Басты бет Е-ресурстар Электронды мұрағат Ежелгі дүние артефактары Археологиялық зерттеулер Шоқпар шатқалының петроглифтері

Шоқпар шатқалының петроглифтері

05 Наурыз 2014
131
0

Дала аумағының қалыптасқан дәстүрі бойынша жартасқа қашалған бейнелердің жинақталуын «қасиетті» деп сыни тұрғыда байланыстырып, үлкен, кіші, маңызды емес деген түсініктерді білдіреді. Шоқпар шатқалының петроглифтерін осындай ескерткіштердің қатарына жатқызуға болады, осы тақырыпты зерттеп  жүрген А.Х.Марғұлан атындағы институттың қызметкерлерімен бірге, фундаменталды зерттеулер бағдарламасы бойынша «Ғылым ордасы» археологиялық мұражайының кіші ғылыми қызметкері ретінде мен де қатыстым.

Петроглифтер меридианды бағытта өтіп жатқан Шоқпар бастауының жіңішке тастарында анықталған шатқалдың шығыс пен батыс бөліктерінде орналасқан. Оны тұрғылықты халық Сартай және Бөрібай деп атайды (1 сурет). Шатқалда қола, ерте темір дәуіріндегі тайпалардың: мазараттары, қоныстары және жартастардағы суреттері, айқын бейнеленген. Жартаста жануарлардың суреттері жалқы түрде және композицияда берілген.  

Ертедегі топтар қола дәуіріне қатысты. Бұл, ең алдымен жабайы өгіздер, түйелердің, жылқылардың, тау қошқарлардың, тау ешкілерінің, иттердің, «ұрыс алдындағы» ер адамдардың суреттері. Осындай бейнелер іргелес жатқан аймақтардағы көптеген ескерткіштерде кездеседі. Шоқпар шатқалындағы қола дәуірінің петроглифтері арасындағы ең айқыны өгіздер бейнесі болып табылады. Оларды сонымен қатар бірқатар стилистикалық ұқсастықтары біріктіреді: өгіздердің мүйіздері жасанды түрде ұзартылған, жалпы денелерінің жауырын тұсы бүкірейген, құйрық тұсының соңы шар тәріздес шоғырланған. Бұл белгілердің барлығы дерлік Тамғалы және Құлжабасы петроглифтерінде әйгіленіп, қола дәуірінің уақыты деп көрсетілген. Дәл осы ұқсастықтың нәтижесінде қола дәуірі петроглифтеріне  «тамғалы дәстүрі» деген атақ берілген.

Жинақталған кешен ішінен сақ және қола дәуірі кезеңіндегі петроглифтер қыртысын бөліп қарауға болады. Оларға ерте темір дәуіріне арқау болар түйелерге қатысты желілер жатады.

Шатқалда жиырмаға жуық қос өркешті түйенің бейнесі бар. Ірі көлемдегі контурлар қашалып сосын қаланған. Шатқалда кездесетін түйе бейнелері жабайы аңдардың бейнелері болып айқындалған. Бұлар жеке және аналық түйелер боталарымен бейнеленген. Қола дәуірі желісіндегі  суреттердің біріндегі түйедегі әбзел мен оның қасындағы ит түйелердің қолға үйретілгенін шамалауға мүмкіндік береді. Түйе-бактриан бейнесі – Қазақстан мен Орта Азиядағы жартастар бейнесінде кең тараған. Бұл аймақта түйе үй жағдайына үйретіліп, мамандар пікірінше б.д.ІІ мыңжылдықтағы андронов және тазабагъяб мәдениеті кезеңі аралығында мініске тартылды.

Ортағасыр петроглифтеріндегі ешкілер мен архар тұрпаттары(3: 1, 3, 4, 6), бір бөлігі ерте темір ғасырында анықталған сондай-ақ кейінірек жаңартылған тамғабейнелі белгілер жатады (табл. 3: 2, 5). Тау ешкілерінің тобы бейнеленген композициялық бірлікте  S бейнелі белгі бар, жоғары бөлігінің кішкене толыққанынан және төменгі бөлігінің жіңішкелігінен бұл жылан бейнесі деген жорамал жасауға болады. Осындай бейне Толы өзенінің бойындағы Мұхар жерлеу-еске алу кешеніндегі тасбақа бейнесіндегі ескерткіште көрініс тапқан. Тау тізбегінің солтүстік-шығыс батысындағы тұрғын үй және шаруашылық құрылыстарында тамға бейнесі табылды( 3: 2 табл).  

Шоқпар тұрғындары орналасқан жерлерінің хал – ахуалын назарға ала отырып, оның тұрғындары мал өсірумен айналысқанын және осы жер малшылардың тұрғылықты мекені болған деп нақты айтуға болады.

Шоқпар шатқалындағы қасиетті жануарлар бейнесін құрметтеудің негізгі діни мақамы өзге де шағын кешендер сықылд өзгеріссіз қалған.  Мұндай жағдай Жетісу жеріндегі малшылардың тұрмыс салтының бірнеше тарихи кезеңдерде дәстүрлілігін жоймағанын көрсетеді.

ce7916399d8d12fad299bd6a29b7261e.jpg

Ил.1 Шоқпар шатқалындағы археологиялық ескерткіштердің орналасу жоспары

daa6468fd4ed8fe7ae3e42e656c0ad87.jpg

Табл. 1. Шоқпар шатқалындағы қола дәуірінің петроглифтері

52d89ae33483bd9d66ccf105b039842c.jpg

Табл.2. Шоқпар шатқалындағы ерте темір дәуірінің ескерткіштері

4d141b7f8f5137eb9ec4ec5408ae734e.jpg

Табл.3. Шоқпар шатқалындағы орта ғасыр мен жаңа кезеңдегі ескерткіштер

Ксения Егорова, 

«Ғылым ордасы» РМК

Археология музейінің кіші ғылыми қызметкері   

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

[i] Максимова А.Г., Ермолаева А.С., Марьяшев А.Н. Наскальные изображения урочища Тамгалы. Алма-Ата, 1985.

[ii] Марьяшев А.Н., Горячев А.А. Наскальные изображения Семиречья. Алматы, 2002.

[iii] Марьяшев А.Н., Горячев А.А. Наскальные изображения Семиречья. Алматы, 2002.

[iv] Кляшторный С.Г., Савинов Д.Г. Степные империи древней Евразии.  СПб., 2005.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз