Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бағдарламаны жүзеге асыру Ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-ағартушылық, мәдени-білім беруші іс-шаралар Орал қаласында «Ұлт көшбасшысы және қазіргі тарих» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтті

Орал қаласында «Ұлт көшбасшысы және қазіргі тарих» тақырыбындағы аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг өтті

15 Қаңтар 2014
28
0

 Семинар 2013 ж. 10 желтоқсанда М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің базасында өткізілді. Осы шараны ұйымдастырып өткізуге Батыс Қазақстан облысы әкімдігі қолдау көрсетті.

  Семинарға барлығы 302 адам қатысты: олардың ішінде Қазақстанның Батыс өңірінің ғылыми-педагогикалық қауымдастығы пен тарих пәннің мектеп оқытушылары, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің профессорлік-оқытушылар қурамы мен студенттері және БАҚ өкілдері.  

  Семинардың алдында мәжіліс залынның алдындағы фойеде тақырыпқа байланысты «Халық тарих толқынында» атты кітаптық көрме ұйымдастырылды. Онда жергілікті белгілі тарихшылырының да өлкетану саласындағы еңбектері көрсетілді.

  Жиналыстың президиумда Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық тарихи зерделеу мәселелері жөніндегі өңірлік Қеңесі төрағасының орынбасары Бақтияр Мәкенұлы Мәкен, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Асхат Сәлімұлы Имаңғалиев және ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты директорының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Жанна Үркінбайқызы Қыдыралина болды.

  Жиында төрағалық етіп және жұргізген Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, Ұлттық тарихи зерделеу мәселелері жөніндегі өңірлік Қеңесі төрағасының орынбасары Бақтияр Мәкенұлы Мәкен.

  Семинардың хататмасын  жиынның  хатшысы: М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылым және коммерцияландыру департаменті директоры Эдуард Имашев жүргізді.

Сөйлегендер ұлттық тарихты зерделеу және оқыту мәселелеріне байланысты елдегі мемлекеттік және жергіліктік тарапынан атқарылып жатқан шаралар туралы жан-жақты мәлімметер берді. Сонымен қатар  қажеттік ететін мәселелерді де қозғады: жас буындарды тәрбиелейтін ұлттық рухты, қазақстандық патриотизмді қалыптастыратын жұелі  идеологиялық жұмыстары жөніндегі, Қазақстан тарихы пәннің сағатын көбейту туралы ұсыныстар айтылды.

Жиынның соңында модератор семинар өкізілген шанырақтың иесі – университет ректорына сөз берді. М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры, п.ғ.к., профессор Асхат Сәлімұлы Иманғалиев сөз алып, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен іске асырылып жатқан «Халық тарих толқынында» мемлекеттік бағдарламасы аясында  университетімізде ғылыми-зерттеу жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз