Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Кесте тігу

Кесте тігу

09 Тамыз 2013
106
0

«Халық костюмінің тарихын зерделеу» мақаласынан.

Шапандар мен шалбарлар жібектен кестелеп тігілген. Кесте тігудің үлгісін Семей облысында суретші және өнертанушы В.Н. Белослюдов жинаған. 1913 жылы ол «Қазақ кестелері» атты шағын мақаланы жазады. Оның қолжазбасы қазіргі кезде Әдебиет және өнердің орталық мемлекеттік мұрағатында Г.Н. Потаниннің мұрағатында сақталуда. Ұсақ кесте тіккенде халық шебер әйелдері кесте тігіп жатқан бұйымның оюлы суреті немесе пішіннің кескініне байланысты арнайы тікбұрышты немесе дөңгелек кесте кергішті пайдаланған. Әйелдер және еркектердің бас киімдері - желек, кимешек, сәукеле, телпек, тақия, әйел көйлегі желбіршегін, сондай-ақ төске тағатын әшекейлер – омырауша, алқа, күдеріден жасалған жамылғы, шапан, шалбар және т.б. инемен және кесте бізімін (тамбурлап тігу үшін) тіккен. Тығыз кестелеп тігу кеңінен таралған. Тығыз кестемен кимешекті, шұғадан жасалған ерлер шалбарын тіккен. Әсіресе тамбурлап ілгек-ілгекпен ерекше шеберлікпен тіккен. Тамбур және тығыз кестелеуде геометриялық және өсімдік әліптес бедерлер пайдаланылған, кейде адам мен жануардың сұлба бейнелері, тұтас сюжеттер, мысалға, Эрмитаждағы жұмсақ теріден жасалған шапанда аң аулау бейнеленген. Ленинград, Мәскеу, Алматы, Омбы мұражайларының қорларында сақталған көптеген шалбарлар тамбурлап тігілген. Олардың он шақтысы МХЭ сақталған. Олардың барлығы керемет тамбурланған кестемен тігілген. Сол уақытта Ш.У.Уәлиханов, Арынғазы Ханқожин, (Семей облысы), Н.А.Крыжановский және Л.Ф. Баллюзекпен (Батыс Қазақстан) сыйға тартылған экспонаттардағы кестелер айрықша әдемілікпен ерекшеленеді. Ш.У.Уәлиханов ұсынған материалдардың ішінде сары түсті шалбардағы кесте жоғары техникамен ерекшеленеді. Кестеде рельефтік өсімдік әліптес бедерлер - жапырақтар, гүлдің қауызы, гүлдер, сондай-ақ ирек-ирек сызықтар пайдаланылады. Қоңыр сары түсті ұсақ оюмен кестеленген шалбар қазіргі кезде Омбы мұражайында сақталуда, олар Шығыстанушылардың үшінші конгрессі көрмесінің экспонаттары ішінде ұсынылды.    

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз