Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Макротарих Қоқан хандығындағы қазақтар

Қоқан хандығындағы қазақтар

20 Желтоқсан 2013
74
0

    

 ХҮІІІ  ғасырдың басындағы Бұхар хандығының әлсіреуіне байланысты, 1709 жылы Ферғана иелігі билігін өзбектің мыңдар руының өкілі Шахрух би (1709-1791) қолына алып, дербес саясат жүргізуі Ферғана иелігінде Қоқан хандығы деген атауға  ие болды.(1).

  Қоқан билеушілері 1709 жылдан 1805жылға дейін өздері би деп атап келсе, 1805 жылы Әлімбек өзін ханмын деп жариялап, соған орай ол басқарған мемлекет Қоқан хандығы деп атала бастады.

  Алайда,  ХҮІІІ ғасырдың орта негізінде күш қуаты арта түскен Қоқан хандығы қуатты елге айналуына қазақ және қырғыз рулары өіндік үлес қосты.

  1709-1876 жылдары өмір сүрген Қоқан хандығының қалыптасу кезеңі 1709-1804 ж. аралығын қамтиды. Бұл кезеңде қазақ, қырғыз және басқа хандықтардың қалыптасу есебінен Ферғана өлкесінің экономикалық жағдайы  нығая түсіп, тәуелсіз Қоқан иелігі пайда болды.

  Ресей ежелгі актілер мұрағатында (2, c193) 1741жылы Ташкентте болған татарлық саудагер Шубай Арслановтың мәліметінше, алдында жоңғар үстемдігі кезінде Ташкент қаласында хандар бір бірін өлтіру арқылы таққа отырған, бұған халық еш наразылық білдірмеген. Ең алдымен қаланы қырғыз қайсақ  арасынан Жолбарыс иеленді. Бірақ 1740 жылы  5  сәуірде Ташкентте мешітте намаз оқып отырған жерінде опасыздықпен өлтірілді. Сол жылы Абылай сұлтанның қолдауымен қала билігі Төле бидің қолына көшеді.

  Қазақ хандығының әлсіреп, Жоңғарлардың басқыншылық әрекеттері күшейе түскен кезінде Төле би елдің иесіне тән қасиет таныта білді. Жоңғарлар қазақ халқын жойып жібергісі, ал тірі қалғандары қуғын сүргінге  ұшыратқысы келді. Төле би Қабанбай, Бөгенбай және Жәнібек батырлармен бірге біртұтас халық майданын құрып, азаттық күрес жолында күрес жүргізді. Сол бір қысылтаяң шақтағы ерен еңбегі Төле бидің есімін күллі қазақ тарихынан бөліп ала алмайтын біртұтас ұғымға, ұлтқа риясыз қызмет етудің символына айналдырды. (3)

  Жоңғар шапқыншылығы  тоқтатылғаннан  кейін, Ташкент аймағын Абылай хан өзінің туыстары басқаратын қазақ руларына: дулат, ысты, сіргелі,  ошақты, қоңырат, найман және т.б.  бөліп берген еді. Бір біріне тәуелсіз төрт қыстақтан құралған Ташкенттің Раджапбек басқарған Бесағаш  деген бөлігін ыстылар, Мұхамед Ибрахимбек басында тұрған көкшені  қоңыраттар, Жошы әулетінен шыққан өкіл басқарған Сибзарды Жаныстар Бабахан төре қарамағындағы Шейхантаурды сіргелі, ошақты рулары, ал наймандар Шыназды иеленді. (4).

  1784жылы Ташкенттегі билікті қазақтардың алауыздығын пайдаланып, ұлы жүздің шанышқылы және қаңлы руларының көмегімен Шейхантаур билеушісінің баласы  Жүнісқожа өз қолына алды.(5).  Жүнісқожаның шығу тегі және билікке келуі жөнінде әртүрлі көзқарастар бар. П.П. Иванов Жүнісқожаны Н.И. Градеков (6, 25),  келтірілген мәліметтерге сүйене отырып, қырғыздардың қалша руынан шыққан және Төле бидің қоластында қызметте болған, кейін Төле би дүниеден өткеннен кейін,  билікке ұмтылып, 15-20 жылдай қазақтармен күрес жүргізді деп көрсетеді. Жүнісқожаны ұлы жүз қазақтарымен туыстық қарым - қатынаста байланыстырып тұрды. Жүнісқожаның әпкесінің бірін Төле бидің туған  жиені  Сиқым Шинет батыр алып, одан Рысбек пен Тұрыс батырлар дүниеге келген және тағы бір әпкесін Төле бидің өзі алып, одан Жолан мен  Қожабек атты балалары туылған. (7,27).

  Жүнісқожа және оның мұрагерлері басқарған Ташкент иелігі 1784-1808ж өмір сүрді. Ташкентке жақын орналасқан Құрама, Шымкент, Сайрам, Әулие-Ата, Түркістан, Ақмешіт және Сыр бойының біраз бөлігі Ташкент иелігі құрамында болды. Ташкент өзінің саяси құрылысы жөнінен Бұқар, Қоқан хандықтарынан кем түспеді. Ташкенттің билігінің өсуіне Шейхантаур билінің жергілікті қожалары көмектесті. Ташкентті басқаруға Ресеймен сауда жасасатын бай қолөнершілер мен көпестер ықпал жасап отырды.

  П. Ивановтың мәліметінше, (5) Ұлы жүзде хандық билікті жойып, зекет салығын енгізді. Өз билігін жоғары ұстау үшін беделді қазақтарға арқа сүйеп, әскерлерді қазақтардан ғана сайлап алды.  Бұған қаңлы, шанышқылы, рамадан руларынан шыққан  24 батырдың есімдері айтылады. Бұл әскери құраманы «Қарақазақ» деп атаған. «Қарақазақтар» деп аталатын жеке мүлкі жоқ адамдардан құралған 6 мыңға жуық шешуші ұрыстарда маңызды рөл атқарды. Қарақазақтарды қарумен, мініс аттарымен және басқа қызметтік әскери тұрмыстық бұйымдармен Жүнісқожаның өзі қамтамасыз етті. Бейбіт кезде қарақазақтар Жүнісқожаның және ірі шенеуніктердің үй шаруасын жүргізді.

  1794 ж. Қоқан ханы Нарботаның әскері Ташкент жеріне баса көктеп кірді, бірақ жеңілісіне ұшырады. Қоқандықтарға қарсы  1797-1798 жылдары Жүнісқожамен Ұлы жүз қазақтарымен одақ құрды.(1,66).

  1799ж. Нарбота қаза тапты. 1803 ж. Жүнісқожа қолы Гурумсарай деген жерде қоқандық әскерлермен кездесті, Қоқан билеушісі Әлімхан таулық Ташкенттерден құралған. Раджап  дуанбегі басқарған атты әскерді қарсы қойды. Қазақ қолбасшылары Рүстем, Әділ және Бабахан төрелердің өзара келіспеушілігінен, жасағының шабуылын тойтарды. Осы оқиғадан кейін Жүнісқожа қатты науқастанып, көп ұзамай көз жұмды. (8,96).

  Ташкент иелігіндегі ендігі билік Жүнісқожаның балдарының қолына көшті. Қазақтардың төрт рет шабуылына тойтарыс берілді. Елдің әлеуметтік жағдайы қиындап, Ташкентте аштық басталды.

  Ферғаналық тарихшылардың айтуынша, Ташкент Қоқан хандығының жартылай тәуелді облысына айналды. Әлім хан қаланы басқарушы адамдарды өзіне қаратып награда, сый сияпат беру арқылы жеті жыл бойы қалаға су жібермеген, тек қала 1808  жылы Қоқан хандығына бағынды.

  Ташкенттің  алынуы Оңтүстік Қазақстанның Қоқан хандығының езгісіне түсуіне түрткі болды. 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.  Махаева. А. Қазақ қырғыз саяси байланыстарының тарихы (ХҮІІ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың бас кезі) А, «Ценные бумаги»  2007-357 бет

2.  Ресейдің мемл. ежелгі актілер мұрағаты, 24-қор сенат кітабы 136 -3тізбе

3.  Жолдасбеков М. Еліне сөзі ем болған  // Егемен Қазақстан  25 қазан 2013ж

4.  Чехович О.Д. Сказание о Туркистане //Памятники писменности востока,  История филологические исследование 1868-М:  Наука  1970 с174-175

5.  Иванов П.П. Казахи и Кокандские ханства (К истории их взоимоотношения в начале ХІХ). Зап. инс-та востоковедения, М, 1939-Т.7. с92-128.

6.  Гродеков Н.И. Киргизы и каракргизы Сырь - Дарьинской областы. Юридический быт: Ташкент Литомитография  С.И Лехтина, 1889- Т1- 298с.

7.  Әбілдаұлы Б. Жауғаш батыр - Абылай ханның елшісі.- Алматы: Мерей, 1899-260б

Бейсембиев Т.К. «Тарих и Шахрохи» как исторический источник –Алма –ата: Наука, 1987-200c

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз