Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Шетел Қазақстан туралы Батыс тарихнамасы мәліметтері бойынша қазақтардың ашаршылығы

Батыс тарихнамасы мәліметтері бойынша қазақтардың ашаршылығы

13 Қыркүйек 2013
226
0

1930–1933 жж. ашаршылық Қазақстанды кедейшілікке, бүкіл қоғам мен байтақ өлкені толығымен түбегейлі өзгеріске ұшыратты. Бірақ Қазақстаннан тысқары жерлер мен бұрынғы кеңестік аумақта нəубет туралы өте аз біледі жəне оның «ақтаңдақтары» мейлінше көп. Ұжымдастыру туралы зерттеулердің басым бөлігінде негізінен Ресей мен Украинада орын алған орасан зор адам шығынын қарастырады да, салыстыра келгенде ұжым-дастырудың салдарынан ашаршылыққа ұшырап, адам шығынының пайыздық салмағының басымдылығынан ойсырап кеткен қазақтың алапат ашаршылығы назардан тыс қалған. Жалпы ашаршылық пен геноцидті зерттеуге арналған ғылыми еңбектердің жинақтары мен монографияларда қазақ аштығы əдетте қарастырылмайды, егер бұл мəселе сөз бола қалған жағдай да жеңіл, басқа оқиғалармен байланыста түрде сипатталады. Мысалға, сталиндік геноцид туралы таяуда басылып шыққан кітапта қазақ аштығы жөнінде не бəрі бір жарым бет жазылған. Бұл баяндамада қазақ аштығы жөніндегі батыс мəліметтері қамтылған тарихнаманың дамуы жəне күні бүгінге дейін қазақ аштығы кеңестік кезеңді зерттейтін батыс ғалымдарының еңбектерінде неліктен өз деңгейінде қаралмай келуінің біраз себептері талқыланады.

Бірақ менің баяндамамның басты тақырыбы өткен дəуірдің  тарихнамасына арналса да, мен болашаққа жүгінемін. Алдағы уақытта қазақ ашаршылығы Батыста барынша кеңірек талқыланып зерттелетіндігіне бүгін негіз қаланғандығына осы конференцияға қатысып отырған менің көптеген əріптестерім, шетелдік тарихшылар куə бола алады.

Қазақ ашаршылығына жəне жалпы Қазақстанға деген қызығушылықтың жаңа толқыны осы нəубеттің бізге белгісіз тұстарын ашатындығына, сондай-ақ қазақ ашаршылығына байланысты əлі де ашық мəселелердің көптігіне орай жəне де біздерге беймəлім көптеген ақпараттарды игеруімізге көмектеседі деп сенемін. Сондай-ақ қазақ ашаршылығына деген қызығушылықтың артуы зерттеудің басқа саласын өзгертуге көмектесіп, жалпы геноцидті зерттеу, қоршаған ортаның тарихын зерттеу мен Орта Азия тарихын қарастырған зерттеулермен бірге ғылыми əдебиетте көрініс табады деп санаймын.

Өз баяндамамның қорытынды бөлімінде қазақ ашаршылығы ғылыми зерттеулердің басқа саласында да өзінің орнын алуға тиісті екендігі туралы ойымды білдіремін.

Батыста,.қазақ ашаршылығын талқылау 1991 ж. Кеңес Одағы құлауының алдында кеңестік мұрағатқа қол жеткізу мүмкін бола бастаған кезден басталды.

Марта Брилл Олкоттың 1981 ж. «Қазақстандағы ұжымдастырудың басталуы» атты мақаласының жариялануы американдық аудиторияны қазақ ашаршылығын зерттеумен таныстырды. Сондай-ақ оның зерттеулері 1986 ж. жарияланған Роберт Конквесттің «Жатва скорби…» атты еңбегіне негіз болды. Р.Конквесттің бұл еңбегінің басым бөлігі украиналық ашаршылықты зерттеуге арналады. Дегенмен, М.Олкоттың еңбегіне сүйене отырып, Р.Конквест кітаптың бір тарауын қазақ ашаршылығына арнайды. Көп ұзамай Р.Конквесттің кітабы украиналық ашаршылық, атап айтқанда – бұл нəубет сталиндік жүйенің украиндықтарға əдейі қарсы бағытталған геноцидтік əрекеті екендігі жөніндегі идеясының кітапқа арқау болуына орай, АҚШ-та танымал болды.

Бірақ бұл жұмыс осы кезге дейін əлі де толық зерттелмеген басқа сала үшін де пайдалы болды. Р.Конквест қазақ ашаршылығы Кеңес Одағының батысындағы ұжымдастырудың салдарынан келген ашаршылықтан бұрын болғандығын көрсете отырып, қазақ ашаршылығы бүкіл Кеңес Одағын жайлап алып, жалғасын тапқан сталиндік террорлық əрекеттер үшін «тəжірибе үлгісі» болғанын айтады. Осы тұрғыдан алғанда, Р.Конквестің айтқаны шындық. Біздер, қазақ ашаршылығымен ізін ала Кеңес Одағының батысында орын алған жан түршігерлік оқиғалардың арасындағы байланыстарды қарастыруымыз керек. Елді қаңыратып кеткен ашаршылық келесі жылдардағы ашаршылық оқиғаларына қатысты қолданылған сталиндік амалдарға əсер еткендігіне сенімдімін.

Өкінішке орай, М.Олкотт пен Р.Конквесттің еңбектерінен кейінгі зерттеулерде, 1990 жж. жəне 2000 жж. екінші жартысындағы Батыс тарихнамасында қазақ ашаршылығы туралы өте аз талданған.

Бір қызығы, қазақ ашаршылығы туралы Батыста үнсіздік орнаған тұста Қазақстанда мұрағат деректеріне негізделген қомақты зерттеулер жарияланған. Мысалы, Талас Омарбеков, Жұлдызбек Əбілғожин, Мақаш Тəтімов жəне басқа көрнекті қазақ ғалымдарының еңбектерін айтуға болады. Бірақ батыстық ғалымдар бұл еңбектерге қол жеткізе алмайды немесе Қазақстандағы əріптес тері мен байланыса алмайды, себебі осы мəселеге қатысты үнсіздік əлі де орын алуда.

Осындай үнсіздіктің орын алуына бірнеше себептер бар: дəл кешеге дейінгі уақытта шетелдіктер осы аймақ бойынша саяхат жасаудың қиыншылықтарына кездесіп отырды. Сондай-ақ, Батыс кітапханалары Қазақстаннан материалдарды тұрақты түрде жинастырмайды, осыған орай батыс ғалымдары Қазақстандағы əріптестерінің жарияланымдарынан мүлдем бейхабар.

Америка Құрама Штаттарындағы зерттеулерде украиналық ашаршылық басымдылық пен зерттеледі. Украиналық диаспораның қолдауымен ғалымдар ұжымдастырудың түрлі түсініктемелерін, атап айтқанда, «ұжымдастыру украиндықтарға шабуылдаудың əдейі ұйымдастырылған шарасы болдыма» немесе «Кеңес Одағындағы барлық шаруаларға шабуылма» деген мəселелерді де қатар қарастырды.

Осындай жалпы пікірталаста қазақ ашаршылығы тысқары қалып қойды, сонымен бірге қазақ нəубетіне байланысты И.Сталиннің жоспарлары мен мақсатты пиғылдары жəне оның рөлі секілді маңызды мəселелер мүлдем ұмытылды.

Дегенмен, жағдай өзгерді, соңғы уақыттарда Батыста қазақ ашаршылығына деген қызығушылықтың арта түскендігін мен қуанышпен хабарлай аламын.

 С. Уиткрофт пен Р. Дэвистің 2004 жылы жарық көрген «Ашаршылық жылдары: кеңестік ауыл шаруашылығы, 1931–1933» («Годы голода: советское сельское хозяйство, 1931–1933») атты кітабында ішінара қазақ ашаршылығына талдау жасалынған; сондай-ақ 2006 жылы шыққан Изабелла Огайон жəне Николло Пианчело 2009 жылы шыққан кітаптарында да қазақ ашаршылығына қатысты мəселелер толықтай қамтылған. Сонымен бірге көптеген ғалымдар қазақ ашаршылығы туралы монографиялар жазу үстінде, атап айтсақ, Роберт Киндлер мен Мэттью Пейн жəне өзім осындай монография жазудамын.

Бұл еңбектердің барлығы дерлік қазақ ғалымдарының ашаршылық туралы тамаша еңбектері нəтижесінде туған. Алайда, бір жағынан, Батыс ғалымдарының еңбектері қазақ ашаршылығы мəселесі бойынша алдағы зерттеулерге жаңа серпіліс береді, жаңа методологияны енгізеді жəне теориялық əдебиетті дамытады. Өзге мəселелермен қатар, бұл ғалымдар мынандай: қытай-қазақ шекарасы жəне оның ашаршылықтағы рөлі, жергілікті кадрлардың, ұлттық толқулардың ауыртпалық кезіндегі орны, қазақ ашаршылығының «жады», немесе Қазақстанда қазақ ашаршылығын қалай еске алады жəне еста сақтайды деген сұрақтарды да қарастырады.

Аталған ғалымдар осылармен қатар өздерінің зерттеулерінде еске алулар мен əңгімелер, қазақ тілді материалдарды, суреттерді, ашаршылыққа байланысты Алматыдағы ҚР Президент мұрағатында таяуда ғана өткен мəжіліс материалдарын  пайдаланды.

Өзімнің болашаққа деген көзқарасымды бағыттай отырып, ашаршылықты зерттеудің осы кезеңі мұхиттың екі жағалауында да жалғастығын табатындығына, батыс ғалымдары қазақстандық мамандардан үйренетіндігіне жəне тəжірибе алмасатынына мен сенімдімін. Қазақ ашаршылығы Қазақстанды жəне қазіргі қазақстандық қоғамды толық түсінуге ықпал ете алатын зерттеудің толық алаңына айнала алмаған деп санаймын. Қазақ ашаршылығы жөнінде əліде көптеген зерттеулер жүргізуіміз қажет жəне ғалымдар үшін нəубет жылдары туралы жаңа деректер мен мұрағат материалдарын пайдалануға мүмкіндік туғызған қазақстандық үкіметке алғысымды білдіремін.

Дегенмен, менің ойымша қазақ ашаршылығын зерттеу, тек мəселе төңірегінде ғана зерттелетін ұжымдастыру мен сталинизмнің шеңберінен шығып кететін зардаптарына əкеледі, АҚШ-та геноцидті зерттеу неғұрлым дамыған сала, мүмкін қазақ ашаршылығы да ХХ ғасырдағы зорлық актілері сияқты осы шеңбердеғана қаралған шығар.

Қазақ ашаршылығын отарлық қоныстандырумен салыстырмалы зерттеу арқылы байқап қарауымызға да болады. Ресей империясы қазақ көшпелілерін ашаршылыққа анағұрлым төзімді ете отырып, қазақ даласын өзгертті. Осыған байланысты, орыс империалистік басқаруы Американы аграрлық қоғамға ауыстыру əрекеттерін де өзгерту үдерісін бастау барысында жергілікті американдықтарды (американдық үндістерді) аштыққа неғұрлым төзімді ете алған ағылшын отарлаушыларының іс-əрекетін еске түсіреді.

Екінші жағынан, қоршаған ортаның тарихы жəне онымен байланысты ашаршылықты зерттеу болып табылады. Қазақ көшпелі қоғамына сталиндік жүйенің қатаң шабуылының нəтижесінде күшейген өлшемнің өзгеруі немесе қуаңшылықтың жиі орын алуына байланысты қоршаған орта қандай өзгеріске ұшырады деген сауал қоя аламыз. Осыған байланысты қазақ ашаршылығын зерттеу жалпы ашаршылықтың себептері туралы пікір таласқа өз үлесін қосады.

1981 жылы жарық көрген Аматья Сеннің алғашқы жұмысынан бастап ғалымдар адамзат пен қоршаған орта арасындағы ашаршылықтың мəселелерін шешу себептерін іздестірді. А.Сен өзінің еңбегінде қазақ ашаршылығы туралы ешнəрсе айтпайды жəне қазақ ашаршылығы аграрлық емес халықтардың ашаршылығы туралы салыстырмалы зерттеулерде жаңа тақырып əрі қызықты субъект болып табылады.

Қорытындылай келе, осы баяндама Батыс тарихнамасындағы қазақ ашаршылығы туралы мəліметтер береді деп ойлаймын. Қазақ ашаршылығына деген қызығушылық өсе түсуде, нақтырақ айтқанда, АҚШ пен Еуропада, біз қазақ ашаршылығынан 90 жыл өткеннен кейін осы нəубет туралы неғұрлым көп біле аламыз деген сенімдемін.

Сара Камерон,

Мэриленд штаты университетінің ғылыми қызметкері (АҚШ)

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз