Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Ағаш өңдейтін өнер

Ағаш өңдейтін өнер

09 Тамыз 2013
116
0

Өткен ұрпақтың мәдениеті мен өнерінің көптеген салт-дәстүрлері ізсіз ғайып болған жоқ – олар жақында өткен замандағы қазақ халқының тұрмыс тірлігінде және кәсібінде сақталған, бүгінгі күнде де ұлттық көркем шығармашылықтың негізі болып, өмір сүреді.

Осы тұрғыда айрықша көрнекті болып өндірістің дәстүрлі нысандарымен байланысты сәндік-қолданбалы өнерді санауға болады – ол мал шаруашылығы өнімдерін өңдеу, ішінара егін шаруашылығы, металлургия және де өсімдік шикізатын пайдаланумен байланысты. Қазақ сәндік-қолданбалы өнердің кең таралған түріне келесі өнер жатады: оюлы киізден жасалған кілем және күнделікті тұрмыста қолданылатын заттарды, былғарыдан жасалған өрнекті бұйымдарды дайындау, металды көркемдік өңдеу, сүйек және ағаштан ою, өрнекті тоқымашылық, жүнді кілемдер мен ұсақ кілем бұйымдарын өңдеу, өрнекті ши тоқыма, жүнді матада, киізде  кесте тігу және т.б. 

Халық шеберлері ағаш есіктерге ерекше көңіл бөлген. Себебі олар – киіз үйдің дөңгелек қабырғасындағы жалғыз жазықтық; әдетте киіз үйді құру есікті орнатудан басталады. Олардың ішіндегі ең кереметі – сықырлауық, тегіс бедерлі өңдеу және көркем сурет үйлесіп, сүйірленген ернеуімен терең бедерлі ою. 

Халықта ағаш ұста деп аталатындар кереуеттердің ағаш бас жағын ою бедерімен – жастық ағаш, азық-түлікті сақтауға арналған жәшік – кебеже жасаған; дөңгелек және қайық тәріздес тостағандардан нысаны бойынша әр түрлі қымыз жинағын - тостаған, сабты-аяқ, ожау, шара, піскен етті салатын табақ ойып жасаған, ер тоқым, пияланы тасымалдау үшін футлярлар жасаған.

Халықтың ішінде көпшілікке танымал – сүйекшілер - сүйек ою шеберлері  болған, олар ою сарыны мен композициясы бойынша үй тұрмысының заттарын жасаған.  

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз