Басты бет Е-ресурстар Электронды мұрағат Ежелгі дүние артефактары Археологиялық зерттеулер Ұржар ханшайымы

Ұржар ханшайымы

03 Тамыз 2013
265
0

Ұржар «ханшайымы»

Қазақстандық археологтар Шығыс Қазақстан облысы Ұржар ауданындағы Таскескен–Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде оның аймағында қалған обалардың бірінен таң қаларлық олжа тапты. Зерттеу жұмыстарын Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты жүргізді.

2bbcf5113556b30f720824a3fce1bc36.jpg


Оба үйіндісі астындағы тас табыттан, яғни 1,7 м тереңдіктегі үлкен мәрмәр тас тақтаның астынан ақсүйек текті жас әйелдің сүйектері табылды. Қабір шұңқырынан қыш және ағаш ыдыстар мен құрбандыққа шалынған малдың – қойдың сүйектері шықты. Адам қаңқасының сүйектерінде көк және жасыл түсті киімнің мата қалдықтары сақталған. Қаңқаның бас жағынан табылған алтын сырға мен құрбандық шалатын тас – сол уақыттағы әйелдерді жерлеудегі міндетті атрибут.

Айтарлықтай құнды заттарға өсімдікті мәнермен және зооморфты өрнектермен бай әшекейленген шошақты (сүйір) алтын бас киімді жатқызуға болады. Бас киімнің оқ тәрізді ұшы алтын сымдардан шиыршықталып әшекейленіп аяқталған. Төменгі жағындағы бұйымды ежелгі зергерлер бетін кедір-бұдырландырған ілмектермен әшекейлеген. Пішіні мен өрнектердің орындалуы бойынша бұйым қазақ әйелдерінің халықтық бас киімі – сәукеле мен бөрікті еске түсіреді. Осы сияқты бас киімді Қазақстан сақтарының салтанатты киімдерінің жарақтарынан кездестіруге болады. Осыған ұқсас олжалар Қазақстанда осы уақытқа жататын атақты Есік обасынан белгілі. Ұржар «ханшайымы» шамамен б.з.д. 4-3 ғасырларға жатады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз