Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Киіз басу

Киіз басу

04 Тамыз 2013
145
0

Қазақ халқының бас көркемдік мұрасы, жоғары техникалық шеберлігі мен қайталанбайтын ерекшелігі, - осының барлығы Қазақстанның ұлттық кәсібінде кеңінен қолданылады.

Көшпелі халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің негізгі және аса тұрақты элементі ою-өрнек екені жұртқа мәлім. Бұл туралы ХХ ғасырдың басында қазақ халқының этнографиясын жақсы білетін Г.Н.Потанин өте айқын суреттеген. Оның атап кеткеніндей, қазақтың ою-өрнегі  «үй жасауындағы барлық саңылауларға сіңген; киіз үйде, жұмыс істейтін үй шаруасындағы әйелдің арқасында, ою-өрнегі жоқ бірде бір киіз тұлымы, бірде бір былғары тілімі, өңделмеген ағаштың беті болмайды.  Киіз үй едені,  ақ бетіне симметриялы кесілген, қара және қызыл матаның кесегімен қапталған, киізбен жабылған. Артқы қабырға түгелімен киіз қаптамадағы сандықпен қойылған, олардың беті де ою-өрнектен әшекейленген. Киіз үйдің жиналу орнын жабатын киіздің өзі, ою-өрнектен сәнделген. Данышпан еңбекқор қырғыз әйелі киіз үйді сурет галереясына, былайша айтқанда,  ою-өрнек көрмесіне айналдырған» 27.

Шеберлердің ең өзіне тән бұйымдары – ою-өрнекті киіз. Бұл шиыршық бұрамадан дөңгелеткен ірі өрнегі бар текеметтер, және өрнектеу техникасында орындалған сырмақтар, жіңішке өрнегі бастырмалы қабырғаға ілінетін киіз түскиіздер, сандықты қаптауға (сандық қапы) арналған көптеген әсерлі киіздер, жастық қапылар, ыдыс аяқ сақтауға арналған сөмкелер (аяқ қапы). Қой және түйе жүнінен әзірленген бұйымдарының өнімдері кеңінен таралған болатын: түрлі-түсті шашақ баулар, басқұр, және белдеулер, алаша, тақыр кілемдер, түкті кілемдер, қоржындар, атжабулар және т.б.

Ою-өрнек өнерінің әлеміндегі барлық байлығы мен әр-алуандылығына қарамастан түрлі-түрлі киіз, жүн, сүйек, ағаш, былғары, металл және керамика бұйымдарында Қазақстанның геометриялық, зооморфты және өсімдік өрнектерінің сарыны ежелгі ескерткіштер бойынша танымалдылығы айқын. Мысалы, қошқар мүйіз, иірілімдері қосарланып ішке бүгулі – киік мүйіз, қосарланған – ашатұяқ, түйе ізді- түйетабан, құстұмсық, құсқанаты, көптеген аң стиліндегі айқын сюжеттерде негізделінетін, терең сақ дәуіріне жатады.  Осы кезеңге де Таяу Шығыс өнерінің әсерімен пайда болған өсімдік ою-өрнектерінің пайда болуын да жатқызуға болады. Тағы тым ежелгі ол солярлы және геометриялық сарындар. Барлық алуан-түрлі тұмарша, ирек, тарақ, айшық ою-өрнектерінде үш мың жыл бұрын болған мал шаруашылығы кәсібінің байырғы іздері анық көрінеді.

Әрбір қазіргі қолданбалы өнердегі ою-өрнегінде оның ежелгі түп-бейнесін қарастыру аңғырттық болар еді. Көшпелі халықтың сәндік-қолданбалы өнерінің шығармасы күрделі және әр-алуанды құбылыс, онда халықтың  ғасырлық дәстүрі көршілес халықтармен тығыз мәдени-тарихи  өзара-әрекет ету барысында әрдайым байытылып отырған.

Бұрын әшекейлі өнерге әсерін тигізген, көптеген ескі түрмыстағы әдет-ғұрпы мен салты  заңға сәйкес өткен өмірге кетті. Бірақ халықтың талғамына жауап беретін, оның киімінің, тұрғын үйінің,  үй бұйымдарының сәндеудегі тұтынуын қанағаттандыратын  көптеген нәрселері бүгінгі күнге дейін сақталынған. Ежелгі әдет-ғұрыптың сәндік-қолданбалы өнерінің қызықты куәсі ретінде сақталынған, жартылай ұмытылған бейнелер мен халықтың нанымдары – ою-өрнектің мағыналық белгісі болып табылады. Ескі шеберлер салынатын ою-өрнектің ежелгі мағынасы мен атауын әлге дейін есіне сақтаған.

Қошқар мүйіз және ашатұяқ белгілері малшының материалдық әл-ауқатын білдірген, егер киім түйетабан өрнегімен сәнделген болса, онда, киімнің алыс жолға тігілгендігін білдірген, егер адам қандай да бір адамға бақыт, еркіндік және тәуелсіздік тілесе, онда «құсмұрын», «құсқанат» белгісі бар  затты сыйлаған. Қазіргі қыздар да «құсмұрын жүзәк» немесе  «шынжырлы білезік» алқалы білезігін тағады, «құс мұрын» ол бір сақина, ал басқасы «құс қанаты». Оюлы киізді әзірлеу техникасында «ою» - тереңдету термині сақталынған. Текемет ою-өрнектері, жұртқа мәлім болғандай, тереңдетілмей, киізге басқа түсті ою-өрнекті ойып орнату арқылы әзірленеді. Әйткенмен де «ою» термині, ежелгі жартасқа салынған сурет пен тас қашау  өнерінің техникасымен байланыстырылып, бүгінгі күнге дейін сақталынған. Қазақ халқының бай көркем мұрасы, ғасырлар бойы дамыған ою-өрнек өнері, жоғарғы техникалық шеберлігі мен қайталанбас ерекшелігі, осының барлығы Қазақстанның ұлттық кәсібінде кеңінен қолданылуын табады.

Оюлы текемет

Түрлі түсті шұға бастырмасы, фрагмент, Шымкент облысы

http://www.history.kz


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз