Басты бет Қазақстан тарихы Кеңестер Одағы құрамындағы Қазақстан Тоталитарлық жүйенің қалыптасуы кезеңіндегі Қазақстан Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылық салдарынан халықтың жаппай көшуі

Қазақстандағы ұжымдастыру мен ашаршылық салдарынан халықтың жаппай көшуі

13 Қыркүйек 2013
241
0

Жаппай қоныс аудару – шаруалардың жаппай ұжымдастыруға қарсы наразылығының, əрі аштықтан аман қалудың бірден бір жолы еді. Елдің ішкі аудандарына көшумен бірге шет мемлекеттерге (Қытай, Иран, Ауғанстан) көшу басталды. ХХ ғ. 30-жылдары Қазақстаннан сырт жерлерге 400 мыңға жуық шаруа қожалықтары көшіп кеткен болса, бұның өзі 1920-жылдардың аяғындағы көшпелі жəне жартылай көшпелі шаруа қожалықтарының 75%-ға жуық болды.

1930 жылғы 1 қаңтардағы мəліметтер негізінде дайындалған «Қазақ шаруа қожалықтарының Қытайға көшуі туралы» ОГПУ-дың мəлімдеме хатында «халықтың Қытайға ауа көшуі қазақ ұлтшылдарының нұсқауымен жүргізіліп отыр. Көші-қон процесі бай қожалықтарын тəркілеу кезінде де, оған дейін де болған еді. Олардың пікірінше, Кеңес үкіметінің жүзеге асырып отырған саясаты қазақ даласына жұт əкеледі, сондықтан мал шаруашылығын тоқыраудан аман сақтап қалудың бір жолы Қытайға қоныс аудару болатын. 1929 жылы Қытай асқан қазақтардың құрамы жөнінде мынандай мəліметтер береді: бай қожалықтары – 123, орта шаруалар – 128, кедейлер – 165. Барлығы – 416. Олардың ішіндегі байлары – 739 адам, орташалары – 474 адам, кедейлері – 132 адам, барлығы – 1845 адам. 1929 жылы Шекара күзеті қызметкерлерімен 250 шаруа қожалықтары (немесе қо ныс аударушылардың жалпы санының 26,4%-ы) ұсталып, олардағы мал басының саны 17577-ні құраған» [1].

«1930 жылғы 24 қазандағы мəліметтер бойынша қазақтардың ішкі жəне сыртқы қоныс аударуы бəсеңдеген емес» – деп көрсетті Қазақстандағы ОГПУ-дың орынбасары Альшанский өзінің 22 желтоқсандағы арнайы мəліметінде. Құжатта Алматы жəне Семей округтері бойынша шекара аудандарындағы қазақтардың Қытайға қоныс аударуына ерекше тоқталған [2].

1930-жылдардағы ашаршылыққа дейін Қазақстандағы тұрғылықты халықтың шығыны 2 млнға жуық болса, «көшіп кеткендер» саны 1 млн. шамасында болды. Ал, олардың Отанға оралғандары жартысын ғана құрады.

ДЕРЕК КӨЗДЕРІ:

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Арнайы мемлекеттік мұрағатты. 2 қ.,1т., 12-іс.,14-15 пп.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 141 қ., 1 т., 5057 іс.,1-2 пп.

Мәлімет ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институтынан берілді.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз