Басты бет Арнайы жобалар Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру МҰРАҒАТ КІМДЕРГЕ КЕРЕК?

МҰРАҒАТ КІМДЕРГЕ КЕРЕК?

25 Тамыз 2017
107
0

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласында қойылған тапсырмаларды іске асыру аясында, «NDH» порталының редакторы Арман Сүлейменовтің Астана қаласы Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлерімен кездесуі өтті.  

Күн тәртібіндегі өзекті мәселе – рухани сананы жаңғырту. «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын жүзеге асыру үшін мұрағат құжаттары маңызды дереккөзі болып табылады. зерттеушілер үшін облыстық, қалалық, аудандық мұрағаттарда кең көлемді мәліметтер орналасқан. Бір қарағанда зерттеушілер үшін барлық мүмкіндіктер жасалған сияқты: Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатындағы 617 қорда 300 мыңнан астам іс сақталуда. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыруға белсенді түрде қосылды.  Зерттеушілер саны күн өткен сайын артып келеді, көрмелер мен іс-шаралар өткізіліп тұрады.

«NDH» порталы тұрақты әрі сенімді серіктесі – мұрағаттың қызметін үнемі жариялап тұрады.  Бірақ іс жүзінде бәрі біз ойлағандай оңай емес. Мысалы, шетелдік зерттеушілер үшін, деректердің электрондық базасына, істерге қол жеткізуді айтпағанда, цифрландырылған тізімдемеге қол жеткізу, онлайн тапсырыс беруге қашықтықтан қол жеткізу сияқты бүкіләлемде таралған қызмет көрсету түрлері жоқ. Мұрағат басшылығы зерттеушілер үшін барлық жағдайды жасауға тырысуда, таяу шетелдің мұрағаттарымен байланыс орнатылған. Мұрағаттың серіктестерімен көшпелі көрмелер өткізілді. Қысқа мерзім ішінде Астана қаласының Мемлекеттік мұрағаты Бішкек, Омбы қалаларынан келген әріптестердің көрмесін өткізіп, Омбы облысында, Өзбекстанда, Санкт-Петербург қаласында, Ингуш Республикасында қонақта болып қайтты. Басшылықтың байланысты кеңейтуге деген ұмтылысы мақтауға тұрарлық. Кездесу нәтижесіз өткен жоқ. Астана қаласының Мемлекеттік мұрағатымен ынтымақтастық және бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру туралы меморандум бекіту туралы келісімге қол жеткізілгендігін айта кеткен жөн. Дегенмен де, жылдам шешілуді қажет ететін бірқатар мәселелер баршылық. Біріншіден, мұрағат қысылтаяң жағдайда қызмет етуде.  

Астананың Мемлекеттік мұрағаты жаңа үй-жайға бұрыннан зәру. Мұрағаттың жаңа ғимаратын салу үшін жер телімін беру туралы мәселенің талқыланып келе жатқандығына біраз жыл болды. Биыл мәслихаттың XVI сессиясында депутаттар мұрағатты қолдады, ендігі сұрақ – қаражаттың бөлінуі. Мұрағат қызметкерлері бастаманы өз қолдарына алып, бәрін бүге-шігесіне дейін, тіпті ғимараттың жобасына дейін, сөрелерге дейін есептеп шығарып қойды. Әрине, өткен ғасырдың 70-ші жылдарында салынған типтік ғимарат шет аймақтық қала үшін әбден жарап-ақ тұрған шығар, бірақ қазір, елорданың 20 жылдығы қарсаңында, бұның жарамайтындығы айдан анық.  Екіншіден, кадр мәселесі. Мұрағаттың құжаттарын цифрландыру үшін мұрағат қызметкерлерге, немесе тіпті бөлімге мұқтаж.  Қаланың бюджеттік ұйымдарының ең бір өзекті мәселелерінің бірі – жалақының төмендігі. Мұрағат қызметкерлерінің бүгінгі күні қолдарына алатын жалақысы үшін, екінің бірі жұмысқа келе бермейді. Үшіншіден, мұрағатқа заманауи кәсіби жабдық қажет.  Құжаттарды цифрландыру, жергілікті (локальды) желі жасауға қажет кәсіби жабдық сатып алу үшін қосымша қаржыландыру қажет.

Бұл мәселелерді қалай шешу керек? Бір жағынан, Қазақстан Республикасы елордасының мұрағаты тек жергілікті атқарушы органдар тарапынан ғана емес, сонымен қатар республикалық бюджет тарапынан да көмекке сенім артса болар еді. Екінші жағынан, ҚР БҒМ гранттық қаржыландыруын қолдануды ұсынуға болады, сол қаражаттың бір бөлігін мұрағаттардың материалдық-техникалық базасын жақсартуға бағыттауға болар еді. «Туған жер», «Киелі Қазақстан» бағдарламаларын іске асыру Қазақстан мұрағаттарының дамуына жаңа серпін берер деп үміттенеміз. 

Арман Сулейменов

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз