Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Қонақжайлық салты

Қонақжайлық салты

04 Тамыз 2013
204
0

Қазақтың ұлттық тағамында, айнадай, халықтың жан дүниесі, оның тарихы, тұрмысы мен салты бейнеленген.

Ертеден ақ қазақ халқының қонақжайлығы аса айқын сипаты тәрізді болды. Қадірменді қонағын қуанышпен қарсы алып, ең қадірменді орнына отырғызып, үйдегі ең жақсы тағамымен сый көрсеткен.

Бірінші ретте-ақ қонаққа қымыз, шұбат немесе айран, содан соң, бауырсақ, мейіз, ірімшік, құртпен сүт немесе кілегей қосылған шай ұсынған. Содан соң жылқы немесе қой етінің дәмтатымдары – қазы, шұжық, жал, жая, сүр-ет, қарта, қабырға  берілген. Кез келген дастарханда бидай ұнынан пісірілген наны болған.

Кез келген дастарханның сәні мен қазақтардың ең ұнамды тағамы болып әрдайым қазақша ет болып саналған. Пісірілген ет әдетте үлкен бөлінбеген кесегімен тартылған. Үй иесі етті турап, әрбір қонаққа дәмді кесегін ұсынған: жамбас сүйегі мен жіліншігін құрметті қарияларға, төсті – күйеу балаға немесе келінге, мойын омыртқасын –қыздарға және т.б берген. Ең қадірменді қонағына үй иесі ерекше әдіспен әзірленген қойдың басын тартқан. Қонақ басты  басқа қонақтардың алдында, белгілі бір жоралғысын сақтай отырып бөлініп, осымен қонаққа, қарияларға, балаларға, жақын туыстар мен аталас туыстарға қатысты ежелгі құрметтеу салттары айтылған.

Иесі аңқыған ет жұқалап жайылған және бөлшектеліп пісірілген қамырмен жейді. Тағамға керемет қосымша ретінде хош иісті әбден сіңген ет сорпасы болып табылады, ол әдетте пиалада беріледі.

Тамақтанудан кейін қымыз, содан соң қайта шай беріледі

Қазақтың ұлттық тағамында ең танымал өнім ет болған және болып қала береді.

Ет – көптеген тағамдарың негізі, дәл ет өнімдері кез келген дастарханның сәнін келтіреді, ет тағамдарының молшылығы бойынша, мерекелік дастарханның байлығы мен әр алуандылығын сынайды.

Ежелден қазақ дастарханы өзіндік технологиямен ерекшелінген. Қазақ халқының тұрмыс салты тағам әзірлеу әдісінде өзіндік із қалдырған. Дәстүрлі қазақ тағамында пісіруді әрқашан артық көрген. Дәл осы үдеріс еттің жұмсақ және балғын дәмдік реңк алуға мүмкіндік беріп, оған шырындылық пен хош иіс береді.

Тағамды әзірлеу мен оларды ұзақ уақыт сақтауға аса назар бөлінген. Мал сою  кезінде еттің бөлігі мол дайындалған, ол үшін оны тұздап, қақтап, кейде сүрлеген, жеңсік тағамдар негізінен жылқы етінен – қазы, шұжық, жал, жая, қарта және т.б әзірленген.

Сүт пен сүт өнімдері кеңінен пайдаланылған. Қышқыл сүт өнімдерін артық көрген, себебі олар көшпенді өмір жағдайында сақтауға жеңілірек болған.

Нан көбіне жұқа нан түрінде пісірілген, піскен өнімдердің ішінде ең танымалы бауырсақ болған және әрқашан болып қала береді.

Сусындардың ішінде ең жақсы көретіні қымыз, шұбат және айран болса, шайдың орны ерекше болған.

Ежелгі ыдыс аяқ бұйымдары теріден, ағаштан, керамикадан жасалынған, әрбір үйде ас әзірлейтін шойын қазаны болған. Шай шойын құмыраларда, кейінірек – самаурында қайнатылған.

Ет тағамдары: бешбармақ, қуырдақ, мәнті... Аспаздық  рецепттер.

Сүт тағамдары: ірімшік, құрт... Дайындалу әдісі.

Өсімдіктен жасалынған тағам.

Өнімді консервілеу әдістері.

Тұтас етті мүшелеу және әрбір бөлігінің міндеті.

Ыдыс аяқ.

Қазақтың ұлттық тағамдары.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз