Басты бет Е-ресурстар Электронды мұрағат Ежелгі дүние артефактары Оңтүстікте Қаңлы мемлекетінің қолөнер туындылары табылды

Оңтүстікте Қаңлы мемлекетінің қолөнер туындылары табылды

06 Тамыз 2013
94
0

Оңтүстік Қазақстанда Қаңлы мемлекетінің қолөнер туындылары табылды. Ғалымдар мұны тың жаңалыққа балап отыр. Табылған заттар біздің дәуірімізге дейінгі 3 ғасырда өмір сүрген Қаңлы мемлекетінің зерттелмеген дәуіріне тиесілі. Археологтар бұл табылған заттар тарихты қайта қарап шығуға итермелейді деп мәлімдеді. Ең бағалы заттардың бірі ежелгі жазу тәсілінің фрагменті. Соңғы 12 жыл ішінде «Күлтөбе» қалашығында ғалымдар қаңлы тәсілімен жазылған 15 кестені тапқан. Кірпіштегі бір белгі бүтін бір сөз тіркесін білдіруі мүмкін, дейді археологтар. Олар ежелгі жазбаны оқуды үйренді. Тарих ғылымдарының докторы, профессор Александр Подушкин: «Мұнда мемлекетіміздің тарихы үшін өте маңызды ақпарат бар. Бұл заттар ежелгі дәуірдегі дамыған орталықтар: Самарқан, Бұқара, Шаш, Кеш қалаларын және басқа да лауазымды адамдар мен билеушілерді зерттеуге жол ашады. Бұл біздің тарихымызды қайта қарап шығуға, толықтыруға және көкжиегімізді кеңейтуге мүмкіндік беретін өте маңызды ақпарат.

Мәскеудің орталық мемлекеттік мұражайы мен ОҚМПИ студенттерінің халықаралық экспедициясы аясында «Күлтөбе» қалашығынан басқа да көптеген қолөнер туындылары табылды. Ғалымдар мен студенттер қазба жұмыстары кезінде ойын асықтарын, сармат белгілері бар керамика бұйымдарын, тіпті лай жағылған бағананың қасбет құрылысы табылды.

«Күлтөбе» қалашығындағы қазба жұмыстары енді ғана басталды. Сондықтан, ғалымдар жаз соңына дейін көптеген бағалы қолөнер бұйымдарын табарына сенімді. 


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз