Басты бет АВТОРЛАРҒА

АВТОРЛАРҒА

03 Наурыз 2017
634
0

Ұсынылатын материалдарға қойылатын талаптар

Қазақстан тарихы порталының редакциясы мақалаларды, мұрағатық құжаттар мен анықтамалықтарды жариялауға резенцияларды, кіріспе мақалалары мен пікірлері бар бұрын еш жерде жарияланбаған мұрағаттық құжаттардың мәтіндерін, күнделіктер мен естеліктерді, ақпараттық хабарламаларды қабылдайды.

Қолжазбалар және көрнекі материалдарды рәсімдеу мақалаларды базалық баспа стандардына сай 7.5-98 МС «Журналдар, жинақтар, ақпараттық басылымдар. Басылатын материалдарды баспалық әрлеу» сәйкестеліп рәсімделуі қажет.

 

Жариялау үшін көлемі 10 бетке дейін материалдар қабылданады. Шрифті «TimesNewRoman», кегль 14. Мәтін артындағы сілтемелер (және пікірлер) – кегль 12. Жоларалық интервал – жалаң, пішімдеу – ені бойынша, беттің   параметрлері: жоғарғы шегініс 20 мм., төменгі шегінісі 20 мм., сол жақ шегініс 30 мм., оң жақ шегініс 1,5 мм.

Міндетті түрде мақаланың мазмұнын бейнелейтін көрнекі материал, суреттер қоса тіркеледі (jpeg  форматындағы 3-4 фото).

Бірінші басшысы, ғылым жөніндегі орынбасары немесе бөлімшенің жетекшісі қол қойған мақалаға рецензия.

Ғылыми мақала порталдың қамтитын тақырыбына, тұжырымдамасына сәйкес келуі керек.

Мақалалар MS Word пішімінде  кез-келген электрондық тасығыштарда пошта немесе электрондық пошта арқылы ұсынылады.

Автор туралы деректер: фото (іскерлік), тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс орны мен лауазымы, ғылыми дәрежесі және атағы, пошта және электрондық мекен-жайы, байланыс телефондары.

Бірлескен авторлық 3 адамнан көп болмауы керек.

 

 

Ғылыми мақалаларды бағыттау, рецензиялау және жариялау ережелері

1. Жариялау үшін порталдың профиліне сәйкес келетін, яғни, тек қана тарихи тақырыптағы материалдар ғана қабылданады. Олар өзекті, жаңа болуы керек, ғылыми және тәжірибелік маңызға, сондай-ақ қоғам үшін теориялық және тәжірибелік құндылыққа ие болуы керек.

2. Мақалалар электронды түрде (электрондық пошта арқылы) немесе жазбаша түрде редакция мекен-жайына жұмыстың электрондық нұсқасын электрондық тасығышта қоса тіркеумен ұсынылады.

3. Жарияланым көлемі – 10 бетке дейін. Қажет болған жағдайда редакция материалды қысқартуға немесе авторға қысқарту үшін қайтаруға құқылы.   

4. Бірінші бетте мақаланың атауы басылады. Беттер нөмірленбейді. Негізгі мәтін, сілтеме мәтіні, аңдатпа мәтіні және негізгі сөздер беттің ені бойынша тегістеледі. Мақаланың атауынан кейін бір интервалдан соң мақала аңдатпасының мәтінін орыс тілінде және негізгі сөздерді орналастыру қажет.  Негізгі мәтіннің астында автордың тегі мен инициалдары көрсетіледі. Мақала сондай-ақ ағылшын тілінде ұсынылуы тиіс, бұл ретте атаудың қазақ, орыс тілдеріндегі аудармасы, сондай-ақ қазақ және орыс тілдеріндегі аңдатпа мен негізгі сөздер талап етіледі.   

5. Барлық аббревиатуралар мен қысқартулар, көрінеу жалпыға мәлімдерден басқа, мәтінде алғаш рет қолданған кезде ашып жазылуы тиіс.

6. Мақала аяқталған соң мақала ішіндегі библиографиялық тізім, яғни жариялау үшін ұсынылған мақалада автордың келтірген дәйексөздерінің тізімі ұсынылуы тиіс.

7. Мақалаға автордың тегін, атын, әкесінің атын, лауазымы мен жұмыс (оқу) орнын, ғылыми дәрежесін және (немесе) атағын, сондай-ақ жұмыс орнының толық пошта мекен-жайын, мекен-жайын, байланыс телефонын,  е-mail-ін қоса тіркеу қажет.  Бұл мәліметтер жарияланбайды, редакция қызметкерлерінің мақала авторымен байланысуы үшін қажет.

8. Жұмыс мәтінін порталда жариялау үшін ұсына отырып, автор өзі туралы мәліметердің дұрыстығына, плагиаттың және шығарма қолжазбасында заңсыз ауыстырып алудың басқа түрлерінің жоқтығына, мәтінді, кестелерді, сызбаларды, суреттерді ауыстырып алудың тиісті рәсімделуіне кепілдік береді.  

9. Порталға жібермес бұрын материалдардың жалпы орфографиясын, тиісті терминдердің дұрыс жазылуын және жұмыс пен сілтемелердің рәсімделуін мұқият тексеру ұсынылады. Редакция авторлардан ұсынылған материалдардың осы Ережелерге сәйкестігін тексеруді сұрайды.

10. Жарияланым үшін қаламақы төленбейді.

11. Авторлар келесідей тәсілдер арқылы редакцияға шығарманы пайдалануға ерекше құқықтарды өткізеді: мақаланы қайта жариялау (қайта жариялау  құқығы); мақала даналарын кез-келген тәсіл арқылы тарату (тарату құқығы); мақаланы аудару (аудару құқығы). Редакция мекен-жайына келіп түскен материалды ұсыну тиісті құқықтар мен міндеттемелердің пайда болуына бағытталған іс-әрекеттер болып табылады. Порталдың электрондық нұсқасында көрсетілген шарттармен матреиалды жариылауға автордың келісімі күтіледі.

12. Рәсімделуге қойылатын талаптар бұзылған жағдайда материал авторға пысықталу үшін қайтарылуы тиіс. Авторларға пысықталуы үшін қайтарып жіберілген қолжазбалар ұсынылған мерзімде редакцияға қайтарылуы тиіс. Енгізілген өзгерістер туралы автор қолжазбаға қоса тіркелетін хатта хабарлауы тиіс. Автор қойылатын талаптарды орындамаған жағдайда редакция бас тартудың дәлелді себептерін түсіндіре отырып, автордың ұсынған материалын жариялаудан бас тартуға құқылы. 

13. Редакцияға баспа немесе электрондық түрде келіп түскен қолжазбаны редакторлар немесе редакция алқасы портал профиліне, рәсімдеу талаптарына сәйкестігін қарастырады.

14. Баспа редакцияға келіп түсетін барлық материалдарды сараптамалық бағалау мақсатымен оның тақырыбына сәйкестігіне рецензиялауды жүзеге асырады. Барлық рецензиялаушылар рецензияланатын материалдардың тақырыбы бойынша танылған мамандар болып табылады.

15. Мақалаға міндетті түрде мақаланың мазмұнын ашатын көрнекі материал, суреттер (jpeg пішіміндегі 3-4 фото) қоса тіркелуі тиіс.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз