Басты бет Е-ресурстар Е-Кітапхана Ғылыми мақалалар мен жарияланымдар Қазақ халқының этноодонтоглификалық аспектісі

Қазақ халқының этноодонтоглификалық аспектісі

09 Тамыз 2013
34
0

Одонтология (тіс морфологиясы) – антропология ғылымының арнайы саласы ретінде ХІХ ғасырдың екінші жартысынан қалыптаса бастады.  Тіс құрылысының морфологиялық ерекшеліктері мен генетикалық  тұрақтылығына сыртқы ортаның табиғи құбылыстары әсер ете алмайды. Сондықтан тіс құрылысының зерттеу нәтижелері жер шарындағы халықтардың этногенез бен расогенез процестерін анықтауда маңызы өте зор. Қазіргі кезде халықтардың антропологиялық және расогенетикалық құрылымын анықтауда тістің одонтоглификалық анықтамаларының өзектілігі мен таксономиялық маңыздылығы өте жоғары бағаланады [1].

Одонтоглифика - жоғарғы және төменгі азу тістердің негізгі фиссуралары мен өрнектерін зерттейтін одонтологияның бір саласы болып саналады (1,2-суреттер). Адамдардың эволюциялық даму сатысында одонтоглификалық анықтамалардың гоминидтерден бастап  қазіргі заманға дейінгі генетикалық байланыстарын белгілі антропологтар дәлелдеп берді [2,3]. Әрине, әр ғылыми зерттеудің көздеген мақсатына байланысты олардың әдістемесі мен талдауында өзіндік ерекшеліктері болады. Атап айтқанда, судебно-медициналық  сараптамаларда жеке басты адамдардың антропологиялық анықтамаларына ғана жүгінеді. Ал антропологиялық зерттеулерде популяциялық тәсілдеме кең қолданылады. Сондықтан оны судебно-медициналық әдістеменің қорытындыларымен салыстыру мүмкін емес. Себебі расо-диагностикалық анықтамалар абсолютті болмайды. Олардың кездесу пайызы әр халықтарда әртүрлі болып келеді. Дегенменде топаралық айырмашылықтың жоғарғы пайызына қарамастан кейде жеке одонтоглификалық анықтаманың кездесуі кездейсоқ құбылыс болып саналмайды. Егерде зерттеліп отырған адамның тісінде белгілі бір расо-диагностикалық бағыттағы анықтамалардың екі немесе оданда көп анықтамалары болса онда оның қандай антропологиялық типке жататындығын толығымен анықтауға болады. Жалпы одонтоглификалық зерттеулер өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап ғылыми айналымға енгізілді. Бұл саланың негізін қалаған белгілі Ресей ғалымы А.А. Зубов болды. Оның алғашқы зерттеу жұмыстары ненецтер мен грузин халықтарының арасында жүргізілді. Онда таксономиялық маңызы зор бірнеше одонтоглификалық анықтамалар анықталды. Атап айтқанда, метаконус және энтоконид төмпешігіндегі жылғалардың аяқталуы, төменгі үлкен азу тістердегі дирадиус, трирадиус формаларының кездесуі, 2/ med, 4 pr және басқада үшінші қатардағы жылғалардың орналасуы туралы мағлұмат берілді [4]. Одан кейін 1980 жылдары моңғолдар арасында осы бағдарлама бойынша жұмыс жүргізіп, одонтоглификалық анықтамалардың этногенетикалық зерттеулерде өзектілігі мен ғылыми жаңалығының  орасан зор екенін делелдеген [5]. Қазіргі кезде осындай одонтоглификалық зерттеулер  Ресейде, Прибалтикада, Кавказда кең көлемде зерттеліп жатыр [6]. Қазақстанда да одонтоглификалық зерттеу жұмыстары өткен ғасырдың 90 жылдарынан бастап жүргізіліп келеді [7]. Осы мақалада Қазақстанның батыс өңірінен жиналған одонтоглификалық материалдарда сипаттама берілген. Бұл жұмыс  Темір, Ойыл, Хобда және Жалпақтал аудандарының жергілікті тұрғындарының арасында жүргізілді.Жалпы  екі жыныс бойынша 511 адам зерттелді.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің протоконус төмпешігінің 2жылғасының ІІ фиссурада аяқталу варианты 1pr (ІІ). Бұл фен шығыс халықтарында жиі кездеседі. Зерттеліп отырған батыс өңірінің қазақтарында оның кездесу жиілігі 8,6-20,5 пайыз аралығын құрайды. Оның жоғарғы көрсеткіші Темір ауданында, төменгі пайызы Ойыл сериясында  анықталып отыр.

Жоғарғы  бірінші үлкен азу тістің протоконус төмпешігінің 1 және 2 жылғаларының үшбұрышы Т pr. Бұл анықтамада «шығыстық» бағыттағы көрсеткіш болып саналады. Зерттелген топтар арасында оның кездесу деңгейі айтарлықтай 0,0-6,4% ауытқиды.  T pr жоғарғы көрсеткіші  6,4 пайызы Ойыл ауылының тұрғындарынан табылып отыр.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің эоконус төмпешігінің 1 және 2 жылғаларының үшбұрышы T eo. Төмпешіктің бұл морфологиялық құрылымы «шығыстық» одонтоглификалық бағытты көрсетеді.Зерттеліп отырған батыс өңірінің қазақтарында кездесу деңгейі өте ауытқымалы 3,6-16,7 пайыз аралығында байқалады. Бұл анықтаманың да жоғарғы көрсеткіші Ойыл ауданының тұрғындарына тән екендігі байқалады.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің эоконус төмпешігіндегі 1жылғаның 1eo (3) варианты. Аталмыш анықтаманың таксономиялық маңызы өте зор. Ол «шығыстық» одонтоглификалық анықтама болып саналады. Зерттелген қазақ топтарында 47,0-55,2% аралығында ауытқиды. Бұл анықтама көрсеткіші Хобда  ауданының қазақтарында төмен екенін байқатады.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің протоконус және эоконус төмпешіктерінің 1 жылға арақатынасының (2+3) варианты. Тіс морфологиясының бұл анықтамасы «шығыстық» бағыттағы  фен маркерінің қатарына кіреді. Зерттелген қазақ топтарында аталмыш анықтаманың кездесу жиілігі өте ауытқымалы 56,5-76,7 % екені байқалады. Оның жоғарғы пайызы  Темір ауданының тұрғындарында ұшырасады.

Жоғарғы бірінші үлкен азу тістің метаконус төмпешігінің 2 жылғасының  кездесуі 2/me. Одонтоглификалық зерттеуде тістің аталмыш морфологиялық құрылымы «батыстық» бағыттағы анықтама болып табылады. Зерттелген батыс өңірінің қазақтарында 57,5 -75,9% аралығында кездеседі. Оның жоғарғы деңгейі  Жалпақтал ауданының тұрғындарына тән екені байқалады.

Жоғарғы  екінші үлкен азу тістің алдыңғы ойығы M2 fa. Одонтоглификалық бұл анықтамада «батыстық» бағыттағы фен маркері болып саналады. Негізінде бұл анықтама еуропеоидты тектес халықтарда жиі кездеседі. Зерттелген батыс өңір қазақтарында оның деңгейі 43,6-66,8% аралығында ұшырайды. Жоғарғы деңгейі Хобда тұрғындарында болатыны байқалады. Дегенменде зертеліп отырған өңірдің тұрғындарында аталмыш анықтаманың жиі кездесетіні  анықталды.

Төменгі бірінші үлкен азу тістің метаконид төмпешігінің 2жылғасының 2med (ІІ) варианты. Метаконидтің  аталмыш вариантының  таксономиялық маңызы өте зор, ол еуропеоидтық ерекшеліктерді анықтайтын анықтама болып табылады.  Бұл варианттың кездесу деңгейі зерттелген қазақтар тобында 10,2-18,2% аралығында ұшырасады. Жоғарғы деңгейі Жалпақтал ауданының қазақтарынан табылып отыр.

Төменгі бірінші үлкен азу тістегі метаконидтің 1/ жылғасының кездесуі. Бұл жылға үшінші қатардағы топтарға жатады, негізінен олар монғолоид тектес халықтар арасында жиі кездеседі. Батыс өңірінің қазақтарында 20,7-38,0% аралығында байқалады. Аталмыш жылғаның жоғарғы пайызы жалпақтал тобында ұшырасады.

Төменгі бірінші үлкен азу тістегі метаконидтің 2/ жылғасының кездесуі.  Ал үшінші қатардағы 2 жылғасы еуреопоид тектес халықтарда жиірек болатыны байқалады. Зерттеліп отырған топтарда  63,2-88,0% аралығында кездеседі. Оның төменгі пайызы хобда тобында  екені байқалады.

Төменгі бірінші және екінші үлкен азу тістердегі энтоконид төмпешігіндегі 2 жылғаның ІУ фиссурада аяқталу варианты. Бұл анықтама «еуропеоидтық» бағыттағы одонтоглификалық ерекшеліктерді анықтайды.Батыс өңірдің қазақтарында оның кездесуі айтарлықтай деңгейде бірінші үлкен азу тісте 11,8-18,6%, екінші үлкен азу тісте 19,7-37,1% аралығында  екені байқалады.

Сонымен қатар зерттелген батыс өңір қазақтарының өзара  орта таксономиялық арақашықтары анықталды (ОТА). Ол үшін  таксономиялық маңызы зор 9 одонтоглификалық  анықтама алынды: M1 1 pr (ІІ) варианты, M1 1және 2pr үшбұрышы, M1 1 және 2 eo үшбұрышы, M 1 eo (3) формасы, M1 2/ кездесуі, M2жалған алдыңғы ойығы, M1 2med (ІІ) варианты,  M1 2/ кездесуі, M1 2end (ІУ) варианты. Осы анықтамалар негізінде есептелген орта таксономиялық көрсеткіштері бойынша дендрограмма сызылды (3-сурет).Дендрограммада зерттелген топтардың өзара одонтоглификалық байланыстарының  жақындығын көруге болады. Дегенменде жалпақтал тобы жеке субкластерде орналасқан. Бұл өзгешелікті дәлелдеу үшін арнайы график сызылды (4-сурет). Онда тік бұрыштың көлбеу сызығына (абсцисс сызығы) зерттелген топтардың «шығыстық» көрсеткіші, ал оның тік сызығына (ординат сызығы) «батыстық» көрсеткіштері  көрсетілген. Бұл графикте жалпақтал тобы басқа топтардан оқшаулау орналасқан. Ол аталмыш топта басқа топтарға қарағанда «батыстық» ерекшеліктердің басымдығын байқатады. Бірақ ол өзгешелік статистикалық нақтылы дәрежеде дәлелденбейді.

Енді зерттелген батыс өңір қазақтары басқа халықтардың одонтоглификасымен де салыстырылды (1-кесте). Осы одонтоглификалық анықтамалардың салыстырмалы сипатамасына назар аударайық. Ол үшін жоғарыда аталған 9 таксономиялық маңызы зор одонтоглификалық анықтамалар бойынша олардың орта таксономиялық арақашықтығы (ОТА) шығарылды.Бұл көрсеткіштердің мәні қазақтардың салыстырылып отырған дұнған, қалмақ моңғол халықтарымен айырмашылығы нақтылы статистакалық  жоғарғы дәрежеде ерекшеленетіні байқалады. Әсіресе оны осы матрица бойынша сызылған денрограммадан көруге болады. Онда қазақтар жеке субкластерге орналасқан.Сонымен қатар «батыстық» және «шығыстық» комплекстерінің көрсеткіштері бойынша арнайы сызылған графикте те қазақтардың одонтоглификалық сипаттамасы олардың антропологиялық құрамында «шығыстық» яғни монғолоидтық ерекшеліктердің салыстырып отырған халықтарға қарағанда төмендігін көрсе теді.

Қорыты айтқанда , батыс өңір қазақтарының одонтоглификалық сипаттамасы олардың өзара жақындығын дәлелдейді. Дегенменде Жалпақтал тобының қазақтарында «батыстық» бағыттағы анықтамалардың басымдығы байқалады. Атап айтқанда, жоғарғы бірінші үлкен азу тістің метаконус төмпешігінің 2/ жылғасының кездесуі, жоғарғы екінші үлкен азу тістің жалған алдыңғы ойығы, төменгі бірінші және еінші үлкен азу тістердің метаконид төмпешігінің 2 жылғасының ІІ фиссурада аяқталуының жоғарғы деңгейде кездесуі дәлел болады. Сонымен қатар зерттеліп отырған қазақ топтарында «батыстық» комплексті сипаттайтын анықтамалардың ауытқу жиілігі «шығыстық» бағыттағы анықтамалырдың көрсеткіштерінен төмен. Ол қазақтардың этногенетикалық тамырының тереңде, қола дәуірінде Қазақстанда тіршілік еткен тайпалармен генетикалық байланысын айғақтайды. 

1 кесте – Батыс өңірінің қазақтары мен салыстырмалы топтардың одонтоглификалық анықтамаларының кездесу жиілігі

  Анықтама

қазақтар

дұнғандар

қалмақтар

моңғолдар

1.

2.

3.

4. 

M1 pr (ІІ) варианты 

M2 pr (ІІ) варианты 

 M11және 2 pr үшбұрышы

M1 1 және 2 eo үшбұрышы 

13,5

19,3

3,4

9,3 

15,2

18,1

 5,8

 11,3

22,0

18,2

 6,7

10,0

17,9

23,5

 7,1

14,7

5.

6.

7.

8.

9.

10.

11.

12.

13.

14.

15.

16.

17.

M1 1eo(3)формасы

M11pr және 1eo арақатынасы (2+3)

M1 1 және 2me үшбұрышы

M2 2me (Ш)варианты

M11eo және 1me арақатынасы (2+3)

M1 2/me кездесуі

M2 жалған алдыңғы ойығы

M12med (ІІ)варианты

M2 2med (ІІ) варианты

M11/medкездесуі

M12/medкездесуі

M12end (ІУ)варианты

M2 2end (ІУ) варианты

51,7

64,5

47,5

21,1

48,6

65,0

54,1

13,8

72,6

29,5

76,3

14,4

25,8

66,1

80,0

78,5

26,7

48,0

77,5

66,7

16,8

79,6

50,9

72,8

 6,7

18,8

61,1

68,4

72,9

  -

38,8

72,1

54,5

9,0

73,5

62,9

75,6

 2,0

Ъ15,4

73,7

66,2

76,8

20,9

74,7

78,5

46,2

 3,5

49,0

62,6

74,4

10,0

25,2

 

1-сурет.Жоғарғы үлкен бірінші азу тістің толық одонтоглификалық көрінісі.

me- метаконус төмпешігі, eo –еоконус төмпешігі, pr-протоконус төмпешігі, hу-гипоконус төмпешігі. Рим цифрларымен төмпешік аралық фиссуралар белгіленген. Араб цифрларымен екінші және үшінші қатардағы жылғалар белгіленген.

 

 

2-сурет. Төменгі бірінші үлкен азу тістің толық  одонтоглификалық көрінісі.

med- метаконид төмпешігі, eod- эоконид төмпешігі, end-энтоконид төмпешігі, hуd-гипоконид, dsd-гипоконулид. Рим цифрларымен төмпешік аралық фиссуралар белгіленген. Араб цифрларымен бірінші және екінші қатардағы жылғалар белгіленген.

3-сурет.Батыс өңірі қазақтарының одонтогликалық дендрограммасы.

1-.Темір ауданы, 2-Ойыл ауданы, 3-Хобда ауданы, 4-Жалпақтал ауданы.

4-сурет. Батыс өңірі қазақтарының шығыстық пен батыстық одонтоглификалық комплекстерінің координаты бойынша орналасуы

1-Темір ауданы, 2-Ойыл ауданы, 3-Хобда ауданы, 4-Жалпақтал ауданы.

5-сурет. Батыс қазақтарының салыстырмалы одонтоглификалық дендрограммасы.

1-Батыс өңірінің қазақтары, 2-дұнғандар, 3- қалмақтар, 4- моңғолдар.

6-сурет. Батыс қазақтардың шығыстық пен батыстық одонтоглификалық комплекстерінің координаты бойынша салыстырмалы орналасуы. 1-батыс өңір қазақтары, 2-дұнғандар, 3- қалмақтар, 4-моңғолдар.

Әдебиеттер

1 Зубов А.А. Методическое пособие по антропологическому анализу одонтологических материалов (библиотека «Вестника антропологии). – М.: Этно-онлайн, 2006. – 76 с.

2 Зубов А.А., Халдеева Н.И. Одонтология в современной антропологии. – М.: Наука,1989. – 232 с.

3 Халдеева Н.И., Зубов А.А., Харламова Н.В., Беляева В.И. Исследование находок зубов верхнепалеолитической стоянки Пушкари І 1 // Вестник Антропологии. – М.:, Оргсервис, 2011. – Вып.19. – С. 85-96.

4 Зубов А.А.Одонтоглифика // Расогенетические процессы в этнической истории. – М.: Наука,1974. – С. 13-43.

5 Зубов А.А., Золотарева И.М. Монголы в мировой систематике одонтологических типов // Вопросы антропологии. – 1980. – Вып. 64. – С. 69-88.

6 Кащибадзе В. Методические подходы к одонтологическому исследованию популяций Кавказа. – Ростов-наДону:Ростиздат, 2010. – 311 с.

7 ИсмагуловО., СихымбаеваК.Б. Этническая одонтология Казахстана. – Алма-Ата: Наука,1989.– 237 с.

Аннотация

Мақалада Қазақстанның батыс өңірінде тұратын қазақтардың одонтоглификалық зерттеу жұмыстарының нәтижелері берілген. Зерттеу барысында Жалпақтал тобында «шығыстық» бағыттағы одонтоглификалық анықтамалардың басымырақ кездесетіні анықталды. Сонымен қатар қазақтарда «батыстық» комплекстегі анықтамалардың ауытқу деңгейінің төмен екені байқалады. Ол Қазақстан жерінде қола дәуірінде тіршілік еткен тайпалардың антропологиялық  типімен  генетикалық сабақтастығын дәлелдейді.

Түйін сөздер: Қазақ халқы,антропология, одонтология одонтоглифика, тіс морфологиясы.

Резюме

В статье представлены результаты одонтоглифических признаков локальных групп Западного Казахстана. Вместе с тем у жалпакталской группы наиболее выраженные «западные» одонтологические признаки. Отличительными особенностями одонтоглифики у казахской популяции являются стабильность концентрации признака «западной» ориентации. Возможно, в данном случае проявилась европеоидная расовая основа аборигенного населения эпохи бронзы, путем многократной метисации трансформировавшегося в тип современных казахов. 

Summary

In the article  presented results of odontoglyphics attributes of local groups of the Western Kazakhstan. At the same time among Zhalpaktal group the most expressed "western" odontologic attributes. Distinctive features of odontoglyphics among the Kazakh population are stability of attribute concentration of the "western" orientation. Probably, in this case occurred Caucasian racial basis of the native population of the Bronze epoch, by repeated crossbreeding transformed in the type of modern Kazakhs. 

К.Б.СИХЫМБАЕВА

  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік  Орталық Мұражайының аға ғылыми қызметкері, т.ғ.к.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз