Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт Сандық тарих Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер

Тарихи зерттеулердегі сандық әдістер

06 Тамыз 2013
735
0

Тарихи зерттеулердегі сандық әдістердің орны туралы мәселені қарастыруды, алдымен,мөлшер - сандық әдістер мен математикалық әдістер түсініктерін нақтылаудан бастаған жөн. Тарихи және басқа да әлеуметтік зерттеулерде бұл түсініктерді бір-бірімен жиі-жиі тепе-тең деңгейде қолданады. Бұл жерде қоғам өмірінің зерттелетін құбылыстары менүдерістерін талдауда қолданатын мөлшер - сандық көрсеткіштер мен математикалықәдістер туралы айтып отырмыз.  Кең түсініктегі мөлшер - сандық әдістермен біз сәйкес құбылыстар мен үдерістерді зерттеу, олардың мөлшер - сандық көрсеткіштерді сипаттайтын жүйесінің анализіне негізделгенде ұшырасып жатамыз. Бұл жерде, олар туралы қандай да бір жай ғана мөлшер- сандық мәліметтер емес, құбылыстардың негізгі нышандарын айқындайтын мөлшер -сандық көрсеткіштер жүйесі қолданылатынын ерекше атай кеткен жөн. Айтқанға. Мөлшер- сандық әдістер — бұл құбылыстар мен анализі болып табылады, ал математикалықәдістер — бұл мөлшер – сандықмәліметтер жүйесіне негізделген, осы құбылыстар менпроцестердің формальды мөлшер - сандық, математикалық үлгілерінің құрылуын атайды. Екі жағдайда да мөлшер - сандық көрсеткіштердің жүйесі анализдің бастапқы негізі болып табылатындықтан, оларды өндеуде қандай да бір математикалық аппарат қолданады, өйткені мөлшер - сандық және осы математикалық әдістер де ұқсас келеді және бұл түсініктердің де тепе-тең түсетіндігі осыған байланысты. Пәнаралық өзара байланыстың тереңдетілуі қажет және де тек тарих ғылымына ғана емес, басқа, осы ғылымға енгізілген ғаламдарға да тигізетін пайдасы орасан зор. Бұны басқа да әлеуметтік ғылымдар тарапынан байқалатын тарих ғылымымен ынтымақтасуға деген талпыныстың өршуі және бұл қоғамтанушылық зерттеулердің (экономикалық және саяси ой, әдебиет тарихы және басқа сияқты) бұрыннан бері қалыптасқан бағыттарында ғана емес, салыстырмалы түрде жаңа бағыттарда да анық байқала бастады. Ақырғылардың қатарына нақты тарихи-әлеуметтік, тарихи - психологиялық, ұлт тарихының зерттеулерін жатқызуға болады, бұларды тарихшылар емес, сәйкес салалардағы мамандар орындайтыны белгілі. Сипаттаушы - баяндаушы әдістер — тарихи талдаудың негізгі түрі болып табылады. Және қоғамдық өмірдің көптеген құбылыстары қазіргі кезде өлшеуге қамтылмайтыңдықтан емес, осы әдістің жақтастары айтатындай, көптеген дереккөздер нарративтік болып табылатындықтан, орын алады. Тарихи объектілерді өлшеу мүмкіндіктері, оның ішінде, сипаттаушы мінездемелерге де негізделе отырып, ғылымның дамуына қарай кеңейе түспек. Кездердің кездерінде, тарихи дамудағы барлығын өлшеу мүмкіндігі болғанда, бұл дамудың сапалық анализі сипаттаушы болып қала бермек және табиғи тілдік түрде қалыптасатын болмыстық - мазмұндық түсініктер мен дәрежелерге негізделеді. Бұл дәрежелер математиканың күш-қуатына және оның қарқынды дамуына қарамастан, оның түсініктері мен тіліне алмастырыла алмайды. Мөлшер - сандық сипаттама — бұл математикалық өндеуге ұшырай отырып, сәйкес сапаның сандық шегін ашуға әкелетін болмыстық мазмұндық анализ үшін негіз болатын, зерттеу объектілерінің, құбылыстар мен үдерістердің сандық мінездемелерінің жүйесін анықтау және қалыптастыру болып табылады. Бірақ математикалық өндеу мен мәліметтердің сипаттамасы жаңа да ақпарат мәліметтермен тікелей қалыптаспайды және логикалық - сипаттаушы әдістермен де алына алмайды. Сандық әдістердің сипаттаушыларға қарағандағы негізгі артықшылығына сандық сипаттама - объектілері мен құбылыстардың қарастырылып отырған нышандары мен қасиеттерінің абсолюттік және салыстырмалы шегін және олардың айқындалу қарқынын анықтау мүмкіндігін ашатынына негізделеді немесе анықтаушы сипаттамасының негізгі шектеулігін жеңу мүмкіндігін береді. Осылайша, зерттеушілік міндетті алға қою мен оны осы әдістер арқылы шешу мүмкіндігіне баға беруден бастап математикалық өңдеудің нәтижелерін талдау және нақты мәліметтерді талдау мен қорытындыларды қалыптастыруға дейінгі тарихи ғылымдағы математикалық әдістерді қолданудың барлық кезеңдері анық теориялық - методологиялық және логикалық тәсілдерге негізделуі тиіс. Қазіргі кездегі тарих зерттеулеріндегі математикалық әдістерді қолдану жұмыстарына ғылымның басқа да салаларындағы сияқты, тарихшылар мен математиктердің бір ғылыми ұжымда (топтар мен зертханалар, секторлар мен кафедралар және т.б.) жұмыс атқаруы тән. Күрделі айқындауыш нышандарды өлшеудің жалпы қағидалары мен әдістерімен таяуда пайда болған қолданбалы математикалық пән квалиметрия (латын тілінен «квали» —сапа, қасиет деген мағынаны білдіреді, ал грек тілінен «метро» — өлшеуді білдіреді) айналысады. Оның өкілдері, ең алдымен, өнімнің сапасын кешенді түрде өлшеу тәсілдерін ойлап шығарды. Күрделі айқындауыштық нышандарды өлшеу тәжірибесінің барысында олардың баллдар  сияқты, мөлшер - сандық өлшемі пайда болды. Балл — бұл объектінің жиынтық айқындауыштық нышандардың интегралды нәтижесі. Әдетте балл сарапшы бағасына негізделіп анықталады. Кешенді айқындауыштық нышандардың сараптамалық батасы қоғамдық құбылыстарды өлшеудегі ең күрделі жұмысқа жатады. Зерттеуде қолданатын мөлшер - сандық көрсеткіштердің жүйесі мен вариациялық, неболмаса динамикалық (уақытша) қатарлардан тұрады.Сандық көрсеткіштер, негізінен, сондықтан тарихи құбылыстарды, түрде ұзақкезінділерінің бойын өлшегенде, ғалымдар әр түрлі көрсеткіштердің динамикалыққалыптастыруда үлкен қиындыққа ұшырасып жататыны бар. Осылайша, тарихи объектілер мен құбылыстарды, әсіресе жаппай құбылыстардысараптамалық бағалау арқылы күрделі сапалық нышандарын өлшеу оларды талдаужұмыстарын тереңдете атқару мүмкіндігін береді. Тарих зерттеулеріне сараптамалықбатаның әдісін және жалпы, күрделі сапалық нышандарын өлшеуді сәтті және кеңіненпайдалануды енгізу үшін, бір жағынан, осындай өлшеулердің жалпы методологиялықәдістемелік және техникалық мәселелерін қарастыру қажет болса, екінші жағынан -тарихшылар тарапынан өлшеудің осы әдісінің тәжірибелік эмпиризмдікті белсене жәнекеңінен меңгеруі қажет.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз