Басты бет Қазақстан 12.06.13 Тарихтану саласы реформаланады

Қазақстан 12.06.13 Тарихтану саласы реформаланады

12 Маусым 2013
87
0

Қазақстандық тарихшылар Түркия, Иран, Қытай, Ресей және Франция мұрағаттарынан Қазақстан тарихына қатысты деректерді зертеуге аттанады.

Қазақстан тарихына қатысты деректерді зерттеуге аттанады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингісінде білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымова хабарлады.

Қазір аталған елдердің мұрағаттарымен тиісті келісім жасалған. Төл тарихымызға қатысты зерттелетін негізгі тақырыптар да анықталып, зерттеу жұмыстарымен айналысатын тарихшылардың тізімі бекітілген. Бұдан басқа мектептер мен жоғары оқу орындарындағы тарихтану дәрістері өзгереді.

Тарих пәнін оқыту сағаты өспейді, дегенмен оларды оқыту әдісі мен кітаптардың мазмұны күрделі өзгеріске ұшырамақ. Министрлік өкілі алдағы оқу жылынан бастап, мектептер мен балабақшаларды жан басына қарай қаржыландырудың пилоттық жобасы басталатынын да атап өтті.

Әлия Ғалымова, ҚР білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы:

Жан басына қаржыландыруды енгізу арқылы педогог тиісті жұмыс сапасын көрсеткен жағдайда, жұмыс стажына қарамастан, олардың жалақысын өсіруге мүмкіндік береді. Осы жылғы бірінші қыркүйектен бастап біз осындай қаржыландырудың пилоттық жобасын 4 өңірдің 50 мектебінде жүзеге асырамыз.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз