Басты бет Қазақстан 28.06.13 Ұлттық тарих-тәрбие құралы (толығырақ)

Қазақстан 28.06.13 Ұлттық тарих-тәрбие құралы (толығырақ)

28 Маусым 2013
34
0

Ақордада Ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының екінші отырысы өтті. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Марат Тажиннің қатысуымен өткен жиынға еліміздің белгілі ғалымдары да қатысты.

  Қазір Елбасының тапсырмасы бойынша «Халық тарих толқынында» атты арнайы зерттеулер бағдарламасы әзірленуде. Отырыста сол салмақты құжаттың бағыт-бағдары талқыланды.

Басқосуда ведомствоаралық жұмыс тобының бірінші отырысында қойылған міндеттері іске асыру бойынша қабылданған нақты шаралар қаралды. Және әзірленіп жатқан «Халық тарих толқынында» бағдарламасының бағыт-бағдары талқыланды. 

  Шара бойынша жоғары оқу орындарының ректорларына қала, облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп жұмыс істеу тапсырылды. Ертеңнен бастап төрт күн бойы тарихшылар аймақаралық кеңестер өткізеді.

  Атап айтқанда, орталық және солтүстік өңірлерде Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары мен Астана қаласы әкімдігі өкілдерінің қатысуымен жиын өтеді.

Шығыс аймақта - Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының өкілдері бас қосады. Оңтүстік өңірде  -  Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбылдың делегаттары жиналады. Батыс өңір - Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе облыстарының өкілдерін жинайды. Алматыда - Алматы облысының өкілдеріне жиын өтеді.

Мемлекеттік хатшы бұл бағытта сөзден іске көшу керектігін айтты.

Марат Тәжин, Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы:

Елбасы өзінің «Қазақстан-2050» Стартегиясында «қазақстандық сәйкестілік біздің халқымыздың тарихи санасының өзегіне айналуға тиіс», деп атап өткен болатын. Осыған байланысты бұл ауқымды жұмыстың жеке бағыты - ұлттық тарих бойынша барлық медиаресурсты жандандыру.

  «Халық тарих толқынында» бағдарламасының басты мақсаты - озық әдістеме базасында қазақ ұлттық тарихының көкжиегін кеңейтіп, ұлттың жаңа тарихи дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыру.

  Ең бастысы - Қазақстанның қазіргі заман тарихының жиырма жылдығына дұрыс баға беру.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз