Басты бет Қазақстан тарихы Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан Қазақстан азаматтық қарсыластық кезеңінде Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстар

Оңтүстік Қазақстан және Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстар

28 Қазан 2016
637
0

 

 

9109abbc870613c7aac3726827147ab8.jpg

Негізгі идея Кеңестердің осы аймақтың көптеген халықтарын феодалдық езгісінен босатуында және оларға саяси өзін-өзі билеу құқығын беруде болды.

Осы көзқарасқа сәйкес басмашылық бас жағында байлар мен мұсылмандық дін басылар тұрған кертартпа қозғалыс ретінде қарастырылды, ал еңбек диқаншылығы жаңа өкімет жағына сөзсіз ауысты. Бірақ кейбір материалдар кеңес өкіметі және жергілікті қалың бұқара топтары арасындағы үлкен қарсылықтар туралы көрсетеді. ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында  Орта азия аймағы бойынша әскери қылмыстар көлемдері басмашылық қозғалыс пен Кеңестер қызметінің іс-әрекетін қайта қарауға мәжбүр етеді.

Орта Азияда ұлт-азаттық қозғалысын дамыту үшін Қазан төңкерісінің әсері күшті болды . 1917 жылдың қараша айының соңғы күндерінде мұсылмандардың IV съезі Қоқан автономиясының құрылуын – аумақтық бірігуін, большевиктер өкіметінен  азат болатыны  туралы жариялады. Автономия жетекшілері Мадамин-бек және Мұстафа Шоқай болды. Жаңа қоқан өкіметі большевиктік партия өкілдерінің автономия билігіне енгізуден бас тартқанда, Түркістан республикасының Совнарком төрағасы Ф.И.Колесовтың жетекшілігімен Қоқанға жазалаушы жасақ жіберілді. Кеңес тарихнамасында Колесовтың әскери жорығы жергілікті тұрғындар көмегін ала отырып, жасалған азаттық жорығы ретінде қарастырды. РӘК мүшесі Березин 1921 жылы 31 шілдеде баяндамасында Колесов әрекетін былай деп сипаттады: «Қоқан оқиғасы қаланың қаруланбаған мұсылмандық көпшілігі (пролетарлық және шағын буржуазиялық) үшін шын мәнінде қанды қырғын болды. Осы қанды қырғын әсері еңбек етіп жүрген мұсылмандарды ұлттық наразылық уымен ұзақ уақыт уландыруы қажет еді, олардың жүздеген, мыңдағандарын Иргаштың бандасымен бірге елдің түпкіріне таман, орыс өкіметі үшін қолы жетпейтін аудандарына қайта шегінуге мәжбүр етуі тиіс еді. Бұл міне сол басмашылық толқынының соңғы сәтінде, Ирғаш, Мадамин-бек, Түйші және басқалар ұлт қаһармандары ретінде шықты. Бұл кезде Березин былай деп жалғастырады: «Тағдырына Ирғаш және өзгелердің тобымен күресу тапсырмасы түскен Қызыл гвардияшылар жасағы ең алдымен белгілі бір қылмыстық элементтерден құрылды. Әрбір жорықта жергілікті тұрғындарды жаппай тонау, зорлау,  өлтіру орын алды, бұл жорықтардың патша өкіметінің жазалаушы жасағынан еш айырмашылығы болған жоқ. Осы жасақтардың таулы жолдарында әрқашан өліктер үймесі толып жатты». Бұдан әрі Березин басмашылар арасындағы шығындары мен олардың нақты санын салыстырды: «Басмашылықпен күресудің үш жылы ішінде басмашылардың 300 мыңға. дейін жойылғаны туралы мәліметтер жеткізеді (басым мәліметтер алғашқы жылдарға дәл келеді), сол уақытта басмашылар топтары ешқашан 15 мыңнан асқан жоқ.  Демек, бізде  басмашылықты тарату емес, ал еңбек диқаншыларының жүйелік жойылуы бар».

Орта Азияда қызыл террор саясатының маңызды жасаушысы кепілдік институты болды. Басмашылар партизандық тактиканы ұстанып, ашық қақтығыстардан жиі қашып отырды. Осыншама кең таралған кепілге алушылық кеңес өкіметінде басмашыларды ашық соғысқа шақырды немесе басмашылардың өздері жақын туыстарының өмірін сақтау үшін берілуге мәжбүр болды. Тұтқындарды тұтқынға алу және атып тастауға тапсыратын жарлықтардың бірі мынандай болды: «Егер басшылар 15 күн ішінде айыбын мойындап келсе, қаруын тастаса, оларға рақымшылық жасалынады, ал егер келмесе, 15 күннен кейін олардың мүліктері тәркіленеді, егер бұдан кейін белсенді қарсылықтар жалғасса, тұтқындар атып тасталынады». Жан-жағынан алып қарағанда облыстық штабтың кейбір қолбасшылары бейбіт азаматтарды, басмашылардың жақын туыстарын, соның ішінде әйелдер мен балаларды атып тастауға қатысты. Осылай Самарқан облысы әскерінің қолбасшысы Снитко 1922 жылдың қыркүйегінде Ташкентке хат жазған кезінде Бахрам, Очиль, Хамарқұл, Зиятдин және Шахриар сықылды басмашылар жақын арада қаруларын тастамаса, онда ол барлық Самарқан уездінің тұрғындарына соғыс жариялайтынын, ал аталғандардың бес туысын өзіні жеке атып тастайтыны туралы жазылған.

Алғашқыда басмашылық жасақтар аймақтағы Кеңестің басқыншылық саясатына наразылық білдірген жергілікті тұрғындарынан  құрылды. «Әдетте басмашылардың сиреген жасақтарына біздің қолымыздан бұзылған қыстаулардан тұрған, соғыс әрекетінен зардап шеккен тұрғындар қатыстырылды, сонымен бірге біз өзіміз осы басмашылардың себепкері болып табыламыз», - деп, Орта Азия (б) РКП ОК мүшесі азамат Төреқұлов ферган сұрағы бойынша өз баяндамасында атап өтті.

Осының үстіне қоса, кеңес өкіметі аймақтың этно діни спецификасын мүлде есепке алғысы келмеді. Мешіттер мен медреселердің жабылуы, мұсылман соттарының таратылуы діни сезімдерге үлкен қорлықты тигізді және жергілік тұрғындар арасында жай наразылығын білдіріп қоймай, кеңес өкіметінің қатынасына деген жек көрушілік және ымырасыздықты тудырды. «Ғазауат» соғысына шақыру барлық Орта Азия бойынша таралды. 1918 жылдың ақпан айында Қоқан автономиясының құлауы және 1920 жылдары Бұхара мен Хорезмді алуы жергілік тұрғындардың кеңес өкіметі арасындағы арақатынасты шиеленістірді.

Кеңес өкіметінің қызметіне ауысқан жергілікті тұрғындар санынан шыққан көптеген жоғары қызметтегі әскерлері де мүмкіндік болған жағдайға өздерінің наразылығын білдірді. Самарқан облысы мұсылман әскерінің бастығы Ачильбек Гази Кеңестер жағында болған, саяси террорға деген кінәлаушылығымен Самарқан ревкомына жолдады. Ол былай деп жазған болатын: «Сіз біздің қағидаттарымызға қарсы бардыңыз, бостандығымызды таптап тастадыңыз. Сіздер большевиттік өкімет атынан бізді қудалай бересіз, халықты қудалай бересіз, сіз әдейі орыстар мен еврейлерген басмаштар жаман элементі және оларды жою керек, немесе олар сендердің бастарын алады деп хабарлайсыз. Азық-түлікті және басқа керек нәрселерді біз халықтан қару-жарақ көмегімен аламыз, себебі біз басқа амал жоқ. Тұрғындар бізге өз еркімен ештеңені бермейтінін сіз жақсы білесіз. Осыған қарамастан сіз тұрғындар бізге көмектеседі деп қыспақтай бересіз. Тұрғындар сіздердің барлық салықтарын орындайды».

Орта Азиядағы жазалаушы операцияда МСБ рөлі туралы сұрағы пікірталасты болып қалады. Кеңес кезңінің тарихи әдебиетінде Орта Азиядағы МСБ қызметі контреволюциялық элементтермен күресі сияқты бағаланды, ал МСБ қызметкерлері тұлғаларының өздері әрқашан шын батырлар тұлғасы ретінде ұсынылды. Осы жағдайға қарама-қарсы қазіргі, посткеңестік тарихнамаға бірнеше рет тезис шығарылды, сол тезиске сәйкес тап сол МСБ Орта Азиядағы террор саясатының негізгі құралы болды, ал МСБ өкілдеріне аймақтағы аса ауыр қылмыстар белгіленді. Бірде бір көзқарас нүктесі шынайы жағдайға сәйкес келмейтінін белгілеу керек. Әрине, МСБ-ның Орта Азия репрессияларына қатысуын мойындамауға болмайды, бірақ тап сол МСБ қызметкерлері 20-шы жылдардың басында Мәскеу мен Ташкентке өздерінің хабарламаларында бейбіт тұрғындары қатынасы бойынша орынсыз терроры туралы хабарлады, сонымен бірге Қызыл әскер командирін және қатар құрамын бейбіт тұрғындарын заңсыз атып тастағыны үшін қатал жазалауды ұсынды. Қазан қозғалысынан кейін Орта Азиядағы басмашылық қозғалыстың пайда болуы кеңес өкіметінің ірі аумақтық террорлық саясатына жергілікті халықтың өткір кертартпасы болды. Жергілікті қалың бұқара топтары өмірдің көпғасырлық әдет-ғұрпын ауыстырғысы келмей, әдетті діни құндылықтарынан айырлығысы келмей, әлеуметтік құрылыс идеяларын түсіну үшін  мүлдем қабілетсіз болды және ортаазиялық аймақта басқыншыл, тоқтаусыз орыс экспансиясына  барлық күштерімен қарсы тұрды.

Степанов В.В.

(М.Қозыбаев атындағы СҚМУ)

 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз