Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Шетел Қазақстан туралы Батыс зерттеушілерінің академиялық талдауындағы Қазақстандағы алапат ашаршылық кезеңіндегі геноцид мәселесі.

Батыс зерттеушілерінің академиялық талдауындағы Қазақстандағы алапат ашаршылық кезеңіндегі геноцид мәселесі.

17 Қыркүйек 2013
269
0

Парламент Ассамблеясының Құқықтық мəселелер жəне адам құқығы жө нінде гі Комитеті 1932–1933 жылдардағы кеңестік режимнің Украинада, этникалық украиндар мекендеген басқа жерлердегі шаруаларды, сондай-ақ Қазақстанда, Кеңес Одағының əр бөлігіндегі шаруаларды əдейі қыруға бағытталған саясатын адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде бағалап отыр.

Парламенттік Ассамблеяның меморандумында Құқықтық мəселелер жəне адам құқықтары жөніндегі комитеттің баяндамашысы, Ұлыбританияның либерал-демократтар альянсының өкілі Пол Ровен (Paul Rowen) кейбір са рап шылар дың фактілерін мойындамай, оны фашисттік насихат деушілерге, оны тек жартылай мойындап, қайғылы деп қарастыратындарға үзілді-кесілді қарсылық білдірді.

 Ассамблея күштеп ұжымдастырудың құрбандары туралы түпкілікті үкім шығаруды мақсат етпейді, – деп атап өтті. Тексеру-анықтау жұмыстары одан-əрі жалғасын табуда. Украина Қауіпсіздік Қызметі (УСБ) Австрия, Беларусь, Италия, Қазақстан, Молдова, Польша, Ұлыбритания жəне АҚШ құқықтық органдарынан көмек сұрап отыр.

Николо Пианчиоло (Nicollo Pianciola) «Голод в степи. Коллективизация

сельского хозяйства и казахские крестьяне)» атты еңбегінде: «Кеңес Одағындағы көшпелі халықтардың тағдыры – «Сталиннің жоғарыдан пəрмендеген «революциясының» екпінімен жасалған əлеуметтік, экономикалық, демографиялық төңкерісінің беймəлім кезеңдерінің бірі ғана» – деп жазады. Ұжымдастыру кезеңін жете білу үшін автор Қазақстан тарихына жаңа көзқараспен қарайды. 1920 жылдардың аяғында Кеңес Одағында жайылымдық жерді керек ететін, көшпелі мал шаруашылығына тəуелді, əрі оның өнімімен тіршілік ететін халықтардың негізін қазақтар, түркімендер, қырғыздар мен буряттар құрады. Бұл халықтар бірінші бес жылдық жоспарына сəйкес əртүрлі дəрежедегі күштеу арқылы кезең кезеңімен отырықшыққа көшті. Ұжымдастыру мен отырықшыландыру халықтың күн көріп отырған малын жойды, көшпелі экономикасын күйзеліске ұшыратты.

Н.М. Неймарктың (Norman M. Naimark) «Геноциды Сталина» атты жаңа кітабының басты желісі, 1930-жылдардағы Сталиннің қуғын-сүргін саясатын нағыз геноцид ретінде тұжырымдауды талап етеді. Əрине, бұны жаңалық деп айта алмаймыз. Дегенмен Н.М. Неймарк бұл мəселеге тереңірек қарайды. Ол бір қуғын сүргінді басқа қуғын-сүргіндерден ажыратпауды, Сталин режимінің геноцидтік сипатын ашып айтуды жəне халықты қырып-жоюдың жүйелі түрде жүргізілгенін негіздейді.

Н.М. Неймарк өз кітабында: «Сталин украиндықтарды, иə қазақтарды жаппай қырып-жой деген жоқ – Сталин Украинадағы шаруаларды, Қазақстандағы көшпелілерді украин, қазақ ұлттары ретінде айшықтайтын тек өздеріне тəн күнделікті тұрмыс жүйесінің белгілі бір тармақтарын жою керектігін айтты» – деп жазады.«Сталин жекелеген ұлттарға қарсы террорлық əрекетін саналы түрде, ресейліктерді кеңестік халықтардың үлгісі ретінде көрсетіп, оларды жоғары бағалау, дəріптеу арқылы іске асырды», – деп есептейді Н.М. Неймарк.

Осы орайда ашаршылыққа ұшыраған бірқатар орыс жəне беларусь жеріндегі адамдарға үкімет тарапынан дер кезінде жəрдем көрсетілді, ал қазақтар мен украиндықтарға тез арада көмек мүлде жасалмады. Соған сəйкес өзінің кітабында Курт Йонассонның (Kurt Jonassohn) «Қазақ халқына қасақана жасалған ашаршы лық, қазақ зиялылары мен мəдени қайраткерлерін құрту əрекеттері геноцидтің айқын көрінісі екендігі күмəнсіз» – деген сөзін келтіреді.

Германиялық Гумбольдт университеттің ғылыми қызметкері Роберт Киндлеер (Robert Kindler) өзінің «Сильный и слабый. Существование физического насилия во время голода в Казахстане (1930–1934 гг.)» атты мақаласы және басқа да еңбектерінде Қазақстандағы ашаршылық тарихын, əсіресе 1930-жылдардың басындағы зорлық-зомбылық мəселелерін зерттеген. Роберт Киндлердің мақалалары жергілікті оқиғалар мысалына орай, большевиктер мен басқада əлеуметтік топтар «жоғарыдан» келетін бұйрықтарды орындауда ғана емес, сонымен бірге жекелеген адамдар мен белгілі бір топтың мүдделерін іске асыру үшін де зорлық-зомбылыққа барғанын айғақтайтын фактілерді келтіреді. Киндлер күштеудің бірнеше себептерін көрсетеді: қордың (ресурс) жетіспеушілігі, реквизиция талаптары жəне жоспарды орындау міндеткерлігі. Автор ашаршылықтың болуы, күштеу іс-шараларына қосымша серпін бергенін жазады.

Германияның Гельмут Шмидт (Гамбург) университетінің профессоры Марк А. Рудольф (Rudolf A. Mark) өзінің «Голод в Казахстане: историографическая переоценка» деген мақаласында 1930 жылдары болған ашаршылық Қазақстан туралы Кеңес тарихнамасының «ақтаңдағы» – деп жазады. Қазақстанның тəуелсіздігін жариялағаннан кейін алапат ашаршылық үкіметтің тапсыруымен ұлттық деңгейде тарихи зерттеулердің арнайы тақырыбына айналды. Марк А. Рудольфтың айтуынша, Кеңестер кезеңінен кейін ашаршылық тақырыбы сталиндік тоталитарлық жүйенің күштеп теңгеру саясатының салдары ретінде қаралуда. Қа зақ тарихшылары мен демографтары Украинадағы оқиға сияқты ашаршылық құрбандарының санына, көлеміне жəне зардабына қатысты мəселелерді саралай келе, оны ұлттық апат немесе қасірет деп бағалауда. Дегенмен, Марк А. Рудольфтың айтуынша, бұл тақырып Қазақстандық академиялық ортада қызу тартысқа көтеріле алмай тұр.

Осымен, авторлар батыс тарихшыларының сталиндік қуғын-сүргін саясатының, оның ішінде шаруаларды (1929–1933 жж.) күштеп ұжымдастыру, 1937–1938 жылдардағы «үлкен террор», Қазақстандағы алапат ашаршылық, Украинадағы голодомор, геноцид сияқты өзекті мəселелерді зерттеу нəтижелерін зерделеді.

М.Л. Анафинова,

Мемлекет тарихы институтының

бөлім бастығы,

филология ғылымдарының кандидаты

(Қазақстан Республикасы)

Материал предоставлен Институтом истории государства КН МОН РК.

Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз