Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бағдарламаны жүзеге асыру Ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-ағартушылық, мәдени-білім беруші іс-шаралар «Дін және әйел» атты республикалық форум өтті

«Дін және әйел» атты республикалық форум өтті

13 Қараша 2013
72
0

Форум жұмысына ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Марат Әзілханов, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисенов және оқу орындарының оқытушылары, діни бірлестіктер, мемлекеттік органдардың өкілдері, студент-жастар қатысты.

9d4752887e1d2fa9b9ec3ce445d5dd69.jpg

Жиынды ашқан Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры, Қылышбай Бисенов Елбасы тапсырмасына орай ұйымдастырылған бұл шараның негізгі мақсаты – әйел және дін тақырыбын қоғамдық-саяси ғылымдар негізінде талқылау үшін пікірталас алаңын ұйымдастыру, жастардың ислам дінінің негіздері туралы дұрыс мағлұмат алуына және зайырлы қоғамның дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруға ықпал ету екендігін айтты.

ҚР Президентінің кеңесшісі, ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова діндегі әйелдердің имандылығы, ел мен елді туыстастыру, татуластыру мәселесінің нәзік жандыларға қатысты болатынын тілге тиек етті. Форумда сөз алған Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова жалпы адами құндылықтарды дамытудағы және өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі әйел-ананың рөлін, сондай-ақ олардың саясатқа қатысуына жағдай жасау қажеттілігі жайлы сөз қозғады.

c8de1f5214a88f252e3167236d1e80ed.jpg 800f749205b03aef9998f10e77bb7713.jpg

Жиын барысында «Қазақ қоғамындағы әйел мәртебесі: кеше мен бүгін» тақырыбында ҚР Дін істері агенттігінің Діни оқу орындарымен байланыс және дінтану сараптамасы басқармасының бастығы Айнұр Әбдірәсілқызы, «Исламдағы әйел-ананың орны» тақырыбы бойынша «Айтбай» мешітінің наиб-имамы Марат Дайрабайұлы, «Дәстүрлі қазақ отбасындағы және ұрпақ тәрбиелеудегі әйел аналардың ролі» тақырыбында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің профессоры, т.ғ.к., Меруерт Нығметқызы және «Қыз Жібек» клубының іс-тәжірибесі жайында Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті Жастар саясаты жөніндегі бөлімнің бас маманы, «Қыз Жібек» клубының жетекшісі Маржан Ақатаевалар баяндама жасады.

Сондай-ақ, форумда Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті базасында құрылған «Қыз Жібек» клубының тұсаукесері болып өтті. Қыздарды ұлттық дәстүрлер мен төл дүниетаным аясында тәрбилеу және оларға озық заманауи құндылықтарды сіңіру мақсатында ашылған клубқа Назира Аймаханова жетекшілік жасайды. Жиын соңында Қылышбай Алдабергенұлы: «Ғасырлар бойы қалыптасқан дәстүріміз бен мәдениетімізді, әдет-ғұрыптарымыз бен салтымызды қадірлей отырып, қыз баланы, әйел, ананы қадір тұту бабалар алдындағы парызымыз екенін ұмытпауға шақырамын», - деп форумды қорытындылады.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз