Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан

Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Қазақстан

10 Тамыз 2013
438
0

ХХ ғасырдың соңында «Шанхай бестігінің» құрылуы және оның ХХІ ғасырдың басында «Шанхай ыінтымақтастық ұйымына» айналуы халықаралық қатынастардағы маңызды оқиға. Сондай-ақ ол Қазақстанның сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы мен халықаралық қатынастарда беделінің артуына зор мүмкіндік тудырды. Шанхай ынтымақтастық ұйымының даму процесінен қарай-тын болсақ, ол алғашқы кезде Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан мемлекеттері шекара аймақтарда сенімділік орна-ту және әскерді қысқартудан басталған еді. Сол бойынша аталған бес мемлекет өзара сенімділік орнату және әскерді қысқарту тура-лы келісім-шарттарға қол қойды. Қазақстан мен Қытай арасында мемлекеттік шекараны делимитациялау негізінен аяқтаған соң, яғни 1997 жылдан бастап «Шанхай бестігінің» талқылайтын басты тақырыбы экстремизм, тероризм және сепаратизмге соққы беру мәселесі болды. 1999 жылы тамыз айында Қырғызстанның астанасы Бішкекте өткен «Шанхай бестігінің» мемлекет басшыларының төртінші реткі саммитінде қабылданған декларацияда, ұлттық сепаратизмге, діни экстремизмге, халықаралық тероризмге, кон-трабанды есіріткі саудасына және халықаралық қылмысқа ба-тыл қарсы тұру атап көрсетілді. Бұл құжат аймақтық бейбітшілікті ортақ қорғауда өте маңызды болды. Өйткені ол Орталық Азияда қоғамдық орнықтылықты сақтаудың заңдық негізін қалады. Со-нымен қатар, ол Қытай үшін тіпті де маңызды еді. Себебі, олар ұлттық сепаратизм, діни экстремизм және халықаралық тероризм Шыңжаңға Орталық Азиядан енеді деп алаңдайтынды. Енді ондай сұрқия күштерге соққы беруді Орталық Азия елдерімен бірлесе от-ырып жүргізудің ұйымдық және заңдық құжаттарының қалыптасуы Қытайдың Орталық Азия елдерімен шектесіп жатқан Шыңжаң өлкесінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең ұтымды жолы жасал-ды деуге болады. «Шанхай бестігі» мемлекет басшыларының 2000 жылы шіл-де айында Тәжікстанның астанасы Душанбеде өткен саммитінде ХХІ ғасырда тату көршілік және бейбіт ынтымақтастық орнату туралы кең көлемде ортақ түсінікке келіп, «Душанбе деклара-циясын» қабылдады. Бұл реткі саммитке Өзбекстан президенті Ислам Каримов бақылаушы ретінде қатысты. 2001 жылы маусым айында өткен алты мемлекеттің (Қытай, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан) басшы­лары қатысқан саммитте президенттер «Шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылу декларациясы» мен «Тероризмге, сепара-тизмге және экстремизмге қарсы соққы беру Шанхай конвен-циясын» және Өзбекстанды «Шанхай бестігіне» қабылдау тура-лы бірлескен мәлімдеме жариялады. Бұл реткі Шанхай жоғары дәрежелі саммитінің қабылдаған декларациясы: Ұйымға мүше мемлекеттер өзара сенім және тату көршілікті күшейту, әрбір салада ұтымды ынтымақтасуды күшейту, аймақтық, әлемдік бейбітшілікті, қауіпсіздікті, орнықтылықты сақтау және оған ке-пілдік етуге ортақ күш салу. Ұйымға мүше мемлекеттер тату көршілік, тең дәрежеде өзара тыйымдылық жасау, достық, сел-бестік арқылы ортақ даму принципіне қатаң бойұсынып, ашық есік ұстау, басқа елдер мен халықаралық ұйымдарға қарсы бағыт ұстамау, дүниежүзіндегі басқа да аймақтар мен халықаралық ұйымдармен достық байланыстар және ынтымақтастықты сақтау атап көрсетілген. Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұл декла-рациясы соған дейінгілер-мен салыстырғанда жаңа ғасырдың за-мана талабына сай кемелдене түскенін көруге болады. Шанхай ынтымақтастық ұйымы алты мемлекет басшы-ларының 2002 жылы 7-маусымда Санк-Петербургте «Шанхай ынтымақтастық ұйымы Хартиясына» қол қойды. «Хартияда» Шанхай ынтымақтастық ұйымының негізгі мақсаты мен міндеті анықталды. Онда ұйымға мүше мемлекеттер арасында өзара сенім мен тату көршілікті нығайту; көп салалы ынтымақтастықты дамыту, аймақтық қауіпсіздік пен орнықтылықты қорғау және күшейту, демократиялық, әділ, рационалды халықаралық саяси-эконмикалық жаңа тәртіп орнатуды ілгерілету; тероризмге, сепаратизмге және экстремизмге,заңсыз есірткі, қару-жарақ сатуға, халықаралық қылмыстық істерге, заңсыз миграцияға ортақ соққы беру; саяси, сауда-экономика, мемлекеттік қорғаныс, заң, экология, мәдениет, ғылыми-техника, білім беру, энергетика, қатынас-транспорт, қаржы несие беру және басқа да қызығатын салалар бойынша тиімді аймақтық ынтымақтастықты дамытуға ынталандыру атап көрсетілген. Шанхай ынтымақтастық ұйымы құрылғаннан бері ұйымға мүше мемлекеттер арасында экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған көптеген маңызды құжаттарға қол қойыл-ды. 2001 жылы ұйымға мүше мемлекеттер премьер-министр-лерінің Алматыдағы саммитінде «Көп жақтылы экономика-лық ынтымақтастықтың негізгі мақсаттары мен бағыттары және сауда иновестицияны оңтайландыру процесі меморан-думына» қол қойды. 2002 жылы ШЫҰ Экономика-сауда және Қатынас-транспорт министрлер конгресі механизмі қолданысқа енгізілді. 2003 жылы ШЫҰ-на мүше мемлекеттерінің премьер­министрлерінің Пекиндегі кездесуінде «Көп жақтылы сауда-экономикалық ынтымақтастық тезисіне» қол қойды. 2004 жылы «Тезисті тиянақтандыру тәсілдері жоспарын» бекітсе, 2005 жылы «Тезисті тиянақтандыру жоспарын жүзеге асыру меха-низмін» қабылдады. Сонымен ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық ынтымақтастықтың мазмұндары нақтыланды.2005 жылы сәуір айында Қазақстандағы инвестицияны ілгерлету орталығы ШЫҰ Кәсіпкерлер комитетінің Қазақстан секратарияты құрылды. 2006 жылы маусым айында Шанхай-да өткен ШЫҰ Өнеркәсіп сауда саммиты сияқты экономикалық минберлердің ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы эконо-микалық қатынастарды дамытуға маңызы зор болды. 2006 жылы 24 тамызда Өзбекстан астанасы Ташкентте «Шан-хай ынтымақтастық ұйымының өңірілік экономикалық ынтымақ-тастық» ғалам торының іске қосылуы сынды шаралар ұйымға мүше мемлекеттер арасында сауда байланыстарының дамуына белсенді рөл атқарды. 2006 жылы қыркүйек айында Тәжікстан астанасы Душанбеде ШЫҰ премьер-министрлерінің кезекті жина-лысының қортындысында қол қойған Бірлескен Каммуникеде жа-қын болашақта өрістетілетін көп саладағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мақсаттары анықталған. Онда өнеркәсіп, тасы-мал, туризм қатарлы салаларды басым бағыттар етіп бекітті. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер 2005 жылы әр елдің Даму неме-се Комерциялық банктерден құрылған ұйымдастырылған банктер, нарықтық принциптер негізінде ШЫҰ қабылдаған өңірлік (аймақтық) ынтымақтастық жобаларға Банк бірлестігінің несие беруін ұйымдастыратын «ШЫҰ Банктер бірлестігі» құрылды. Сондай-ақ 2006 жылдың маусым айында «Банктер бірлестігіне мүше мем-лекеттер өңірлік экономикалық ынтымақтастық іс-қимылдарды қолдау тезисіне» қол қойды. Сонымен қатар, ШЫҰ халықаралық ұйымдар және халықаралық қаржы құрылымдарымен, мысалы, Азия даму банкі сияқты қаржылық ұйымдармен ынтымақтасып, аймақтық экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қолайлы жағдай жасауға белсенді жұмыс жасады. ШЫҰ-на мүше мемлекеттер 2006 жылы «ШЫҰ-ның кәсіпкер-лер комитетін салтанатты түрде құрды. Осы сынды қол қойылған құжаттар мен қабылданған шешімдердің саны мен мазмұнынан алып қарайтын болсақ, ШЫҰ ұйымға мүше мемлекеттер ара-сында экономикалық байланысты дамытуға көп көңіл бөлгендігін аңғарамыз. ШЫҰ бірнеше жылдар бойы жүргізген қажырлы ізде-ністері мен практикасының нәтижесінде экономикалық ынтымақ-тастықтың стратегиялық қадамдарын белгіледі. Атап айтқанда, бірінші кезекте оңтайлы ынтымақтастықты өрістету, әр сала бой-ынша ынтымақтастықты дамытудағы кедергілерді тазарту; екіншіқадамда, сол негізде әр саладағы эконмикалық-техникалық ынты-мақтастықты күшейту, ынтымақтастықтың негізін бекемдеу, ұйымға мүше мемлекеттердің халықтарына ынтымақтастықтың игілігін шы-найы сезіндіру; үшінші қадамда, жағдай пісіп жетілген кезде еркін экономикалық аудан құрып, сауда, тауар, капитал, сервис және техникалар сол өңірде еркін айналымға қосылатын болу. Қазіргі таңдаШыҰэкономикалық ынтымақтастығының бас-ты міндетті - оңтайлы ынтымақтастықты өрістету, оған негізгі инфрақұрылымдарды жақсарту мен жаңадан құру жұмыстары қамтылған. Жоғарыда пайымдалған ШЫҰ аясында жасалған жоспар-лар мен қол қойылған экономикалық ынтымақтастық келісімдер негізінде, Қазақстан мен Қытай арасында экономикалық байла-ныстардың дамуының ең негізгілерін мысалға келтіруге болады. 2004 жылы маусым айында екі ел қатынастарының шең-берінде, үкіметтер арасында жасалған келісім-шарттар негізінде Қазақстан-Қытай ынтымақтастық комитеті құрылды. Комитеттің жанынан он топтық комитеттер және бір аралас комитет құрыл-ды. Бұл комитет екі жақтылы қатынастардың барлық саласын қамтыды. Қазақстан мен Қытай үкіметтері 2006 жылы 10-қаңтар күні Стратегиялық ынтымақтастықты онан әрі атқарудың бірлес-кен мәлімдемесін жариялады. Сол негізде іске асырлған «Атасу-Алашаньку» мұнай құбыры екі елдің энергетика саласында өзара тиімді ынтымақтастығының жарқын мысалы болып табылады. Қазақстан ұлттық Казмұнайгаз копаниясы мен Қытайдың ұлттық мұнай газ компаниясы бірлесіп жасаған табиғи газ құбырының бірінші кезектегі құрылысы 2010 жылы аяқтап, қолданысқа енді. Бұл құрылыстың екінші кезекті құрылысы 2012 жылы аяқтап қолданысқа берілмекші. Сонда тәбиғи газдың тасымалдану қуаты 30 млрд текше метрге жетеді деп көзделуде. Қазақстан мен Қытайдың энергетика саласындағы ыінтымақ-тастығы Алматы облысындағы Мойнақ ГЭС құрылысы арқылы жүзеге асуда. Бұл ШЫҰ шеңберінде ұйымға мүше мемлекеттер банктері бірлестігі инвестиция салған алғашқы ірі құрылыс болып табылады.ШЫҰ шеңберінде Қазақстан мен Қытай жерінде еркін эко-номикалық аймақтың құрлысы жүргізілуде. 2003 жылы ҚХР пре-зиденті Ху Цзэнтао Қазақстанға ресми сапармен келгенде ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан мен Қытай шека-ра өңірінде еркін экономикалық аудан құру» ұсынысын ортаға қойды, оны Қытай басшысы қолдады. Соныман «Қазақстан-Қытай Қорғас шекарасы ынтымақтастық орталығын» құру қолға алын-ды. Сол жылы қыркүйек айында Бейжиңде қол қойылған «Шан-хай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің көп жақтылыэкономикалық сауда ынтымақтастық тезисі» бойынша ШЫҰ-ның аймақтық экономикалық біртұтастану процесі басталды. 2006 жылы 20-қаңтарда Қазақстан мен Қытай үкіметтері қол қойған «Қазақстан мен Қытай саудасын дамыту келісімшарты» негізінде, Шығысқазақстан шекарасынан «Майқапшағай - Же-меней (Зимунай)» шекара сауда орталығы құрылды. Сонымен қатар Алакөл және Жаркент еркін экономикалық аудандары да құрылды. Ал Қорғас шекарасы ынтымақтастық орталығын құру мәселесі бойынша, Қазақстан мен Қытай үкіметтері 2004 жылы қыркүйекте «Қорғас шекарасы ынтымақтастық орталы-ғының» жоба келісім-шартына қол қойды. 2005 жылы «Қорғас шекарасы ынтымақтастық орталығын басқару шартына» қол қойды. Сонымен орталықты құру жұмысы басталды. Аталған құжаттарда, Орталықтың атқаратын функциясы туралы: «сау-да келіссөздерін өткізу, тауар көрмесін ашу және сату, қоймада сақтау және тасымалдау, қонақүй және асхана, сауда сервисі құрылымдары, қаржылық сервис, әртүрі аймақтық және халық-аралық экономикалық сауда конференцияларын өткізу» - деп көрсетілген. Аталмыш орталықтың жалпы көлемі 4.63 шаршы км, оның ішінде Қытай жақтан 3.43 шаршы км, Қазақстан жақтан 1.2 шар-шы км. Бұл құрылыс 2010 жылы аяқтауға тиісті бол еді, 2011 жыл-дың шілде айында құрылыс жұмыстары аяқталмақшы. Қытайдан осы өңірді басып өтетін Темір жол мен тасжол құрылыстары да жүргізілуде. Сонымен қатар, Батыс Қытай-Батыс Еуропа тас жолын да атап айтуға болады. Демек, ШЫҰ Хартиясында көрсетілген ұйымның қызмет бағыт-тары ішінде экономикалық ынтымақтастықтың даму қарқыны тез. Бұлай болуы да заңды. Өйткені Қазақстан мен Қытай бас-шылары әр реткі бірлескен мәлімдемелерінде, екі ел ынты-мақтастығының басым бағыттары - экономикалық сауда са-ласы екендігін атап көрсетеді. Жалпы алып қарағанда, ШЫҰ-ның ұйтқысы экономикалық ынтымақтастық болып отырғанын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ Орталық Азияда экономикалық ынтымақтастықтың дәнекері болып тұрған, көшбасы болып тұрған Қазақстан екендігін де жүзеге асырылып жатқан жоспар-лардан айқын көруге болады. Сондай-ақ ШЫҰ аясындағы жұмыстардың дамуы барысындағы Қазақстан Респубикасының халықаралық беделінің өскендігін де атап айтуға тиіспіз.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз