Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасы Уақыт – байланыстырушы желі

Уақыт – байланыстырушы желі

03 Қазан 2013
206
0

Қазақстанда туған өлкенің шежіресін зерделеу бүгінгі күні жоғары дәрежелі мағына береді және президент Нұрсұлтан Назарбаев біздің алдымызға тарихи процесстерден ауытқымай тарихты жазу керек деген дұрыс міндеттер қойды. Мемлекет Басшысы бастамашылық еткен «Халық тарих толқынында» атты мемлекеттік бағдарламасы ұлттық тарихты қалпына келтіруге, өткен кезеңдерді дәріптемей объективті акценттерді орналастыруға және тәуелсіз Қазақстанның он екі жылдық тарихын жан-жақты жазуға бағытталады.

Жаңа әдіснама базасында тарихи ғылымның сапалы серпілісін жүргізу керек деп – алдына мемлекет міндеттер қойған  ғалым-тарихшылардың, зерттеушілердің рөлі өсті. Ұлттық тарихты зерделеу жаңа көзқарастарды, түбегейлі талдауды және ғылыми ойларды талап етеді. Міндеттер өзінің көлемі бойынша ауқымды, алайда еліміздің ғылыми әлеуеті де жоғары екендігін ескергеніміз жөн, - деп айтты мемлекеттік хатшы Марат Тәжин.

Тарих ғылымы жаңа, әлеуметтік және жеке маңызға ие білімді білдіретін институт ретінде қоғамда осы білімді таратудың нысанын және технологиясын әзірлеуге шақырады, яғни оның алдында тарихтың пайда болу мәселелері тұр. Тарихи білім оқушылардың құнды бағдарларын, олардың ұлттық-мемлекеттік және жеке сапасын қалыптастыратын жүйелі білім беруге шақырады. Маңыздылардың бірі деректі тарихи ескерткіштер болып табылады. Мұрағаттық құжаттар, ісқағаздары, алғаш басылып шығарылған кітаптар мен оқулықтар – оның барлығы тарихты зерделеу үшін кең таралған алаң. «Ғылым ордасына» кіретін сирек кездесетін кітаптардың мұражай қоры осындай құжаттардың және кітаптардың 890 бірлігін санайды, оның ішінде 392-сі – бұл ежелгі қолжазбалар, хаттар және сирек кездесетін кітаптар. Бұл жерде хронологиясы XVIII ғасырдың басынан басталатын материалдар шоғырланған. Мұражайда Қазақстанның ғылымы мен мәдениетін дамытуға орасан зор үлесін қосқан ғалым-ағартушылардың алғашқы еңбек басылымдары, сонымен қатар қазақ ауызша шығармалары басылған алғашқы кітаптар бар. Бұл жерден тағы да қазақ халқының этнографиясын, әдебиетін және тарихын зерделеген ғалымдар кітаптарының топтамасын, XVIIІ–ХІХ ғасырлардағы жазушылардың сол кездегі басылымдарын көруге болады.

Бірегей  мұражай экспонаттары халқымыздың әртүрлі ғасырлардағы рухани мәдениетін ашады. Алтай тауының баурайынан және Тарбағатай шатқалынан табылған қазақ жеріндегі ескі хаттар, сондай-ақ ежелгі түрік руна жазуы баға жетпес байлық болып табылады. Құндылықтар ұлттық баспасөздің пайда болу алғышарттарын және тарихи фактілерін, алғашқы қоғамдық газеттердің тарихын және тағдырын зерделеуге мүмкіндік беретін қазақстандық басылымдарды ұсынады.

Тарихи зерделеулер біздерді алдыңғы ұрпақтардың тұрмысымен, сәулетімен және мәдениетімен тікелей таныстыратын археология секілді әдістер мен тәртіптерді бұрын интегралдады.

Барлық осы жұмыстардың өзектілігі бүгінгі күні жүргізілген зерттемелік әзірлемелер әртүрлі ғылыми жарияланымдарда және оқу құралдарын жазған кезде тәжірибеде іске асырылатындығымен расталғанын атап өткен жөн.

Қазақстан – ата-бабаларымыздың бай тарихын және мәдени мұрасын иеленуші. Тарихты зерделеу әрқашан да барлық уақыттарда өзекті болып табылады. Өзінің құрылу көзін білетін, тарихи түп тамырын құрметтейтін мемлекет – ол ақиқат жолынан адастыру қиынға соғатын күшті мемлекет.

Роза Карибжанова

«Ғылым ордасы» РМК-ның бас директоры

“Литер” күн сайынғы республикалық қоғамдық – саяси газет.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз