Басты бет Интерактивті тарау Тарихи сейсенбі ТАРИХЫМЫЗДЫҢ НАҚТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАСАМАЙЫНША, КӨП НӘРСЕДЕН АЙЫРЫЛҒАНЫМЫЗ АЙЫРЫЛҒАН

ТАРИХЫМЫЗДЫҢ НАҚТЫ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАСАМАЙЫНША, КӨП НӘРСЕДЕН АЙЫРЫЛҒАНЫМЫЗ АЙЫРЫЛҒАН

17 Қазан 2016
649
0

Қанат Жанғаскин, жиһанкез, зерттеуші 

Сіз эмиграцияға қалай тап болдыңыз. Сізді ғаламторда белсенділік танытуға не итермелейді? 

Соңғы онжылдықта Қазақстанның экологиясы күрт өзгерді және бұл өзгерістер менің Отанымнан алыстауыма әсерін тигізді. 2000 жылдардың басынан бері дұрыс өмір сүріп, жұмыс жасауыма кедергі келтіріп жүрген гептилді аллергия ұстамасы күшейе түсті. Ұйқыдан қалдым, күш-қуатым әлсірей түсті. Шамадан тыс артық салмақ, мұрын қуысының үнемі қабынуы, көздерімнің қызарып ісінуі, жиі суық тию – осының барлығына көндім. Бұл мезгілде мен ҚТЖ-ның 1-ші вице-президенті ретінде қайта құрылымдау және жаңа тарифтік кестені жасаумен айналысып жүрдім. Мен үнемі желдетіліп отыратын жұмыс бөлмемнің еркін тұтқынына айналып, тәулік бойы жұмыс істедім. Бірақ бұл да көп көмектеспеді. Мен табиғатқа шықпақ түгіл, көшеге де шыға алмадым, кез-келген желден тұншығатынмын. Иммунитетімнің әлсірегені соншалықты, бір аурудан құтылып жатсам, екіншісі жабыса кететін. Маған қойылатын диагноздар бірінен бірі өткен қорқынышты еді. 

2006 жылы дәрігерлер маған үкім кесті, содан кейін мен жұмысымды тоқтаттым. Тек таңғажайып кездейсоқтық арқасында ДКД (Франкфурт) клиникасының неміс дәрігерлері мені өлімнен құтқарып қалды. Емделуім жүйкемді жұқартып, ем алу ұзаққа созылды, сол себепті дәрігерлер маған ауруым мен жаман ойлардан құтылу үшін жаныма жақын бір іспен шұғылдануыма кеңес берді. Мен – профессормын, экономика ғылымдарының докторымын. Тарих мен үшін бір сүйікті іс болатын, сондықтан мен адамзаттың ежелгі тарихы туралы тағы бір докторлық диссертация қорғауға бел байладым. Мен Қытайға жол тарттым, онда зерттеу жұмыстарымен айналысып, өмірімді түбегейлі өзгерттім. Маған осы тақырып бойынша Венгрияда жұмыс жасауға ұсыныс түскен кезде, Будапештке қоныс аудардым. Менің денсаулығыма Қазақстанға өте қатты ұқсайтын ол жердің табиғаты мен климаты жақты. Міне, Отаныма оралмағаныма 10 жылдан асып барады. 

Мен көп саяхаттаймын. Негізінен бұл сапарларым менің жұмысыммен байланысты. Мен саяси-экономикалық және мәдени өмірдің әр қилы тұстары бойынша өз пікірлеріммен бөлісе отырып, жазбаларымды LiveJournal-ға жариялай бастадым. Онда әрбір фотосуретке пікірлермен қоса, сапарларым туралы фотоесептер болды – менің саяхаттарым туралы айтып беруді өтінетін достарым көп. Бірақ Қазақстанда LJ-ға тыйым салынған соң, мен өзімнің жазбаларымды Facebook әлеуметтік желісіне көшіруге мәжбүр болдым, алайда бұлай ешкім жасамайтын еді. ФБ-тің мақсаты алғашқыда басқаша, Instagramm мен LJ ортасында болды. Маған мәтіндік бөлікті қысқартуға тура келді, бірақ оның да пайдасы тиді. Ал алыс елдер, олардың киелі жерлері және дәстүрлері туралы жеке пікірлеріммен бөлісу – менің міндетім. Өзім университет профессоры болғандықтан, әлі күнге дейін өзімді ұстаз деп есептеймін. Оған қоса, мен – қазақпын, мұсылманмын және отандастарыма көзіммен көрген нәрселерім туралы жазамын. Маған жылтырақ және жалпыға танымал жерлер қызық емес. Мен қарапайым адамға қауіпті немесе ең тұйық жерлерге үнемі саяхаттай алатынымды түсінемін. Білімім мен ой-өрісімді кеңейтуге, кез-келген мәселе бойынша өз пікірімді қалыптастыруға және біздің билікке жалтақтамай, ойларымды ашық айтуға қажетті зияткерлік, қаржылық және физикалық мүмкіндіктерге иемін. Бұл үшін өмір сүруге болады. Тіпті атамекеннен жырақ жерде де. Өйткені басқалары біздің зиялылар туралы жаман ойда қалуы мүмкін. 

Сіз тарихпен қашаннан бастап шұғылдана бастадыңыз. Оған не түрткі болды. Сіз ежелгі артефактілерді жиі көрсетесіз және оларды біздің халқымыздың тарихымен байланыстырасыз. Сізге тарихымыздың жалпы жұрт таныған түсіндірмесінде не ұнамады? 

Әрбір қазақ – туа біткен тарихшы. Жеті атаны білетін, тек қана қазақтың баласы. Тәуелсіздіктің жария болуы көшпенді халықтардың тарихын зерттеуіме түрткі болды. Бірақ та, оның алдында «Этногенез және Жер биосферасы» топтамасынан Гумилевтің кітаптары, профессор Кляшторныйдың еңбектері болды. Олар мені тарихпен ғылыми тұрғыда және жүйелі айналысуға баулыды. Менің техникалық білімімнің (менің бірінші диссертациям) арқасында бұл өте оңай болды. Қазір ежелгі тарих сияқты нақты ғылымның жоқ екенін нық сеніммен айта аламын және оны қайта жазу немесе бұрмалау әрекеті сәтсіздікке ұшырамақ. 

Мен алғашқы кооператорлар қатарынанмын және өте ерте байыдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгенге дейін. Барлық қаржыларымды мен бизнеске инвестицияладым, айналымнан тек балалардың оқу ақысын ғана алып отырдым. Тарихи жерлерге саяхаттауды біз 25 жыл бұрын бастадық. Дәл сол кезеңдерде мен көзбен көргендерімнің жалпыға танылған тарихпен қайшы келетініне назар аудардым. Ең алдымен, Түркияда, Мысырда және Германияда. Әрі кеткен сайын мұндай қайшылықтардың саны бізге танылатын ақиқаттар санынан еселеп арта түсті. Дарвинизм теориясындағы және әлем құрылымының англосоксондық үлгісіндегі қарапайым логиканың болмауы көзге түсті. Ал қазіргі заманғы тарихшылар бір сәттік пайда үшін барлығын бұрмалауға дайын. Сол кезде олардың тарихи ақиқатындағы жалғандықты түсіндім. Осылайша әлем тарихымен шындап айналыспаққа бел будым және қарапайым адамдарға түсінікті кейбір мәселелер бойынша өзімнің пікірлерімді жаза бастадым. 

a6c37cf17502f433b14ac491264e57ae.jpg

Біздің тарих ғылымы дамуының қазіргі заманғы тұжырымдамасы мені одан бетер толғандырады. Дұрыс бағытта дами бастап, ол 90-ыншы жылдардың ортасында тарихымыздың екінші дәрежелі оқиғаларына қайсыбір жаһандық мағына бере отырып, басқарушы қауымның мүдделеріне қызмет көрсету бағытына қарай ығысты. Екінші және одан бетер жойқын тізе бүгуді 2014 жылы Қазақ хандығының 550 жылдығын заңдастыру арқылы жасады. Тарихымыз үшін соншалықты жойқын қадамды жасау үшін көршілес мемлекет басшысының айтқан бір ғана сөзі себеп болды. Және бір мезетте біздің тарихымыздан маңызды кезең – Шайбани әулетінің 150 жылдық билеу кезеңі түсіп қалды. Ал бұл дегеніміз – біздің тарихымыз ғой, Өзбек ханның көшпенді мемлекетінің (көшпенді өзбектер) тарихы. Бұл қисынға салсақ, бір мезетте біздің ұлы арғы аталарымыз бөлек қалды. Әбілхайыр да, Шайбани да. Қараханидтер де жайына қалды. Тіпті оның соңғы ұрпағы – қара қыпшақ Қобыланды да қазіргі кезде белгіленген Қазақ хандығынан тыс тұрады. XV ғасырдың ортасына дейін, дала артиллериясы дүмпігенге дейін әлем тарихын көшпенділер жазып келгенін ұмытпаған жөн. Асыра сілтеушілік пен саяси жағдаяттан алынатын бір мезеттік пайдаға көбейтілген дилетантизмнің әкеп соқтыратыны осы. Енді Қараханидтерді, Ақ және Көк Орда тарихын, көшпенді өзбектер мемлекетін, Шайбанилықтарды, Сібір хандығын, дулатты Моғолстаннан бөлек қарастыратын болсақ, тарихымызды жалпыға танылған тарихпен қалай қиыстырамыз?! Қазақтарға жоғарыдан белгіленген мерзімнен ерте және тукатимуридтер әулетінен тыс тамырларын іздеуге тыйым салынған болса, біз қалайша ата-бабаларымызды өзімізбен жалғастырмақпыз? Бірақ, шындығында ешкім бұл тарихымызға таласпайды. Хиуаға, Ноғай ордасына, Қоқанға тарихи көпірімізді қалайша жүргізбекпіз деген ойлар ешкімді мазаламайды. Алғашқыда қазақ мемлекетінің әулеттер буыны арқылы мұрагерліктің тарихи тізбегін құрудың тамаша тұжырымдамасы ұсынылған және жүзеге асырылған еді. Орын алған жағдайлардың барлығы өте өкінішіті, бұл әлі де терең ұғынуды және жылдам түзетуді талап етеді. 

Бізде ХХ ғасырдың аяғында кең тараған «еуроцентристік» саясатқа қалай қарайсыз? Қазір көптеген зерттеушілер түрік әлемінің даму келешегін байқамайды. Сіз бұл мәдениет туралы, оның бастауы және қазіргі замандағы орны туралы не айта аласыз?

Ешқашан ортақ тарихы болмаған, дүниенің басқа түкпірінде орналасқан, өзге дінді ұстанатын, түрік тілінде сөйлейтін ел үшін «еуроцентристік» саясатты түсінбеймін және қабылдамаймын. Әрбір ұлттың кемеліне жетудегі өзіндік жолы бар және бұл жолда бізге жақын жақтас керек. Назарбаевтың дәуірі саясатымызда орыс ықпалының үстем болу кезеңіне тұспа-тұс келгені мәлім. Біз оны қаладық па, жоқ па, бірақ біздің халқымыздың жартысы «орыс әлемінің» жолын тұтынады. Бірақ міне, 30 жылдан бері ол ұзақ мерзімді даму үшін жанталас сатысында тұр. Тарихымыз бұған әдетте 50 жыл кететінін көрсетіп отыр. Демек, біз үлкен өзгерістерге дайын болуымыз керек. Шығыстағы көршінің басып алу қаупі бізге төніп тұрған жоқ – Қытайдың кеудемсоқтығы Шығыс Түркістан шекарасынан ешқашан әрі асқан емес. Бірақ бүгін ішкі жарылыс қаупі әлдеқайда үлкен. Мұсылман әлемін әскери қайта құрудың кезекті құрбанына айналмас үшін бізде үстемі биік Түркия болып табылатын түрік әлеміне қолайлы балама жоқ. 

Түркияны қойшы, біз тіпті көршілерімізбен жақындасу үшін ешқандай әрекет жасаған жоқпыз. Қырғызстанды немесе Өзбекстанды алайық. Тіпті керісінше. Олардың басшыларының жерлеу рәсіміне де бармаймыз. Ал бұл жағдайда айтылатын кез-келген сөз ұятсыз болмақ. Біз түрік әлемінің бірігу процесінің көшбасшысы болуымыз керек еді, өйткені түрік мәдениетінің қайнар көзі біздің Алтайда туындады және сопылықтың ең ұлы дәруішіне арналып тұрғызылған кесене де біздің жерімізде орналасқан. Бізде басқа жол жоқ. Біздің тайпаларымызды (жүздерді) тарих пен салт-дәстүр емес, сенім мен түркі тобына жататын тіл біріктіреді. Басқа түске боялуға талпынған кез-келген әрекетіміз біздің ұлтымызға жойылу қаупін төндіреді. Біз басқа түске боянып алсақ та, ешкімге керек емеспіз. Орыстарға да, қытайлықтарға да, одан бетер еуропалықтарға да. Оларды қызықтыратын – біз емес, біздің табиғи қорларымыз. 

Желіде сіздің екі басты қыранмен түскен суретіңіз жүр. Бұл – Алтын Орданың Елтаңбасы. Көптеген орыс зерттеушіллері оны Ресеймен байланыстырады. Біздің тарихшыларымыздың Қазақ хандығын Алтын Орданың мұрагері ретінде танытатынына қалай қарайсыз? 

Екі басты қыран әрдайым Түркия территориясымен тығыз байланысты болған. Оның тарихы ХVIII ғасырда, оны тотем ретінде иеленетін халық Алаша Гуюк пен Языл Каяға қоныстанған кезден басталады. Бұл Хату деген Ұлы мемлекеттің қалалары болатын. Оның астанасы Хатусста болды. Олардың басты құдайы Түшіб найзағай әміршісі болды. Оның нышандары бұғы мен жыртқыш құс еді. Артефактілер бойынша мен оларды Алтай тауларынан шыққан түрік халқының ата-бабаларына жатқызамын. Алтайды олардың киелі тауы Уч сунгур (Белуха), ал түрік халқын тудырған өзені Қатын деп аталды. Ол киелі таудан көкпеңбек түс болып ағады, тек Алтайдың еріген сулармен араласып, аспан көк түске боялады. Халықтардың Ұлы қоныс аудару дәуірінде Хату Түркиядан ауып, Алыс шығысқа қарай қоныс аударды. 

Екі басты қыран осы күнге дейін сұлтанаттың астаналары болған Коньядағы және Эрзурумдағы қоғамдық ғимараттарды безендіріп тұр. Византияда ол ешқашан болған емес – оның артефактілерінде зілсіз мысыр тауықтары ғана белгіленген. Ол христиан мемлекеті Никея елтаңбасында тек қана ХІІ ғасырда пайда болды. Осыдан кейін түрік селжұқтары латын империясына қарсы византиялықтармен құдалық рәсімді одақ құрды. 

502d378c22bfde4947d43d25c5776007.jpg

ХІІІ ғасырда екі басты қыран Ноғайдың, одан кейін Алтын Орда ханының, Өзбек және Бердібек хандардың елтаңбасы мен тиындарында пайда бола бастады. Оның кең таралуына селжұқтармен жасасқан неке одағы ықпал етті. Алтын Орда және селжұқ мемлекетінің артефактілер безендірілуінің толық сәйкестігін ерекше атап өту қажет. ХІІІ-ХІV ғасырларда, селжұқтардың құлдырауы кезінде, сәндік заттарды жасайтын барлық шеберлер Сарайға көшіп алды. Оны Әмір Темір талқандаған соң, Жошы ұлысы тарады. Шайбанилық Әбілхайыр Орда-Ежен ұлысы – Ақ орданың басын біріктіре алды. Ұлықбектң қызымен бірге ол Өзбек ханның (көшпенді өзбектер) тәуелсіз көшпенді мемлекетінің әміршісі ретінде теміршілердің де құрметіне ие болды. Бірақ оның ойраттардан жеңілуі және оларға Ұлы қағанат мұрагерлері ретінде ант беруі Ақ Орда тәуелсіздігіне нүкте қойды. Алтын Ордаға (Бату патшалығына) мұның қатысы жоқ. Оның құқықтық мирасқоры – оң қанаты Дунайдан Кубаньға дейін аумақты алып жатқан Қырым хандығы болды. Қазан мен Ас Тарханды жаулаған Иван Грозный Алтын Орда – Қырым хандарына алым-салық төлеушісі болып қала отырып, шын мәнінде Өзбек тағын – Ақ Орданы және оның тәжін-бөрікті – Мономах қалпағын мұра етті. Және оның елтаңбасы сармат найзашысы болды. Кейінгі Романовтар тұсында орын алған Сібірді, солтүстік Кавказды және Қырым хандығын жаулап алғаннан кейін ғана «сармат найзашысын» Мәскеуде қалдыра отырып, Московия заңды жолмен өзінің мемлекетінің елтаңбасына Өзбек ханның және Ноғайдың әскери қолбасшысының екі басты қыранын бейнеледі. Бірақ Көк Орда қазақтары Ресей әміршісін әдет бойынша Ақ патша деп атай берді. 

Қазақ хандығына 550 жылды өлшеп беріп, біз өзіміз Ақ Орданы мұра ету құқығынан айырылып отырмыз. Ал оның құны тым қымбат. Алғашқы жалпы қазақ ханы (көшпенді өзбектер) шайбанилық Әбілхайыр болды. 1551 жылы ол Темір әскерін талқандап, Ұлықбектің қызы Рабия Сұлтан Бегімге үйленеді. Ол Әбілхайырдың кіші әйелі болды және одан 2 ұл: Көкенші мен Сүйініш хандар туады. Дәл сол кезде Әбілхайыр хан жасау ретінде Түркістан ерлерін иемденді. Жары қайтыс болғаннан кейін ол тағы 16 жыл өмір сүрді және 1458 жылы Ахмет Яссауи кесенесінің қасына өзіне арнайы салынған мазарға жерленді. 

Үз-Темір тайшы басқарған ойраттар шағатайлықтармен одақтаса отырып, 1457 жылы Әбілхайыр ханның әскерлеріне Сығанақ түбінде ауыр соққы береді. Әбілхайыр олардың салық төлеушісіне айналады және шағатайлықтарға Сырдариядағы бүкіл жерлерді (Түркістан мен Ташкентті) береді. Тукатимурид сұлтандары Керей мен Жәнібек 1465 жылы Әбілхайыр ханнан бөлініп, шағатайлық Исан-Бұға ханның қол астына кіреді. Тукатимуридтердің ұрпақтары Керей мен Жәнібек қырғыздар келіп қуып шыққанға дейін Қозыбасыға (Таласқа) қоныстанады. 

a9dc78d3833b1bdb3749fdf2466c5f39.jpg

1468 жылы ойраттар шығыс моғолдардан ойсырата жеңілді. Моғолдардың одақтастарына айналған Әбілхайырдың әскерлері ойраттардың Жетісуға шығар жолдарын бөгеп тастады. Хан болса сол кезде Алматы шатқалынан алыс емес жерде өледі. Сығанақта жерлеу рәсімінен кейін көшпелі өзбектер мемлекетінде бүліншілік тарады, сол кезде қайтып келген тукатимуридтер билікті басып алғысы келді. Олардың көмегімен Шағатайлық Юнус хан 1482-1485 жылдары оңтүстіктен келген соққымен Сайрамды және Ташкентті жаулап алды. Жаңа лауазыммен бірге ол бұрынғы әміршінің жесірі, Юнус ханның төртінші қызы Нигар Сұлтан ханымды әйелдікке алды және моғол күйеу баласы – гураган атағын иеленді. Бірақ жаңа шағатайлық әмірші, Юнус ханның ұлы Сұлтан Махмұд Түркістанды (Сырдарияның оң жағалауын) шайбанилықтарға – Әбілхайыр ханның немересі Мұхамедке береді. Шайбанилықтарға Самарқанд пен Бұхара бағынады. 1493 жылы Шайбани Моғолстан хандарын тұтқындайды. Ол ханның қызы – Айша Сұлтан ханымды әйелдікке алып, бүкіл батыс Түркістанның билеушісіне айналады. Ханның екінші қызы, Құтлық ханым оның ұлы Жәнібек сұлтанның әйелі болады. Мұхамед Шайбани Мерв түбінде шиіт сұлтаны Исмаилмен шайқаста қайтыс болған тұста Айбек сұлтан 1510 жылға дейін Ташкенттен көшіп кетеді. Қоңыраттардың, қарақалпақтардың және қыпшақтардың байырғы билеушілері шайбанилықтар Мәуреннахрда билігін қайтарып алған кезде (1512) Айбек сұлтан тағы да Ташкенттен Моғолстанға, ағасына қашады. 

Нигар Сұлтан ханым оның артынан ереді. Айбек сұлтан өлген соң қартайған Сұлтан Нигар ханым Айбек сұлтанның 65 жастағы ағасы Қасымға тиеді. Онымен бірге Қасым хан атағы мен Қозыбасыдағы жерлерді иеленеді. Бұл үшін ол Саид ханға Ташкенттен шайбанилықтарды қуып шығам деген уәде береді. Алайда оның қолынан келген жоқ. Есесіне гураганның заңды құқығымен Қасым хан Сарайшықтан Керей ханның ұлы Бұрындық ханды қуып шығады. Қасым хан өлген соң (1518 жылы) билік оның ұлдары Мұрындық пен Тахирға көшеді, бірақ оларды ешкім мойындамайды. 

1522 жылы ноғайлар (маңғыт билеуші тайпасы) Қасымды талқандап, Дешті Қыпшаққа келді, олар Оралдан Аралға дейін өзнің мемлекетін Шағын ноғай ордасын құрды. Көптеген сібір тайпалары ноғайларға өтті, өйткені Әбілхайыр хан және оның баласы тұсында олар көшпелі өзбектердің біртұтас мемлекетінің құрамында болған еді. 

Қозыбасыға (Талас ауданы, Қырғызстан) қайтадан қашып кеткен Қасым ханның ұлы Таһир ханды Бұйдаш хан мұраланды. Ол қазақтың Айбек ханының ұлы болатын және шағатайлықтардың жаңа ханы Әбд әр-Рашидтің әпкесіне үйленген еді. Хан Бұйдаш ханды әпкесінен ажырасуға мәжбүр етті. Қол астындағылардың барлығы дереу ханнан алыстады. Қазақ хандығындағы тукатимуридтердің тарихы осылайша жылдам әрі қайғылы аяқталды. 

Сол шақта шайбанилықтар өркендеп келе жатты және оңтүстік Қазақстаннан әрі қарай хандығының атын шығара бастады. Сібірлік шайбанилық Қошым ханның бас ордасы қазіргі Астана маңайында, Қорғалжын өзенінің жанында болғанын, ал Іскер тайбұғалықтар ұлысының астанасы болғанын кімнің мүддесіне қарай жасырамыз. Олар керейттердің туа біткен әміршілері болды. Сібір хандығында қыпшақ тайпасының шайбанилықтар әулеті XVI ғасырдың аяғына қарай ғана үстемдігін тоқтатты. Ал Мәуреннахрды шайбанилықтар Моғолстаннан көшпенділердің жаппай көшуіне дейін биледі. Моғолдық Алтан ханның бұйрығы бойынша ойраттар Тұлуй үйнің билігін мойындайды және Жоңғар Алатауы мен Шығыс Тянь-Шаньға ығыса отырып, оңтүстік Алтай даласына ұйымдасып ауа бастады. 1604 жылы ойраттардың бір бөлігі (қоңыраттарға туыс шоростар және хошоуттар – Шыңғысханның Хасар тізбегі бойынша жеке ұланы) оңтүстікке, Шағатай ұлысынан әрі қарай және Жетісуге (Іленің оң жағалауы) жылжыды. Торғыттар Түмен хандығына кірді. Олар өздерінің туысқан тайпаларына, керейлерге, наймандарға және меркіттерге бағыт алды. Олардың 200 мыңдық халқы Тобылдағы Тара бекінісіне қарай көшеді. 

1616 жылы ойраттар өздеріне Батыс Түркістанды бағындырды. 1625 жылы торғауыттар Каспий өңірінен маңғыттарды Дарияға қарай ығыстырады. Московияның кейінгі 150 жыл ішіндегі барлық жеңістері Каспий маңындағы өңірлерде торғауыттар тайпасының орналасуымен тығыз байланысты болды. Қазақстан туралы мен мүлдем жақ ашпаймын. Бізге ойраттардан қас жауымыздың бейнесін жасауды тоқтату керек. 

27071d2d7785d7f9374917c6445383e1.jpg

Қалаларымыздың ойдан шығарып алған мыңжылдықтарын тойлаудың орнына біздің өткен тарихымыздың тұжырымдамасын жасауды ойластыруымыз керек. Бастамасы қандай керемет еді, аяқ жағы мүлдем жиіркенішті. Мен бір жағынан әл-Фараби, Байбарыс туралы, екінші жағынан 550 және 1000 жылдықты айтып отырмын. 

Сіздің айтып отырған дүниенің біздің оқып немесе оқытып жүргенімізден елеулі айырмашылығы бардай көрінеді. Қазіргі кезде неономад деген ұғым пайда болды. Олар өздерін еркін адам деп сезінеді, бір жерде отырғылары келмейді, оларды жалақы да, басқа да игіліктер ұстап тұра алмайды. Сіз өзіңізді сондай адамдарға жатқызасыз ба? 

Номадтарды, мен сияқты, бір жерде ештеңе ұстап тұрмайды, өйткені менде ауыртпалық түсіретін меншік жоқ. Бірақ олар Ұлы Далада ұйымдасқан топ болып көш аударатын. Мен болсам ел кезіп жүрген жалғыз тәуап етушімін. Ешкім адамға еркін болуына тыйым сала алмайды. Тіпті қоғамнан да. Мен шығармашылық адамымын және күн сайын өз жұмысымның нәтижесін көріп отыруым керек. Жұмысыма арналмай, бос өткізілген әрбір күнімді аяймын. Кәсібіме байланысты мен көп саяхаттайтын болдым және бірте-бірте тұрақты мекенімнен бас тарттым: үнемі жол үстіндемін және бұл өзіме ұнайды. 

Мен 126 елде болып үлгердім. Бұл қарапайым цифр емес. Мен өзімнің өмірлік жоспарымды жүзеге асырып келемін және қазірдің өзінде Солтүстік Американың, Қытайдың, Үндістанның, Ресейдің, Украинаның, Германияның, Францияның, Испанияның, Италияның, Иранның, Түркияның, Сирияның барлық әкімшілік бірліктерін (штаттарын, шет аймақтарын, уәлаяттарын, облыстарын) армансыз араладым. Бүкіл Мағрибті, Балтия елдерін, Испан тілді Американы. Ең алдымен мені қызықтыратыны: музейлер мен тарихи орындар. Егер мен бір нәрсені жіберіп алсам, онда менің зерттеп жүрген әлемнің ежелгі өркениеті туралы жұмысым толық болмас еді.

Сіз сапарларыңызды қалайша жоспарлайсыз? Сіз әлі күнге дейін қай жерлерде болмадыңыз және неліктен? Сіз қауіпсіздік мәселелерін қалайша ескересіз?

Менің жұмысым жер шарын үнемі аралауды қажет етеді. Соңғы 10 жылда мен үнемі жолдамын. Барлық сапарларымды өз бетімше жоспарлаймын. Бағытымды таңдап, интернет арқылы билеттерді сатып алу көп уақыт алмайды. Кейде ұлдарымнан көмек сұраймын – олар менің нағыз көмекшілерім. Қонақ үйлер мен тамаққа ешқашан ақша үнемдемеймін. Таңертең ерте және кешке ерте тамақтанамын. Түскі ас мен үшін ысырапшылдық болып табылады, ол жұмыс уақытыңның 2-3 сағатын «жеп қоюы» мүмкін. Әдетте мен жалғыз саяхаттаймын – менің жүрісіме көп адам шыдай бермейді. Менің бұл өмірімде жасайтыным әлі көп. 

93db546c56591de2c849d0e31cd6febf.jpg

Мен тарих тұрғысынан қызығушылығымды тудыратын Пәкістанда, Йеменде, Эфиопияда және Ауғанстанда осы уақытқа дейін болмағаным үшін өкінемін. Ол жақта әлі де тыныштық орнамады, ал мен болсам о дүниеге аттануға асықпаймын. Менің әлі де аяқталмаған істерім көп. Жеке басымның жағымсыз әдеттері жоқ және мен 88 жасқа дейін жұмыс жасауды жоспарлап отырмын – бұл менің ішкі ұстанымым. Алла жолында мен оның барлық өсиеттерін орындаймын. Саяхаттап жүріп өзіме шамадан тыс назар аудартпауға тырысамын. Яғни кез-келген жерде өз қалпымнан айнымаймын. Менің жоспарларымды бір адам ғана – жұбайым бұзуы мүмкін, оған тек жылы теңіз ұнайды. 

Қай халық сізді бәрінен бетер таң қалдырды? Тәжірибеңіздегі бірнеше қызықты және өнегелі оқиғаларды айтып берсеңіз. 

Кез-келген халықты жақын таныған сайын олар сізді таң қалдыруға дайын тұрады. Мені ерекше таң қалдырғаны – перуліктер мен тибеттіктер. Олардың сырт келбеттері бізге қатты ұқсас, бірақ олар шамадан тыс төзімді және сарқылмас оптимизмге толы. Әсіресе тибеттіктер. Әрқилы көзқарастарға қарамастан олар (дін қызметкерлеріне басқа) біз секілді ет жейді. Тибетте кез-келген жерде ғажайыпқа тап бола аласыз. Біз киелі Қайласты айналып жүргенімізде оның барлық армандармыздың орындайтынын білген едік. Ұялы телефон байланысы болмаған. 53 шақырмнан тұратын айналымды аяқтап, тау алқабынан шыққан сәтіміз еді, екінші баламның ұялы телефоны кенеттен шыр ете қалды. Қабылдау комиссиясынан қоңырау шалып тұр екен, ұлымды атақты Чинпин университетіне (саясат және құқық) оқуға түсуімен құттықтап тұр! Біз қатты таң қалдық, өйткені ол оқуға түсу үшін конкурс қатал болатын және біз ол оқудан үмітімізді жоғалтқан едік. 

Содан кейін біз түбі алтынмен көмкерілген, 4 мың метр биіктіктегі киелі Манас Аварда шомылдық. Бұл Үндістаннан келген тәуап етушілердің арқасында мүмкін болды. Біз мөлдір жылы суда жатқанымызда Қайластың жарқыраған шыңынан 4 күннің ішінде алғаш рет көрінген үлкен свастика қалықтап ұшып бара жатты. Жеті жыл өтсе де, бұл құбылыс күні кешегідей көз алдымда. 

9da261c4cb1ecbf0cc939c56d2552283.jpg

Бұрхан-Халдун тауында орналасқан үлкен көк қорғанды тамашалағаннан басқаша толғаныста болдым. Біз 5 қағанның моласына тағзым еттік. Моңғолдардың әлі күнге дейін Шыңғысханның жерленген жерін үлкен құлшыныспен жасырып келе жатқаны мені қатты таң қалдырды. Олар тіпті карталарды өзгерткен. Нағыз Бұрхан-Халдунға қарапайым адам жете алмайды. Бізді ол жерге Көк айдаһардың өзі – атақты сумошы Ассасеру тікұшақпен алып барды. Мен үшін бұл құпия еместігіне ризамын. 

Мені, сондай-ақ, Пасха аралдарының алыптығы таң қалдырды. Ол жердің астында көмілген тұтас дененің 10 метрі жасырынғанын көп адам біле бермейді. Амазонка мен Гималай таң қалдырды. Бұл күші мен қуаты жағынан адам сенсігіз жерлер. Сонымен бірге жерден тыс жоғары дамыған өркениеттің болуы туралы ашық дәлелдер де таң қалдырды. Перуда, Мексикада, Қытайда, Израильде, Мысырда... Олар туралы тоқтаусыз айтып бере аламын. 

Жер шарымыздағы маңызды және қызықты жерлерді өз көзіммен көргенім үшін өте қуаныштымын. Зерттеуші ғалым ретінде мен қызықты артефактілерді әлемнің маңызды мұрайжаларына өткіздім. Ежелгі тарихи мәдениеттерді жүйелеу жөніндегі жұмысым ғылым дамуына пайдалы үлес қосатынына сенімдімін. 

Заңғар КӘРІМХАН

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және National Digital History порталына гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады. kaz.ehistory@gmail.com 8(7172) 79 82 06 (ішкі – 111)

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз
Сауалнама

Қазақ-жоңғар шайқасы туралы тарихи драмалық көркемфильмдердің қайсысы көңілінізден шықты?