Басты бет Қазақстан тарихы Тәуелсіз Қазақстан Жаңа мемлекеттің қалыптасуы Жаңа мемлекеттің қалыптасуы

Жаңа мемлекеттің қалыптасуы

26 Қыркүйек 2013
154
0

 

1.  1991 жылғы 2 қаңтар – «Қазақ КСР-індегі меншік туралы» Қазақ КСР-і Заңы

2.  1991 жылғы 12 тамыз – Қазақстан Республикасы Туризм министрлігінің құрылуы

3.  1991 жылғы 11 қыркүйек – Президент Жарлығы бойынша Ғарыш зерттеулерінің агенттігі мен Жер мәселесі және қоныстандыру жөніндегі мемлекеттік Комитеттің құрылуы

4.  1991 жылғы 2 қазан – Қазақстанның Тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіровтың ғарыш сапарына аттануы

5.  1991 жылғы 5 қазан – Қазақстан халық Конгресі партиясының құрылуы

6.  1991 жылғы 9 қазан – Гурьев қаласы атауының «Атырау» деп өзгертілуі

7.  1991 жылғы 16 қазан – «Қазақ КСР-і Президентін сайлау туралы» Заң

8.  1991 жылғы 12 желтоқсан – «Қазақстан Республикасы Кеден комитетін құру туралы» ҚР Президентінің Жарлығы

9.  1991 жылғы 20 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заң

10.  1992 жылғы 2 қаңтар – Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауы

11.  1992 жылғы 7 қаңтар – Франция Республикасының Қазақстанның тәуелсіздігін мойындауы

12.  1992 жылғы 16 қаңтар – Швеция Корольдігінің Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындауы

13.  1992 жылғы 17 қаңтар – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және РФ Президенті Б.Н. Ельцин арасында Қазақстан мен Ресей арасындағы шаруашылық қызметтегі шектеулерді жою туралы келісімге қол қойылды

14.  1992 жылғы 18 қаңтар – Австрия Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін мойындады

15.  1992 жылғы 19 қаңтар – ҚР Үкіметі және Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия Үкіметінің арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Бірлескен мәлімдемеге қол қойылды

16.  1992 жылғы 22 қаңтар – Қазақстан және Моңғолия мемлекеттерінің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттама

17.  1992 жылғы 23 қаңтар – ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасы Материалдық ресурстар министрлігі туралы» Жарлығы

18.  1992 жылғы 25 қаңтар – ҚР Президентінің «Қазақстан Республикасының экономиканы тұрақтандыру және нарықтық қайта құруларды жүргізу кезеңінде сыртқы экономикалық қызметін ұйымдастыру туралы» Жарлығы

19.  1992 жылғы 26 қаңтар – Қазақстан Республикасы және Жапония арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы

20.  1992 жылғы 27 қаңтар – Өскемен қорғасын-мырыш комбинатында Қазақстанның алғашқы алтын құймасының балқытылуы

21.  1992 жылғы 28 қаңтар – Қазақстан Республикасы және Корея Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы

22.  1992 жылғы 20 ақпан – Целиноград қаласы атауының Ақмола деп өзгертілуі

23.  1992 жылғы 28 ақпан – «Кедендік органдарды құру туралы» Жарлық

24.  1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымы құрамына кіруі

25.  1992 жылғы 2 наурыз – Қазақстан Республикасы және Түркия Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы

26.  1992 жылғы 5 наурыз – Қазақстан Республикасы және ОАР арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы

27.  1992 жылғы 6 наурыз – Қазақстан Республикасы және Египет Араб Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнатылуы

28.  1992 жылғы 16 наурыз – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы Республикалық гвардиясын құру туралы» Жарлыққа қол қоюы

29.  1992 жылғы 21 сәуір – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевқа Қазақстандағы Түркияның Төтенше және Өкілетті елшісі Аргюн Езнайдың алғашқы сенім грамотасын ұсынуы

30.  1992 жылғы 7 мамыр – Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы

31.  1992 жылғы 12 мамырда Ташкент қаласында ТМД елдері басшыларының кездесу қорытындысы бойынша Армения, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы және Өзбекстан мемлекеттері Ұжымдық қауіпсіздік туралы келісімге қол қойды

32.  1992 жылғы 23 мамыр – АҚШ, Қазақстан, Ресей, Украина және Белоруссия мемлекеттерінің КСРО және АҚШ арасындағы стратегиялық шабуыл қаруын қысқарту және шектеу туралы келісімнің Лиссабон хаттамасына қол қоюы. Хаттама нәтижесінде Қазақстан, Украина және Белорусия ЯҚТК (Ядролық қаруды таратпау жөніндегі келісім) құрамына қосылып, ядролық қаруға иелігі жоқ мемлекеттер қатарына енді

33.  1992 жылғы 25 мамыр – ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев және РФ Президенті Б.Н. Ельцин арасында Ресей Федерациясы және Қазақстан арасында достық, ынтымақтастық және өзара көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды

34.  1992 жылғы 4 маусым – Елбасының «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы туралы», «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын музыкалық редакциялау туралы» Заңдарға қол қоюы

35.  1992 жылғы 20 маусым – Алматы-Үрімші (Қытай) бағытындағы алғашқы халықаралық темір жол торабының ашылуы

36.  1992 жылғы 30 маусым – Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік кеден одағына кіруі

37.  1992 жылғы 13 шілде – «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қауіпсіздік комитетін қайта құру туралы» Жарлық

38.  1992 жылғы 10 қазан – Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы ІІМ ішкі әскері туралы» Жарлығы

39.  1992 жылғы 18 тамыз – «Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара әскерлерін құру туралы» Жарлық

40.  1993 жылғы 13 қаңтар – «Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы туралы» Заңының қабылдануы

41.  1993 жылғы 9 сәуір – «Қорғаныс және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері туралы» Заңы

42.  1993 жылғы 4 мамыр – ҚР Жоғарғы Соты Президиумының «Қазақ топонимдерін орыс тілінде транскрипциялауды ретке келтіру, Қазақстан Республикасының жекелеген әкімшілік-территориялық бірліктерінің атаулары мен атауларды өзгерту туралы» Қаулысы

43.  1994 жылғы 15 сәуір – ТМД қатысушылары-мемлекеттері егемендігін, территориялық тұтастығын және шекараларының қол сұғылмаушылығын сақтау туралы Декларация

44.  1996 жылғы 31 мамыр – «Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері туралы» Заңы

45.  1999 жылғы 16 шілде – «Қазақстан Республикасы Кеден қызметі туралы» Заңы

46.  2001 жылғы 15 желтоқсан – Қазақстан және Қырғызстан Республикалары арасындағы Қазақстан-Қырғызстан мемлекеттік шекарасы туралы келісім

47.  2002 жылғы 10 мамыр – ҚР және ҚХР үкіметтерінің арасындағы Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасын демаркациялау жөніндегі хаттама

48.  2002 жылғы 23 желтоқсан – Қазақстан Республикасы және ҚХР арасындағы тату көршілік, достық және ынтымақтастық туралы келісім

49.  2005 жылғы 18 қаңтар – Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасы туралы келісім

50.  2005 жылғы 8 шілде – «Әскери міндеткерлік және әскери қызмет туралы» Заң

 

Пайдаланылған дерек көздері:

 

1.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. І том (1990-1995 жж.) – 320 б.

2.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІ том (1996-2000 жж.) – 320 б.

3.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІІІ том (2001-2005 жж.) – 320 б.

4.  Тәуелсіз Қазақстан: күннен күнге дейін. Оқиғалар хроникасы: Құжаттар жинағы / Құраст. Б.Ғ. Аяған, Ә.М. Ауанасова, Р.А. Құдайбергенов. Б.Ғ. Аяғанның редакциясымен. – Алматы: Раритет, 2011. ІV том (2006-2011 жж.) – 320 б.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты атынан берілген.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз