Басты бет Тарихи білім Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары Қоғамдық бірлестіктер Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы «Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы»

«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы»

06 Тамыз 2013
95
0

«Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы»

туралы мәлімет

Ұйымның мекен-жайы: Алматы қаласы, Жамбыл көшесі-25, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 13 каб.

Байланыс ақпараты: тел, факс, e-mail: 8(727) 2914672, 2914071, факс-2914071, Shamek_09@mail.ru

Аты-жөні, YEҰ басшысының лауазымы: Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, Қазақстан тарихшылары қауымдастығының президенті, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА корр.-мүшесі.

Мемлекеттік тіркеу құжаты: Алматы қаласының Әділет Департаментінің заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәлігі, № 66667-1910-ҚБ, 05.11.2004 жыл.

Ұйымның заңды формасы: қоғамдық бірлестік

Ұйым қызметінің негізгі бағыты: ғылыми-зерттеу, мәдени-ағартушылық

Жұмыс тәжірибесі: 9 жыл

ҮЕҰ тұрақты түрде қызмет ететін қызметкерлер саны: 468 (мектеп, колледж, жоғары оқу орындары мұғалімдері, ғалымдар, студенттер)

Еріктілер саны: 800 (мектеп, колледж, жоғары оқу орындары мұғалімдері, ғалымдар, студенттер)

2005-2013 жж. орындалған жобалар,іс-шаралар:

1.  ЖОО-ның «Қазақстан тарихы» оқытушыларына арналған республикалық біліктілік жетілдіру курсы, 15-20 қаңтар, 2007 жыл, С.Демирел атындағы университетте өтті. (Алматы, Астана, Ақтөбе, Қарағанды, Тараз, Шымкент, Қызылорда қалаларынан 21 адам қатысты), қаржыландырылмаған.

2.  Республикалық тарих мұғалімдерінің білімін жетілдіру семинары. Қорқыт-ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде өтті, 25-30 маусым, 2007 жыл (Қызылорда, Алматы, Тараз, Түркістан, Шымкент, Ақтөбе қалаларынан 50 адам қатысты), қаржыландырылмаған.

3.  «Менің өлкем» аталатын патриоттык, тәрбие жұмысына арналған
бағдарламаны талқылау мақсатында орта мектеп тарихшы мұғалімдерінің
аймақтық білім жетілдіру семинары, Шымкент, ОҚО, 22 сэуір, 2005 жыл. (104 мұғалімдер қатысты.)

4.  Жас зерттеуші ғалымдарды ынталандыру мақсатында республика
көлемінде жастарға арналған конкурстар өткізілді: «Тарих саласындағы
жылдың ең үздік зерттеу жұмысы»; «Жылдың таңдаулы тарих пәні
оқытушысы»; «Дарынды жас зерттеуші» ж.б,

5.  «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мәдени мұра: халықтың тарих айту, сақтау дәстүрі және оны жаңғырту жолдары» атты халықаралық
ғылыми-практикалық конференция, 26-27 мамыр, 2006 жыл. ОҚО, Бәйдібек
ауданы, Қошқар-ата ауылы. 

6.  «Алаш қозғалысы» атты5 кітаптан тұратын4 томдық құжаттар мен материалдар жинағының  томы «Алаш мұрасы» баспасынан 2004-2008 жылдары жарық көрді.Тек баспа шығындары ғана қарастырылған.

7.  Қауымдастықтың ұйымдастыруымен 2007-2008 жылдары «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақ ұлт-азаттыққозғалысы» атты 12 томдық құжаттар мен материалдар жинағы «Ел-шежіре» баспасынанжарық көрді. Тек баспашығындары ғана қарастырылған.

8.Республикалық тарих пәні оқытушыларының біліктілін жетілдіру курсы,
Семей, ақпан, 2008 жыл.

9. «Саяси қуғын-сүргін трагедиясының» 70-жылдығына арналған
халықаралық ғылыми-практикалық конференция, Алматы, сәуір, 2008 жыл.

10.  2008 жылы «Красный террор: политическая история Казахстана» (Алматы,

«Типография оперативной печати» баспасы, 19,25 б.т. – 307 бет) атты құжаттық материалдар жинағын шығарды, «Сталин: растрельные списки» (Алматы, 2010. – 82 бет) атты кітапты даярлауға қатысты. Бес томнан тұратын «Жертвы политических репрессии в Казахстане» атты еңбек баспаға даярланды.

11.   2009 жылы Қырғыз Республикасы Бішкек қаласында Ж. Баласағұн атындағы

Ұлттық университетте қауымдастықтың даярлауымен жарыққа шыққан «Байзақ Мамбетулы и его современники» және «Қазақ ұлт-азаттық қозғалысы» сериясы бойынша жарық көрген «Жетісу-Ыстықкөл қасіреті 1916-1920 жж.»  атты кітаптардың тұсаукесері болып өтті.

12.  2010 жылы 4 маусымда Петропавл қаласында «Солтүстік Қазақстан: өңір

тарихы, тұлғалар тағдыры» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізуді ұйымдастырушылардың бірі болды.

13.  2011 жылы «Мағжан Жұмабаев. Табалдырық. Манифест» атты кітапты даярлап

баспадан шығарды.

14.  2011-2012 жылдары Алаш қозғылысының 95-жылдығына және Ахмет

Байтұрсынұлының 140 жылдығына арналған шараларға (Астана, Алматы, Қарағанды, Шымкет және Тараз қалаларында) ұйымдастырушы және баяндамашы ретінде атсалысты.

15.  «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы» Қытай Халық Республикасының

Пекин қаласында 2007 жылы 18-21 қыркүйекте өткен Халықаралық тарихшылар комитетінің Бас Ассамблеясының мәжілісінде оған мүшелікке қабылданған.

           


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз