Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бір халық-бір ел-бір тағдыр Діндер мен конфессиялар Діндер арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды одан әрі ынталандыратын терең және көреген түсініктер

Діндер арасындағы өзара іс-қимыл жасасуды одан әрі ынталандыратын терең және көреген түсініктер

08 Қараша 2013
180
0

Осы жылы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезіне 10 жыл толады. Алғашында Конгресс Астана қаласында 2003 жылы 23-24 қыркүйекте, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен шақыртылды. Осы жылдыққа ойластырылған әртүрлі іс-шаралар Қазақстанда, сондай-ақ шетелде өткізіледі. Сондықтан Съезд Хатшылығының басшысы және Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қайрат Мәмимен, дінаралық диалогтың мақсаттары мен міндеттері, қол жеткізілген жетістіктерді талдау шеңберінде сұхбат жүргізілді.

Сіз үшін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің құндылығы мен маңыздылығы неде?

-  Негізгі міндет дәстүрлі діндер арасында тереңдетілген диалогты алға бастырудан тұрады. Біздің өмірімізде аталған диалогқа үнемі өсіп жатқан қажеттіліктер орын алуда, негізінен мемлекеттің қазіргі өмірінде бірқатар проблемалардың орын алуы, мысалы, әртүрлі діндер мен мәдениеттердің арасындағы шиеленіскен қарым-қатынастардың орын алуы, сонымен қатар әлемдік әлеуметтік жүйенің негізіне ұдайы зиян келтіретін әлемдік экономикалық дағдарыс. Қазірдің өзінде батыс елдерінің лидерлері өздерінің мультимәдениетті үлгідегі саясатын құлдырады деп тануда. Түбінде барлық бұл факторлар экстремизм және терроризм секілді бүлінгіш көріністерді дамытуға, олардың пайда болуына және идеологиялық қызметіне қолайлы жағдай жасайды. Сондықтан көптеген халықаралық ұйымдар өз кезегінде әртүрлі мәдениттерге және діндерге жататын түрлі қоғамның арасындағы сенімнің өсуіне мүмкін туғыза алатындай, діндер мен өркениеттердің арасындағы екіжақты диалогтың дамуына өздерінің үлесін қосқысы келеді. Сондай-ақ мұндай диалог біздің қоғамда өзара түсіністік мәдениетін нығайтуға көмек көрсетуі мүмкін. Съезде айтылған көптеген діндерге қатысты, олар уақыт өте келе тексеруден өтті және өз кезегінде көптеген мәдениеттер мен өркениеттер үшін өздерінің негізін қалады.

Біздің пайымсыз, кейде астан-кестен ауысатын өмірімізде жоғарғы моральдық тұрғыдан негізін қалаған дәстүрлі дініміздің рөлі жоғары дәрежелі мағынаға ие. Бейбітшілік және келісім сарайы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезін өткізу орны ретінде салынды. Бұл факт, Президент Н. Назарбаев алғашқы съезде сөз сөйлеген кезде, өзіне мешіттті, шіркеуді, синагогты және будда храмын қамтитын сарай салуға ниетті екенін айтты. Бейбітшілік және келісім сарайы 2006 жылы 12-13 қыркүйекте өткен екінші съезд қарсаңында қолданысқа берілген болатын.

Астана қаласының 15-жылдығын мерекелеу кезінде теледидардан астананың сәулетіне арналған деректі фильм көрсетілгендігін атап өткен жөн. Аталған фильм шеңберінде Президент қазіргі сәтте халыққа «Пирамида» атымен танымал жаңа ғимарат тұрғызу туралы идеясын айтқан болатын. Сонымен қатар, ол балалық шағында адамдар әрдайым қоршаған әлемді тануға ұмтылатындығын, және ол ұмтылыс «Пирамида» негізі секілді үлкен және ұш-қиыры жоқ екендігін қосты.

Адам өзінің соңғы өмір жолында пирамиданың ұшы секілді шексіз аспанмен бірге-бір қалады. Осы деректі фильмде Елбасы Ақбар шахиншахты есіне алады. Ол 1575 жылы ғибадатхана салып, мұсылман, индуизм, буддизм, зороастризм, жаинизм және тағы басқа діндер мен діни ағымдардың беделді өкілдерінің басын тоқайластырған болатын. Жалпы Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі ғаламдық деңгейге шықты және өзінің негізгі миссиясын орындаудың бастамасын қойды. Егер Бейбітшілік және келісім сарайы Астанада өткен дінаралық форумның символы болып табылса, Жалпы алып қарағанда, елор­да­ның айшықты архитектурасы ел дамуының философиясы­нан, бағыт-бағдарынан сыр шер­теді. Тарихи өлшеммен алғанда күр­меуге келмейтін қысқа уақыт ішінде Еуразия төрінен көз­ қызықтырарлықтай ару да әсем­ қала бой көтерді. Мұнда көк­ аспанмен тілдескен зәулім ғи­мараттармен және мәдениет, бі­лім орындарымен қатар, түрлі дін­дердің ғибадатханалары да орналасқан. Бүгінгі күні Бейбітшілік және келісім сарайы тек қана әлемдік діни конгресстер өткізу орны болып табылады, алайда тамызда ұлттық және халықаралық оқиғалардың орны болады. Сарай сонымен қатар Қазақстан халықтарының ассамблеясы үшін үй-жай орны мен еліміздің эникалық және мәдени орталығы болып табылады.

- 10-жылдық қалай аталып өтеді. Қандай дайындық жұмыстары жүргізілді?

- Жыл басынан бері Съезд онжылдығы кеңінен атап өтілуде. Азия, Еуропа мен Американың бірқатар елдерінде осы мерейтойға байланысты іс-шаралар өтті. Онжылдыққа орай қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде төртінші Съезд туралы екі томдық кітап, барлық төрт съезді қамтитын жылнама, брошюралар шығып, екі деректі фильм әзірленді, Съезд жұмысын жан-жақты баяндайтын көлемді фотокөрме дайындалды, сондай-ақ, G-Global интернет-порталының жанынан Съездің арнайы парағы ашылды – мұнда енді тұрақты түрде онлайн форумдар өтіп тұратын болады. Өткен жылдың басынан бері елдің бірқатар делегациялары, оның ішінде парламент мүшелері және біздің қоғамның, ғылымның және мемлекеттік мекемелердің өкілдері Престол Ғибадатханасын, сондай-ақ Австрияны, Иранды, Әзірбайжанды, Жапонияны, Ресейді, Үндістанды және АҚШ-ты, сонымен бірге басқа бірқатар орындарды аралап шықты. Осы іс-шара аясында әлемдік діндердің көрнекі өкілдерінің, үкіметтік емес ұйымдардың және саясеткерлердің қатысуымен, Нұрсұлтан Назарбаевтың дінаралық конгреске шақыру туралы ойын талқылады, сонымен қатар Астанадағы дінаралық диалогтың мақсаты мен міндеттері туралы ақпараттар таратылды.

- Сіз соңғы 10 жыл ішіндегі конгресстің дамуына қандай баға берер едіңіз?

-  Дінаралық форум Астанада нақты қалыптастырушы кезеңде өтті. Қазіргі уақытта оны институционализациялау жалғасуда. Бұған дейінгі бірінші отырыста пайда болған конгрестің хатшылығы ұдайы негізде жұмыс жасауда. Конгресс арқылы құрылған мәдениет пен діннің халықаралық орталығы енді Астанада қызмет етеді. Дін қауымдарының басшыларынан және көрнекі дін қайраткерлерінен құрылған дін көшбасшыларының төртінші съезд конгресі шеңберінде бірінші отырыс болып өтті.

Бұл кеңес Конгресстің үйлестіруші органы болып табылады және өзге форумдармен және халықаралық ұйымдармен тереңдетілген қарым-қатынаста және ынтымақтастықта жұмыс жасайды, олар өз кезегінде әртүрлі мәдениеттер мен діндердің арасындағы диалогты дамыту мақсатын көздейді.

Қазіргі таңда Конгресс халықаралық қатынаста, сол секілді дәстүрлі дін өкілдерінің арасында өзінің ризалығын алды. Конгресс діндер мен мәдениеттердің арасындағы ғаламдық диалогты дамытудағы үлесін БҰҰ Бас Ассамблеясындағы қарарда алды. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі шеңберінде айтылған ұсыныстар мен бастамаларды іске асыру мақсатында, БҰҰ Бас Ассамблеясы, 62 сессия шеңберінде қарар қабылдады және 2010 жылды "Халықаралық мәдениетті жақындату жылы" -  деп жариялады.

- Жалпы алғанда форум қызметіне дін лидерлері қалай қарайды?

-  Съезге қатысып жүрген діни қауымдар жетекшілері Елбасының осы ғаламдық басқосуды ша­қы­ру жөніндегі ізгі ниетіне шексіз риза. Қазіргі глобализация, нанотехнологиялар заманында да, индустриялық революцияның жаңа кезеңі болып жатқан кезде де, бұрын-соңды болып көрмеген сын-тегеуріндер заманында да адам діннен рухани пана және азық іздейді.

Бұл жерде ұлы Абайдың «Алла өзгермес, адамзат күнде өзгерер» деген сөзі еріксіз еске оралады. Иә, расында адамзат қанша өзгерсе де, дәстүрлі діндерге негізделген, талай ғасыр елегінен өтіп шыңдалған діни құнды ұғымдар мен танымдар, әдет-ғұрып пен мораль негіздері өзгермек емес.

Елордада өткен дін­аралық форумдарға ұдайы қа­тысып келген Дүниежүзілік ислам лигасының бас хатшысы Абдалла Бен Мұхсин әт-Түрки былай деді: «...Дін адам жанын ізгі істерге үндеу үшін, жанның теріс істерге ынтықтығын тыю үшін келді... Дүниежүзілік ислам лигасы Жоғары мәртебелі Қазақстан Президентіне адами сұхбат пен қарым-қатынастарды өрістетуге бағытталған ғаламдық ауқымдағы күш-жігері үшін терең ризашылығын білдіреді».

Астанада өткен дінаралық форум жылдан жылға дінбасылардан, таяу және қиыр шығыстан ризалығын алуда. Съезд жұмысына Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кирилл былтырғы жылы тұң­ғыш рет қатысып, Елбасының қа­былдауында болды, бірқатар кездесулер өткізді, оның ішін­де еліміздегі православие қауымының өкілдерімен жүз­дес­ті. Келелі басқосулардан әсер алған патриарх Кирилл былай деді: «Халықтар дамуының атеистік моделі ХХ ғасырдағы идеологиялармен бірге күйреді. Осы жүзжылдықтың тарихы­ дінді қоғамнан бездіру дегеніміздің мораль мен жүректі бездіру екенін көрсетіп берді... Қазақстан – дінаралық қатынастар жарас­тықта дамып келе жатқан, діни ұйымдар мен мемлекет арасын­дағы өзара қатынас жемісті әрі­ жасампаз жолға қойылған ел. Біздің бәрімізге де белгілі, Қазақстан Президентінің дана сая­саты осындай бейбіт және рия­сыз ынтымақтастықтың аяқ алысын айқындайды». Израиль сефардтарының бұрынғы бас раввині Шломо Амар төртінші съезде Елбасы­на Қазақстандағы иудаизм өкіл­деріне жасап жатқан қамқор­лығы үшін алғы­сын айтты. Амардың айтуынша: «Нұр­сұлтан Назарбаев барлық діндердің біріккен ұлттар ұйымын құрды. Ізгі бастамаға риза болған діннің көрнекті қайраткерлері төртінші съезд аясында Мәңгілік Ел қақпасының жанында «Рухани жарасым» аллеясын ашып, оған көшет отырғызды.

- Неге Қазақстан осы ғаламдық бастаманы қолдаймын деп шешім қабылдады? Өткізілген конгресс әлемге және Қазақстанға не берді

- Сұрақтың бірінші бөлігіне қатысты, мен Елбасымыздың сөзін келтіргім келеді. Діни жетекшілердің алғашқы съезінде сөйлеген сөзінде Елбасы ғаламдық дін және өркениетаралық үнқатысудағы Қазақстанның орнын былай деп түсіндіріп өтті: «Көптеген ғасырлар бойы Ұлы Далада тәңіршілдікті, зороастризмді, буддизмді, христиандықты, иудаизмді, исламды және басқа діндерді ұстанған талай халық тату-тәтті тіршілік еткен. Бұл жер сонау баяғы заманнан қазіргі күнге дейін сауда және мәдени байланыстар арқылы Азия мен Еуропа арасын жалғап жатқан өзіндік бір өткел тәрізді. Ол бүгінгі күні де көптеген халық пен дін өкілдері үшін атақоныс» - деп нақты анықтама берді.

Астанада өткен төрт конгресс жұмысына ислам, христиандық, иудаизм, индуизм, буддизм және басқа діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдері қатысты. Съездің сұхбат алаңында діни қауымдар арасындағы рухани жақындасу хақында келелі әңгімелер болды, сондай-ақ әлем азаматтарына, халықтарына және үкіметтеріне арналған үндеулер қабылданды. Съезд алдағы уақытта да дәстүрлі діндерді ұстанатын қауымдар арасындағы тұрлаулы бейбіт өмір мен жарасымды баянды етуді көздеген талпынысы мен жұмысын жалғастыра бермек. Себебі, рухани жарасым – әлемді ырыс пен берекеге бастайтын жалғыз ғана жасампаз күш. Съезд жүріп өткен он жыл уақыт Президент Н.Назарбаевтың ұшқыр ойынан туындаған Астана дінаралық үнқатысуының әлем сахнасында дер кезінде пайда болғанын дәлелдеп берді.

Осы барлық конгресстер әртүрлі діндер мен конфессия өкілдерінің арасындағы байланысты жетілдіруде маңызды рөл атқарды, яғни әртүрлі дін өкілдері арасында сенімгерліктің және өзара түсіністіктің өсуіне алып келді, ол өз кезегінде біздің планетамызда үндестік пен бейбітшіліктің пайда болғанына қол жеткізудің ажырамас бөлігі болып табылады.

- Астанадағы болашақ дінаралық диалогқа Сіз қандай көзқараспен қарайсыз? 

-  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев төртінші форумда сөйлеген сөзінде осыған дейін өткен съездердің әлемнің «өркениеттер қақтығысының» шыңырауына құламауына біршама септігін тигізгенін атап өткен болатын. Шынымен де, осыған дейін өткен төрт съезд әртүрлі діндер мен мәдениеттерге негізделген өркениеттер мен қоғамдар қайткенде де бір-бірімен қақтығыспай қоймайды деген идеяның негізсіз екенін дәлелдеді. Мінеки алғашқы съезд өткен он жылдан бері Астанада болған барлық дінаралық форумға қатысқан діни жетекшілер диалог, өзара түсінік пен құрметтің барлық мәдени-діни қауымдар мен ұлттардың жарастығы мен қауіпсіздігін, берекесі мен өзара бейбіт тіршілігін қамтамасыз ете алатын планетамыздағы тегеурінді күш екенін дүниеге паш етуде. Бүгінгі сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлердің жаһандануы заманында Астана форумы діндер мен өркениеттер арасындағы ғаламдық диалогты ілгерілету саласындағы ізашарлардың бірі болып, өзара түсінік пен құрмет мәдениетінің орнығуына сүбелі үлес қосты. Жалпы Конгресс өзінің онжылдық тарихында Астана қаласындағы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамашылығымен құрылған дінаралық диалог әлемдік аренада маңызды әлемдік платформа болып табылатындығын дәлелдеді.

Автор - Нұрбеков Әлібек


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз