Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Киіз үй

Киіз үй

09 Тамыз 2013
67
0

Көшпелі және жартылай көшпелі малшылардың ерекше шаруасының заты ретінде киіз үй болды, себебі табиғат пен тұрмыстың ерекшеліктеріне бейімделген, ең қолайлы және тиімді баспана. Киіз үй мен оның тұрмыс заттарында үй кәсібі мен қолөнердегі барлық жетістіктер тоғыстырылған. Атап көрсетілгендей, осы оңтайлы сәулет түрі Қазақстанда б.ғ.б. ІІ мыңжылдықтың соңынан (Бұғылы, Шағалалы қоныстары) белгілі, ағаш және тастан жасалған дөңгелек тұрақты үйден басталады.  

Жинап бөлшектенетін тұрғын үй-жай туралы ең ерте мәліметтер бізге Геродот уақытынан келді. Көшпелі тұрғын үйдің көп ғасырлы эволюциясы киіз үйді орнату мен жинаудың нақты пропорциялары мен ережесінің әзірленуіне әкелді. Қазақстанда қыпшақ деп аталатын киіз үйдің түрі кеңінен таралған, мысалға ол қалмық киіз үйінен конус пішінді жоғарғы жағымен, сфералық күмбезімен ерекшеленген.

Киіз үйдің сыртқы түрі мен ішкі бұйымдары оның қызметтік мақсатына қарай өзгеріп отырған. Ең ірі де сәнді киіз үй ретінде салтанатты киіз үйлер болған (ақ үй, ақ орда, боз үй). Салтанатты құрылыстардың қатарына қонақтарға арналған киіз үй (қонақ үй) және ерекше әсемдік пен сүйіспеншілікпен жасалған жас жұбайлар баспанасы (отау үй) жатады. Салтанатты киіз үйлер орташа алғанда 18, ал ең үлкендері 30 қанатты болған. Салыстырып айтсақ, кәдімгі киіз үйдің керегелері 6 қанатты болған.

Негізгі тұрғын киіз үйлер мен салтанатты құрылыстардан басқа жинап бөлшектенетін құрылыстардың өзге де түрлері болды, олар қарапайым құрылымы мен ішкі бұйымдарымен ерекшеленген, атап айтсақ, әскери-жорық киіз үйлер. Олардың ішіндегі кең киіз үйлерді аб-лайша деп атаған, ал үш қанаттан, қысқа күмбезді уықтардан және кішкентай ғана шаңырақтан  құрылған ең кішкентайларын жолым-үй деп атаған. Сонымен қатар арнайы киіз үйлер ас үйге және қоймаға бөлінген.

Көптеген мұражайлар мен көркем жинақтарда киіз үйдің жабдықтарымен, үй тұрмысы заттарын дайындаумен байланысты халық суретшілердің қолданбалы өнерінің керемет үлгілері сақталады.

Манат Қаспақтың «Мереке» атты суреті  

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз