Басты бет Пәнаралық зерттеулер Этнография Үйлену тойы

Үйлену тойы

04 Тамыз 2013
123
0

Неке қию мен той уақытында жылқы маңызды рольді ойнады. Күйеу жігіт қалыңдық ауылына алғаш рет келген кезде, «Ат байлар» (привязывание коня) кәдесін жасайды. Күйеу жігіт өз үйіріндегі жылқыны немесе жорғаны ерттеп, және өзінің  адал достарымен қалыңдық ауылына келеді. Ауылға дейінгі жартышақырымға дейін күйеу жігіт жаяу жүріп, ал оның серіктестері атты ауылға дейін тізгіндеп алып келеді, ал күйеу жігіттің өзі сол орнында қалады. Оның серіктестері күйеу жігіттің келгендігі туралы хабар беріп, атты қалыңдықтың әкесіне немесе жақын туысына табыстайды. Аттың ері міндетті түрде қалыңдық өзі ұстап, күйеу жігіттен «ат байлар» сыйлығын алады. Осыдан кейін, қалыңдық әпкесімен және анасымен ауылда қалып, ауылдың келіншектері мен қыз жігіттері ауылдан шығып күйеу жігітті қарсы алуға шығады. Бұл салтты В.Фирсов былай түсіндіреді: «Бұл салт түсіндіруді талап етеді» Өзінің мініс жылқысын ілгері жөнелті өте ежелгі дала салты, көшпенділер үшін өзінің адалдығы мен келіссөздерге келіп жатқан адамдарға деген ерекше сенімін білдіреді. Ақиқатында қазақ даласында өзі онсыз дәрменсіз болып қалатын, жүріс аты сияқты, аса адал кепілін ойлап табу қиын. В.Фирсов, "Туркестан и туркестанская порода лошадей". СПб. 1895ж. 65б.

Қызды күйеуге беру кезінде, ат құйрығын өреді.

Егер қалыңдық күйеу жігіт алдында кінәлі болып, қыз болмаса, оны атқа артын алдына қаратып, ата-анасына кері қайтаруы мүмкін болған.

Біз атап өткендей, қазақтың әдеп ғұрпы бойынша, қалың мал ретінде 47 бүтін, 37 бүтін,  37,27,17  жарым, домалақ қалың мал  берген. 

Бұл сандар келесіні  ұғындырады. Олар қалың мал ретінде берілген, жылқы санын білдереді: үш жасар - 47 байтал, үш жасар – 37 байтал және т.б. осымен қоса қосымша жылқы беріледі. «Жанама ат» (косвенная лошадь) қалыңдық туыстарына қалың малдан тыс беріледі. «Түс ат» - қалың малдан тыс берілетін, ең үздік ат, «түс ат» ретінде ең жүйрік жорға таңдалады.  «кіші ат» - бұл қалың малдан  бөлек қалыңдық туыстарына берілетін ат. Сонымен қоса, күйеу жігіт тарапынан «Өлі-тірі» ретінде тағы бір тай беріледі.

О.Жанайдаровтың «Тенгрианство: мифы и легенды древних тюрков» кітабынан. Жылқымен байланысты, қазақтың кейбір салты мен нанымдары.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз