Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының өнерпаздары Ғылым ордасымен бірлесіп концерт ұйымдастырды

Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының өнерпаздары Ғылым ордасымен бірлесіп концерт ұйымдастырды

29 Қараша 2013
44
0

«Ғылым ордасы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 2013 жылдың 10 қыркүйегінде Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының өнерпаздары концерт ұйымдастырды. Концерт ұстаздар мерекесіне орай ғылым саласында қызмет етіп жүрген  ғалым-ұстаздарға арналды. Бағдарлама бойынша Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер  академиясының дарынды саңлақтары, Халықаралық және Республикалық байқаулардың лауреаттары Венера Алпысбаева, Ажар Жақыпова, Дәлел Уәш, Талғат Күзембаев, Жанболат Жұмағазин, Д.Тұхманов, Балапан Жұбаева, жарасымды әнші жұп Мирас пен Құралай Бекжановтар өз өнерлерімен жұртшылықты тамсандырды. Концертке арнайы шақырылған мәдениетке еңбек сіңірген қайраткер, халық әртісі Нұрғали Нүсіпжанов жас буынмен бірігіп ән салды.

Кеш соңынан осы шараны ұйымдастырушы Ғылым ордасының бас  директоры Роза Оспанқызы Кәрібжанова сөз алып өнер сүйер қауымға алғысын білдірді. Ол өз сөзінде: «Ұлттық өнер академиясы әлемдік және ұлттық мәдениет пен өнер саласында алтын қорды құрайтын шығармашылық интеллигенцияны дайындау орталығы ретінде танымал. Оған, есімдері  Қазақстан театрының өнер шежіресімен тығыз байланысты, әрі танымал  А.Әшімов, Ф.Шәріпова, С.Сейтметов, Н.Мышпаева, М.Жақсымбетова, С.Оразбаев, М.Байсеркеұлы, В.Пұсырманов, Ә.Сығай, Т.Жаманқұлов, Д.Жолжақсынов, Т.Мейрамов, Р.Рымбаева, Г.Қазақбаевалар сияқты өнер қайраткерлерінің осы табалдырықтан шыққандығы дәлел. Сондықтан  Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА өнер мен мәдениет саласындағы көркемдік білім берудің қас шеберлерін һәм білікті мамандарды дайындайтын ірі білім-ғылым орталығы болып отыр» – деп атап өтті.

http://gylymordasy.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз