Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Оранхайлар

Оранхайлар

08 Тамыз 2013
72
0

Оранхайлар Қытайға қарайды, олар үлкен Кімкімшікте, Қосакөлде, һәм Таннуола тауының оң тұсында жүреді. Олар өздерін тоба деп атайды. Әлі күнгі түріктің ескі тіліменен сөйлейді. Төменгі хошыттағы, яғни болыстағылары: хозут дегені - Қосакөлде, халуш, еркет, хасут, арғымақ дегендер - Таннуолада, ойын, ерхат, суюн, шуда,салжақ    дегені - Үлкен Кем өзенінде және салжақ қырғыз, қол байғара дегендері - Бикім өзенінде, Ақшыда, Қарашыда, тұзшы, кімшік, қашқу, ерғыт, сая мұңғуш, қарамұңғұш, кедеұржақ, ондар, ғабалық - бұлар Саян Ноян хошытында (яғни болысында), колот, сойын, қаратұлжақ, қужігіт, сарқылар, тоңғақ, хуолар,қарасал, адин толлуш, томат, қырғыз, мади, чыжуда - бұлар Кімкімшікте, Дуана  хошытында.

  Және Қырғызнұр менен Обсанур деген екі көлдің арасында түрікше сөйлейтұғын бір ел бар. Оны мағолдар хотон дейді. Бұлар түріктен қалмақтар тұтқынға алғандарының нәсілі. Қалмақтың ақсүйек төрелеріне егін салып береді. Өздері көшпелі, осы кезде Дүрбіттің уаң төресінің егінін салады.

Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түркі,қырғыз,қазақһәм хандаршежіресі» кібатынан. Аударған Б.Қайырбеков. Алма-Аты, СП Дастан, 1990

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз