Басты бет Е-ресурстар Электронды мұрағат Ежелгі дүние артефактары Археологиялық зерттеулер Торғай геоглифтері

Торғай геоглифтері

30 Қыркүйек 2013
1506
5

«Геоглиф» термині – қазіргі таңда әдетте ұзындығы 4 метрден жоғары геометриялық немесе бейнелі айшықтар салынған жерлерді белгілеу үшін кеңінен қолданылады. Геоглифтерді жасаудың екі тәсілі бар – айшық желісі өтетін жерге топырақ немес тас себу арқылы, айшықтың параметрі бойынша жер қыртысының жоғарғы қабатын алу немесе керісінше. Көптеген геоглифтер соншалықты үлкен, оны тек қана жоғарыдан көруге болады (ең атақты мысал – Наска геоглифтері).

bd9953fcf7ea164728fe7d067e1fab01.jpg

 Торғай облысының аумағындағы геоглифтер Google бағдарламасының ғарыштық түсірілімінің көмегімен 2007 жылы ғарыштық түсірілімдерді зерделеу нәтижесінде табылды. 2007-2009 жылдары барлығы 10 геоглиф табылды. Қазіргі таңда Қостанай облысының аумағында орналасқан геоглифтердің бірнеше түрлері белгілі:

-  төрттаған (Үштоғай төрттағаны);

-  свастика (Тор­ғай свастикасы);

-  Екідін кресі, Ащытасты крестер;

-  сақина және т.б.

Екі сызық түрінде, және т.б. археологтардың болжамдарына қарағанда, олардың жасы шамамен біздің жыл санауымыздан бұрынғы 2-10 мың жыл. Оның дәл жасын алғашқы артефактілік жәдігерлер табылғанда ғана анықтауға болады.

2007 және 2008 жылдары жазда Торғай археологиялық экспедициясы үш объектінің (Үштоғай төрттағаны, Торғай свастикасы, Шіле төрттағаны) зерттеу бойынша барлау жұмыстарын ұйымдастырды.

Үштоғай төрттағаны (фото 1.1) Қостанай облысы Амангелді ауданының Үштоғай кентінің шығысында 15 км орналасқан, қиғаш сызықты белгісі бар, төрттаған айшығы тәрізді. Диаметрі 10-12 м, биіктігі 1 м 101 үйіндісі бар айшықтан құрылған. Төрттаған қабырғаларының ұзындығы 287 м, қиғаш сызықтың ұзындығы 406 м. Барлау жұмыстарын жүргізу барысында айшық қиғаш сызығында орналасқан  бір үйінді қазылды (төрттаған ортасынан оңтүстік-батыс бағытқа қарай үшінші үйінді). Үйінділер диаметрі 0,2 метрден күрекпен қазылды, құмдары қазу жұмыстарының сыртына шығарылды және бульдозермен ысырып тасталды. Стратиграфияны зерделеу үшін 3-В желісі бойынша пішін қалдырылды. Стратиграфиялық үйінді келесі (1 сурет):

8ead8c7bf2c6544f2cb3d7fbb6a7997b.jpg

-  борылдақтың жоғарғы қабаты қуаттылығы 0,15 м дейін (құм қабат) тығыздалған саз;

-  саздың төменгі қабаты жалпы қуаттылығы 0,6 м дейін қоңыр және сұрлау-қоңыр;

-  төменгі қабат қуаттылығы 0,2 м дейін ақ қосылған сұрлау-қоңыр;

-  оған материктік сары-қоңыр түсті саз төселген.

Үйіндінің астынан қалдықтардың құрылымы анықталмады.

Үйіндінің өзінен ескерткіштің күнін қоюға мүмкіндік беретін ешқандай белгілер табылмады.

Қолда бар деректерге сәйкес, объектінің қазылған учаскесінің имаратын мынадай үлгіде қайта құруға болады: жер қыртысынан диаметрі шамамен 10 м алаң тазартылды, содан соң алаңның үстіне үйінді шығарылды. Құм негізінен имараттың сыртында орналасқан аумақтан алынған.

Өкінішке орай қолда бар деректерге сәйкес, ескерткіштің күнін белгілеу мүмкін емес, тек қана үйіндіні құрайтын жер қыртысының жоғары тығыздығына сәйкес, үйіндінің жайпақ баурайын және тепе-тең қатып қалуын ескере отырып, объектінің имараты мүмкін орта ғасырға дейін жасалған болар.

Торғай свастикасы (1,3 сурет) Қостанай облысы Амангелді ауданының Үрпек кентінің түкпірінде орналасқан. Геоглиф үш сәулелі свастика нысанында жасалған үйінді тәрізді. Әрбір сәуле ирек тәрізді пішінмен аяқталады, соңы сағат тіліне қарсы иілген. Үйіндінің биіктігі 0,3 м дейін, сәуленің ұзындығы шамамен 33 м, тұғырдың ені  13-15 м, аяқ жағының ені 10-12 м. Ирек тәрізді пішіндегі ойпаттың ұзындығы 4 м, тереңдігі 0,3 м дейін. Свастиканың айналасы шамамен 90 м қамтиды.

Имаратқа жақын орналасқан жерде диаметрі 10-15 м, биіктігі 0,2-0,3 м шұңқырмен қоршалған кішкентай үйінділер бар. Объектіде, оны бұзбау үшін жер қазу жұмыстары жүргізілген жоқ. Аталмыш имараттың күнін белгілеу, қолда бар деректерге сәйкес қола дәуірінен ортағасырға дейінгі аралықта болған. 

Шиелі төрттағаны (1,2 сурет) Қостанай облысы Арқалық ауданы Қайыңды кентінің батысында орналасқан. Шиелі төрттағаны төрттаған алаңында құрылған, сыртқы жағы валмен және шұңқырмен орналасқан. Төрттаған қабаттарының ұзындығы шамамен 225 м. Күшті толқынның ені 10-12 м, биіктігі 1-1,5 м, шұңқырдың ені 10-12 м, тереңдігі 1 м дейін. Оңтүстік жағында вал және шұңқыр тәрізді имаратқа кіретін жері бар.

Төрттағаннан оңтүстікке қарай жүз метр жерде жазық шыңда қорған бар, үйінді жерден тұрғызылған, үйіндінің диаметрі 30 м, биіктігі 1,5 м, 10 м дейін дөңгелек шұңқыр бар, тереңдігі 0,8 м.

Төрттағаннан солтүстікке қарай жүз метр жерде жазық шыңда дөңгелек вал тәрізді алаңды білдіретін және төрттағанның параллельді  сыртында желі орналасқан бес қорған салынған. Дөңгелектің диаметрі 30-35 м, валдың ені 4-5 м, биіктігі 0,2-0,3 м.

Төрттаған ішіндегі алаңның жоғарғы жағы тегіс, көзбен қарағанда ешқандай іздер немесе құрылымдар байқалмайды, ал солтүстік-батыс жағында жинақталған керамикалар бар, болжам бойынша ортағасыр жасында, кейбір фрагменттер алаңның қалған бөліктерінде де кездеседі.

Аталған объектімен жұмыс жасаған кезде тарихи құжаттар, атап айтқанда «1771 жылы капитан Николай Рычковтың Қырғыз-қайсақ даласына саяхатқа шығу кезінде жазба күнделігі» қолданылды.  Н. Рычков Қырғыз-қайсақ даласына саяхат жасай жүріп «бөтен валы мен шұңқыр бекітілген» қалашық табады. Ол қала төртбұрышты сарай тәрізді салынған, барлық жақтарында тепе-тең вал кеңістігі бар. Шығыс жағында Құлап жатқан валы бар жер қақпасы және шұңқырлар көрінеді, яғни ол жердің ертеде салынғанын куәландырады (Рычков Н., 1772,  63-64 Б.).

Бүгінгі күні қолда бар деректерді сәйкестендіре отырып Н. Рычков және біз бір объектіні болжап айтып отырмыз деуге болады. Ол объектілердің де құрылысы ортағасырлық дәуірге дейін салынған.

Бұдан басқа, қазіргі сәтте ғарыштық түсірілімдерді зерделеу кезінде тағы да үш объекті бойынша алдын ала ақпаратты ұсынуға болады.

Үлкен Ащытасты крест (1,5 сурет) 38 үйіндіден тұратын крест тәрізді пішінді білдіреді. Пішіннің ұзындығы 436 м.

Оңтүстік-Торғай кресті (1,6 сурет) 20 үйіндіден тұратын крест тәрізді пішінді білдіреді. Пішіннің ұзындығы 195 м.

Торған сақинасы (1,4 сурет) 25 үйіндіден тұратын қоршауды білдіреді. Диаметрі 170 м.

Торғай геоглифтері – теңдессіз құбылыс. Ойлап қарасақ, осы объектілерді зерделеу ежелгі Торғай даласының материалды және рухани өмірі туралы жаңа ақпараттар береді. Алайда, жазылған имараттарды алдағы уақытта зерделеу тек қана табиғи-ғылыми әдістерді (георадар және т.б.) қолдану арқылы мүмкін болады, себебі, дәстүрлі әдістерді қолдану (қазба жұмыстары) теңдессіз объектілердің бұзылуына әкеп соқтырады.

А.В. Логвин, И.В. Шевнина, Д. Б. Дей,

Қостанай археологиялық зертханасы,

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз

AgentGG31.10.2015, 00:21

Thank you for your research and for providing this published information. Do any artifacts support the notion that these were foundations for a shelter, tent, house, or other inhabitable structure?

Pedro Monteiro02.11.2015, 06:13

Seria interessante divulgar as coordenadas geográficas de cada uma dessas figuras.

сарсенгали21.10.2016, 20:00

К истории надо отнестись как к родной матери, а к древней истории как к родной прабабушке. Надо помнить история хранится в наших именах и названиях. Итак предположим не "Торгай", а "Т(о)р+(г)ой", то есть "Это ведь почётное место", название сохранилось в генетической памяти, слегка исказилось, тем неменее. Возможно в древности на эту территорию приземлялись "Боги-пришельцы из других миров", улетев обещали вернуться, вот и ждём. Изображение креста это однозначно созвездие "Белая лебедь", остальные тоже понятны и просты, надо только вдуматься и захотеть принять, но мы относимся к истории как к чужой женщине...

сарсенгали24.10.2016, 15:30

На изображениях видим геометрические фигуры. Кто придумал угол, треугольник, круг итд.,конечно не казахи? Итак "Угол - У+Г+ол", У в древности выглядел как "V". Теперь "У" он же "Г" и заметим "Ол -это же он", то есть угол, "У+Г+Ол =Угол" как ни странно. Далее "Треугол(ьник) - Т!ре+У+Г(ьник) - "Подпереть" "У" и "Г" = Треугол(ьник)". Привяжем "V-У" к цифрам арабским в кавычках. 1 - б!реу, здесь один угол б!р(е)+У, 2 похожая на Z - екеу, здесь два угла ек(е)!+У, так же "3-4-5-6-7" все запишите углообразные. Немного иначе 8 и 9, 8-сег!з!м!з=сег!з!+м!з, есть такое слово "м!збакпау - м!з+бакпа+у - не моргнув глазом" и действительно 8 с восьми углами в горизонтальном положении очень похожа на не моргающие глаза. А вот 9-девятка это 8 с углами с низу пририсованная чёрточка-девятый угол 9 - тогызымыз - тогызы+мыз. Есть слово "Мызгу - мыз+г+у -вздремнуть...", действительно когда у 8 появляется девятый угол, похож на закрывающиеся веко, то есть 9-девятка хочет вздремнуть. Добавлю сюда фигуру "Круг - К!р(е)уг(е) - для того что б войти" . Одним словом наши древние предки рисуя круг, как бы ждали и приглашали на Землю гостей из космоса, которые когда то очень давно прибывали на нашу планету и оставили знания, думаю ваш покорный слуга разгадал и пришло время принять их.

сарсенгали26.11.2016, 22:43

В разделена наследие предков есть тема "Кто разгадает загадку Бор!тастагана", но нет места для комментариев напишу здесь "Разгадка Бор!тастагана". За основу возьмём версию "Брошенный волком". Итак Бор!тастаган находится между склонами гор Тарбагатай и Калбатау. Обратим внимание на эти три названия, они дадут нам ответ на загадку. Есть версия, что первые люди прибыли на Землю с Сириуса с созвездия Большой пёс - возможно волк, так же есть созвездие Волк. Древних пришельцев мы здесь будем называть "Волки". Перед отбытием с Земли Волки решили оставить что то от себя, возможно другое. 1) "Бор! + тастаган = оставленное + Волками". 2) "Бор! + таста + аган = Волки + братья(старшие землян) + в камне(изображение)". 3) "Тар + ба + агатай = Не тесно ли брат(уважаемый)". 4) "Кал + бата(у) = Силуэт-очертание(волка) + благословение-напутствие(печать богов\волков\". Эти названия нам оставили Волки, если посмотреть на Бор!тастаган с вершин двух гор или с высоты птичьего полёта, увидим одиноко лежащего Волка в камне и это как бы "Печать богов - пришельцев из другого мира". Так же мы знаем в Египте был бог с головой Волка - Анубис, бог царства мёртвых. Можем сделать предположение Бор!тастаган это гробница одного из Волков, которого вынужденны были оставить на Земле "Бор! +таста +аган", "Бор!" + тстаган"...