Басты бет Әдістік жабдықтар Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Дүниетанымдық үлгілер, тұжырымдар Іс-шаралар мен конференциялар Ғылым ордасында жас ғалымдар клубы аясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша “Халықаралық бағдарламалар орталығы”АҚ вице-президенті Ғалия Досмухамбетоваменен кездесу өтті.

Ғылым ордасында жас ғалымдар клубы аясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша “Халықаралық бағдарламалар орталығы”АҚ вице-президенті Ғалия Досмухамбетоваменен кездесу өтті.

29 Қазан 2013
27
0

Ғылым ордасында жас ғалымдар клубы аясында «Болашақ» бағдарламасы бойынша “Халықаралық бағдарламалар орталығы”АҚ вице-президенті Ғалия Досмухамбетоваменен кездесу өтті.

ҚР БҒМ 2013 жылғы 22 сәуірден бастап жергілікті жерлерде құжаттар қабылдай отырып, барлық облыс орталықтарында, Қазақстанның моноқалаларында құжаттар қабылдау ережесін түсіндіру бойынша кең ауқымды ақпараттық кампания өткізуде.

Осыған орай 2013 жылдың 13 қыркүйегінде “Ғылым ордасы” РМК-сы Жас ғалымдар клубының жұмысы аясында “Халықаралық бағдарламалар орталығы” АҚ вице-президенті Ғалия Досмухамбетоваменен кездесу өткізді. Кездесуге “Ғылым ордасының” Жас ғалымдар клубы мүшелері мен  ғылыми-зерттеу институттарының жас мамандары қатысты. Ағымдағы жылы «Болашақ» бағдарламасы мерейтойын атап өтеді. 20 жыл бұрын Республикамыздың Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев дарынды жастардың шетелде білім алуларына мүмкіндік беретін теңдессіз шешім қабылдаған болатын. Уақыт көрсеткеніндей, осы кезең аралығында «Болашақ» бағдарламасы түлектердің мансаптық табысты өсуі үшін нақты әлеуметтік жеделсатысы болды. Жалпы алғанда, Бағдарлама шеңберінде 9959 стипендия тағайындалды. Қазіргі уақытта 2436 стипендиат әлемнің 33 еліндегі 200 үздік университетінде оқуда. 20 жыл ішінде жалпы түлектердін саны 5788 жетті.

Кездесу білімдерін шет елдің беделді оқу орындарында жалғастырғысы келетін жас мамандардың  арасында қызығушылық тудырды. Жас ғалымдарды толғандырған маңызды сұрақтардың бірі степендия бөлінетін мамандықтар түрлері, талапкерлерді сараптау жолдары мен степендия жабатын  шығындар түрлері жайлы мәселелер болды.

Жиналғандарды тағы бір толғандырған шет тілін меңгеру мәселесі болды. Бұған Г.Досмухамедова магистранттар мен стажировкаға барам деушілер үшін тегін шет тілін оқыту бағдарламада қамтылғандығын мәлімдеді. Шет елде стажировка өту мүмкіндігі де жас мамандар арасында қызығушылық туғызды. Бұл ушін жас ғалымдардың 3 жыл жұмыс өтімі, соның ішінде 12- ай нақты ғылыммен айналысуы қажет екен. Жалпы  шет елде стажировкадан өту бағдарламасы өте тиімді екені анықталды. Бағдарламаның тағы бір тиімділігі заттай кепілдеме қоюдың қажетсіздігінде.

Бұдан әрі Халықаралық бағдарламалар орталығы вице президенті құжаттар тапсырудың ережелері мен степендия алам деушілерге қойылатын негізі талаптар жайлы әңгімеледі.

Жалпы алғанда, Бағдарлама шеңберінде 9959 стипендия тағайындалды. Қазіргі уақытта 2436 стипендиат әлемнің 33 еліндегі 200 үздік университетінде оқуда. 20 жыл ішінде жалпы түлектердін саны 5788 жетті.

Жалпы  «Болашақ» бағдарламасының негізгі міндеті өңірлер үшін кадрлар даярлау болып  табылады.

Енді стипендия әзірлеушісі ҚР Білім және ғылым министрлігі болып табылатын кадрларды шетелде даярлаудың бағдарламалы-мақсаттық әдісі принципі бойынша іске асырылатын болады. Оның мәні «Болашақ» бағдарламасының барлық стипендиаттарының жұмыс берушімен және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ-мен жұмыс орнын сақтау және жіберген ұйымда міндетті түрде жұмыс істеу міндетімен 3 жақты шарт жасалатындығында.

«Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысуға қолжетімділікті кеңейту мақсатында электронды мемлекеттік қызмет енгізілген. Қазақстан азаматтары конкурсқа қатысу үшін құжаттарын Қазақстанның кез келген жерінен Электронды Үкімет порталы арқылы тапсыра алады. Сонымен қатар кепіл мүлкіне қойылатын талаптар да алынып тасталды, кепілгерлік өлшемдері нақты бекітілді. Бұл шаралар ауыл тұрғындары үшін қолжетімділікті айтарлықтай кеңейтуге мүмкіндік берді. Өңірлерден үміткерлердің қатысуы 2011 жылы – 39% және 2012 жылы 47% өсті.

Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан-2050» стратегиясы-қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауын іске асырудың маңызды тетігі ретінде «Болашақ» бағдарламасының негізгі міндеті өңірлер үшін кадрлар даярлау болып  табылады. Ағымдағы жылы шығу брифингтері шеңберінде ҚР БҒМ өкілдері мақсатты аудитория: облыс әкімдігінің қызметкерлерімен, өңірлік ЖОО түлектерімен, ірі өңірлік компаниялардың инженерлік-техникалық қызметкерлерімен, медицина қызметкерлерімен кездесу өткізеді.  Құжаттарды қабылдау 2013 жылғы 18 ақпаннан бастап 1 қазанға дейін магистратура, докторантура, ғылыми, педагогикалық, медициналық және инженерлік-техникалық тағылымдамалар бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.

Конкурсқа шетелдік жоғары оқу орнына өз бетімен түскендер, мемлекеттік қызметшілер, ғылыми-педагог қызметкерлер, өңірлердегі жоғары оқу орындарының ағымдағы жылғы түлектері, медицина және инженерлік-техникалық қызметкерлер қатыса алады.

Бұл ретте магистратураға үміткерлер үшін шетелде 18 айға дейінгі, тағылымдамалар үшін 6 айлық тілдік курстар көзделген.

Сонымен қатар, стипендия алуға барлық кандидаттар үшін жас шектеулері алынып тасталғанын атап өткен жөн. Үміткерлерді іріктеу шет және мемлекеттік тілдерді білу, психологиялық даярлық, интеллектуалдық және кәсіби даярлығы деңгейін анықтау арқылы конкурстық негізде жүргізілетін болады.

http://gylymordasy.kz

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз