Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Аймақ тарихы Сыр өңіріндегі XVIII-XIX ғасырлардағы бекіністер

Сыр өңіріндегі XVIII-XIX ғасырлардағы бекіністер

10 Сәуір 2014
143
0

Осы бекіністерге қатысты Хорезм археологиялық, этнографиялық экспедициясының архив материалдары қосылған. Сонымен қатар, зерттеліп отырған кезеңдегі Сыр өңірінің тарихы, саяси ақуалы, жергілікті халықтың шаруашылығы мен кәсіптері қысқаша қамтылған. 

XVIII ғасырда Орта Азия территориясының картасында жаңадан хандықтар пайда бола бастады. Олар Бұқар, Хиуа, Қоқан хандықтары еді. Бұл хандықтардың алдағы мақсаттары өз жерлерін кеңейту болды. Осы мақсатта жаңадан құрылған Орта Азия хандықтары казақ жеріне шабуыл жасап, көптеген әскери жорықтар ұйымдастыру арқылы басып алған жерлерін өзіне қосып отырды. Соның ішінде Сырдарияның төменгі ағысы XVIII ғасырда Хиуа хандығының ықпалында қалып, осы жерлерде тұратын қазақтардан алым салық алынды. 1808 жылы Ташкент өз тәуелсіздігінен айырылып, қоқандықтар саяси аренаға шыға бастады. 1814 жылы Түркістанды Қоқан әскерлері басып алғаннан кейін, бұл жерлерде Қоқан хандығының билігі күшейе бастады(Қожақұлы, 2006, 155-б.).

Қоқан хандығы Сырдария бойының орта ағысындағы  жерлерге  өз билігін  жүргізді. Олар Ташкент, Ходжент, Қаратегін, Дарбаза, өзіне бағындырды. Енді бұл өңірлерде кіші жүз хандарның қол астында болған, қарақалпақтар мекендеді (Кереев, Алматы, 1998, 86-б).XVIII ғасырдың ортасында кіші жүз Ресейдің қол астына кіргеннен кейін бұл өңірлерде Патша үкіметінің арнайы әскери экспедициялары құрылып подполковник Щульцть басқарған 130 казакпен Арал маңын топографиялық картаға түсіру жұмыстары жүргізілді  Сырдың төменгі ағысын картаға түсіру ісі 1852 жылы басталды. Осы екі ортада қалған қазақтар кейбіреулері қоқандықтарға, ал кейбіреулері хиуалықтарға өтіп кетті. Хиуа хандығы 1820 жылы Жаңадария, Қуаңдария, Қызылқұмнан өтіп, Қосқорғаннан (казіргі Жосалы) Арал теңізіне дейінгі аралықтағы Сыр бойын мекендеген кішкене – Шектілердің, Жиеней, Жолшара, Асан, Үсен, Құрманай, Құттық руларына және Төртқара, Қарасақал, Жаңқабыл, Керейт, Жанқылыш, Шөмекей руларына дүркін-дүркін шабуыл жасап барымталап, әйелдерін, бала-шағаларын тұтқынға алып кетіп отырды. Сыр бойы қазақтары қоқандарға, хиуалықтарға бірнеше рет көтерілістер жасады. Олардың ішінде Жанқожа Нұрмахамедұлы, Арынғазы Әбілғазиев батырлар бастаған көтерілістер еді (Арғынбаев,2002, 385-б ).

XVIII-XIX ғасырларда феодалдық соғыстар, жоңғарлар шапқыншылығы тағы да өлке экономикасын төмендетіп жіберді. Суармалы егіншілік жүйесі бұзылып егіс көлемі азайды, көптеген мекендер бос қалды. Сырдария бойында Қоқан, Хиуа феодалдарының үздіксіз жасаған шабуылына қарамастан бұл өңірде егін шаруашылығы кең өріс алды. Сырдың төменгі ағысы егіншілер үшін өте маңызды болды (Қожақұлы, 2006, 49-б.). XIX ғасырдың ортасында Сырдарияда егіншілік кәсібі кедей шаруалар үшін кең түрде жайыла бастады. Қоқандықтар бұл өңірлерге келгенде бөгеттер тұрғызды.Осы өңірлердің қоқан бекіністерін алған Иван Бларамберг күнделігінде Шымқорған бекінісін алып жатқанда бекіністің маңынан көптеген бау-бақша бар екенін сипаттайды. «Части своих людей я разрешил переправиться Жанадарью, чтобы разорить бахчи кокандцев. Мне принесли много огромных дынь, весом 30 фунтов, очень приятных на вкус и сладких. Все мо люди подкрепились этими замечательными плодами, которых здесь было в изобилии», яғниқоқандықтардыңбұлөңірлеріндеегіншаруашылығыныңдамығанынкөрсетеді.

Хорезм археологиялық,этнографиялықэкспедициясы ХХ ғасырдың 60-жылдары бұлөңірлергезерттеужүргізіпбекіністерденплотина ізінанықтаған. Бұлжердеарнаені 200 м, Б.В. Андриянов пікірінше,бұл плотина ортағасырлардабекініспенбіргесалынып, ХIХ ғасырларғадейінпайдаланылған (Андрианов, 1969, 217-22 бб.). Осы өңірдің мал өсірушілерііріқараныңтұқымдарынасылдандыруғакөп көңіл бөлді. Соныменқатарқойдыңдақұйрықтытүрлері, малдыңқазақытұқымдарыкеңтарады. Шаруашылықтыңтағыбіртүрібалықшаруашылығы да жақсыдамыды. Сырдыңтөменгіжағалауы мен Арал маңындағықазақтардыңкеңбайтақдаласы тек Хиуа, Қоқанхандықтарынғанақызықтырыпқоймады. БұлөңіргеПатшалыРесейдеқызықты. Орта Азия хандықтарынбағындырғаннанкейін, осы жерлердефорттар мен Арал флотиласыныңқұрылуынаәкелді. Арал өңірінзерттеужұмыстары 1847 жылыРайымбекінісінсалуданбасталдыБалықкәсіпшілігініңдамуыСырдариябойындағыхалықтыңөсуінесебепкерболып, Аманөткелде, Қармақшыда, Қамыстыбастат.б жерлерде қоныстар пайда болды. Сыр өңірін археологиялық-топографиялықзерттеубарысындабау-бақша, егін плантациялары, қолдан қазылған каналдар орта ғасырға жатқызуғаболады.

844d3d13222dd9af5d5ebfabca7144fb.jpg

1-сурет. Райым бекінісінің спутниктен түсірілген суреті.

Жонғар шапқыншылығы 1723-1724 жылдары Сырдария төменгі ағысындағы халықтардың қалашықтары мен елді-мекендерін басып қиратты. Орта ғасырларда Жаңадария арнасында су тартылып мұндағы көптеген елді-мекендер,қалашықтар тасталып кеткен болатын. XVIIIғасырдың IIжартысында Жаңадария арнасында су қайтадан толып мұнда тіршілік қайта жанданды.Бұл жерлерге қарақалпақтар ығысып, ортағасырларда пайдаланылған каналдар жүйесін, қалашықтарды қайтадан қалпына келтірді. 1956 жылы Хорезм археологиялық, этнографиялық экспедициясы өз жұмысын Жаңадария арнасында орналасқан ортағасырлық Барақтам қалашығы, Аралбай қалашығы, Сырлытам маңы, Шірік-рабат қалашықтары маңайынан қарақалпақтардың қоныстары ашылды. Бәбіш мола маңайымен Қуаңдария арнасының орта жағында, Майлыөзек арнасының жағалауларында экспедиция қарақалпақтар мекен еткен бекіністерді түгелдей қамтып шықты (Андрианов, 1969, 21-220бб.).

Майлыөзек арнасының жағасында жартылай көшпелі халық мекен еткен және қорғандары бар кең көлемді кешен орналасқан. Бұл шатқалдың атауы – Хатынқала. Бұл кешен 1960-1961 жылдары  әуеден барлау кезінде мәлім болып, зерттелген. Бұл кешенде үш бекініс орналасқан. Олар: ең ірісі Хатынқала I, Хатынқала II, Хатынқала III. С.П. Толстовтың пікірі бойынша бұл бекіністер ертеортағасырлық бекініске жатады.

Осы аймақтарды қай зерттеу мақсатында 2013 жылы Шірік рабат археологиялық экспедициясының (Ж. Құрманқұлов) барлау отряды (Ә.Ә. Тәжекеев) жұмыстарын жүргізді. Зерттеу барысында бекіністердің географиялық кординаталары алынып, фото-фиксация жұмыстары жасалынды. Жергілікті халықтың айтуы бойынша осы бекіністердің атауы Қожанияз қала (Хатынқала І), Қатын қала (Хатын қала ІІ), Бұзықтам (Хатынқала ІІІ) екені анықталды.

Бұл елді мекенде судың тартылып, қайта толуына байланысты халық келіп-кетіп отырған. ХVIII ғасырда бұл елді мекенді қарақалпақтар қоныстанған. Ал ХIХ ғасырдың 30 жылдарында Сырдарияның төменгі ағысында келген хиуалықтар барымталап алған. Осы елді мекен сол уақытта тарихи және топографиялық мәліметтерге байланысты Қожанияз қала деп аталған. ХIX ғасырдың I жартысында Сырдария өңірін Патша үкіметі экспедициялар жіберіп, өңір зерттеліп, топографиялық картаға түсіріле бастады. Солардың бірі ұлы географ, әскери топографшы, саяхатшы – Иван Бларамберг. Ол өзінің «Освоение Северного и Восточного Приаралья в XIX веке» атты еңбегінде Сырдария бойындағы қоқан бекіністерін жаулап алғанын баяндайды. Ол еңбекте бекініс аттары Шымқорған, Қышқорған, Қамысқорғанды басып алып қоқандықтардан босатқаны айтылады. Ақмешіт бекінісіне (қазіргі Қызылорда) шабуыл жасап ала алмай кеткені жайлы жазылады. Осы бекіністерге тоқталып өтсек:

Ақмешіт бекінісі. 1852 жылы мамыр айларында Бларамбергтің естелігі бойынша  Сырдария өзенінің оң жағалауында орналасқан – Ақмешіт үлкен форт ретінде болып келген.Бұл бекініс үлкен қамалдары бар, жан-жағы орлармен қазылып суға толтырылған. Алыстан барлап қарағанда ішінде көптеген үйлер, сауда жасайтын орындар, жылқыларды ұстайтын қора, бекініс басшысының отыратын сарайы, әскерилер тұратын үйлер орын тепкен. Қамалдың төрт мұнарасы бар екендігі, оның мұнараларында  атылатын ауыр артиллерия орналасқандығы және ішкі жағында цитадель бар екені айтылады. Ақмешіт бекінісін 1853 жылдың көктем айында генерал Перовский 3 мың адамдық әскермен шабуыл жасап алады. Кейін бұл қалашық Перовск аттанады 2-сурет.

2f1b598e6c4558bfee6d54d2b3682bfc.jpg

2-сурет. Орыс әскерлері Ақмешіт бекінісін алу барысында.

Бларамберг күнделігінде Ақмешіті берілмегенен кейін, Райым бекінісне қайтар жолда Шымқорған, Қышқорған, Қамысқорған бекіністерін қоқандықтардан босатқаны жазылады. Шымқорған бекінісіне былай деп сипаттама береді: «Длина каждой из ее сторон составляла 27 саженей, на всех ее четырех углах возвышались башни; кроме того, она была окружена двойным рвом. Ворота были заперты, и гарнизон находился сначала на крепостных стенах высотой 24 фута». Басқа да екі бекіністің ұқсастығы айтылады,қазіргі уақытта бұл бекіністердің  орналсқан жері белгісіз. 2013 жылы археолгиялық барлау жүргізілген қалашықтар:

Бұзық қала – Аққыр ауылнан  шығысқа қарай 12 км жерде орналасқан. Географиялық кординаттасы: N 44º44'26,3" E 064º10'36,9". Қалашық төрт бұрышты болып келген, төрт бұрышында  мұнаралар орналасқан,ішнде құрылыс іздері бар. Бекіністің сыртында қолдан қазылған орлардың іздері бар, қақпасы оңтүстік шығысқа қараған.

3078390ea91fee6f4026b6e8d7fc20e4.jpg

3-сурет. Бұзық қала бекінісі (сыртқы көрінісі).

Қожанияз қала –  Аққыр ауылнан батысқа қарай 5 км жерде орналасқан. Географиялық кординаттасы: N 44º46'15,0" E 063º57'57,4". Ескі арнаның  оң жақ жағалауында орын тепкен. Бекініс төрт бұрышты болып келген, ішінде цитадель ізі бар, қолдан қазылған орлар бекіністі айнала орналасқан.

Қатын қала –  Аққыр ауылнан солтүстікке қарай, 8 км жерде, Жаңадария арнасының  оң жағында орналасқан. Географиялық кординаттасы: N 44º50'11,9" E 064º00'29,9". Бекіністі сипаттап жазуға келмейді, орны үлкен ор сияқты болып келген.

XVIII-XIX ғасырларда бұл өңірлерге орта азия хандықтарның соғыс экспанцияларның, бекіністер салу, халықтан салық жинау арқылы, орта азия териотриясынан бір жола бекінгісі келді. Сырдария сағасына  Ресей әскерлері  келгенге дейін жергілікті қазақ халқы хиуа және қоқан әскерлернің тұрақты шапқыншылықтарынан зардап шегіп отқан. Оған дәлел орыс саяхатшысы генералИван Бларамбергтің күнделіген байқауға болады, қазақтардан алым салық алып отыру арқылы өз билігін жүргізген. Осы өңірдің шаруашылығна тоқтала кетсек, жоғарыда айтып өткендей шапқыншылықтың салдарынан сыр бойында егіншілік жерлер тарылып, мал шаруашылығы құлдырағанын көрсетеді. Бұл өңірлерде балық шаруашылығы орыстар келгенен кейін ғана, Райым бекініснің салынуы тағы да басқа флотилардың құрылуы балық шаруашылығна үлкен жол ашты. Қоқандар тұсындағы бекіністер Ресей империясы жорықтар ұйымдастырып бекіністерді қиратты. Сөйтіп саяси аренадан орта азия хандықтары Ресей империясының қол астына қарады. Қазіргі уақытта жоғарыда аталып өткен Ақмешіт бекініснің орны сақталмаған, бұл бекініс жайлы тек жазба деректерден ғана білумізге болады.

Құрманиязов И.С. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 3-курс студенті,

Сұлтанжан Ж.Қ. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ 2-курс студенті,

Ғылыми жетекші – Тәжекеев Ә.Ә. Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, «Археология және этнография» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі, т.ғ.к.

Пайдаланған әдебиеттер

1.Андрианов Б.В. Древние оросительные системы Приаралья. М.,1969 

2.Арғынбаев Х.А \\ Қазақстан тарихы III-том  \\ Алматы  2002.

3.Бларамберг Иван Федорович Воспоминания – М.: Наука, 1978.

4.Қожақұлы Ө. Қазақ-қоқан қатынастары XVIII-XIX ғ.ғ Қ., 2006

5.Кеерев Мәди Құрманұлы  Сыр өңірі тарихы  Алматы  1998.

6.Толстов С.П. По древним дельтам Окса и Яксарта. М., 1962.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз