Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Қамшы

Қамшы

09 Тамыз 2013
100
0

Қамшы – салт аттының қаруы, және әдетте оны жылқының терімен сіңіртеді, осындай қамшыға жын-шайтан мен өзге де дүлей күш жақындауға да қорқады, сол себептен қамшыны жас әйелдердің бас жағында іліп қойған. 

 Сонымен қатар, қамшы - салт аттының қаруы деп саналған, және әдетте оны жылқының терімен сіңіртеді, осындай қамшыға жын-шайтан мен өзге де дүлей күш жақындауға да қорқады, сол себептен қамшыны жас әйелдердің бас жағында іліп қойған. Сондай-ақ, шыбыртқылардың арасында сабы тобылғыдан жасалған, сары жез қамшылардың ерекше құдіретті күші бар деп сенген. Тувалықтардың айтуынша, «... шайтан қызыл қамшысы бар адамнан қорқады, ал қазақтар «шайтан сары қамшыдан қорқады» деп санайды». Қазақтардың түсінігі бойынша жез – тазалық нышаны. ХІХ ғасырдың бас кезінде босанған әйелдердің бас жағында Жетісуда тұрған, Ділдебай атты атақты адамның қамшысын іліп, осы қамшының сиқырлы күші бар деп ойлаған. Туу толғағы кезінде әйелдерді осы қамшымен арқасынан сабаған. «Егер халық мені құрметтемесе де, менің қамшымды құрметтейді», - деп айтқан екен Ділдебай. Осындай қамшы арқылы емді бақсылар мен емшілер ғана емес, тіпті жергілікті дәрігерлер қолданған...

«Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» атты О. Жанайдаровтың кітабынан, жылқы малына байланысты қазақтардың кейбір салт-дәстүрлері мен сенімдері.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз