Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Ғылым ордасында Тәуелсіздік күнін атап өтті.

Ғылым ордасында Тәуелсіздік күнін атап өтті.

10 Наурыз 2014
85
0

Мерекелік жиылыста Ғылым ордасынының бас директоры Роза Оспанқызы Кәрібжанова баяндама жасады. Ол  жиналғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтай отырып: «Ата-бабаларымыздың ғасырлар бойы арман еткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Еліміздің тәуелсіздігі жолында баһадүр бабаларымыз өжет рух танытып, тарихта өшпес із қалдырды. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт-азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген, бабаларымыздың жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы – өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталуға тиіс.

Тарихи өлшеммен алып қарағанда, өте қысқа мерзімде Қазақстан сан қырлы өзгерістер мен жаңаруларды бастан кешірді. Экономикамыз қарыштап дамып, елімізде саяси тұрақтылық қалыптасты Бүгінгі Қазақстан – өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Халқымыздың қас-қағым уақыт аралығында осындай қарқынды табыстарға жетуі – еліміздегі саяси тұрақтылық пен бекем бірліктің арқасы. Көп конфессиялы және көп этносты Қазақстан халқының ынтымағын ұйытып отырған Елбасымыздың салиқалы саясатының арқасы»- деп атап көрсетті.

Аталмыш шара барысында режиссер Рүстем Әбдірашовтың Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы жайлы түсірілген «Елбасы жолы» фильмі көрсетілді. Фильм көрермендерін терең мазмұнымен, шебер түсірілімімен баурап алды.

Жалпы биыл ел тәуелсіздігінің 22 жылдық мерекесі. 1991 жылы КСРО ыдырап, Одақтың құрамындағы елдер өз алдарына жеке мемлекет болып жатты. Солардың қатарында Қазақстан да болды. 1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстанның Жоғарғы Кеңесі «Тәуелсіздік пен мемлекеттің егемендігі туралы» заңды қабылдады. Ескеретіні, Қазақстан КСРО құрамындағы елдердің арасында ең соңғысы болып Тәуелсіздігі туралы заңды қабылдады. Бұл заң 1990 жылы 25-қазанда қабылданған Қазақстанның Егемендігі туралы Декларациямен бірге Қазақ елінің елдігін нығайта түсті. Қазақстанның Тәуелсіздігін ресми түрде ең алғаш болып мұхиттың арғы жағында жатқан Америка Құрама Штаттары мойындады, екінші болып айдаһардай айбарлы Қытай, сонан соң Ұлыбритания мойындады. Оның артынан Моңғолия, Франция, Жапония, Оңтүстік Корея және Иран мемлекеті мойындады.

Мәлімет "Ғылым ордасы" РМК сайтынан берілді



Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз