Басты бет Тұңғыш Президент Стратегиялық жоспарлауды ұсынушы Жалпыхалықтық келісім мен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы (1997) 1997 жыл «Жалпыұлт­тық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жы­лы

1997 жыл «Жалпыұлт­тық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жы­лы

06 Тамыз 2013
387
0

1997 жылдың осы ерекше оқиғасы туралы белгілі жазушы Шерхан Мұртаза «Тәуелсіздік толғауы» атты баспасөзде жарияланған естелігінде былай деп жазады: «Мен көп нәрсені ұмытармын, бірақ бұл Жарлық естен шыға қоймас. Өйткені, сол қуғын-сүргін құрбандарының бірі - менің әкем еді. Молдадан оқығаны болмаса, сауаты да кемшін, билікке араласпаған қарапайым колхозшының бар айыбы байдың баласы екен. Тұрар Рысқұловпен рулас екен. Жазықсыз жанды жаламен соттап, қылшылдаған қырық үш жасында қыршынынан қию айуанға тән зұлымдық. Мұндай озбырлықпен, зұлымдықпен құрбан болған­дар жалғыз менің әкем бе екен, мың-миллион. Бұл зобалаң атақты, ызғарлы отыз жетінші жылды ғана қамты­майды. Ең кемі ХХ ғасырдың жартысын қамтиды. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс. 1918-1922 жылдардағы жыланқысыр аштық. 1930-1933 жылдардағы коллективизация, қолдан жасалған этноцид ... Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандары. 1937 жылғы Қазақстанға жер ауадарыл­ған корейлерден басталған, тұтас халықтарды зорлық-зомбылықпен көшіру науқаны. Айта берсе таусылмайды. Осының бәрінде миллиондар қырылмағанда, не болды? Обал-сауап қайда? Өлгендерді қайтып тірілте алмайсың. Тым болмаса еске алудың өзі сауап. Келешекке сабақ. Осы тұрғыдан алғанда Президент Жарлығы иманды пәрмен болды. Жаңа Астанада қуғын-сүргін құрбандарына арналған ескерткіш кім-кімді де ойлантады».

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз