Басты бет Тарихи білім Білім беру, ғылым, мәдениет ұйымдары Сарапшы пікірі “Парасат” клубындағы Ұлттық тарих мәселелеріне арналған кездесу

“Парасат” клубындағы Ұлттық тарих мәселелеріне арналған кездесу

06 Наурыз 2014
6
0

Отырыс мүшелерінің кездесуі ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Бүркітбай Аяғанмен болды. Ол клуб мүшелерінің негізін құрайтын осы жоғары оқу орны оқытушылары, студенттері алдында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың  2014 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған “Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат,  бір мүдде, бір болашақ” атты Жолдауынан» туындайтын міндеттерді саралады. Сонымен қатар Қазақстандағы тарих ғылымының бүгінгі беталысын баяндады.Ұлт тарихын зерделеу мақсатындағы Мемлекет тарихы институты тарапынан атқарылып жатқан істерге шолу жасады.

   Санамыздағы елжандылық пен отансүйгіштіктің қазақ тарихын барынша білу арқылы орнығатындығын әсерлі баяндаған Б.Аяғанды клуб мүшелері  екі сағат бойы трибунадан түсірмеді. Тіпті, кездесудің мазмұны   Президент Н.Ә. Назарбаевтың соңғы кездері көтеріп отырған  «Қазақ елі» мәселесіне келгенде, пікірсайысқа ұласып кетті десе де болады.  Б.Аяған тақырыптың келелігіне орай  мемлекетіміздің болашақтағы есіміне  айналатын осы ұғымның тарихына тоқтады, осы атаумен ХХІ ғасырда бүкіл әлемге белгілі болуға  қол созған ұлтымыздың дүниежүзілік  тарихтағы алар орнын айқындады.  Бұл сөздің студенттер тарапынан аса қызығушылық танытып отырғанын  ұққан тарихшы ғалым осындай білімді де отансүйгіш жастары бар  Қазақ Елінің келешегіне  үлкен сеніммен қарай алатындығын жасырмады.

  Кездесу барысында Б.Аяған клуб мүшелері тарапынан қойылған көптеген сұрақтарға жауап берді, ұсыныс –пікірлерін ортаға салды.

Берлібаев Б.Т.- т.ғ.д.,

Алматы энергетика және байланыс университеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасының профессоры


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз