Басты бет Е-ресурстар Халық тарих толқынында Бағдарламаны жүзеге асыру Ғылыми-әдістемелік, ақпараттық-ағартушылық, мәдени-білім беруші іс-шаралар Жаңа портал ашылды

Жаңа портал ашылды

12 Қыркүйек 2013
15
0

2013 жылы 9 қыркүйекте Елордадағы «Rixos» қонақүйінде «Нұр Отан» ХДП-ның бастамасымен Алашорда тұлғалары мен тарихын тануға арналған порталы ашылуының тұсаукесері өтті. Бұл рәсімге  алаштанушы ғалымдар, қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, БАҚ өкілдері қатысты. Мемлекет тарихы институтының бір топ ғалымдары да жиынға қатысып, жағымды жаңалыққа өздерінің тілектестігін білдірді. Ғылыми мекеме атынан сөз алған Институт директорының бірінші орынбасары, тарих ғылымдарының докторы Ж.Ү. Қыдыралина тарихшы ғалымдардың портал жұмысына өздерінің ғылыми зерттеулерімен қолдау жасайтынына сенім білдірді. Портал бетінде қазақ, ағылшын және орыс тілінде жарияланатын тарихи дүниелер «Тарих толқынындағы халық» бағдарламасын жүзеге асыру жолындағы игілікті қадамның бірі болды.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз