Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бағдарламаны жүзеге асыру Ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-ағартушылық, мәдени-білім беруші іс-шаралар "Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

"Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері" атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция

03 Ақпан 2014
83
0

ҚР БҒМ ҒК  Мемлекет тарихы институтының «Деректану, тарихнама және Отан тарихы» бөлімнің бастығы, бас ғылыми қызметкер, т.ғ.д., профессор Ғ.М. Қарасаев және аға ғылыми қызметкер, т.ғ.к. Қ.А. Еңсенов 2014 жылдың 24-25 қаңтар күндері Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетіне арнайы іссапармен барып, Тарих және қоғамдық ғылымдар академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Қадыржан Қабиденұлы Әбуевтің 75 жастық мерейтойына арналған «Тарих және әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысып қайтқандығы жөнінде.

  Киелі көкше жерінде өткен Халықаралық конференцияда бас қосқан жұртшылық алдымен танымал ғалым, ұлағатты ұстаз Қадыржан Қабиденұлы Әбуевті құттықтады. Ең алдымен сөз алған ҚР Парламентінің депутаты – Жабал Ерғалиұлы Ерғалиев ғалымның өмір жолы мен еліне сіңірген ерен еңбегінің кезеңдеріне тоқталып, мазмұнды баяндама жасады. Одан кейін ғалымның замандастары, достары өздерінің құттықтауларын, тілектерін кезек-кезек айтып өтті.

Ғылыми конференцияның ресми бөлімінде бірқатар ғалымдар сөз кезегін алып, Отан тарихы мен гуманитарлық ғылым саласына қатысты түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады. Олардың ішінде Рсейдің  Ф.М. Достоевский атындағы Омск мемлекеттік университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ю.А. Сорокин «Антропологический поворот» современной историографии в контексте научного наследия Л.Н. Гумилева» атты тақырыпта өте қызықты мәселелерді көтерді. Соңынан Башқұртстанның Уфа мемлекеттік университетінен келген т.ғ.д., профессор Р.Ғ. Буканова «Профессор Абуев К.К. и его вклад в изучение казахско-руских взаймоотношений» тақырыбында тамаша тарихи мәселделерді қозғады.

  Ал, Астан қаласынан барған т.ғ.д., профессор Ғ.М. Қарасаев «Патриарх исторической науки Казахстана» деп аталатын баяндамасында ел тарихының келелі мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ, ғалымның замандасы т.ғ.д., профессор А. Күзембайұлы айтулы ғалым құрдасының еңбек жолын, шығармашылық табыстарын саралап, халыққа мазмұнды баяндама жасады.

  Аталған конференцияның соңғы қорытындысында бас қосқан ғалымдар Отандық тарихтың, гуманитарлық саланың өзекті мәселелерін жан-жақты қозғап, келешекке қажет проблемаларды саралады. Бұл жиыннның тағы бір ерекшелігі жастардың көптеп қатысуында болды. Осы мәжілісте Астанадан барған «Жас тарихшылардың республикалық қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, т.ғ.к. Қ.А. Еңсенов Көкшетау мемлекеттік университетінің жас ғалымдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Елдің болашағы жастар екендігі рас. Сондықтан, олардың да белесене қатысуы, аға буын өкілдерінен тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге алуы өте қажет мәселе. Сол себепті, аға буынның ізін басып, қалыптасып келе жатқан жас мамандар үнемі ізденісте, пікірлесуде болуы керек.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз