Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бағдарламаны жүзеге асыру Тарихи-этнологиялық экспедициялар, шетел мұрағаттарында жұмыс істеу Қазақстандық ғалымдар мен мұрағатшылардың жетекші шетелдік мұрағат орталықтарына ғылыми іссапарларының нәтижелері туралы ақпарат

Қазақстандық ғалымдар мен мұрағатшылардың жетекші шетелдік мұрағат орталықтарына ғылыми іссапарларының нәтижелері туралы ақпарат

06 Қараша 2013
125
0

Қазақстан тарихы мен мәдениеті бойынша жаңа мүрағат материалдарының анықталуы бойынша зерттеулер жүргізу мақсатында «Халық тарих толқынында» бағдарламасы іс-шараларының аясында ұлттық тарихты зерделеу бойынша жинақталған мұрағат және ғылыми-зерттеу материалдарын сапалы ғылыми талдау және жинақтау үшін сараптама жұмыс тобы кұрылды (ҚР БҒМ ҒК төрағасының 2013 жылғы 07 маусымдағы №25 бұйрығы).

Зерттеушілердің жұмыстарын тиімді ұйымдастыру үшін Қадамдық жұмыс жоспары бекітілді, мұрағат қоры мен кітапхана анықталды, Күнтізбелік жоспар әзірленді, 10 мемлекеттің шетел қорларына ғылыми іссапар ұйымдастырылды: Иран, Үндістан, Қытай, Египет, Түркия, Моңғолия, ¥лыбритания, Германия, Өзбекстан, Ресей, мемлекеттер бойынша 23 адамнан кұралған зерттеушілер тобының кұрамы мен жұмыс бағыты анықталды. Қадамдық жоспарды іске асыру үшін 15 млн. теңге бөлінді.

Ғылыми іссапарлар нәтижесінде: - Моңғолия, Қытай, Германияда арғы ата түрік халықтары тарихын (атап айтқанда, қазақ) ескі-, көне -, орта түрік кезеңдерді сипаттайтын көне, түрік руна тасжазуы, көнеүнді, қытай деректері негізінде бұрынғы көшпенділер тарихы бойынша тарихи айғақтар көшірмесі табылып, Қазақстанға жеткізілді, 2000 цифрлық фотосурет, сәулет ескерткіштері сызбасының 60 көшірмесі, түрік эпитафикалық ескерткіштерінің 28 көшірмесі әкелінді. Қазіргі кезде алынған материалдардың өңделуі жүргізіліп жатыр. Сирия, түрік (тасжазу), қытай деректерінің кеңейтілген материалдары негізінде Қазақстанның ғана емес, Орталық Азияның да көшпенді халықтарының географиялық қоныстануы және этникалық қүрылымы зерттелуі мүмкін. Жаңа материал көне түріктерде жоғары билікті мұрагерлік ету жүйесін орнатуға мүмкіндік береді;

- Египет, Иран, Туркия, Өзбекстанда түрік Хорезмшах тарихы, моңғолдар, ұйғырлар, барлық мұсылман билеушілерінің тарихы, Шыңғыс хан, Әмір Темір тарихы бойынша бағалы мұрағат материалдарының көшірмелері табылып, Қазақстанға жеткізілді, мұрағат материалдарының 177 көшірмесі мен шағын фильмдері, атап айтқанда, «Тарих-и ал-Салжүқ», «Тарих-и Жалаладдин Хорезмшах», «Маджа ал-ансаб», «Тарих-и ¥лжайту», «Китабкамил фи-т-та’рих» шығармалары - Қазақстан тарихының және Орта Азияның моңғолға дейінгі және моңғол кезеңіндегі, Мәуереннахр түрік тайпалары жайлы мәліметтер, түрік хандары, Түркістан қаласының сипаттамасы жайлы мәліметтерді қамтитын ерекше дереккөздер әкелінді;

- Кытай, Үндістан. Ресей. Ұлыбританияда Бодлеан жэне Британ кітапханаларында, Қытайдың алғашқы тарихи мұрағатында, Раза Әмірі кітапханасында, Рампур қ. (Үндістан), Хайдарабад қ. (Үндістан) Саларджанг мұражайында, Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатында сақталған құнды шығыс қолжазбалардың көшірмелері табылып, Қазақстанға әкелінді, мұрағат материалдарының 882 көшірмесі жеткізілді. XIV-XVII ғасырларда нақты тарихи оқиғаларды зерттеу үшін маңызды «Нұсрат-наме» және «Муиззал-ансаб» бірегей тізімдерді, сондай-ақ XVI-XVII ғасырлардағы қазақ хандары мен сұлтандарының тарихы жайлы Махмұд-бен Уали «Бахр-ал-асрар» шығармасын атап өтуіміз қажет. Қытайдың алғашқы тарихи мұрағатынан қазақ тарихына қатысы бар Цин Империясының 283 томды ( 2 812 құжат) мұрағат құжаттарының көшірмесі жеткізілді. Қазақ билеушілерінің хаттары арасында көршілес мемлекеттердің билеушілері Абылай хан, сұлтан Болат хан, Уәли сұлтанмен хат алысуы жайлы ерекше мәліметтер кездеседі.

Сонымен, Қазақстан тарихшыларының II Конгресі іс-шарасының аясында өткізілген, Абылай ханның 300 жылдығын атап өтуге арналған (2013 жылғы 5 қазан, Көкшетау қ.) Халықаралық конференциясында ұсынылған 3000-нан астам мұрағат құжаттарының көшірмесі (цифрлы фотосуретгер, сәулет ескерткіштерінің сызбасы, эпитафикалық түрік ескерткіштері, шағын фильмдер, каталогтар, карталар және т.б.) алынды. 

Жұмыстарды одан әрі жалғастыруды қамтамасыз ету, алынған материалдарды жүйелі түрде өңдеу, оларды жинақтау және сапалы талдау жүргізу мақсатында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты негізінде мұрағат материалдарын зерделеу бойынша Ақпарат орталығы құрылды. Орталық директоры - әйгілі ғалым-шығыстанушы М.Х. Абусейітова.

Экспедиция нәтижесі бойынша орталық шетелдік қорлар мен мұрағаттарда жүргізілген жұмыстар бойынша есеп дайындады. Шетелдік қорларда сақталған Қазақстан тарихы бойынша материалдар мен деректердің электронды-цифрлық қоры құрыла бастады.

Қазақстан тарихшыларының II Көнгресінің пленарлық отырысында қазақстандық тарихшылардың шетелдік мұрағат сақтау қорларындағы жұмыстарының қорытындысы жасалынды. Талқылау нәтижесінде Қазақстанның тарихы мен мәдениеті бойынша мұрағат материалдарын жинақтау жұмыстарын одан әрі жалғастыру жөнінде шешім қабылданды.







Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз