Басты бет Тұңғыш Президент Ұлт Көшбасшысы Зиялы көшбасшылық Уақыт ауқымындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы

Уақыт ауқымындағы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасы

28 Шілде 2013
608
0

Кешегі кеңес үкіметінің жүйесінен шығып, Нұрсұлтан Назарбаев ұлттың рухы мен сана-сезіміне жаңа дәуірдің тиісті ағымына сай өзгерістерді енгізді және де елді уақыт үдерістеріне сәйкес алға бастырып қана қоймай, осы қозғалысқа қарқын беріп, шын мәнінде ұлт көшбасшысына айналды. Олай болса біздің заманауи мемлекетіміздің негізін салушысының тарихи үлесі мен тарихи рөлін  қалай өлшеуге болады?

...XIV–XV ғасырлар аралығында қалыптасқан қазақ халқы, тәуелсіз мемлекетті алғаш рет құруға кірісті. М. Хайдар-Дулати «Әбілхайыр қайтыс болған соң, оның ұрпақтары арасында айтыс-тартыстар көбейіп, қарама-қайшылықтар пайда болды. Олардың кейбіреулері жеке басының әл-ауқаты мен қауіпсіздігі үшін Керей және Жәнібек хандарының қасына жиналды. Алғашқыда барлығынан бөлініп, қашуға мәжбүр болған олар, мұқтаждық көріп, өмір салттары сақтықта өтіп, сол үшін оларды «ћазаћ» деп атайды. Осы лақап арттарынан қалып қойған», - деп жазған.  

ХІХ ғасырдағы ресейдің әйгілі шығыстанушы-ғалымы В. В. Вельяминов-Зернов Қасымханмен байланысты өзінің ірі зерттеуінде екі ірі қайраткерлердің жетекші рөлі туралы сөз қозғайды – Керей және Жәнібек хан, яғни қазақ халқының бірігуі туралы айтып, «Тарихи Рашиди» кітабына сүйеніп, фактілердің дәйектіліктерінде еш күмәнданбайды. 

Шәкәрім Құдайбердіұлының кітабында және Б. Ахметов, К. А. Пишулина, Т. И. Сұлтанов сияқты әйгілі тарихшылардың еңбектерінде Қазақ хандығы 1455-1465 жылдары қалыптасқан делінген. А.З. Қинаятұлы өзінің «Қазақ мемлекетін және Жошы ханды тарихи тұрғыдан зерттеу» атты кітабында, былай деп қорытындылайды: «Хижраның 870 жылында (1465–1466) Жәнібек пен Керейдің осы қадамы қазақтардың саяси билікті өз қолына алуымен және Ақорда туының қайта көтерілуімен аяқталды». Сонымен, Қазақ хандығы 1455-1471 жылдары толықтай қалыптасты.

Кеңес үкіметінде Қазақстанда мемлекеттік атрибуттар болса да, мемлекеттік мәртебесі болмаған. Керей мен Жәнібек хандар жеке, егемен мемлекетті құру туралы арманына жете алмады. Жоңғар-қалмақ басқыншылығы қазақтарды ыдыратып жіберіп, оның салдарынан қазақтар біріге алмады, бұл жайт Ресейдің көмегіне жүгінуге тура әкеліп, ақырында олардың құзырындағы мемлекетке айналды. Алайда, халық өз ұлттылығын сақтап қалу мүмкіндігін алды. Кеңес үкіметі кезінде Қазақстан мемлекетін құру бойынша алғашқы қадамдар жасалған. Халық қиыншылықты басынан кешіріп, бейнелеп сөйлегенде «Мың өліп, мың тірілген», және де Н.Ә. Назарбаев айтқандай, «қазақтардың бүкіл тарихы бірігудің тарихы болған».  

Бүгінгі күнде көпшілік тәуелсіздік пен егемендікті өз бетімен болған оңай  дүние деп санайды. Сарапшылар қуатты КСРО ыдырау мен қирауына жеткендігі туралы, және оның мызғымас қоғамының ыдырауы жайлы жазып, айтады. Осы үдерістің тереңдігінде ұлттық сана-сезім мен ұлттық патриотизмнің өсуі жатыр. Сол себептен, Балтық елдерінің Кеңес Одағының құрамынан шығуы, Қазақстандағы 1986 жылы қазақ студенттерінің көтерілісі және өзге де оқиғалар шіріп жатқан жүйенің жарылуына әкеп соқтырды. Нәтижесінде біз тәуелсіз қазақ мемлекетінің сана-сезіміне келіп қана қоймай, қазақ халқының мәртебесін қалыптасқан ұлттың мемлекеті ретінде көтерілуіне әкелдік. Грекияның бұрынғы премьер-министрі, марқұм генерал Иоаннис Метаксас: «Ататүріктің идеялары бейбітшілік күндері оның ойы мен интеллектінің  күшін дәлелдейді»,- деп айтқан. Бүгінгі таңда әлемнің ірі саясаткерлері Назарбаевқа жоғары баға беріп, оны Ататүрікпен бір қатарға қояды. Шынында да, бар жоғы 20 жылдың ішінде – тарих үшін көзді ашып жұмғанмен тең кезең – Назарбаев ірі экономикалық және саяси реформаларды өткізді, ұмытылмас Абылайдың арманын орындады. Қазақстан ядролық қару-жарақтан бас тартты. Ресей, Қытай, Өзбекістан, Қырғыз елдерімен шекаралардың делимитациясы мен демаркациясы жүргізіліп, олар осы мемлекеттердің парламенттерімен ратификацияланған және заңмен бекітілді. Әлем картасында алғаш рет «Қазақстан Республикасы» мемлекеті пайда болды. Өз елінде, өз Конституциясымен, әнұраны, туы және елтаңбасымен өз тағдырын шешкен қазақ халқы Назарбаевтың басшылық ету кезеңінде тізесінен тік тұрып, дәуірлеп дами бастады. Бұл тарихи ақиқат.   

АҚШ бұрынғы Президенті Джордж Буш, Нұрсұлтан Назарбаевты ТМД елдері басшыларының арасында ерекше бөліп: «Ол болашақты болжай алады», - деп айтқан. Жас мемлекеттің көшбасшысында қуатты рух пен саясаткердің көрегендігін байқай алған әлемдік державаның көшбасшысы ол туралы осындай сөзді айтар ма еді. Ұлыбританияның Экс-премьері, Темір ханым Маргарет Тэтчер Нұрсұлтан Назарбаевты қазіргі заманның бес аса көрнекті саясаткерінің бірі деп атап: «Назарбаев – қалыпқа сыймайтын тұлға», - деген. Бұл Назарбаевтың жеке тұлғасының және оның Қазақ мемлекетінің құрылуына қосқан тарихи үлесінің мойындауы.

Ағылшын жазушысы, публицист, саяси өмірбаяндарды жазудың шебері Дж. Айткен мырза өзінің Назарбаевқа деген қызығушылығын түсіндірген және оның өмірбаянын жазған кезде былай деп айтқан: «Оның өмірі... халықтың өмірімен тығыз байланысты... өте қызықты және дәуірдің жүгін өзі арқалап, саяси қайраткер ретіндегі қаһарманның қызметі».

Назарбаев әлем ауқымындағы тұлғаға айналғанын келесі мысалдан көруге болады. Үш жыл бұрын Түркияның ірі саясаткерлерінің бірі Намык Кемел Зейбек: «Қазақстан алғаш рет тәуелсіздігін алған кезде, Түркия Қазақстан үшін үлгі болады деп ойлап едік. Міне, 17 жыл өткен соң Қазақстан Түркия үшін үлгі болғанын мойындауымыз керек», - деген екен. Осы сөздер Қазақстанның әлемнің геосаяси картасындағы орнын көрсетіп отыр емес пе. Саяси зерттеулердің Исламабад институтының сарапшысы Мухаммед Мунир «Пакистан Обсерверде» былай деп жазған: «Өз мемлекетінің тағдырын өзгерте алған тұлғалар көреген басшыға жатады». «Таймс» газетінде жарияланған ХХ ғасырдың жүз беделді адамдарының ішінде АҚШ бұрынғы президенті Рузвельт аталған. Ол: Мен өз халқымды бір үйдің адамдары сияқты қабылдаймын, әрқайсысының бақыты бір-бірімен байланысты болғаны көңіліме жағады», - деп айтқан. Н.Назарбаевты Рузвельтпен бір қатарға қойған саясаткерлер, ұлттық бірлікке қол жеткізу бойынша жүргізген жұмысын Рузвельттің арманына теңейді. Назарбаев Қазақстан халқының Ассамблеясы негіздерін салды, бүгінгі күнде ол кіші БҰҮ деп аталады. Егер Қазақстанда өмір сүріп жатқан жүзден аса халық пен ұлыстардың өкілдерінде тілдері мен мәдениеті дамып, өз театрлары болса, бұл ұлтаралық келісімнің белгісі емес пе?

Мемлекет басшысы да, саясаткерлер де, реформаларды жүргізуде біз үшін үлгі ретінде Сингапур табылатынын айтады. Осы елдің өркендеуі ірі тұлғаның атымен байланысты. Ол Ли Куан Ю. Өмір «оқудан тұрады» дегендей, ол 30 жыл ішінде шағын ғана аралда орналасқан мемлекетті экономикасы дамыған ел қатарына шығарды.   

Журналистік қызмет уақытында Сингапурда Президент Н.Ә. Назарбаев және Ли Куан Ю мырза арасындағы әңгімені жазып алдым, оны сіздің назарыңызға ұсынамын:

«Н.Ә. Назарбаев: Келешекте осы өңірде Қытайдың атқаратын рөлі қандай деп ойлайсыз?

Ли Куан Ю: 30 жылдан соң Қытай басқа мемлекеттерге қол жетпейтін ел болады. Қазіргі кезде 120-130 миллион қытайлықтар шығыс жағалауында қара жұмыс істеп жүр. Алайда олар Қытайды долларға батырды. Қытайлықтардың санын басқа өңірлерде санаңыз. Әрине, Қытай қазір осал жағдайда. АҚШ Қытаймен сауда-саттық жүргізуге ниет білдірмей тұр. Олар жапондықтармен жұмыс істегенді қалайды. Дегенмен, тауар үшін өтім нарығы қажет. Ал ол қайда? Саны қыруар Қытайда. Қытайдың ішке резерві жеткілікті. Жоғарыда айтып кеткенімдей, елден шеткері жүрген қытайлықтардың барлығы Қытай экономикасына жұмыс істеп жатқанын ұмытпау керек. Мысалға, Горбачев бизнестің өз заңдары бар екенін түсінген жоқ. Егер ол өз экономикасына шетелдерде тұратын 20 миллионнан астам отандастарын тартса, дағдарыстан әлдеқашан шығушы еді.

Н.Ә. Назарбаев: Сіз екеуіңіз Ватаваннан АҚШ президентіне осы өңірден кетпесін деп хат жаздыңыз ғой?

Ли Куан Ю: Иә, біз сондай хатты жазған едік, олай болмаған жағдайда Қытайдан күтпеген әрекет күтуге болады.

Н.Ә. Назарбаев: Қандай әрекет?   

Ли Куан Ю: Бізге қуатты АҚШ және қуатты Қытай қажет.

Н.Ә. Назарбаев: АҚШ ойлауынша, Сингапур қол жеткізген жетістіктері үшін оларға борыштар және де сенімдерін ақтауы керек. Осыған не дер едіңіз?

Ли Куан Ю: АҚШ көмегінсіз және инвестицияларсыз осындай шыңға тез арада қол жеткізе алмас едік. Америка корпорациялары қомақты қаражаттар салды. Мысалы, Жапония өзінің жоғары технологияларымен бізбен бөліскен жоқ. Сол себептен біз жастарымызды АҚШ оқуға жібердік, онда қажетті кадрларды дайындадық, біздің халқымыз толықтай ағылшын тілін меңгерген. Прогресс – бұл технологияларды игеру. Сол себептен, АҚШ қашудың қажеті жоқ, керісінше оларға қарай ықпалдау қажет...».

Осы әңгімелесу 15 жылдан астам уақыт бұрын жазылған. Осы әңгімелесуден қандай қорытындылар жасалды, ол бүгінгі Қазақстан саясатының үлгісінде көрінеді. Бізге тек қана қуатты АҚШ қажет емес, қуатты Қытай, қуатты Ресей қажет. Сол себептен Н.Ә. Назарбаев осы үш әлемдік державалармен стратегиялық әріптестікте болып, оны ресми шарттармен бекітіп, сол арқылы инвестициялардың енуіне жол ашты.   

Назарбаев көптеген идеялардың генераторына айналды, олар тек ТМД елдері үшін тартымды емес, сол сияқты әлемдік саясаткерлер үшін де маңызды. «Дағдарыстың кілті» атты мақаласының маңызы қандай. Онда берілген ережелерді банк жүйесі, экономика салаларының көрнекті өкілдері, Нобель сыйлығының лауреаттары қолдап қана қоймай, оны әлемдік валютаны қайта құрудың басшылығы ретінде қабылдады.  

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «ақылмандар талқысынан» шаршамайды. Дамудың әлем тәжірибесіндегі жетістіктеріне сүйеніп және ұлттық менталитет позициясынан ол әрқашанда жаңа идеяларды енгізіп, әрдайым ізденісте болады. Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан, Қазақстанда Қазақстан Республикасы дамуының 2020 жылға дейінгі стратегиялық жоспары әзірленіп, табысты іске асырылып жатқанын атап өту қажет. Н.Ә. Назарбаев туған халқына өмірлік маңызы бар мәселелерге қатысты батыл инициативаларын ортаға салып отырады. Бұл көріпкел саясаткерде халық пен қоғам мүдделерін қабылдаған кезде тұтастық концепциясы қалыптасқанының куәсі болып табылады.

Осының барлығы болашақты болжайтын және зардаптарын ойлайтын ірі саясаткердің батыл қадамдары. Н.Ә. Назарбаев үштілдік саясатын ұсынды, бұл халыққа оқшауланудан шығуға жәрдем беріп, мүмкіндіктерін кеңейтеді және әлемдік өркениет жетістіктеріне деген болашақ өрлеудің негізін салады. Жақын арада Қазақстан адами дамуының индексі бойынша әлемдегі 51 орынға шықты. Бұл әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру бойынша қойылған жетістіктің бірінші қадамы емес пе?

Франция басшысы  Шарль де Голь генерал ғана болып қоймай, өз елін әлемдік державаға айналдыруды қамтамасыз ететін, ірі саяси тұлға болған еді. Ол өз елін БҰҮ бес тұрақты мүшесі қатарына енгізіп, алжир проблемасын шешті. Ал Назарбаев ше? Назарбаев қысқа мерзімде еш уақытта егемен ел болмаған, жеке саясатты жүргізбеген, тек қана Ресейдің қосалқы мемлекеті болған Қазақстанды экономика жағынан дамыған елге айналдырды. Оның: «ең бірінші экономика, сосын - саясат» деген сөздері мазмұнға толды. Елімізде саяси реформалар да өткізілді. 10 саяси партия қызмет етеді. Қазақстан Парламенті көп партиялы болды. Осыған қыруар қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдарды қосыңыз.  

Жиырма жыл ішінде Қазақстанның ТМД елдерінің ішінде бірінші болып ЕҚЫҰ басшылық етуге мүмкіндігі туды. Осындай құрмет кездейсоқ емес, ол Президенттің қажымас жұмысы мен көреген саясаты арқасында қол жеткізілген дүние. Мемлекет басшысы планетамыздың ең қуатты державасы – Америка Құрама Штаттарымен стратегиялық ынтымақтастыққа қол жеткізе алды. Осы елге барған ең алғашқы және соңғы сапарларына назар аударсақ, көрнекті саяси тұлға – Назарбаевтың жеке басының беделі өскенін байқауға болады. Соңғы сапар біздің еліміздің де беделін көтерді. АҚШ Президенті Мемлекет басшысының екі елдердің стратегиялық байланыстың тереңдеуі және олардың әрі қарай дамуы туралы ұсыныстарын ерекше көңілмен тыңдап, бағалады. Ал Нұрсұлтан Әбішұлының саммитке Сеулдегі ядролық қауіпсіздік туралы ұсыныстарын бүкіл әлем тыңдады.   

Батыс пен Шығыс, дамыған және дамып жатқан елдер, ұлттық тәкаппарлық пен ұлттық жәбіршілік жаңа сапаға иеленуде. Олардың ішіндегі ең бастысы әрі қауіптісі – діни қақтығыстар. Бұл адамзаттың қауіпті қатеріне айналып жатыр.

Бүгінгі таңда жер шарында шамамен 6 млрд. адам тұрады. Олар үш нәсілге – ақ, сары және қара болып бөлініп қана қоймай, түрлі конфессияларға жатады. Мысалға Жер шары халқының 33 пайызы христиан дініне сенеді, 21 пайыз – мұсылман, 14 пайыз – индус, 6 пайыз – буддист, 02, пайыз – иудей.

Оларға көптеген секталарды қосайық. Олардың әлеуеті ядролық қауіп-қатердің күшіне тең деп айтуға әбден болады. Оның барлығын жоятын қару-жараққа айналдырмай, қуатты дұрыс жолға қалай салсақ екен?

Осы адамзаттың баршасын дүрліктіретін мәселенің шешімі Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды. Ол үшін қандай негіз бар? Оны әлем мойындайды ма? Ол үшін Қазақстандағы төзімді ұлттық саясатқа көңіл аударып қана қоймай, өз ақыл-оймыз мен жүректен өткізу керек.

Қоғам да, адам да, қоғамдық қарым-қатынас та өзгерді. Егер де тарихи салыстыру позициясынан келсек, Н. Назарбаевтың «2020» стратегиялық бағдарламасы Рузвельттің АҚШ дағдарыстан «Жаңа бағыттарға» шығаруға арналған сияқты, ол өмірдің барлық салаларын өндірістен, экономикадан  бастап, идеология мен қоғамдық құрылысты қамтиды, және де біз үшін сәттілікке жетелейтін іс-әрекеттің бірінші шарты мен бағыт-бағдары болып табылады. Нұрсұлтан Назарбаев халықты жарқын болашаққа жетелейді. Осы жол жарқын да қуанышты болғай!

Уәлихан ҚАЛИЖАНОВ

филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері 


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз