Басты бет Қазақстан тарихы Ежелгі Қазақстан Қола ғасыры Андронов тайпаларында балаларды жерлеу салттары туралы

Андронов тайпаларында балаларды жерлеу салттары туралы

11 Қазан 2013
383
0

Үнді-еуропалық мәселелер айналасындағы дауларға байланысты индоария ежелгі тайпаларындағы балаларды жерлеу өзіндік дәстүрінің пайда болу сұрағы ерекше мүддені шақырады.Б.з.д. 2 мың жыл бұрын арийлер Балқаннан Енисейге дейінгі және солтүстік Қытайдың кең аумағын мекендеген белгілі. Б.з.д. 2 мыңжылдықтың соңғы үштен бір бөлігінде олар  климаттық жағдайларға байланысты қозғалысқа келді. Кейбіреулері протославян этногенезін құрып, Еуропаға қоныс аударды. Бір бөлігі Үндістанға, басқа бір бөлігі Иранға ауысты. Б.з.д 2 мыңжылдықтың басында Шығыс Еуропа мен Қазақстанның далалық бөлігінде ерекшеленген арийлік тайпалар үнді-еуропалық тіл мен мәдени қоғамына жатты, сол жерде осы тайпа қазіргі ғылымға шегендік және андроновтық мәдениеттердің тасымалдаушысы ретінде танымал болды. Балаларды жерлеу дәстүрін зерттеу және талдауы Қазақстан және Батыс Сібір аумағында андроновтардың жерлеу дәстүрін жаңадан түсіндіруге мүмкіндік береді.

Мал шаруашылыққа ауысуы адамдардың қоғамдық арақатынастарында өзгертулер мен ер адамдардаың әлемеуттік мәртебесін көтеруімен шарттасылған «патриархатты» («әке руы») орнатуға тартты.Әрине осының барлығы балаларды жерлеу салтына әсер етті.

Андроновтардың діни ұғымдары мен имандары ең алдымен күнге табынушылықпен байланысты болды.Бұл андроновтардың жерлеу дәстүрінде ерекше айқындалады. Айналма тас дуалдары, мәйітті күйдіру және оның үстіне жосаны себуі, жерлеу салтында оттың болуы – осының барлығы адамның күн мен отқа деген қатынасын айқындайды.

Андроновтардың жерлеу салты – бұл мәйітті күйдіру немесе тас, ағаш құрылымдарымен мәйітті мазар шұңқырына салу. Бөлек обалардың жоғы және мазар шұңқырында, оба үймесінде жерлеу асының болуы барлық кезеңде андроновтық жерлеу кешеніне тән. [А.А. Плешаков, Ежелгі және ортағасырдағы Қазақстанның мәдениеті. Петропавл: 2004 – 207 с.С.110.]

О дүниемен өзара байланысты орнату үшін адам қажеттілігі, тірі және киелі шынның тұтастығы ретінде түсінігі жерлеу салты болып табылады. Ол қоршаған әлеммен қатынасу құралы болып, социумнан шектен тыс адам қатынасының аясын кеңейтеді.

Осы даму кезеңнен бастап, келесі үрдіс қарала бастайды. Балаларды жерлеу басым бөлігі – бұл ер балаларды жерлеу. Әрине, балаларды жерлеуі қыздарды жерлеуден басым болатынын жобалап айтуға болады, себебі ер балалардың физиологиясы қыздардың физиологиясынан әлдеқайда әлсіз болып келеді, осының бәрі ер балалар арасындағы өлім-жітіміне әкелді. Алайда, бұл андроновтықтардағы ер адамдардың әлеуметтік мәртебесі ауысымының жаңғырығы туралы көзқарастар бар. Осыған дәлел ретінде келесі фактіні көрсетуге болады. Ересектердің жерлеу салтынан айырмашылығы жоқ. ІІ Бағанаты мазарында, балалардың жерлеуінде қой сүйектері табылды, сол ойынды қазір асық деп атайды. Сол ойынды тек ер адамдар ғана ойнай алады [«Қазақтар» тоғыз томдық анықмалық. Алматы: баспа үйі «Білім», 2003 – 119 с.С.109.]

Бұл мысал бізді келесі гипотезаға итермелейді. Андронов дәуірінде балаларды жерлеуі екі әртүрлі бөлікке бөлінді. Бір жағынан қыздарды жерлеу қарапайым салты, ал екінші жағынан әлеуметтік сөздің астары бар, ер балаларды жерлеу қиын салты. Бұдан басқа ер балаларды жерлеу салты мен балаларды салттық құрбан шалуға көңіл бөлгім келеді. Бірақ адамдық құрбан шалу,  әсіресе балаларды құрбан шалуы андронов мәдениетінде ауқымды нысаны болған жоқ және әрқашан ерекше сипатқа тән болғанын атап өту керек. Фрезердің «Алтын бұтақ» жұмысының «Адамдар классикалық көне заманда бөтен күнәларды кешіретін рөлі» тарауымен параллельді келтіруге болады, сол тарауда бөтен күнәларды кешіру үшін құрбан шалу салтына әйел немесе бала, ал нақты айтқанда ер бала жақсы келеді. Салттық әдет-ғұрыпта деректі байланыстар емес, ал символдық байланыстар жүзеге асырылады. Әрине әлеуметтік мәртебе бойынша балаларды жерлеу салтын бөлумен теңдестіреді.

Сонымен бірге балаларды жерлеу салтында ауыр мерзімдік сипаты бар.

Зерттеулерде бірнеше рет қола дәуірінің қорымда жерлеудің мерзімдік сипаты туралы гипотеза айтылған болатын. Жерлеу жылы мерзімде ғана өткізілді, бұл  жөнінде жануарларды құрбан шалу туралы деректер айтады. Қыс мезгілінде қайтыс болған балаларды бірден жерлемей, көктем мезгілі басталғанға дейін жерлеген. Кенет континенттік ауа райы аумағында мекендеген тұрғындарында қыз мерзімінде бала өлімі қатты өсуі керек. Қазіргі уақытта да суық жыл мерзімінде адам ағзасының иммунитеті әлсіз болған жағдайда, қарапайым суық шалғаннан, жұқпалы аурулардың қаупі пайда болады. Ықпалды дәрілер, дәрумендер мен орталық жылуы болмаған қола дәуірінде жаңа туған балалар мен жасы үлкен балалар да жазбен салыстырғанда қыс мезгілінде жиі қайтыс болуы керек еді. [Е.В. Куприянова, Оңтүстік Оралдың арғы жағындағы қола дәуірінің қорымда балалардың ұжымдық жерлеу себептері туралы мәселесіне. // ІІ аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың материалдары. Челябинск, 2004.]

Қыс мезгілінде қайтыс болған балалардың жерлеу  көктем мезгілінде жерлеу салты болып табылатынын айтуға болады. Сонымен бірге Д.Д.Фрезер «Алтын бұтақ» шығармасының «Қоғам үшін құрбан шалатын жандылар» тарауында адамдардың құрбан шалу мерзімділігі туралы жазған болатын. «Соқтығудан жалпы тазартуы жиі түрде өткізілген жағдайда, салт арасындағы үзілісі бір жылға тең болады, ал осы салттың жүзеге асырылу кезеңі тез арадағы өзгеретін жыл мезгіліне сәйкес келеді…[ Д.Д. Фрезер Алтын бұтақ. Мәскеу: Саяси әдебиеттің басылымы, 1980 – 831 с. С. 639]

Осының барлығы андронов тайпаларында балаларды жерлеу салтында ауыр әлеуметтік уәждемесі туралы айтады.

Б.А.Калиев

(М.Қозыбаев ат. СҚМУ)

Әдебиет:

1.  Плешаков А.А. Культуры древнего и средневекового Казахстана (учебно-методическое пособие по истории и археологии Казахстана). Петропавловск, 2004-207с.

2.  Зданович Г.Б. Бронзовый век урало-казахстанских степей. Свердловск, 1988-177с.

3.  Плешакова А.А, Баев А.В., Мартынюк О.И. Могильник эпохи бронзы Баганаты 3. Петропавловск, 2005– 82 с.

4.  Девятитомный популярный справочник «Казахи». Алматы: издательский дом «Білім», 2003 – 119 с.

5.  Куприянова Е.В. К вопросу о причинах детских коллективных захоронений в некроплях бронзового века южного зауралья. // Материалы II региональной научно-практической конференции. Челябинск, 2004.

6.  Фрезер Д.Д. Золотая ветвь. Москва: Издательство политической литературы, 1980 – 831 с.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз