы Түрк мемлекетінен кейін бытырап, өз алдына ел боп кеткен, әлемдік отарлаудан «қалыжыраған» түрк халақтары ХХ ғасырда біріге қою мүмкін емес еді. Әлемдік отарлауға түскен түрк мемлекеттері өз алдына бытыраңқылықта болды. Ортарлаушы елдерге тәуелді болды. Екінші дүние жүзілік соғыста бітіп, әлем капиталистік және коммунистік болып екіге бөлінгенде де түрк елдері емес әлем халықтары «коммунистік» отарлар және « капиталистік» отарлар және жартылай отарлардан тұрып, өзіндік сана, болмыс, мәдениеттің көп бөлігінен айырылып, біраз сандысы жоқ боп кетті. Қазіргі тарихта «Қырғи қабақ соғыс» бітті деген теориялық тұрғыда жалған пікір. Әлемді бөлу немесе блоктар аралық соғытар әлі жалғасын тауып жатыр. ХХ ғасырдың соңында КСРО-ның ыдырауы әлемдік саясаттың жаңа қырын ашып, капитализмнің жеңіске жетуі тұтас әлемді ортақ мәдениет қалыптастыру үлгісі барған сайын дамытуда. Біз «осы мәдениеттен қалып қоймайық деген желеумен» барлық жүйемізді өзгертіп жатырмыз. Төл жазу деген ұғым қазақ халқы үшін «елес» болып қалды. ХХ ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасыр әлемде ерте мәдениеттердің будандасқан немесе араласқан түрін қалыптастырды. Олардың қатарына Қытай мен Ислам әлемін жатқызамыз. Ал түрік елдерінде ортақ мәдениет жасаудың нышандары бар, бірақ жетіле қоймаған. Осы мәселеде түрк халақтарының Ресейден, АҚШ тан, еуропа елдеріне саяси-экономикалық тәуелді болуы болашақта үлкен күрделі мәселе. Заман ағымының тездеуі, оқиғалар мен құбылстардың жиі орын алуы ғылым мен техниканың қауырт дамуы негізінде қалыптасты. Әр дәуірдің өзіндік заңдылықтары уақыт ағымынан туындайды. Уақыттың басталуы мен аяқтауы адамзат үшін әлі белгісіз сұрақ. Оқиғалар мен құбылыстарды жасау уақытқа тәуелді емес. Ол тек өзімізге байланысты. Жаңа құбылыс тудыру үшін өткен істерден үлгі алу - тарихтың адамзат үшін ең пайдалы тұсы. Емле мәселесіне осы көзқараспен қарасақта ұтатынымыз көп.

Әріп немесе жазу сөзді жеткізудің құралы екені туралы 1914 жылы Орынборда татар тілінде шығып тұрған «Шоро» журналының 12 санындағы «Иазуымыз, дилимиз» атты мақалада Ғ. Хасен Заденің «Иазуымыз - діліміз» деген сөзінің мәнін ашып, сол кездегі татарлар арасындағы жаздың дұрыс айтылуы мен жазылуы төңірегінде мысалдар келтіре отырып баяндайды. Ал, қазақ зиялысы А.Байтұрсынұлы: «Өз тілімен сөйлескен, өз тілімен жазылыған жұрттың ұлттығы еш уақытта адам құрымай жоғалмайды. Ұлттың сақталуынан да, жоғалуынан да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы – тіл. Сөзі жоғалған жұрттың өзі жоғалады. Өз ұлтына басқа жұртты қосамын дегендер әуелі сол жұрттың тілін аздыруға тырысады– деп, мәдениеттің өзегі болған араб әліпбиін қалдыру керектігін тілге тиек етіп, «Қазақ әлде қашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған. Әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы. Үйренуі жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындыкінен оңай, оңтайлы. Тағы немене керек?!».- дей келе: «Қат мәдениеті бар қалыққа бір әріпті бастап екінші әріпті ала қою оңай жұмыс емес. Бірте – бірте алып кетуге оған уақыт керек, бірталай артық тұрған қаржы керек, бірталай артық тұрған адамның күші, іскерек..Мұндай екі шығын екі жұмыс көтергендей қаржымен қайрат қазақ түгілі түріктің қай жұртында да жоқ.». – дейді.

Бұл, түркі халықтарының латын жазуына ауысуда ортақ идеология құрып, бірігу емес большевизмнің ықпалы жатқанын толық аңғаруға болады. Түркі халақтарына тек бұрыннан келе жатқан араб әліпбиін реформалау керек екенін Бұл туралы А. Байтұрсынұлы былай жеткізді «Түрк жұрттары әлібби түзейміз десе, бәрі қосылып бір әлібби түзей алмайды. Өйткені сөздеріндегі дыбыстың түрлері бірдей емес. Дыбыстары бірдей болмаса, бәріне бірдей жалпы әліпби жасауға болмайды». – деп түркі жұрты үшін көптен көз үйір болып қалаған араба әліпбиін алып оны өз алдына реформа жасау керектігін түсіндіреді. А.Байтұрсынұлының қазақ жазуын реформалауы татарлардан басқа түркі халақтарында кездесе бермейтінін, дін мен ұлттық рухты сақтап келе жатқан бірден бір құрал екенін алаштық зиялы Ахметұлы Ілияс: «1905 жылдан кейін ресейге қарайтын елдерде әліппе түзету жұмысы қолға алына бастады. Қазақтан шыққан Ақмет бұрынғы араба әліпбесінен өзгертіп – қазақ әліпбесін жасады. Неше жылдай қазақ елін шоқындырақ болған миссионерлер, қазақ еліне үлгі көрсетіп әліппе жасап бермек болған орыс білмпаздарының қолынан келмеген нәрселер Ақаңның ғана қолынан келді. Ақаңның дәйекшесін орыс білімпаздары ілім жолындағы үлкен табыстың біріне қосып отыр.». – деп «Түркі әліпбиінің түбі арабтан шыққанымен, түрк тіліне икемделіп өзгерін кірігті сондықтан оны араб әліпбиі емес түрк әліпбиі» екенін айтқан А.Байтұрсынұлын қостаған М.Дулатұлы: «Бірақ, латын әріптері, мейлі өзгерсін, мейлі өзгермесін біздің қазақша қат танитындарымызға шетінен жат емес пе?».- деп латын жазуына ауысудағы үлкен шығындарды атап өтіп, оның латын жазуына өтудің «түк қисыны жоқ» екенін жеткізді.

Арабша баспа машиналарының алғаш рет Италияда пайда болып оның араб елдеріне миисинорлік мақсатта жіберілгенін, дегенмен кейін баспа жазуын дамытуда үлкен пайдасы болғанын білеміз. Сол кездегі «еуропалық ресейден» келген өз мәдениетінен жиркенуге негіз болған «жаңашылдық», «мәдениеттілік», «дінсіздік» сияқты ұғымдар «ескішілдік», «арабшылдық», «түрікшілдік» түсініктеріне қарсы болды. Алаш зиялысы Елдес Омарұлы: «Баспа машинасын бірінші шығарған ел аурпалықтар. Аурпалықтар арабты шоқындыру мақсатымен інжілді арабшалауды ойлаб, араб әрпінің баспасын жазбасынан бөлек түрде жасауды, қозғасада бұған араб елі көнбей, әріптің басбасыда, жазбасы сияқты етуді талап еткен, осымен арабтың басба түрі туғон. Біздің латыншлдарда осы сияқты. Көбі қазақша, қазақтың кәзіргі әрпімен жаза алмайды. Сонан соң, өздері үйреніп қалған теріс жазылатұн әріпті көксейді... Мәскеуге барған қазақтың жігіттері мен әйелдерінен қай ұлттан боласың? Деп сұраса қазақпын деуге арланып жапанмын (жапон) деді. Бұл не? Бұл қазақтан жиркенгендік. Ақылы соған өлшенгендік. Латын әрпін аламыз деушілерде, қазақтың кәзіргі әріпінен жиренеді, ол олардың орысша үйреніп қалған әдеттерінен шыға алмай, сырты сұлуға еліктегеннен шыққан әдет.». –дейді.

Қазақ жазуын латынға өзгертуді нақты қолға алу өткен ғасырдың 20-жылдарында коммунистердің билікке келуімен нақты қолға алынды. Алайда кейбір жазушылар ХХ ғасырдың басындағы большевиктік билік ортағаннан кейінгі латынға ауысуды, түркі халақтарын бірігіуі мақсатында басталған деген пікірлерін негізі жоқ дей аламыз. Себебі, ХХ ғасырдың басында отарлықтан шығудың мүмкіншіліктері болғаны рас, ол большевиктер билікке келгенге дейін болды. Ал большевиктер кезіндегі «түрк халақтарының бірігуі» деген ұғым белгілі бір саяси күшке енбеген болатын. Ол түркі халақтары арасында ғана емес «латын әлемінде де» коммунистік идеология жүргізуші құрал болды. Отар болған немесе саяси тәуелді болған халықтар өз еріктерімен жазу өзгерте алатын күйде емес, саяси құралдың бөлшегі болды және әлемдік үстемдік алған латын жазуына амал жоқ көшуі мәжбүр болды. ХХ ғасырдың басындағы соғыстар мен түрлі реформалар отарлаушы державаларды түрлі қиыншылықтарға әкелген рас. Сол себептіде, көтерілістер, толқулар жиі болып, көптеген автономиялар құрылып жатты. Алайда өркениетттік көзқараста сол кездердегі түркі халақтарының бірігіуі, толық дербес, тәуелсіз ел болуы мүмкін емес еді. «Еркіндік» ұғымы көшпелі халақтарға тән десек, олардың «жайылымы, өрісі» ХХ ғасырдың 20-30 жылдары өте аз шектеулі болды деп толық айта аламыз.

1917 жылғы болған төңкерістің желі Ресей жерін ғана емес оның айналасындағы көрші жатқан елдердің барлығын шарлап, біздің еліміздің де тарихы мен тілінде өшпес із қалдырды. 1920 жылдардың басында сол кездегі биліктің бастамасымен араб әрпімен жазып келген түркі тілдес халықтардың барлығын жаппай басқа әліпбиге көшіру саясаты қолға алынды. Сонымен бірге бұл саясаттың астарында әліпбиін жоғалту арқылы ислам дінінің ықпалын жою да көзделгені анық. Басында араб әліпбиінің негізінде жаңа заманға лайықты әліпби дайындау туралы ұсыныстарды талқыға салғанымен де, осы жиыннан кейін латын әліпбиіне көшуді жақтаушылар белсенді әрекет ете бастады. Араб әрпімен жазылған рухани мұраны жойып алу қаупі ол кездегі билік иелерін мүлде толғандырған жоқ, араб әліпбиімен жазылған кітаптар мен ондай дүниелерді сақтағандарды аяусыз жазалау шаралары жүргізілді.

Кеңес үкіметінің бастапқы жылдарында тек қана түркі халықтарын ғана емес, сонымен бірге орыс тілін де латын әліпбиіне көшіру мәселесі де көтерілген болатын. 1919 жылы ағарту ісі жөніндегі халық комиссары А.В. Луначарский: «.. Барлық осы елді мекендеп отырған халықты жаппай латын әліпбиіне көшіру қажет». - дегенді айтқан болатын. Осы пікірге орыс сөзін қолдаушылар қоғамы бірден қарсылық көрсетті. Олар бірден комиссия құрып, сол арқылы «латын әлібиіне көшіру шетелдіктерге орыс тілін үйретуді қиындатып жібереді» деген мәлімдеме жасады. Солай орыс әліпбиін толық латынға ауыстыру бастамасы көтерілмей жатып, бірден өшірілді.

Әліпби, емле және оны реформалауға байланысты қазақ оқымыстыларының арасындағы пікірталас алғашқыда «Дала уәлаяты», «Айқап», «Қазақ» газеттері беттерінен көрініс тапса, 1920 жылдан бастап «Еңбекші қазақ», «Жаршы», «Жаңа мектеп» газеттерінде де көрініс тауып, газет төңірегіне ұйыса бастайды. Әліпбиге байланысты көзқарас, пікірталастарды бұқара арасына жариялап халық талқысына салып отырған «Еңбекші қазақ» газетінің орны ерекше болды. Аталмыш газетке екі топтың жүздеген мақалалары жарияланып отырды. Айталық, Н.Төреқұлов «Бізге қандай әліппе керек», Ә.Байдилдиннің «Жаңа әліппе тарихынан», Б.Байтоғайұлы, Қ.Басымов, М.Дулатов, Т.Шонанұлының «Бізге жаңа әліппе не үшін керек», О.Жандосұлы, М.Жолдыбаев, Қ.Жұбанов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгеров, Н.Қаймекеұлы, Ж.Аймауытовтың, М.Мұхтарұлы «Дыбыс белгілерін негізінен өзгерту керек» т.б. және шетелдік Г.И.Бройдо, Н.Яковлев, Поливанов, Навширманов, профессор Ашмарин, профессор Жюзе, академик Бартольд, профессор Л.Жирков, профессор Б.Шобанзаде сынды ғалымдардың бірнеше мақалалары оған дәлел бола алады.

Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де әліпби мәселесі күн тәртібінен түспегенін сол тұстағы баспасөз материалдарынан көруге болады. КСРО құрамындағы түркі халықтарын араб таңбаларынан латынға көшіру мәселесі көтерілген тұста қазақ зиялылары «арабшылдар» мен «латыншылдар» болып жеті-сегіз жылға жуық қызу айтысты. «Еңбекші қазақ», «Ақ жол»», «Сарыарқа», «Жаңа мектеп», «Жаршы» сынды басылымдарда Ахмет Байтұрсынұлы, Жүсіпбек Аймауытұлы, Елдес Омарұлы, Міржақып Дулатұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Әбдірахман Байділдаұлы аталған мәселеге қатысты жарияланымдары жарық көрді.

Халық комиссарлар кеңесінің 1927 жылдың 19 қарашадағы шешімімен Жаңа қазақ әліпбиінің орталық комитеті құрылды. Аталған шешім негізінде комитеттің төрағасы мен мүшелері тағайындалды. Төрағасы Нұрмақов Нығмет болса, мүшелікке Тоқтабаев Кәрім, Жандосов Ораз, Байділдин Әбдірахман, Ермеков Әлімхан, Тоғжанов Ғаббас, Шонанов Телжан сынды қайраткерлер кірді. Биліктің большевиктер қолында болуы латын жазуына өтуді тездетті. Осыған дейін реформаланбаған шағатай жазуы негізіндегі «көне қазақ әліпбиі» сауатсыздықты арттыратынын білген А. Байтұрсынұлы араб әліпбиін қазақ тілінің емлесіне сай етіп қайта құрастырды. Дегенмен, Ұлттық құндылықтарды жоюды мақсат еткен коммунистік үкімет бастаған ісін аяқсыз қалдырмады. Қарсы шыққан қазақ зиялыларын «ұлтшыл», «ескішіл», «арабшыл» деген айыптар тағылып, қатаң сынғада ұшырап жатты.

1928 жылдың аяғына дейін, қазақтар араб әліпбиін қолданып келді, партия көсемдері араб әліпбиін ауыстыруды Кеңестік Шығыстағы революция деп бағалады. Жаңадан құрылып социалистік бағыт ұстаған кеңестік идеология араб әліпбиін ауыстыру идеясын қызу қолдады. Араб әліпбиінің қорғаушылары ретінде байлар мен мұсылман дін басылар «ұлтшылдар» деген атаққа ие болды. Тап осындай ұстанымды халықты панисламистік және пантүркілік идеялармен басып алуға тырысушылар деген айып тағылды. VІ шақырылған Қазақ АКСР ОАК ІV сессиясы 1928 жылдың желтоқсанында бүкіл жерде латын әліпбиіне көшуді заңдастырды. ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еркіндікке ұмтылысы осылай жанышталды. Бұлда өз өркениетінен айырылудың үлкен көріністерінің бірі ретінде бағалауға толық негіз бар. 1928 жылыдан бастап «Әліпби айтысы мәселесі» тоқтап, латын жазуына ауысу аранайы қолға алынды.

Қазақстан жаңа әліпбишілерінің өлкелік тұңғыш конференциясы (1928 жылы қаңтардың 9 – 12 күндері) болып өткен болатын. Бұл конференция Қазақстанның түбегейлі латын жазуына көшуіне деген нық қадам болды. Дәл осыдан 6 күннен кейін яғни, 1929 жылы 24 қаңтарда Қазақстан Орталық кеңес комитеті ІV cессиясында «Латын әрпі негізінде құрылған жаңа қазақ әліпбиі Қазақстанда мемлекет әліпбиі деп саналсын» деген қаулы қабылдады. Осы қаулыдан кейін 1931 жылдың 1 қазанынан әрі қарай барлық мекеме, кооперативтер, түрлі кәсіпорындар мен ұйымдар істерін жаңа әліпбиге көшіруге тиіс деп табылды. Жаңа әліпбиге көшуге әзірлік жүргізілді. 1930 жылдың қаңтарынан бастап газет, журнал, кітаптар тек жаңа әліпбимен басылуы тиіс болды. Қазақстан оқу комиссариятына 1931-32 жж. барлық мектеп тек жаңа әліпбимен оқытылатын болсын деп нұсқау берді. Сессия Халық комиссарлар кеңесіне, оқу комиссариятына, орталық шаруашылық кеңесіне, баспа орындарына тапсырма берді.

Қазақстандық латын жақтаушыларының өлкелік конференциясына барлық облыстардан делегаттар қатысты. Баяндмашылардың жалпы саны 30-ға тарта адамды құрады. Олар: Т.Шонанұлы, Ж.Аймауытұлы, Ә. Ермекұлы, Ш. Сабырбайұлы, Ж. Оразұлы, Тоғжігітұлы, Розыбақұлы, Қаратайұлы, Кәмәлұлы, Мұқамеди, Бәйдәлдәұлы, Б. Малдыбайұлы, Оралұлы, Нұрышұлы, Сүгірұлы, Махмұтұлы, Барқиұлы, Сүлейұлы, Дүйсенұлы, Қойлыбайұлы, Есенбергенұлы, Кәмілұлы, Ағымжанұлы, Бегімбайұлы, Ақдәулетұлы, Жұбанұлы, Шәріпұлы, Ерназарқлы, Садықбектер шығып өз баяндамалырын жасаған болатын. Барлығының басты назар аударған тақырыбы латын жазуына қайткен күнде тезірек көшу, оған бөлінетін қаржы мөлшері, сауат ашу мәселесі сяқты маңызды міндеттер болды. Қазақстандық ұсақ ұлттар атынан шыққан Розыбақұлы латын әліпбиіне көшудегі негізгі екі маңызды тұстарын атап көтсетті: «Латын әліпбиі түрк жұртшылығы елдерін біріктіріп отыр; Латын әліпбиі жеңгенде үкіметтің бұйрығы, болмаса, соттың бұйрығымен жеңіп отырған жоқ; Айтыс таласта дәлелдеп жеңіп отыр.

1926-1928 жылдары облыстардағы сауат ашу мәселесін жөніндегі статистикалық мәлметті Ораз Жандосұлы тілге тиек етті: Қостанайда жалпы мүше саны - 300, сауаттанған мұғалім: 80, Ауыл мектептерінде жетісіне бір рет жаңа әліпби сабағы өтіп тұрады делінген. Оралда – 79 мұғалім, 23 – нұсқаушы, 15 әріп теруші жаңа әліпбиді үйренген. Ақтөбеде 18 – пионер бастығы, мәдениет майданы жорығына алған комсомолдардың бәрі, 40 – шамалы батырақ, 56 – мұғалім, 5 – ноғай үйренген. Қарсақбайда 63 мүшесі бар бір ұйым ашылған, Сол арада бір ауданда 51 мүшесі тағы бір ұйым ашылған. Ал жалпы әліпбидің ерікті қоғамдары 75, 45 мың 475 мүшесі бар. Өз бетімен қатынағандарды былай қойғанда көріс арқылы, мектеп арқылы ұйымдастыру істерімен танығандар 6 мың 300 адам. Ағашқы жылдарыдан бастап латын жазуына жаппай көшуді реформалау негізінен партия адамдары, мұғалімдерден басталды. Қазақстанның барлық аймақтарында жүргізілді. Жаңа әліпбиге көшу кезіндегі бөлініп игерілген және бөлінетін қаржы мөлшері: 1927 жылы 50 мың 169 сом ақша болса оның 50 мың 36 сомы жұмсалған. 1928 жылы бөлінген қаржы көлемі 65 мың 475 сом, Орталық Жаңа Әліпби комитетіне 277 мың 88 сом, Округтік бюджтке 90000 сом бөлінген. Қаржының көп бөлінуі реформаның тездетіп орындауға негіз болғанымен, көп санды жерлерде шала сауатсыздық әліде байқалып жатты.

1931 жылы май айының 16 күні алматы қаласында ЦК НКА басшысы Исаев қол қойып мөр басылған мынандай қаулы шықты: «Решению правительство КАССР предлагают отныне прекратить сношение арабском алфавите краевым местными организациями объявить двухдекадный ударник полного перехода новый алфавт моблизовав печать общественность итоги телеграфьте ЦК НКА 10 июнья. Председатель СНК /Исаев/ » дәл осы күннен бастап Қазақстанның барлық өңірлерінде арабша жазулар тоқтатылынған болатын.

1928 жылы латын әліпбиіне көшу туралы орталық комитеттің заңы шыққаннан кейін баспа машиналарына қатты көңіл бөлінген болатын: «жаңа машинисттерді дайындау үшін жергілікті жерлерден 12 курс ашылды, өкініштісі біздің республикамызда машина жоқ. Оны Қазан мен Ленинградтан алуға мәжбүр болып отырмыз. Біздің республикаға тез арада 60 машина қажет». - деп ЖҚАОК – нен Шонанов және жауапты секретары Бегалиев деген хат Москваға жөнелтіледі.

Дегенменде мерзімді басылымдарды араб жазуынан алатын жазуына ауыстыру бірден қолдан келмеді. Ол туралы Полиграфтест баспасынан шыққан газеттерден біле аламыз : 26 газет шыққан олардың латын және араб жазуларымен шыққандарын % есеп көрсеткішпен көрсетеді 8 - газет 100% латын, 3 - газет аралас 70 – 80 %, 4 – газет 40 – 50 % аралас жартылай араб, 5 – газет 25 – 30 % латын жазуында, 1 – газет 15 % ғана латын жазуында шығып отырған. Латын жазуында сауат ашу мәселесі Қазақстанда басқа облыстардан кенже қалып отырды оған дәлел Ғ. Тоғжанұлының 1928 ж сәуірдің 31 күні белгісіз газеттің 58 бетінде жариялаған «Жаңа әліпбиге жаппай көшуге кімдер қарсы» деген мақаласында берген мына мәлметінен біле аламыз: «Жаңа әлпбиге көшуге қарсылар отаршылдар, арабшы-ұлтшылдар, кер тартпа бюрократтар, кейбір жауапсыз камунисттер. Жаңа әліппемен сауаттанған қазақтар 858 мың, бұл жалпы Қазақстанда тұратын қазақтардың 18 – 20 % құр. Ал араб әрпін негізгі есеп ретінде алғанда хат танушылар 5 – 6 % қана еді. Басылған кітап саны 357. Көрші мемлекеттерде бұл жақсы көрініс тапқан. Татарстан 3-4 жылда халықтың 60 % сауатанды, Өзбекстанда 2.000.000. адам сауаттанып, 1469 кітап шыққан ». Қазақ зиялысы Әлімхан Ермекұлы: «Қазіргі таласта айтылып отырған әріп екі түрлі: бірі - латын әріпі, екіншісі – араб негізіндегі қазақ қаріпі. Міне осы екеуінің қат тануға, жазуға, жылдам оқуға, баспаға қайссы жеңілі, қайсысы пайдалы осыны тексеру керек» дегеніндей қазіргі уақыттағы басты мәселе заман талабын орындау, қалып қоймау.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Беласу" атты кітабында: "Қытайда жергілікті диалектілер көп. Барлық қытайлықтарды біріктіретін - жазу. Егер олар бір нәрсені түсінбей қалар болса, иероглифті жазады да әңгімелері жарасып жүре береді». - дегені осының дәлелі. Қазақтың жайын қытаймен салыстыруға келмейді, тілімізде ұқсастық болмағанымен, біз жазу арқылы әлемдік өркениетке бағыт алуымызға болады.

Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған кезден бастап қазақ лингвистері мен зиялы қауымының арасында латын әліпбиіне көшудің пайдасы мен зияны туралы пікірталастар жүргізіле басталды. 2006 жылдың 24 қазанында өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының ХІІ сессиясында президент Н.Назарбаев: «Қазақ әліпбиін латынға көшіру жөніндегі мәселеге қайта оралу керек. Бір кездері біз оны кейінге қалдырған едік. Әйтсе де латын қарпі коммуникациялық кеңістікте басымдыққа ие және көптеген елдер, соның ішінде посткеңестік елдердің латын қарпіне көшуі кездейсоқтық емес. Мамандар жарты жылдың ішінде мәселені зерттеп, нақты ұсыныстармен шығуы тиіс. Әлбетте, біз бұл жерде асығыстыққа бой алдырмай, оның артықшылықтары мен кемшіліктерін зерделеп алуымыз керек» - деген болатын. Белгілі ғалым социолог, философ Э.Тоффлердің «Үшінші толқын» теориясыдағыдай ортақ мәдениеттің қалыптасуындағы заман ағымынан қалып қойсаң керексіз болып қалатындай, үздіксіз дамумен қатар жүрген адам озық адам болып табылады. Қазірдің өзінде барлық ғылым мен технология латын жазуында. Осыдан 100 жыл бұрын басқа тіл өкілімен сөйлсу үшін аудармашы жалдау немесе сол тілді білу керек болатын. Ал қазір ағылшын тілін білсен кез келген ұлт өкілімен сөйлесіп кете бересің. Э.Тофлердіңде меңзегені осы болса керек.

Тарихи тұрғыдан алғанда Қазақ зиялылары арасындағы әліпби мәселесі жөніндегі қарама – қайшылықтардың себебін анықтай отырып оларды, сол кезеңдегі кеңестік идеологияның қатаңдығын байқай отырып, түпкі мақсаты қазақ мәдениетін әлсірете жою екенін көрсету. XX ғасырдың басындағы көп қарсылықтарға қарамастан тез арада латынға, одан соң криллицаға ауысу қоғам үшін тосын жәйт болды. Өркениеттік тұрғыдан қарағанда қазіргі латынға өту бір жағынан әлемдік жетекші өркениеттер талабы. XX ғасырдың басы мен мен XXI ғасырдың басындағы латын жазуына өту мүмкіншіліктеріде әлемдік саясат немесе «ортақтандыру» мақсатында болып отыр. Арасында аздаған айырмашылықтар болғанымен ұқсас тұстары басым. Сол кездері «түрк елдерінің бірлігіуі» мәселесінің көтерілуі мен қазіргі «түрк елдерінің бірігуі» мәселесінің көтеріліуі латынға өтумен тұспа тұс келуі де тарихтағы кездейсоқтық деп қарамау керек. Сол кез болсын қазіргі кез болсын қазақ халқының ең соңғы болып латынға өтуін XX ғасырдың басындағы «большевиктік қазақ зиялылары» айтқандай «жалқаулық», «білімсіздік», «берекесіздік», «ескішілдік» деп бағаламаған жөн. Осындай ұқсастықтардың біз үшін берері мол.

XX ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының жазбаларын, газет-журналдарды оқысақ қазіргі біздер қолданып жүрген сөздермен дыбысталуында, жазылуында, кейбір көне сөздерде үлкен айырмашылық бар екенін байқауға болады. Осы тұста мысалы, ҚХР-да тұратын қазақтар А.Байтұрсынұлы реформалаған жазуды әлі қолданып келеді әрі қаз қалпында сақтауда. Мысалға біз айтып жүрген: «қате» оларша «қата», Әзербайжан – Әзірбайжан, химия – қимие, техника – теқникә, «барлық – барша», « әліпби – әлібби» т.б Сөз тіркестері: шаруа жүзінде, ділгерлік т.б. Қазақ сөздернің жақсы сақталуын олардағы әліпбиді өзгермегендігінен деп айтуға толық негіз бар.

XX ғасырдың басындағы Алаш зиялыларының араб жазуында қала беруіді айтуы өркениеттілікті сақтау тұрғысынан өте дұрыс пікір. М.Дулатұлы айтқандай «арабшадан айырылсақ «Алла» деген сөзді ұмытамыз, мәдениетімізді жоғалтамыз» дегеніне 70 жыл құрсауында болған кеңестік саясат арқылы куә болдық. Мысалы, балама ретінде 2021 жылы «араб жазуына ауысамыз» деп айтылса, халықтың басым бөлігі «арабшыл», «ухабист» деген сияқты пікірде болатынын көретін едік. Ал, XX ғасырда күтпеген жерден латынға ауысуды естіген халық қандай күйде болғанын елестетіп көрудің өзі ауыр. Дегенмен, ол кездегі халақтың біршамасы коммунистер екенін, билік жүйесінің өте қатал екенін ескерсек, латынға ауысу біршама оңай соққан тәрізді.Төл мәдениетті қалыптастыру, жазу өзгертуге байланысты емес, халақтың санасын өзгертуде. Егер осы мәселеге жақсы мән берсек, кез келген жазумен жазып-ақ о бастағы «негізгі өркениетті» қайта жандандыруға болатыны анық, кәміл сенімдімін. 

Қажымұрат Төлегенұлы

ҚР Ұлттық музейі «Қасиетті Қазақстан» өлкетануды дамыту орталығы

өлкетану бөлімінің сарапшысы 

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз