Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әлеуметтану Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

Әлеуметтік ой дамуының негізгі тарихи кезеңдері

06 Тамыз 2013
3499
0

Әлеуметтанудың алғышарттары қоғамның өзіндік әлеуметтік үрдістері жөнінде объективті ғылыми білім алу сұранысынан белгіленеді. Әлеуметтанудың түп-тамыры жалпы өркениеттің табиғатын айқындайды. Бұл әлемдік нарықтың біртіндеп қалыптасуы, ұқсас саяси құрылымның пайда болуы мен әр түрлі мәдениет өзара байланысының қалыптасу үрдісі белгіленеді. Білім мен тұтас әлеуметтік әлемді біліп, тану қоғам жөнінде ерекше ғылымды талап етті. Әлеуметтану тарихын бірқатар кезеңдерге бөледі.

Бірінші кезең Ежелгі әлем қоғамы жөнінде әлеуметтік білімдердің қалыптасуын мен дамуын қамтиды. (миф пен эпос: шындықтың айқын көрінісі ретінде; Ежелгі Греция мен Ежелгі Римдегі әлеуметтік және саяси оқытулар).

Екінші кезең ортағасыр мен Қайта өрлеу дәуіріндегі әлеуметтік білімнің дамуын қамтиды (Таным формасы мен дүниетаным жүйесінің өзгерісі. Августин Блаженный Теософиясы. Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер мен ойлар. Н.Макиавелли, Ж.Боден, Т.Гоббс және т.б. әлеуметтік ойларының қалыптасуы).

Үшінші кезең 17-18 ғасырдағы адам мен қоғам жөнінде әлеуметтік білімдер. Жаратылыстану құқығы мен қоғамдық келісім концепциясы. Ш.Монтескье, Ж-Ж. Руссо және т.б. әлеуметтік концепциялары. Консерватизм мен либерализм ұғымдары.

Әлеуметтік тарихтың төртінші кезеңі 19 -20 ғасырды қамтиды. Адам жөнінде ғылым. Огюст Конт әлеуметтануы. Эмпирикалық социологиялық зерттеулердің қарқынды дамуы. Әлеуметтану позитивизмінде методологиялық бағыттың басымдылығы. Конт заманынан бастап, қоғам жөнінде білімнің жеке саласы ретінде академикалық әлеуметтану кезеңі басталады. Түрлі ғылыми мектептер қалыптасады: натурализм, эволюционизм, органицизм, социал-дарвинизм және т.б. 19 ғ. аяғы мен 20 г. басы әлеуметтануда натурализмның терең дағдарысымен байланысты, бұл қызығушылықтың әлеуметтік әрекет пен өзара әрекет мәселелеріне ауысуын, түсінуші әлеуметтану әдістері мен тұлға әлеуметтану концепциясының құрастыруымен байланысты болды (М.Вебер, Э.Дюркгейм және т.б.). 20 ғасырдың 20-80жылдар аралығында әлеуметтануда қазіргі негізгі бағыттардың қалыптасуы, қарқынды салалық жіктеліс пен зерттеу әдістерінің жетілу үрдісі жүрді. 80-шы жылдардан бастап әлеуметтану дамуында жаңа қазіргі кезең басталады.

Әлеуметтану түсінігі 1832 жылы ғылыми айналымға 19 ғасырдың француз ойшылы Огюст Контпен (1798-1857) алғаш рет қолданылды). Ол қоғамдық өмір құбылыстарын тарихи және жүйелік аспектілерінде біліп тануа талпыныс жасады. Конт негізгі еңбектеріне алтытомдық «Позитивты философия курсы»(1830-1842), «Позитивты саясаттың жүйесі, немесе адамзат дінін орнататын трактат» (1851-1854) және т.б. Конт пікірінше, әлеуметтану жаратылыстану ғылымына сай, әлеуметтік құбылыстарды эмпирикалық және аналитикалық түрде зерттеу және фактілер негізделу қажеттілігін түсіндірді. Бұл әлеуметтанудың ауызша, абстрактылы талдаудан алшақтап, «позитивты», яғни қоғамдық өмір мәселелерін қолайлы шешу қабілеті деп тұжырымдады. Конт әлеуметтануды әлеуметтік статика мен әлеуметтік динамикаға ажыратады. Әлеуметтік статика қоғамды олардың элементтерінің тұтастығы мен тепе-теңдігі жағдайы ретінде зерттейді және негізгі заңы ретінде әлеуметтік гармония заңың қолданады. Әлеуметтік статиканың міндеті – отбасы, адам, өмір шарттарын зерттеу. Әлеуметтік динамика қоғам дамуының жетекші күшін айқындайды. Конт мазмұндауында мұндай күштерге; экономикалық табиғи шарттар, климат, географиялық орта, сондай-ақ адам санасы, ойы, көз-қарастары жатады. Әлеуметтік статика, өмір сүру заңдарын қарастырса, әлеуметтік динамика қоғам өзгерісінің кезеңдерін мен заңдарын сипаттайды. Конт қоғам тарихын үш кезеңге бөлді: теологиялық, метафизикалық және позитивтік.

Теологилық кезеңді Конт қоғам дамуының белгілі кезеңі 17-18 ғасырға дейін созылған деп дәйектеді. Сол кезеңде идеялық сипаттағы негізгі үстем күш дін болды. Бұл кезеңде адамзат санасы құбылыстардың не бастапқы не соңғы себебін табуға тырысады. Адам санасы абсолюттік білімге тырысады.

Екінші кезең – метафизикалық. Қоғамда абстракция, метафизикалық концепциялар үстемдік етеді. Бұған Конт материалистік философия мен революциялық қағидаларды жатқызады. Бұл концепцияларды сынға алып, ол марксизмнің, әсіресе таптық күрес жөніндегі көз-қарастарымен келіспеді.

Үшінші кезең – позитивистік. Конт тұжырымы бойынша, қоғам үшін ең лайықты кезен деп сипаттады. Бұл діни, философиялық тұжырымдамалардан алшақтап, эмпиризм, физикализм, позитивизм принциптер негізінде қоғамның барлық салаларын қарастырады. Эмпиризм – дүние жөнінде нақты ақиқат дерегі ретінде тәжірибе болып табылады. Позитивизм – пәніне нақты фактілер ғана жатқызылады. Физикализм – бұл физика ғылымы тұрғысында қарастырылатын, ғылыми түсініктер. Осымен Конт әлеуметтануды жаратылыстану ғылымдары, әсірессе физика үлгісі бойынша бағыттады.

Әлеуметтану қоғам дамуын табиғат заңдарынан ажыратылмайтын, универсалды заңдарды қарастыруға бағытталады. Өз ғылыми жаңалықтарын ол төрт әдіс арқылы іске асырады: бақылау, эксперимент, салыстырмалы және тарихи әдіс.

Әлеуметтанудың кейінгі дамуына Конт еңбектерінің маңызы зор болды. Қазіргі батыс әлеуметтанушылар Контты әлеуметтанудың әкесі деп бағалайды. Конт еңбектерінде нақты эмпирикалық зерттеулерге көшу алғышартын қалыптастырды.

19ғ. аяғы мен 20ғ. басында әлеуметтік ойдың негізгі бағыттарының сипаттамасына тоқталайық.

19ғ. аяғы мен 20ғ. басындағы батыс әлеуметтануының биорганикалық мектебі қоғамның дамуын табиғи ағза аналогы ретінде қарастыруы және әлеуметтік өмірді биологиялық заңдылықтар негізінде түсіндіруге талпыныс жасаған бағыт. Оның негізгі өкілдері Г. Спенсер, Л.Гумплович, А.Гобино және т.б.

Биорганикалық мектеп өкілдері, әлеуметтанудың негізін салушылардан гөрі, қоғам ағза деп дәйектеді және қоғам мен ағза арасындағы жаңа ұқсастықтарды іздеумен айналысты. Олардың ойынша, мысалы, сауданың қоғамдағы қызметі, ағзадағы қанайналым қызметімен тең келеді, ал үкімет қызметі бас миы қызметіне ұштастырылады.

Герберт Спенсер (1820-1903), ағылшын философы мен әлеуметтанушы- позитивисты әлеуметтануда натуралистік бағыттың көрнекті өкілі болып келді. Ол қоғамды биологиялық ағза аналогиясында қарастырды. Спенсердің әлеуметтік оқулары «органикалық теориялар» отауына ие болды. Ол бойынша қоғам жанды дамушы ағза ретінде оның негізгі құрамдас бөліктерінің өзара әрекет дамуы негізінде қарастырылады. Қоғам функциялары тірі ағза функцияларымен ұқсас келеді. Спенсердің «Әлеуметтану негіздері» басты еңбегінде, қоғамды зерттеуде эволюциялық-тарихи тәсіл құрылымдық-функционалдық және жүйелік ұштас келеді. Әлеуметтік ағза үш басты «жүйеден» тұрады: «реттеуші», «өмір үшін қажет шарттарын қалыптастыру» және «үлестіруші».

Спенсер қоғамның екі түрін ажыратты: әскери және өндірістік. Олардың әрқайсысында өмір сүру күрес құралдары әртүрлі келеді. Қоғамның бірінші түрі әскери қайшылықтарға бағытталса, ал екіншісі өндірістік бәсекеге, яғни жігер, күш, қабілеттер негізінде жеңіске жетеді. Осындай күрес түрі қоғам үшін қолайлы, себебі бұл қоғамның интеллектуальды және моральды деңгейінің өсуіне әкеледі. Конт сияқты, Спенсер әлеуметтік дамудың органикалық үрдісіне күштеп араласу талпыныстарын, мысалы, революцияны жағымсыз бағалады. Социализмнің қарсыласушысы ретінде, Спенсер бұл жүйе бюрократиялық аппараттың өсуіне әкеледі деп дәйектеді. Бір уақытта ол теңдік жақтасы болып, тұлғаның құқық еркіндігі мен заң алдындағы теңдігімен түсіндірді. Спенсердің әлеуметтік қағидасы функционализм және құрылымдық функционализм сияқты батыс мектептердің қалыптасуына елеулі әсерін тигізді.

Әлеуметтануда натуралистік бағытқа жаратылыстану ғылымдарының таным құралдары мен әдістеріне сүйенетін, концепциялар жатады. 19ғ. мен 20ғ. басында батыс әлеуметтануда натурализімнің екі негізгі түрі қалыптасты: социал-биологизм және әлеуметтік механицизм. Механицизм жақтастары қоғамдық өмір мен адам тәртібін физика ғылымдарында таралған заңдылықтар негізінде түсіндіруге тырысты.

Бірінші кезекке қандай да табиғи факторлар немесе әлеуметтік дамудың қозғаушы күштерін, кейде белгілі жаратылыстану ғылымдарының әдістемелік үлгілерін белгілеуі натуралистік мектептердің жіктелуіне негіз болды. Осылай биорганикалық мектеп әлеуметтік тұтастық құрылымына назар аударса, нәсілдік-антропологиялық – адамның биологиялық табиғатының, оның нәсілдік қасиеттері мен генотипінің қоғамдық өмірге ықпалын, ал социал-дарвинизм – өмір сүру үшін күрес пен тұқым қуалаушылық, географиялық мектеп – географиялық сала мен кеңістігінде адамдардың орналасуы.

Әлеумет – дарвинизмнің негізгі идеясы бұл барлық табиғаттағы қозғалыс күшін адамның қозғалыс күшімен байланыстыру болды. 19ғ II жартысы 20ғ басында пайда болған антропологиялық мектептің негізгі бағыттары төмендегідей болаты:

а) әлеуметтік өмір мен мәдениет антропологиялық қозғалыс факторының нәтижесі;

ә) көршілік қауым өзара интеллектуальдық, шығармашылық және басқада жағдайларда бір- бірімен тең емес;

б) көпшілік қауым байланысқан жалпы физика- антропологиялық белгілер әлеуметтік- тарихи процестердің негізгі субъектісі болып табылады;

в) адамның әлеуметтік тәртібі немесе қозғалысы бұл биологиялық үрдістермен байланысты.

Демографиялық мектеп (өкілдері М. Ковалевский, К. Джини, Дж. Браунли) халық тығыздығы мен мөлшерінің әртүрлі әлеуметтік -мәдени құбылыстарға ықпалын зерттеуге көніл бөлді. Өмір үдістерінің статистикалық зерттеулері (туу, өлу, неке, ажырас және т.б.) арнайы халық әлеуметтануын белгілейді. Тығыздық биологиялық факторлары мен халықтың мөлшері әлеуметтік ұйымдастырудың, саяси құрылыстың, идеологияның сәттері мен сәтсіздігін айқындау – бұл әлеуметтік мектептің негізгі оқытуын құрайды.

Географиялық мектеп өкілдері: Э. Реклю, Ж. Ратцель, Л. Мечников ойынша, өмірлік кеңістік мемлекеттің саясатын белгілей алады. Бұл мектеп әлеуметтану үшін құнарлы ойлар әкелді, географиялық ортаның және оның бөлек компоненттерінің (климат, ландшафт және т.б) айрықша рөлі.

Психологиялық мектеп (Л.Уорд, Ф. Гиддингс, Г. Тард, Г. Лебон, Ч. Кули). Әлеуметтануда психологизм әлеуметтік үрдістерді адамдардың психологиялық қасиеттері негізінде түсіндіріледі.

Психологиялық әлеуметтану бағытының 19ғ. соңында пайда болуы, психология жетістіктерімен, әсіресе тәжірибе саласында байланысты болды. Биологиялық тұрғыда әлеуметтік құбылыстарға мағлұматтардың қанағатсыздығы, адам тәртібі мотивациясының психологиялық механизміне әлеуметтік ойдың қызығушылығының өсуіне әкелді.

Психологиялық бағыт күрделі құрылымға ие болды. Онда психологиялық эволюционизм (өкілдері Л.Уорд пен Ф. Гиддингс), топтық психологиялық (француз социологы Гюстов Лебон), еліктеу психологиялық (француз социологы Габриэль Тард) және интеракционизм(тұлғааралық өзара әрекетін зерттейтін бағыт) қағидалары ажыратылады.

Лестер Уордт оқытуларында «психологиялық күштер, адамның ұжымдық жағдайында әрекет ететін» әлеуметтік күштер концепциясында сипатталады.

Алғашқы әлеуметтік күштер – бұл келесі тілектер: аштық, шөл, жыныс сұраныстары. Олардың негізінде қосымша әлеуметтік күштер – интеллектуалды, моральды, эстетикалық. Әлеуметтік күштің бастысы интеллект болып табылады.

Уордтың әлеуметтану дамуына тигізген қадамының мәні, белсенді сипаттағы әлеуметтік эволюциясында жетекші роль адам психологиясы ойнайды. Уорд американ әлеуметтану ассоциациясының негізін қалаушысы және оның бірінші президенты (1906-1908ж.).

Ф. Гиддингс («Негізгі әлеуметтану» жұмысы).Әлеуметтік үрдістерді түсіндіруде объективты сипаттамаларды емес, субъективті, әсіресе жетекші орынды ынтымақтастық сезімі алады. Бұл белгіні ол таптарды жіктеу негізіне қолданды.

Гюстав Лебон топтық психология идеясын құрастырды. Онда ол адамдар тобы, сезімдері ортақ және белгілі жетекшінің соңынан игеруге дайын бұқара немесе тобыр түсінігімен жалпыланған. Тобырда адам өзінің жеке санасың жоғалтып, тобыр адамына айналады.

Келесі әлеуметтанушы Г.Тард негізгі әлеуметтік үрдіс еліктеу деп санады. Тардтың еліктеу қағидасы тұлғааралық және топтық өзара әрекет саласына таралады. Әлеуметтанудың негізгі әдістері ретінде Тард археологиялық және статистикалық әдістерді белгіледі. Бірінші тарихи құжаттарды талдауда қолданса, екінші әдіс қылмыс мәселелерінің әлеуметтік-статистикалық зерттеуінде қолданылады.

Чарльз Кулидың (1864-1929) интеракционизм оқуларында тұлға мен қоғам қарама-қарсылығында олардың өзара байланысы мен өзара әрекетіне орын береді. Ч.Кули әлеуметтану қағидасына бірінші топ және қосымша қоғамдық институт түсініктерін енгізді. Бірінші топты тұрақты қатынас ұсталатын, қызығушылық, ілтипат, түсінушілікпен сипатталатын адамдар құрайды (жанұя, бригада, студенттік топ, балалар ұжымы). Қосымша қоғамдық институттфр (сынып, ұлт, партия және т.б) қоғамның әлеуметтік құрылымын құрайды.

Әлеуметтанудағы психологиялық бағыт тұлғаның, әлеуметтік топтардың, қоғамның нақты мәселелерін зерттеуге мүмкіндік берді.

Жиырмасыншы ғасырдың басында әлеуметтік ойдың дамуына француз ғалымы Э. Дюркгейм (1858- 1917) мен неміс зерттеушісі М.Вебермен терең ықпал етілді.

Дюркгейм (басты еңбектері- «қоғамдық еңбек бөлінісі жөнінде», «Әлеуметтік тәсел ережелері») жаңа әлеуметтік ойды құрастырды. Оның мәні қоғамды әлеуметтік фактілер жиынтығынан қалыптасқан, әлеуметтік шындық ретінде қарастырды. Осы фактілерді зерттеу әлеуметтану пәнін құрайды. Әлеуметтік фактілерді статистикалы түрде зерттеу ұсынды. Әлеуметтік фактілерге ол ұжымдық әдеттерді, дәстүр, тәртіп ережелерді жатқызды. Дюркгейм пікірі бойынша, барлық адам көріністері тәртіп үлгілерінде құралады: жалпы елес, жалпы бағалау, жалпы сезімдер мен әрекеттер. Оның ойынша, бұның бәрі ұжымдық таным. Дюркгеймнің орасан зор еңбегі қоғамды құнды-норма жүйесі ретінде белгілеуі жатады. Әлеуметтік тәртіп үнемі қандайда бір тәртіп ережелерімен реттеледі. Анатомия концепциясына негізделіп, ол өзін-өзі өлтіру құбылысын зерттеді. Зерттеу нәтижесі негізінде келесі қорытындыларға келді, дағдарыс немесе айқынды өзгерістер кезінде өзін-өзін өлтіру деңгейі әдеттегіден елеулі өседі.

Неміс социологы М. Вебер де әлеуметтанудың дамуына елеулі үлес қосты. К.Маркстың отандасы Дюркгейм мен бір уақытта өмір сүруіне қарамастан, көз-қарастарымен елеулі ажыратылды. Дюркгейм мен Маркс жетекшілікті қоғамға бағыттаса, Вебер жеке адамға және қоғамның даму себебіне әлеуметтік құндылықтарды жатқызды. Вебер бойынша, тек жеке адам ғана қызығушылықтарға, мақсат пен танымға ие болады. Ғылыми айналымға «рациональдылық», «идеалды тип» түсініктерін еңгізді.

Вебер социологиясының негізі болып идеалді түрлер жөнінде ілім болды. Идеалді түр – бұл объективті эмпирикалық ақиқатты емес, ойлаудың нәтижесін, ғалымның іс-әрекетін бейнелейтін теориялық конструкциясын айқындады. Идеалды түр – бұл зерттеуші-социологтың нақты материал танып, білудегі жүйелеу әдісі. Идеальды түрлер 2 түрге бөлінеді: тарихи (тарихты бейнелейді), социологиялық (ғалыммен жасалады).

Оның идеалды түрлер жөніндегі ілімі «түсінетін» социологияның негізі болып табылады. Әлеуметтанудың пәні болып адамның және әлеуметтік топтардың әрекетін зерттеу саналады. Әлеуметтанушы адамның әрекетін қызықтыратын сол, адамдар өздерінің іс-қимылдарына белгілі бір мән береді. Мұндай мәндік әрекеттерді зерттеу «түсінетін» социологияның пәні болып табылады.

Вебердің маңызды идеясы бұл елеулі экономикалық тиімділікті алуға бағытталған рационалдықтың, рационалды әрекет идеясы. Бұл тенденция қоғамдық өмірдің барлық саласын қамтиды. Ал бұл рационалдықтың капиталистік қоғамда ең шығанағы – бюрократия, қоғамды бюрократияландыруға бағытталған тенденция саналады.

Батыс социологиясының дамуында сонымен қатар, веберлік дін әлеуметтенуы үлкен рөл ойнады. Оның пәні болып батыс еуропалық капитализмнің құрылуында протестанттық шаруашылық этиканы зерттеу болады.

Түсінетін социологияның идеяларына неміс социологы Георг Зиммельдің (1858-1918) ойлары жақын болды. Ол әлеуметтік әдістерді қолданылатын табиғат жөнінде ғылымдардың, қоғам жөнінде ғылымдардың ерекшелігін айғақтады. Әлеуметтік ғылымдардың методологиясы ретінде Зиммель таным пәнін зерттеуде түсініспеушілікті, яғни «сезімталдықты» бекітті.

ХХ ғасыр басында Батыс Еуропа мен АҚШ-та социологияның дамуы эмпирикалық социологияның күрт өсуімен ерекшеленді. Бұл дегеніміз – арнаулы әдістерді қолданумен өмірдің нақты факторларын жинау мен анализіне бағытталған әлеуметтік зерттеулер жиынтығы. Бұл үрдіс, ең алдымен, қоғамның тез және қарама-қайшы әлеуметтік-экономикалық дамуының шарттарымен белгіленеді, әсіресе, американдық. Эмпирикалық социологияның тарихи көздері ХІХ ғасырдың ерте эмпирикалық зерттеулерінде жатыр, әлеуметтік статистика мен әлеуметтік гигиенаның мағлұматтары мен әдістерінде белгіленеді. Статистиканың А.Кетле, Ч.Бут, А.Левенштайн сияқты ғалымдары бұл зертеулерді эмпирикалық әлеуметтанудың арсеналына кейін кірген әдістерді пайдалану арқылы өткізді. Бұл әдістерге: құжаттар анализі, анкеталық сұрау, енгізілген бақылау.

Қазіргі заманда эмпирикалық әлеуметтану ғылыми білім саласында сандық өзгерістермен байланысты болды. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында алғаш рет АҚШ-та құрылып, бірте-бірте басқа елдерге кең тарады. Әлеуметтанушылар эмпириктер кәсіпті әрекеттің жаңа түрін қалыптастырды. Бұл эмпирикалық әлеуметтану саласынан социологиялық қағидаларды ығыстырудың басталуына әкелді. Осы уақытта социологиялық қағидалық ойдың карқында даму кезеңі өтті. Дәл осы кезеңде әлеуметтануда теориялық және эмпирикалық зерттеудің деңгейлері –макро және микроәлеуметтану арасында қарама-қайшылық туындады.

1918-1920 ж.ж. жарық көрген Ф.Знанецкий мен У.Томастың «Польский крестьянин в Европе и Америке» деген еңбегі әлеуметтануда эмпирикалық әдістердің дамуы мен бекітілуінде үлкен рөл атқарды. Дәл осы жолы алғаш рет жеке бас құжаттар анализінің әдісі өңделген және негізделген. Осы әдісте белгілі бір қиындықты шешу үшін адамның әлеуметтік оқиғаларға қатысын көрсететін материалдарды жинайды және жалпылайды. Осы құжаттар негізінде, әр түрлі әлеуметтік топтар сипатталады, топта болатын белгілі әлеуметтік-психологиялық үрдістер ойластырылады.

Мәдени құндылықтар мен жеке тұлғалар арасындағы қатынасты, жеке тұлғалардың әлеуметтік жағдайларға бейімделу үрдісі мен механизмін білу үшін, Знанецкий мен Томас АҚШ-қа кеткен және Отанында қалған жанұялардың арасындағы корреспонденцияны және эмигранттардың өмірбаянын талдады.

Фунционализм тарихының маңызды кезеңіне американдық нұсқауы (П. Парсонс, Р.Мертон және т.б.) айналды, олар әдістемені дамытып, әлеуметтанудың барлық бөлімдеріне таратты.

Американ социологы Роберт Мертон (т.ж. 1910) құрылымдық функционализм теориясы мен әдістемесінің құрастыруына елеулі үлес қосты.

Құрылымдық тәсіл негізінде күрделі объект (қоғам және оның жағдайы, әлеуметтік институт немесе үрдіс) оның құрамына кіретін бірліктердің аналитикалық есептеуін жүргізеді. Шығарылған статистикалық жағдай әлеуметтік өзгеріс үрдісінің анализі үшін бастама бол алады.

Қоғамды көптеген элементтерден тұратын күрделі, статистикалық жүйе ретінде қарастыратын құрылымдық тәсілден ерекше функциональді тәсілді біртұтас және тәсіл тұлғалардың функциональді тәртіптері, әр түрлі деңгейдегі ұйымдар мен жүйелер жөніндегі көріністерге негізделеді. Функционализм бойынша қоғам өзара тығыз байланыста болатын компоненттерден тұрады.

Мертон бойынша, функция деп берілген жүйенің реттелуі мен оның ортаға бейімделуіне қызмет ететін бақылауларды есептеу керек, ал дисфункция кері үрдіс.

Осы құрастырулар негізінде, ол өзінің атақты «орташа деңгей» идеясын қалыптастырды, ол кіші жұмыс гипотезалары мен кең теоретикалық спекуляциялар арасындағы делдалдық рөлін атқарды. Социологиялық зерттеудің қағидалық және эмпирикалық деңгейлерін байланыстырып, оның «таза» эмпиризм тенденциясына қарама-қайшылығын айқындады.

Американ әлеуметтанушы-теоретигі (1902-1979) Толкотт Парсонс американдық әлеуметтанудың және жалпы әлеуметтанудың дамуына тигізген еңбегі зор болды.

Әлеуметтанудағы іс-әрекет қағида мен құрылымдық-функциональдылық мектептің негізін қалаушысы Парсонс, адам шындығын оның барлық ерекшелігінде толығымен қамтитын, жалпы аналитикалық логико-дедуктивті жалпы қағидалық жүйені құруға тырысты. Нәтижесінде Парсонс құрамына мәдени, әлеуметтік, органикалық және жеке басты жүйелерді кіргізетін, өзара айырбас қатынасына түсетін іс-әрекет жүйесінің комплексті қалыптасқан моделін құрды. Осы модельді құру үшін, Парсонс ортамен қатынасты жүзеге асыруда белгілі бір мүмкіндіктерге ие болған іс-әрекет субъектісінің құрылымын қарастырған. Әлеуметтік іс-әрекеттердің құрылымы әрекет етуші адамнан, белгілі бір жағдайдан, шарттан тұрады.

Парсонстың бүкіл әлеуметтік іс-әрекеттердің жүйесі қоғамның жүйе құрылысы негізінде негізделеді, бұл әр жүйенің 4 негізгі қызмет атқаруын білдіреді (икемдеу, мақсатқа жету, бірігу және үлгілерге сай келу).

Индустриялды социология – АҚШ-тағы әлеуметтік ғылымдардың қолданбалы саласы. Оның өкілдері өнеркәсіптегі адамдардың еңбек қатынастарын зерттеумен және өңдірістің тиімділігін арттыру үшін ұсынылған тәжірибелік ұсыныстарды өңдеумен айналысады. Индустриялды социологияның теориялық – әдістемелік негізінің қызметін тейлоризм Э. Мейо, Д. Макгрегор және т.б. концепциялары құрайды.

Индустриялды социология шеңберінде өткізілетін, белгілі социологиялық зерттеулер, тек жеке жұмыс орнында ғана емес, басқарудың бүкіл жүйесі – менеджментке де қатысты.

Американ социологы және психологы Элтон Мейо (1880-1949) американдық индустриалды социологияның және «адамгершілік қатынастар» доктринасының негізін қалаушылардың бірі.

Мейонның теориялық концепциясының негізіне келесі принциптер жатыр:

1) адам «әлеуметтік жануар» ретінде, топтық тәртіптің контекстіне енгізілуін мен бағытталуын белгілейді;

2) бағынудың қатал иерархиясы мен бюрократтық ұйыдастыруы адам табиғаты мен оның бостандығымен сай келмейді;

3) өнеркәсіп жетекшілері өнімдерге емес, көбінесе адамдарға бағытталуы керек.

Мейо бойынша, бұл принциптер қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын мен индивидтердің өз жұмыстарына қанағаттануын қамтамасыз етуі керек.

Питирим Александрович Сорокиннің (1889-1968) өмірі ерекше өтті. Дарынды ғалым сол кезде Ресейде тұрып-ақ эсерлер партиясының өкілі ретінде саяси күреске көп күш-жігер жұмсады. 1922 жылы ол Ресейден қуылып, АҚШ-та орнықты. Өзінің концепциясының негізгі бөлігін Ресейде жасады да, АҚШ-та өңдеп шығарды.

Сорокин АҚШ-тағы эмпирикалық тенденцияны сынға алып, мәдениет кең түсінігінің барлық социологиялық аспектілерін қамтитын «интегралды әлеуметтану» жөніндегі оқытуларын дамытты. Өз дүниетанымының басынан оған гуманитарлық білімді өз уақытындағы тұтас, унифициалды жүйемен байланыстыру талпынысы тән болды.

Социомәдениет жүйесі динамикасының маңызды факторы әрқайсысы меншікті көзқарасы бар доминантты мәдениетті жүйенің құлдырауы болды. Сорокин олардың ішінен келесілерді белгілейді:

1) «сезімді» супержүйе (шындық белгілі сезімдер негізінде қабылданады);

2) «ойша» (шындық интуиция көмегімен танылады);

3) «идеалистік» (екі алдыңғының комбинациясы ретінде қарастырылады).

Батыс әлеуметтануында, Сорокинның ерте кезде-ақ айналыса бастаған әлеуметтік мобильділік пен стратификация концепциясы мен эмпирикалық зерттеулері өте жоғары бағаланады. Әлеуметтік мобильділік – қоғамның тарихтан тыс, қалыпты жағдайы және өзіне тек индивид пен топтардың жылжуын ғана емес, сондай-ақ әлеуметтік объектілердің, яғни адам әрекеті негізінде құрылған және жетілдірілгендердің бәрі, бір әлеуметтік жағдайдан екіншісіне өту үрдісінде пайда болатын. Тігінен жүргізілетін мобильность қоғам стратификациясының бірдей деңгейдегі әлеуметтік топтардың бірінен екнішісіне өтуін көрсетеді. Көлденең мобильділік қоғамдық стратификацияның бір деңгейінде орналасқан, индивидтердің бір әлеуметтік топтан екіншіге өтуін айқындайды. Көлденен мобильділік (кәсіптік, саяси және экономикалық) –индивидтің бір сатыдан екінші сатыға жылжуын белгілейді, оның екі түрі ажыратылады: өсуші және кемуші, яғни әлеуметтік өсу мен әлеуметтік кему. Мобильді қозғалыстың субъектісіне тек тұлғаны ғана емес, әлеуметтік топты да жатқызуға болады.

Қазіргі батыс әлеуметтануының қазіргі социологиялық жағдайын түсіну және оның даму перспективасын айқындау үшін парадигма түсінігі қолданылады. «Парадигма» түсінігі белгілі уақыт барысында ғылыми қауымдастыққа мәселелерді айқындау мен оларды шешуде моделін ұсынады және бәрімен танылған ғылыми жетістіктерді білдіреді. Барлық ғылымдардың дамуы бұрынғы парадигмалардың жаңалармен алмастырудың революциялық үрдісін белгілейді.

Американ зерттеушісі Джордж Ритцер қазіргі батыс әлеуметтанудың үш негізгі парадигмасын белгілейді:

Құрамына құрылымдық функционализм мен әлеуметтік шиеленістердің концепциялары кіретін фактуалистік парадигма.

Дефиционистік парадигманы, оған символикалық интеракционизм, феноменологиялық социология, этнометодология.

Бихевиоризмнің әлеуметтік парадигмасын (әлеуметтік айырбас концепциясы және бихевиористік социология).

Бірінші парадигма («әлеуметтік фактілердің» парадигмасы) әлеуметтік шындықты әлеуметтік фактілердің екі тобына – әлеуметтік құрылымдарына және әлеуметтік институттарға түйістіреді.

Екінші парадигма – «әлеуметтік дифференциялардың» парадигмасы – әлеуметтік фактілерді оқуға емес, оларды анықтайтын тәсілдерді оқуға негізделген. Зерттеу объектісі болып ішкі және субъектаралық және әрекет нәтижесі ретінде болып табылады. .

Үшінші парадигма – «әлеуметтік тәртіп» парадигмасы. Әлеуметтік бихевиористер ойынша, алғашқы екі парадигмалар метафизикалық болып келеді. Өйткені олар жалғыз әлеуметтік шындықты көрсететін адам тәртібін байқамайды.

Екі кезеңнің келесі парадигмастикалық ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады. Марксті, Дюркгеймді, Веберді және т.б. біріктірген классикалық социологиялық көзқарас, ол «экономикалық адам» түсінігіне, яғни еңбек адамына және тұтынушы адамға негізделген. Қазіргі батыстық социологиялық ойлау «ақпаратты адамды», «постиндустриялық қоғамды», яғни еңбек пен тұтыну құныдылықтары орнына, басты мәдениет құндылықтары болған адамдарды оқуға негізделген.

Қазіргі теоретикалық жағдайдың ішіндегі бағыттарына келесі социологиялық бағыттарды жатқызуға болады: неомарксизм (Т. Адорно, Г.Маркузс, Ю.Хабермас), әлеуметтік қайшылықтардың теориялары (Т.Дарендорф, Я.Озер және т.б.), символикалық интеракционизм (Джордж Мид), этнометодологияны (Г.Гарфинкель), постмодернизм (Э.Гидденс және т.б.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз