Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Бүгінгі тарих-жаңа ғылыми бағыт Әлеуметтік психология Кедейшілік мәселесінің әлеуметтанулық аспектісі

Кедейшілік мәселесінің әлеуметтанулық аспектісі

25 Қыркүйек 2013
311
0

Қоғамдық кұрылысқа байланыссыз-ақ, ол кез келген коғамға тән болды. Саяси және әкімшілік кұрыл-ғыдағы ерекшелік кедейшілікті анықтаудың түрлі дәрежесін көрсетеді. Оның кейбір жақтары барлық дерлік елдерде байқалады. Кедейшілік деп индивидтің (отбасының) қалыпты тіршілік етуін қамтамасыз ететін, нақты қажетті ресурстар саны аз болып табылатын жағдайды түсінеміз. Жалпы, «кедейшілік» ұғымын алғаш рет әлеуметтану ғылымына француз социоэкономисі Ж.Прудон енгізген. Адам өз организмінің физиологиялық мұктаждықтарынан туындайтын, өз қажеттіліктерінің ең төменгі әлеуметтік мұқтаждықтарын камтамасыз ете алмаса, онда мұндай тұрмыс ахуалы «абсолютті кедейшілік» деп анықталады. Ал, «салыстырмалы кедейшілік» дегеніміз, қоғамда белгіленген әл-ауқаттың стандартқа сай өмір сүруге материалдық мүмкіндіктері жоқ адамдар тобы жатқызылады. Одан басқа, кедейшілік адамдардың тұтынуға қажет деңгейі туралы пікірлердің негізінде бағалануы мүмкін, ондай жағдайда олар өздерін кедеймін деп санамайды. Бұл жағдайда әңгіме «субъктивті кедейшілік» туралы болады.

У.Уилсонның пайымы бойынша кедейшілікті қоғам өзі тудырады. Өйткені, калалардың орталығыңда жұмыс орны жеткіліксіз. Сондықтан, кедейлердің енжарлығы мүмкініктердін шектеулі болуының нәтижесі. Нарық экономикасының үстеме пайда табу заңдылығына сай, ірі өндіріс орынның иесі оның тиімділігін арттыру үшін оны шикізаты мен еңбек қоры арзан елдерге көшіреді. Табыс жоғары кезінде өндіріс кеңейтіледі. Ал, дағдарыс кезінде қызметкерлерді аяусыз қысқарта бастайды. Сондықтан, Еуропада жұмыссыздық 7 пайыздан 10 пайызға дейін өсті, ал Испания, Грекия мен Португалияда 15-20 пайызға жетті. Бұл ереуілдер қозғалысын күшейтті.

Кедейшілік мәселссі Қазакстанды 90-шы жылдардың басынан толғандыра бастады. Оның өткірлігі, кедейшілік нақты табыстың күрт төмендеуі мен қоғамның әлеуметтік жіктелуінің күшеюі салдарынан қоғамнық әлеуметтік құрылымынын өзгеруіне әсер ете бастаған сәттен бастап байқалды. Кедейшіліктің өсуі, оның үлес салмағынан да, кедейшілік санаттары бойынша да көрініс тапты. Кедейшілік деңгейінің өзгеру қарқынында оның калыптасуының екі кезеңін бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезен - 90-шы жылдардың бірінші жартысы - бұл кезде халыктың тұрмыс деңгейінің нашар-лауынан, кедейшілік ауқымының ұлғаюынан, табыстар, тұтыну, маңызды материалдық және әлеуметтік игіліктерге қолжетімділік бойынша қарастырғанда әлеуметтік ала-құлалықтың күшеюінен көрінген аса келеңсіз үрдістер байқалды. Екінші кезең - 90-шы жылдардың екінші жартысынан бастап, қазіргі кезге дейін - экономиканың нақты секторындағы оңды ілгерілеулер нәтижесінде халықтың бакуаттылығы өлшемдерінің біршама тұрақтану кезеңі.

Қазақстанда 1990-1995 жж. жылдамтылған экономикалық құлдырау байқалды, 1990 жылдың деңгейіне карағанда 1995 жылға қарай нақты ЖІӨ 61,4 пайызға дейін төмендеді, 1990 жылдардың басындағы жоғарғы инфляция 1,975 пайыз жьшдық деңгейде 1994 ж өз шыңына жетгі. Содан кейін, 1998 жылы 7,6 пайызға дейін жэне 1999 жылы 8,3 пайызға дейін төмендеді [3]. 1996 жылы ЖІО көлемінің төмендеуі тоқтатылды. 1997 жылдан бастап, ЖЮ көлемі біртіндеп көтеріле бастап, елімізде экономикалық өсу байкалды. 1990-1995 жылдарға дейін созылған экономиканың кұлдырауы халықтып маргина-лизация, жұмыссыздык, кедейшілік жэне т.б. сиякты элеуметтік құбылыстардың осуіне ыкпал етті. Осындай тэріздес кұбылыстарды жою үшін ғалымдардың пікірінше, 10 жыл мерзім ішіндегі жыл сайынғы экономикалық өсім 5-8 пайызға жетуі керек.

Кедейшілік мәселесі қалай экономистердің, әлеуметтанушылардыц жэне саясаттанушылар-дың, сонымен бірге, карапайым азаматтардың да назарында болып келді. Бұл мэселе жөнінде көптеген пікірлер айтылып, талдап-талқылаулар жүргізілді. Біздің ойымызша кедейшіліктің негізгі негативті салдарын көрсетуге болады.

Бірінші, ұлт генофондыньщ төмендеуі мен азаюы: халықтың орташа өмір сүру ұзақтығының азаюы, туудың төмендеуі, ха-лық денсаулығының нашарлауы, дсвиант-ты мінез-кұлыктың, маскүнемдіктің және нашақорлыктың өсуі. Екіиші, қылмыстын өсуі, адамдардың қауіпсіздік қауіп-катерінің өсуі. Үшінші, элеуметтік шиеленіс қаупінің артуы, халықтың өмір сүру деңгейімен канағаттанбауы, наразылық акциялары (Алматы қаласындағы ай сайын өтіп отыратын зейнеткерлердің наразы-лығы, үй-жайсыз қалған адамдардың заңсыз басып алуы, адамдардың аштық жариялауы жэне өзін-өзі өртеу жэне т.б. акциялары). Со-нымен, Қазақстанда кедейшілік мэселесі еліміздің қауіпсіздігіне қауіп экелмес бұрын, кідіртпей дұрыс оңтайлы шешім кабылдауды талап етеді.

Елдегі казіргі әлеуметтік-экономикалык жағдайдын ерекшелігі ретінде, «жаца кедей-лср» деп аталатындардын пайда болғанын айтуға болады. Бұған реформаларға дейінгі кезенде болған әдеттегі кедейлерден бастап, женіл онеркәсіп, мәшине жасау, білім беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет сала-ларында жүмыссыз қалғандар жатады. Шағын бизнес өкілдері, зейнет жасына жеткен адамдар, мектеп, жогары оқу орын-дарын бітірушілер, экологиялық дағдарыс өнірлерінде тұрып жатқан халық жоғары тәуекел аймағында қалып отыр. «Жана кедейшілік» ауқымы ауылдык жерлерде тұратын халықгын есебінен едәуір кенейді. Ауыл халқыныңтабысы қала халқынынта-бысынан орташа алғанда 2,2 есе томен және ауылдағы кедейшілік деңгейі едәуір жоғары. Қазіргі жағдайда өңірлік кедейшілікті ерекше бөліп көрсету керек. Табысы еңтөменгі кункөріс деңгейіне жетпейтін отбасьшардың үлесі жоғары өңірлер арасында Атырау облысы окшау түр, онда кедейшілікте өмір сүріп жаткан халыктын үлесі 29,1 %-ды кұрайды (бұл республика бойын-ша ең жоғарғы көрсеткіш), Маңғыстау - 21,0%, Жамбыл- 18,3 пайыз, Қызылорда-26,5 пайыз, Оңтүстік Қазакстан - 23,0 пайыз. Аталған об-лыстарда жағдай осындай болса, республика бойынша орташа көрсеткіш - 16,1 пайыз.

Халыктың табыс деңгейі бойынша теңсіздігі еңбекке акы төлеудегі айырмашылық пен баска да табыс көздерінің болуынан ғана емес, от-басында канша жан бар екендігіне, отбасында жұмыс істейтіндер санына, балалардың бо-луына карай да калыптасады. Асырау жүк-темесі неғүрлым жоғары болса, табыс та соғұрлым төмен болады. Үй шаруашылығы деңгейінде табысты екінші рет қайта бөлу мен отбасылык бюджетті қалыптастыру жүріп жатыр. Атырау және Маңғыстау об-лыстары сиякты жоғары табысты оцірлердс отбасындағы жандардын орташа алғандағы санының жоғары болуы, әсіресе, ауылдық жерлерде, олардағы табыс деңгейінін төмен болуына ықпал етеді және онтүстік өнірдегі табысы төмен облыстардағы жағдайды шиеленістіріп жібереді.

Елде казіргі кезенде жүргізіліп отырған элсуметтік саясаттың негізгі максаты кедейшілік деңгейін төмендету жэне коғамдағы әлеуметтік-экономикалық теңсіздікті азайту болып табы-лады. Экономикалык өсу халыктың әл-аукатын көтеру үшін негіз жасайды, бірақ, элеуметтік проблемаларды шешу үшін мынадый шаралар-ды қолдану қажет:

Бірінші, табыстар саласында ең төменгі элеу-меттік кепілдіктерді камтамасыз ету, олардың бастапқы негізі маңызды өмірлік кажеттіліктер мен қызметтердің элеуметтік кажетті деңгейіп көрсететін ең төменгі тұтыну бюджеті болуы керек. Азаматтардың төлемдерінің жана түрлері пайда болуда: жылжымайтын мүлік салығы, ипотекалық жүйе, міндетті сактандырудың эртүрлі нышандары және т.б. Осының бэрі тұтыну бюджетін есептеудің жаңа кұрылымына көшу қажеттігін алға тартады, онын үстіне байқалған экономикалық өсу жағдайында елдің осындай әлеуметтік ең төменгі деңгейді есептеу-ге көшуі үшін ресурстык мүмкіндіктері ұлғаюда; екінші, сала аралык және сала ішілік деңгейде, мемлекеттік жэне жекеменшік секторлар арасын-да, сондай-ақ, кәсіпорын ішінде жұмыс күшін қайта қалпына келтіру үшін бірдей жагдаіііар жасау (еңбекке акы төлеудің ең төменгі мөл-шері рөлін күшейту, еңбекке акы төлеудің ең төменгі, орта жэне ең жоғары деңгейлері арасын-дағы аракатынасты реттеу, салык салу жүйесін жетілдіру жэне т.б.); үшінші, республикада орта таптың ңалыптасуы жөніндегі саясатты калыптастыру мен жүзеге асыру. Осы максатта халыктың табыстарын түбегейлі көтерумен бірге жұмыс орындарын кұру, шағын жэне орта бизнесті колдау, білім беру технологияларын дамыту, жинақ ақшаның, мсншіктің коргалуыпа кепілдікті күшейту жэне т.б. жөніндегі шаралар кажет; төртінші, ауылдағы еңбекпен қамтылу кұрьшымының индустрияльщ еңбектің үлесін ұлғайту жағына карай оңтайландыру қажет.

Пайданылған әдебиеттер

1.  Ж.Тулеев. Қазақстандагы кедейшілік жэне кедейлердін әлеуметтік құрылымы. ¥лт тағьшымы №3. 2008. 318 б.

2.  Ш.Қарабаев. Әлеуметтік теңсіздік пен кедейшіліктің элеумеггік-саяси жэне әлеуметтік-рухани салдарлары. Ізденіс № 3. 2011 ж. 130 б.

3.  Цели ООН в области развития на пороге тысячелетия в Казахстане 2002. - Алматы: Таітаз Ргіпі Ноизе, 2002.

4.  Мустафаев Н.И. Социально-демогра-фические процессы в Казахстане: 1990-2000 гг. //Саясат,-№10-11.-2001

Жанат Саурықова

Қазак мемлекеттік қыздар педагогика университеті Әлеуметтік жұмыс мамандығының 2 курс магистранты


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз