Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Аймақ тарихы Ақтан батыр Ақайұлы

Ақтан батыр Ақайұлы

14 Сәуір 2014
120
0

Ақтан батыр  қазіргі Қазалы ауданының Арықбалық ауылында дүниеге келген (бұрынғы Қазақстанның 40 жылдығы колхозы, қазіргі Жанқожа батыр ауылы.

Батырдың бейіті  қазіргі Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Берсүгір бекетінен батысқа қарай 30−35 шақырым жердегі Мұғалжар тауының баурайында «Тебенсай» алқабында, Ол кісі 84 жасында қайтыс болған. Осы зиратта Ақтан батырдың інісі Шортай да жатыр. 

ddd4ecfed1aff27bfce19276818e704a.jpg

Ақтан батыр кесенесi

Ақтан батыр кесенесi Ақтан батыр ауылында орналасқан архитектуралық ескерткiш. 1997 жылы Ақтан бабаға сапалы кiрпiштен халықтың күшiмен ескерткiш кесене салынды. Халқымыздың тәуелсiздiгi жолында елiн жаудан қорғаған жолбарыс жүрек батырлардың бiрi - Ақтан Ақайұлы. Халқымыз бабамызды әулие санап, пiр тұтады, әруағына сиынады. Ақтан өз заманында Жанқожа батырдың досы, үзеңгiлес жолдасы, қарулас серiгi болған. Халқын қорғау үшiн  бiрi Сырда жүрсе, бiрi Қырда жүрген.

 Батырдың атасы сыр бойында XVIIIғ. өмір сүрген атақты Жақау батыр болып табылады.

Ақтан батыр кесенесі  - Ақтан батыр ауылы. Қорғау аймағы белгіленген уақыты № 23 07.02.91ж. (Қазалы аудандық тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және пайдалануды үйлестіру бөлімінің мәліметі).

Ақтан батыр атақты Жақау батырдың шөбересі.

Елінің азаттығы үшін күрескен Ақтан батыр Жанқожа батырдың досы үзеңгілес жолдасы, қарулас серігі болған. Жанқожа жорыққа шығарда әрдайым Ақтанмен ақылдасып отырған. (Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Ақтан батыр жайлы ел ауызынан алынған дерек).

Ақтан батырдың көнекөз қариялардың айтуынша төбесінде бұлты болған деседі. Кейде жауға аттанар шақта ойласып қойғандай, аспанды бұлт басып, дауыл тұрып, найзағай ойнап, жауын құйған. Осы қасиетіне байланысты жергілікті халық оны бұлты бар батыр деп атаған. Бұл Ақтан батырды әруақты кісі екенін байқатады. Ақтан батыр Сырда, Жанқожа батыр қырда жүрген. Бұған Ақтан батырдың Бесқала бекінісін яғни Бабажан бек сырттың қамалын алуы. Бабажан бек баскесерлері Жанқожа батырдың ағасы Ақмырза батырдың мойына тас байлап, дарияға батырып жіберген сұмдық хабарды естіген Жанқожа батыр: - «Ақтан батыр  қол жинай бер Бабажан сартты шабамыз  » - деп, хабар береді. Бірақ уәделескен уақытында Жанқожа батыр келе алмай қалады. Кеудесін кек кернеген Ақтан батыр Жанқожа батырды күтпей-ақ Бесқала бекінісін қиратты. Бабажан сарттың құйрығына қазық қағып өлтіреді. Баласы Майқарабекті тұтқындайды. Ертеңінде жеткен Жанқожа батырмен бірге Хиуа әскерлерін қиратып, қашқандарын Қуаннан асыра қуып жібереді. (Н.Мұсабаев. А.Мұсабаева. Ортаймаған Қазан – Қасиетті Қазалы. Алматы, Атамұра, 1998, 25-26 бб).

Ақтан батырды Сыр ақындары жырына қосқан. Батыр бабасына арнап, шөбересі Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ұстаз, ақын  Күлпаш Оңдабаева «Ақтан батыр» атты жырында: - 

- « Ес батырдың баласы Сәтпай ата.

Есова Сәтпай қызы Сара болған.

Оңдабай Ес батырдың кіші ұлы.

Немересі Ақтанның осы болған.

Жылма-жыл жас қыздарын,

Сыр бойының

Бабажан Бухараға айдап кеткен.

Қол жинап Ақтан батыр сол өзбекті,

Өлтіріп Қазалыға жеңіп жеткен.

Қол жинап Бухараға барған батыр

Сыр бойын азат еткен Ақтан батыр.

Өлтіріп Бабажанды қайтпағанда,

Әлімнің әділдігі қайда жатыр... – деп баяндаған. 

Ақтан батырдың Айқасқа, Ес, Жанғазы, Балғабай, Жалғасбай деген ұлдары болған. Солардың ішінде Ес қайратты, жүректі батыр болған. Айқасқадан ұрпақ жоқ. Ес батырдан Көкен (кейбір деректе Көпен деп жазылып жүр, бұл дұрыс емес) батыр-сері болған. Көкен батырдың ұрпақ жоқ.

Ес батырдың екінші ұлы Оңғар, Оңғардың әйелі Жұпаркүл қарақалпақ байы Оразымбеттің қызы еді. Одан Көмекбай (1900-1989) туылады, одан Алмас (1950-1987), Алмастан ұрпақ жоқ.

Ес батырдың үшінші ұлы Сәтбай (1870-19?), одан Ерғали (1901-1952) үлкен банк басшылығының қызметінде болған, репрессияға ұшыраған, кейін ақталған. Ақтан батырдың шөбересі Ерғалидан Есова Света (1936-2006) туылады. Есова Света медицина саласында қызметте болған, Ленин орденінің иегері. Ерғалидің екінші қызы Рита 1938 ж.т.  Сәтбай қызы Есова Сара (1903-1984) қоғам қайраткері, күйеуі Исаев Ораз Жанұзақұлы (1899-1938) мемлекет қайраткері, репрессия құрбаны болған, кейін ақталған.

 Ес батырдың төртінші ұлы Оңдабай (1877-1956), одан Насыреддин (1908-1945) Ұлы Отан соғысында, атқыштар ротаның командирі – Ақтан батырдың шөбересі ерлікпен қаза болған. Бұл кісіден ұрпақ жоқ. Оңдабайқызы Дәмегүл (1923-2004), күйеуі Бекенов Қалыбай, жұрағат бар. Оңдабайқызы Күлпаш 1925 ж.т. Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ұстаз, ақын, күйеуі Нурсултанов Нариман (1926- 2004), жұрағаты бар. Оңдабайқызы Амандық (1951-2003) ұрпағы жоқ.

Ақтан батырдың Жаңғазы, Балғабай, Жалғасбай деген балаларынан ұрпақ жоқ. Ақтан батырдың бетінің сол жағында мен болған екен. Мен Ес батыр, Сәтбай, Оңдабай, Ерғали, Насыреддиндердің барлығында сол жақ бетіңде болған. Ал, Ақтан батырдың әйел кіндік ұрпақтарында мең мандайында болған. Мысалы, Күлпаш Оңдабайқызының мандайында мені мұндамын деп көрініп тұр.

Қазіргі уақытта атақты Ақтан батырдың жұрағаты Қызылорда қаласында, Жалағашта, Ресей, АҚШ, Франция елдерінде өмір сүріп жатыр. (Бақытжан Ахметбектің дерек қорынан, Қызылорда қаласының тұрғыны, 1925 ж.т. Ақтан батырдың шөбересі Оңдабаева Күлпаш Оңдабайқызының әңгімесінен).

Ахметбек Бақытжан, Қорқыт Ата атындағы ҚМУ жанындағы «Қорқыттану және өлке тарихы» ғылыми-зерттеу институтының маманы.




Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз