Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бір халық-бір ел-бір тағдыр Діндер мен конфессиялар Абай Құнанбаев шығармашылығында дін және иман мәселелері

Абай Құнанбаев шығармашылығында дін және иман мәселелері

16 Қазан 2013
891
0

Ар-намыс бостандығы ғана емес, сонымен бірге конфенссионаларалық келісімнің негізі болған төзімділік қазіргі қазақстандық қоғамның ең зор құндылығы болып табылады. Басқа иманы бар адамдардың қатынасында шыдамдылық нығайған, бүкіл халықтың ділдігі рухани мәдениет әсерімен құрылған, ал адам, өмірі, мүдделері және қажеттілігі оның орталығы болып табылады.Адам, оның мәні және шынайы өмір сүру жөнінде ойлаудың діни философиясында иман туралы мәселесі төңірегінде шоғырланған. Онда иман ерекше мәселе ретінде қарастырылады және адамның рухани әлемімен ғана байланыспай, таңдаудың дүбірлі өмірлік жағдайда пайда болатын бостандық мәселесімен байланысады. Абай Құнанбаев толғаныстарында иман ерекше құбылысының философиялық талдаудың үлгісі болып табылады. Оның діни көзқарастарының талдауы Абай Құнанбаевты қазақ халқының діни жетекшісі ретінде толық негізбен айтуға мүмкіндік береді.Абай Құнанбаевтың діни толғаныстары иман мәніне терең енушілікпен, адамның күнделікті өмірімен ажырағысыз байланысымен ерекшеленеді. Оның дін, иман, адамгершілік  туралы толғаныстары келесі ұрпақтардың рухани көрінісіне үлкен әсер етті. Абайдың құдай, иман, адам туралы өмір сүрудің көзқарастары оларға сананың мәнін түсіну арқылы ғана жетпей, сезім, қасірет талдауы арқылы да жетуде көрінді. Иманды талқылағанда ол өзінің діни көзқарастар, сезімдер, қасіреттердің өзін-өзі тексеру, өзін-өзі танудан шығады. Біз Құдай туралы ойлай, сезіне, күйзеле алатанымыз, ол үшін маңызды болып табылады. Ол өзінің пайымдауларында Құдайдан адамға емес, ал кересінші адамның Құдайға бару тәсілін қолданды. Осындай тәсіл С.Кьеркегор,  Л.Толстой,  Ф.М. Достоевскийге тән. Сондықтан олар құдай туралы түсінікті адамгершілік сақтаумен толтырады және Құдай адамның өмір сүрудің ар жағында тұрған  шектен тыс шындық емес екендігін көрсетеді және Құдай адам өміріне тікелей қатынасы бар, сонымен қатар адам жанының маңызды бір бөлігін құрайды. Олар Құдай және иманның мәніне ойлампаз еніп кетуі адамның бүкіл өмірін, көзқарасын, ресми догмасын қайта қарауға әкелетінің бірнеше рет атап өткен болатын. Оларға иман адамның рухани өмірінің өзінше анық көрінісі ретінде көрінді. Өзіне қасіретті қосқан ұғынушылық жалпы қабылданған діни көрінісі бар келіспеушілік және шиеленіспен жүрді. Ойлаушының ішкі ойында сенім күдікпен байланысты, бұл оның шығармашылығына ойдың ерекше алаңдаушылығын берді. Сондықтан оның толғаныстары экзистенциалдық үнге ие болады, сол себептен қазақ ақынның өмірі және шығармашылығы экзистенциалдық философиясының дін мен иман мәселелерінің талдау жарығында мүддені көрсетеді.   

  Абай шығармашылығы дін адам қатынасы бойынша сыртқы зат ретінде болмайтынын куәландырады, сол себептен ол оның рухани әлемінің ішкі құрылысы болып қалады. Ол әрқашан жалпы қабылданған діни көзқарастарға, шіркеу уағыздарына сенімсіздікпен қарады, оның ішкі өмірінде дін қызметшісі оқытқан иманға деген күдігі болды және қарапайым адамның мүдделерінен өте алыс деп санады. Абай өзінің бүкіл ғұмырында шариғат дінінің түсінігі негізінде иманды таянбай қорғады.  

 Абай шын иман сыртқы қолдауды қажет етпейтіні туралы діни ізденулерге сүйінді. Ол шіркеу мен оның қызметкерлері әдет-ғұрыптың адам үшін анықтайтын маңыздылығын мойындамай, Құдай туралы оқытудың мәнін саналы түрде бұрмалайтынына сенімді болды. Абай Л.Н.Толстой сияқты дінді иманға түйістіреді. Дін ол үшін таза рухани феномен, ал адам өмірінің мәні мен әлемдегі тағдырдың иманы мен түсінігі өзек ретінде болады. Сенімнің адамға деген тікелей қатынасы бар, дәл осы иман: адам қалай және не үшін өмір сүреді деген сұрағына жауап беруге көмектеседі. Оған қарағанда Абай Құдай-жаратушы болмысын мойындайды, ал Құдай мәнін жарату актісінде емес, адам өміріндегі махаббат, қайырымдылық, әділдікті орнатуында көрді. Құдайда адам өміріндегі руханилықты, ал адамдар арасындағы қатынаста қайырымдылық, адамгершілік және әділдікті нығайтатын көрсетулері Абай үшін маңызды болып табылады.

 Адам өмірінің өнегелі ұстауын анықтайтын діни сенімділік шынайы иман болып табылады. Оны ол үш аспектіде қарайды: біріншіден, иман адамның Құдай және әлемге, соңғының шексіздікке, өткіншінің мәңгілікке деген қатынасын анықтайды; екіншіден, иман адам өмірінің мәнін орнатады, үшіншіден иман адамның әлемдегі тағдырын орнатады. Иман – бұл әлемнің ар жағында тұрған адамның бір нәрсеге шектен тыс қасіреті емес, бұл әлемдегі өз тағдырын түсіну, өз өмірінің мәнін көрудегі адамның жан қабілеті. Иман өмірмен келісімде болу керек, оның талаптарына сәйкес болу керек. Шынайы иман адамның руханилығымен шарттастырылғанды талап етеді, одан саналы өмірді талап етеді. Абай дін мен иман  қатар жүреді деп санады. Дін – бұл адамның надандығын қолданатын табынушылық қызметшілердің нәтижесі. Дін жанкештілік пен соқыр иманды орнатады. Ақиқат иман – бұл Құдайдың шын мәнін түсінудегі адам қабілеті, әлемдегі өз орны жайлы зердесіне жету. Ақиқат иман – бұл сана жарығымен құрметтелген және жалған сенімге қарсылық білдірген иман. Абай былай жазған: «Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек». /1/ Ары қарай ол тәрбие, дәстүрлер, кітап оқу, молла сөздерінің әсерінен адамда қалыптасқан дәстүрлі иманды бөліп шығарады.  Осы иман адам жанында өзіндік ойлаулар нәтижесінде қалыптаспай, ал дайын ақиқаттарды игеру нәтижесінде қалыптасатындықтан, бұл иман еліктіру мен қызықтырғыштарға берілмеу үшін адамнан қаттылықты, жан қайраттылығын талап етеді, адамның үлкен рухани толғауларын және оның ішкі бостандығының жетілуін талап етеді. Ол Аллаға соқыр ұрпақпен еш қатысы жоқ адам жанының саналы қажеттілігі болып табылады. Абай иман адамның өзіне қажет екенін сендіреді: «Сен иман келтірмесең де, алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә инандың. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақтықпен қалса, саған пайда бермейді». /2/ Дінге сенген адам қарыз үшін құдайға көпес ретінде қараған кезде, Абай иманға деген пайдакүнемдік-сындарлы қатынасты қолдамайды: «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?»./3/ Ақиқат иман құдайшыл рухтың мәнін ғана түсінбей, адамдар арасындағы қатынастарда жақсылық, мейірімділік, әділдікті орнатады. Ақиқат иман – ізгілік өмірдің негізі және оның құндылығы мен маңыздылығы осында жатыр. Абай адам өмірінің мәнін сенімнен тікелей басыбайлығына қояды. Адамның барлық қайғы мен тауқымет, азаптарын ол иман мен оның жалғандығымен түсіндіреді. Иман адам өмірін толық, бақытты, көңілді етеді, себебі ол өмір мәнімен келіседі. Ол оған сенушілікті береді, қосарлағандықты, жан алаңдығын жеңуге көмектеседі. Жан тыныштығы, жан жарасымы имансыз мүмкін емес.

  Абай Құнанбаев адамның өнегелі өмірінде иманның жоғары тағдырын белгілеп көрсетеді. Оның жоқтығы мен қате түсінуі зұлымдық және қайғының басты дереккөзі болып табылады, игілік пен жақсылықты көрсететін иман қажет. Осындай ойды Абай «Қара сөздер» кітабында айтқан: «Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек... Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады». /4/ Иман жақсылық пен әділдік дереккөзі болып табылады, ол адам жүрегіне жолды ашады, адамгершілікті көрсетеді. Аллаға деген имандылық адам қатынасының қағидасы бола алатын адамзатты күнделікті өмірде көрсетеді. «Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ» немесе «Әділетсіз иман да жоқ, адамгершілік те жоқ» – деп Абай жазған. /5/ Адамды өзінің мүдделеріне қарсы шығу үшін не мәжбүр етеді?  Жақсылықтың сөзсіз құндылығындағы иман ізігілкті өмірдің негізі болып жүретініне Абай сенімді.

  Бірақ ол иманның өзі өсиет пайымдауына кепілдік бермейтіні туралы бірнеше рет айтқан. Жақсылық адамның өзіндік рухани күштерінің жолдарымен пайымдалады. Дәл осы жерде рақымшылықтың қажетті жолындағы сенімділігі керек.Күдіктер, өмірдің рухани негіздердің іздеулерімен бірге жүретін ауыр жол, ішкі жан дүниесінде ақиқат иманы бар адамдар ғана өтеді. Бірақ «Мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен» - деп Абай жазған. /6/ Иманға күш беретін дереккөздер адамның ішкі жан дүниесінде. Абай подчеркивает: «иман өзінен өзі пайда болмайды, ол әділет пен әдептілік арқылы пайда болады». /7/ Ары қарай Абай тек іждағатты намаз бен діни әдет-ғұрыптарды қатал ұстану ақиқат иман үшін жеткіліксіз деп көрсеткен. Адам әрқашан өзінің рухани  әлемімен жұмыс істеген жағдайда ғана  иман пайда болады: «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды». /8/ рақымшылықты ұстануы адамнан сирек ерлікті, рухани қажымайтындықты талап ететінін, жақсылық және жамандық, пайда мен махаббат арасындағы таңдаумен байланысты екендігін, күдік және қасіретпен бірге жүретінін Абай жақсы біледі. Жақсылықты жаманнан, ақиқатты алаңдаушылықтан айыра білуге, еліктіруден өтуге және барлық сындардан адамға абыроймен өтуге мүмкіндік беретін жалғыз тірегі болып табылады. Сол себептен иман адам өміріне, оның қасіреті мен мәселелеріне қатысып отырады. Өмірдің жөнсіздігі мен тәртіпсіздігі, оның құнарсыздығы мен мағынасыздығы, ауырпалық пен зұлымдықты адам иман арқасында жеңеді, ол оған қайраттылық пен қажырлықты, өз қабілеті мен күшіндегі сенімділігін береді. Ыбырай Алтынсарин өзінің ғибратты туындыларында ұлы Абай сияқты иман тақырыбын қозғайды. Ол Иовтың Құдайға деген сенімділігін өнегелі мысал ретінде келтіреді. Ыбырай айтқандай иман, пайымдау есептеулер арқасында құрылмайды. Иов Құдайды өмірді бақытты қылғаны үшін ғана жақсы көрмейді.Иов амандығы Құдайдың әділдік пен ақылдыққа сенуде, Иовтың өзі адал, таза, әділ болғандығында құрылған. Өмірдің тауқыметтеріне қарамай, қатал сынаулар жағдайында Иов Құдайға деген сенімділігін сақтады. Нағыз діншіл адам үшін иман маңызды болып табылады. Адам үшін ол қандай тірек бола алады?

  Абайдың діни іздеулері ақиқат иманды іздеуге ғана арналмаған, сонымен бірге адам өміріндегі санасын пайымдауына бағытталған. Олар үшін ақиқат иман әрқашан сана талаптарымен келісімде болады. Өткеннің діни-философиялық ойлауларында иман мен сана жиі бір-біріне қарсы болды немесе көмекші рөл берілген иман санадан жоғары қойылды. Иманды сана үшін ақылға симайтын деп санады, онда бір түсініксіздікті көрді. С. Кьеркегор ілімінде иман әдеттен тыс ретінде ашылады. Авраам туралы аңызды ол келесіні сызып көрсету үшін қолданады: «иман өлтірушілікті қасиетті және діншіл әрекетке айналдыра алатын оғаштық, Исаакты Авраамға қайтадан қайтаратын оғаштық, ешқандай толғауға бағынбайтын оғаштық болып табылажы, себебі иман ойлау аяқталатын жерде басталады». /9/ Л.Н.Толстой, Абай да иманды санадан бөлінбейтін ұғым ретінде қарастырады. Иман сана сияқты адамның жанының бір бөлігі болып табылады, сондықтан олар бір-бірімен байланысты. Иман сананың өзі орнататын шекараны белгілейді.   Сондықтан иман ақыл жетпейтін құпиялар, шындыққа жанаспайтын кереметпен байланысты емес. Иман өмір мәнін, адал ниеттілікті және жақсылықтың жалпыға бірдейлігін, мейірімаділік, әділдікті түсіндіру үшін қажет, себебі олардың пайыдауы үшін бір сана жеткіліксіз. Осы мәселелер санамен қойылатындықта иман мен сана байланысы тұрады: «Иман сана жауап бере алмайтын сұрақтарға жауап бере алады, бірақ ол сол сұрақтарды өзіне қоя алмайды». /10/ Ол үшін иман шын санаға көз жетушілік болып табылады, ол біле алатын ұғымнан басқа ұығымды біле алмайтындығын түсінеді. Л.Н.Толстойға қарағанда Абай иман мен дінді бір-бірінен бөліп көрсетеді. Дін ол үшін өз санасымен пайда алмайтын және пайдалануға тілегі жоқ адамның надандығы болып табылады. Ақиқат иман – бұл ең алдымен, саналы иман, ал «дін сана тоқтап қалған жерде пайда болады». /11/  Иман өмірге деген саналы жолды, түсінікті және мәнінің зердесіне жетуді талап етеді. Әйтпесе, оның көзқарасы бойынша ол соқыр иман мен жанкештілікке айналады.

  Сонымен, Абайдың иман және дін туралы философиялық толғаулардың ерекшелігі –  Құдайды онтологиялық аспектіде қарамай, ал оны адамның субъективті әлемі арқылы бүгейтінін анықтайды. Ол адамның діни ұғынушылықтың арнайылық пен бірегейлігін зерттейді және адамның бүкіл тұрмыс өміріне әсер ететін зерделі адам санасындағы мәнін көреді. Осы ойшылдың шығармашылығына мұндай жақындауы діни ілімнің ерекшелігі мен жаңашылдығын ашуға көмектеседі. Бұдан басқа оның дінге деген көзқарастары Абайға Л.Н.Толстой әсер еткенімен ғана түсіндірлмейді, сонымен қатар басқа ойшылдар әсер еткенін атап өту керек. Абай өз толғауларында өзін дербес және бірегей ойшыл ретінде көрсетті. Бұл философиялық идеялардың даму логикасы ілімдер жалпығы мен үндестігін туындыратын үлгі болып табылады.

К.М.Науанова, филосифия ғылымдарының кандидаты,

  доцент М.Өтемісов ат. БҚМУ

1. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.26

2. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.62

3. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.29

4. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.47

5. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.68 

6. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.26

7. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.67

8. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.25 

9. С. Кьеркегор «Страх и трепет».// С. Кьеркегор «Страх и трепет»,  М., 1993, с.52

10. Л.Н.Толстой «Круг чтения». // Л.Н. Толстой «Круг чтения»,  М.,1991,т.2,с.182

11. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.47 


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз