Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Белдік

Белдік

04 Тамыз 2013
104
0

Мерекелік киімдер үшін белдікті әзірлеу кезінде  тапсырыс берушілер қымбат маталарға сараңдық танытпаған, ал шеберлер уақытты  аямай және жұмысқа  барлық шеберлігін сіңірген. Әсіресе ерлерге арналған  әмианы, дәрі сауыты, шақпақтың білтесі, пышаққа арналған қаптамасы бар  аспалы  белдіктер  өте әдемі болған. Кейде аспалы бұйымдар тек ғана сәндік міндет атқарған.  Атқарымдылығы және сәндік мақсатта пайдалынатын аспалы белдіктер «оқшантай» деп аталынған. Былғарыдан жасалынған белдіктер  өрнекті оюлармен, жартылай бағалы тастары бар металл бейнелі қаптамамен, сүйектен ойып жасалынған тілігімен сәнделген. Мұндай  әшекейлі белдіктер – киімнің ежелгі элементі болып табылады. Оның қазақша атауы – «кісе». Оған әйел белдіктері  ұқсас болған, бірақ шындығында олар аса енді әрі сәнді болған. Негізінде әйел белдіктері жібектен жасалынған. 

Сәнмен байланған жібек маталы белдіктер «құр белдік» деп аталынған. Түйе жүнінен және ешкі түбітінен тоқылған белдіктер де осылай аталынған. Әйел белдіктері үшін барқыт та пайдаланылған. Айылбасы  іншумен көмкерілген, барқыт және жібек белдіктер  «қамар белбеу» деп аталынған. Сондай ақ «Құр» мата белдіктері де жасалынған. Ерлер  белдіктері әйелдердікі тәрізді металл тікбұрышты, үшбұрышты,  жүрек тәрізді және мүйізге ұқсас қаптамамен, сондай ақ көгілдір ақық , ақық тасты, қызғылт ақық тасты  және т.б ендірмелі қаптамамен сәнделген.  Ендірме үшін нефрит те пайдаланылған. Қазақтардың пайымдауынша, нефритпен көмкерілген киім, адамды найзағайдан қорғаған.

С.Ж.Асанова, Алматы, «Сымбат» сән академиясы

«Ұлттық киім тарихын зерттеу» мақаласынан

Фото: abyroi.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз