Басты бет Пәнаралық зерттеулер Әдістемелік еңбектер Гендерлік тарих Қазіргі заманғы батыстық тарихнамадағы гендерлік зерттеулер

Қазіргі заманғы батыстық тарихнамадағы гендерлік зерттеулер

11 Қыркүйек 2013
792
0

 Алғашқы  « әйелдік тақырыптық» мәселе арнайыланған құбылыс ретінде бірінші феминистік толқуға байланысты он тоғызыншы ғасырдың аяғында келең бере бастады. Жиырмасыншы ғасырдың бірінші жартысында көбінесе әйгілі әйелдердің өмірін сипаттайтын әйелдерге арналған жұмыстар пайда бола бастады. Әйел тақырыбын  талқылауда  бүгінгі күннің өзінде үлкен орын алатын жұмыс ол атақты француз философы Симон де Бовуардың 1949 жылы баспадан шыққан жұмысы « Второй пол». Онда әйел мәселесі философиялық тұрғыдан қарастырылады.

Алпысыншы жылдары Батыстағы жастардың солшыл қозғалысы аясында жаңа феминистік қозғалыс орын алды. Ол өз кезегінде тарихи ретроспективтікті қоса алғанда феминистік гуманитарлық зерттеулерге жаңа импульс берді. Алғашында бұл феминистік зерттеулер ғылыми қоғамда скептикалық және тарихшы – дәстүршілер ретінде қабылданды. Сонымен қатар бқл көзқарасты жыныстық өзгешелік тұрғысында еш танымдық мағына мойындамайтын әлеуметтік тарихққа методологиялық тұрғы ұстанатын көптеген жақтастары да қолдады  Бірақ бұл критицизм өз кезегінде тағы бір « еркектік шовинизм » көрінісі ретінде қабылданып « әйел тарихының» дамуына стимул жасап , радикалды феминистік көңіл күйді күшейтті. Осылай бола тұра аталған мәселе төңірегінде  «әйелдер тарихы » « әйелдік тарих» түсінігі арасында айырмашылық табылды. « Әйелдік зерттеу»- олардың соңғысында өмірлік тәжірибенің және әйелдік өмірлік тәжірибенің мағынасы айшықталып және зерттеушілік құрылымы тұрғысынан қорғалынды. Ол бойынша зерттеуші позициясы гуманитарлық ғылымдар тұрғысынан , тарихта  нейтралды обьективті болмауы керек. Ол зерттелінетін  обьектіге тікелей араласу жолымен белгілі сезімдер мен қызығушылық таныту керек. Міне осындай іс- әрекет аясында таным нәтижесі мойындалды.

Л.П. Репинаның айтуынша батыстық университеттер программасында әйел мәселесіне арналған курс алғаш рет 1979-1980  оқу жылдары  Сан- Диего университетінде пайда болды. Ал 1970-1980 жылдары тарихи ғылым қауымындағы скептицизмге қарамастан АҚШ та да, Европада да әйелдік зерттеулердің академизациясы , институционализациясы жүрді. Нәтижесінде көптеген университеттерде әйелдік және гендерлік зерттеу орталықтары немесе тіпті факульттетер ашылды. Бұл құбылысқа деген көзқарас бүгінгі күнге дейін оның әйелдік дилетантық әрекет ретінде қабылдануы жойылған емес. Оның өзі бұл саладағы  қалыптасып келе жатқан зерттеуші қоғамға одан әрі ұйымшылдық сипат алуға жағдай жасады. Онда оқшаулану және касталылық көлеңке күні бүгіге дейін сақталуда.

Соңғы жиырма жылда әйелдер тарихын зерттеуде үлкен жұмыс жасалды. Өткен уақыттағы әйелдердің тарихи тағдырына, олардың жекелеген қоғамдарының әртүрлі уақыт межесіндегі тарихи тәжірибелеріне экономикалық, саяси, идеологиялық мәдениет аясында анализдеу жүргізілді.

Жалпы әйелдер тарихында әрқайсысы оның даму стадияларын және оның көпқырлы бейнесінің бір жағын көрсететін үш бағыттың бөлінуі айқындалды. Осы бағыттар арасындағы айырмашылықтар өзідерінің басты зерттеу мінддеттерін орындауда көрінеді. Барлығынан бұрын қалыптасқан бірінші бағыттың міндеті , танымдық әрекеті ресми  « ерлер» тарихнамасынан ұмыт қалған немесе мүлдем алынып тасталған «әйелдердің тарихи тіршілік ету  жағдайларын қалпына келтіру». Дәл осы  ерекше «әйелдік»тарихын жазу тұжырымдамасы жетпісінші жылдардың ортасына дейін әйелдердің зерттеу жұмыстарында басшылық орында болды. Ол ереже бойынша суреттеу жағына көбірек сүйенді және тарихи зерттеулерді жанр түрінде жасады. Шартты түрде her- story, ал оған қарама-қарсы ерлер тарихнамасы феминистер үшін his- story болды. Феминистерді  жақтаушылары ағылшынша «history» сөзінің мағынасында өзгертпекке құштар болды. Өйткені бұрынғы тарихи суреттеуде  ол ылғи ерлер тарихын білдірді. Бұл екі нұсқа бір-бірімен үйлесім таппады, сондықтан  « әйелдер тарихының» оқшаулануы жалғаса берді. 1970 жылдардың екінші жартысында бірінші орынға шыққан екінші бағыт өкілдері өздерінің алдындағы басты мақсат ретінде класстық қоғамдағы патриархалдық құрылымда ерлердің басшылық орынға шығуы және әйелдердің бағыныштылық қатынастарының қалыптасуын зерттеу еді. Олар « әйелдер тарихын » қоғам тарихымен байланыстырмақ болды, жанжалдасушы жақтардың мүдделерін және әйелдердің әртүрлі әлеуметтік категориялардағы альтернативті өмірлік тәжірибесін көрсетпек болды. Бұл жерде оларда специфистік феминистік неомарксизм қалыптасты. Әлеуметтік класстық анализді олар жыныстық айырмашылық факторымен толықтырды және тарихи тұлға статусын индивидуалды, жыныстық, жанұялық — топтық комбинация статусы мен класстық түрде айқындады. Бұндай интерпритацияда өндіріс тәсілі мен меншік қатынасы жыныстар арсындағы теңсіздіктердің базалық  детерминанты болып қала берді.

1970-80 жылдар тоғысында феминистік теорияда пәнаралық көқарасқа бейімделу сақтала берді.

Әйелдік зерттеулердің  жаңа дәуірі 1986 жылы американ зерттеушісі Джоан Скоттың  « Гендер- полезная категория исторического анализа » мақаласы жарыққа шыққан соң басталды. Осы уақыттан бастап «гендер», «пол-род», ұғымдары бұл мәселелерді зерттеуде маңызды категорияға айналды. Бұл көзқарас аясында «гендер» концептісі жыныстар арасындағы теңсіздіктің әлеуметтік сипатын жоюға бағытталды.  Мұнда гендерлік статус, гендерлік иерархия, гендерлік- дифференцияланған  тіршілік моделдері біржақты табиғатпен детерминацияланбайды және кәдімгі сексуалды – репродуктивті айырмашылықтар әр қауымдастық пен мәдениет өзінің ерекшеліктерін көрсететін негіз болып табылады.  Гендерлік стаус қоғамда қалыптасқан қатынастар жүйесінің барлығына қатынасады. Оған тек жаңа дүниеге келген адам және оның барлық гендерлік әлеуметтенуі ғана емес , сонымен қатар қоғамдық адамның мәдени – тарихи даму продуктін көрсетеді. Гендерлік моделдер қоғаммен конструкцияланады.  Сонымен қатар гендерлік қатыстылық барлық әлеуметтік институттардың құрылымына қатынасады және гендерлік түсініктің  индивид деңгейінде іске асуы  қалыптасқан биліктік пен бағыну қатынастар жүйесін қолдайды. Сонымен бірге еңбектің гендерлік белгісі бойынша бөлінуіне қолдау жасайды.  Бұл тұрғыдан гендерлік статус рассалық, этникалық және класстық қарастылықпен қатар әлеуметтік иерархияның және билікті бөлу жүйесінің конститациялық  элементтерінің бірі болып табылады. Әйелдік зерттеулерде көзқарастың  табиғи сиппаттан әлеуметтік қатынасқа ауысуы гендерлік мәселелерді  әлеуметтік тұрғыдан құралған басқару мен бағыну қатынастары комплексіне қосылуыға жол ашады. Нәтижесінде тарихқа екі жыныстың өкілдері де қайта оралады. Осылайша талқыланған гендерлік көзқарас әлеуметтік тарихшылар қатарынан да, мәдениет тарихшылары қатарынан да өз жақтастары тез таба бастады. Осылайша әйелдер тарихынан үшінші бағыт, гендерлік зерттеу пайда болды. Ол алғашқы зерттеу парадигмасын жаңартты . Ендігі кезекте гендерлік тарихшылардың зерттеу пәні әйелдер тарихы емес,  әлеуметтік құрылымның және өзінің гендерлік қатыстылығын мәдени- тарихи контексте мойындайтын индивидтер арасындағы қатынасты структуризациялайтын әйел мен ер адамның арасындағы қатынасты зерттейді. Жыныстар арасындағы қатынасты психоаналитикалық интерпритациялауға қарағанда , «гендер» ұғымын осылай талқылау одан әрі тереңдей түсті . Психоаналитиктерге қарағанда гендерлік тарихшылар айырмашылықтар мен жыныстар иерархиясындағы комплексті социомәдениеттік детерминацияға көбірек назар аударады және олардың өнімділігі мен функциясына  макротарихи контексте анализ жасайды. Әлеуметтік-тарихи даму түсінігіне енді гендерлік қатынас  динамикасы қосылды. Тарихи зерттеулерге жаңа мәселе алаңдары- класс пен жыныс арасындағы , әлеуметтік және гендерлік иерархия , әлеуметтік және гендерлік мифология , әлеуметтік және гендерлік тарих арақатынастары мәселесі пайда болды. Осыдан бастап әйелдің бағынышты жағдайын негіздеген  әйел табиғаты туралы талас туғызған  жыныстың тарихи еместік мәселесі,  өзгермейтін «әйелдік бастама »туралы түсінік алынып тасталды. «Гендер» терминінің тағы бір маңызды атрибуты  «ер» және «әйел» түсініктерінің қатыстылығы мен айшықтылығының демонстрациясы. Осыдан оларға ,тарихи зерттеуді қоса алғанда, оқшау анализ жасау мүмкін еместігі анық болды. Жәнедағы  «гендер»  терминінің феминизммен арақатынасының бөлектігі түсінікті бола бастады. Ол бұрынғыға қарағанда ғылыми- академиялық мойындаушылықтың одан да негізді болуына жол ашты.

Джон Скоттың мақаласында екі жағдай арасындағы байланыс ерекшеленіп көрсетілді. Біріншісі- гендер жыныстар арасындағы қабылданған айырмашылықтарға негізделген әлеуметтік қатынастардың құрамды элементі. Екіншісі гендер биліктік қатынастардың алғашқы белгілеу тәсілі болып табылады.  Осы тұжырымдамға сәйкес гендер көлемді мазмұнға ие және онда бір-бірімен тығыз байланысты әрі араласпайтын төрт подсистема үйлеседі. Олар осы концептіні оның пәндік алаңындағы процестердің анализіне қалай қолдануға болатынны көрсетеді. Бұл төрт подсистема бірінші мәдени символдар комплексі енетін мәдени- символдық подсистема, екінші нормативтік- интерпритациялық подсистема- нормативтік дәлелдемелер, үшінші әлеуметтік-институттық подсистема- әлеуметтік институттар мен ұйымдар, төртінші индивидуалды- психологиялық подсистемалардан тұрады. Джон Скот бойынша тарихи зерттеудің мәселесі гендерлік статусты құрастыру процесіндегі іс жүзінде осы төрт аспекті  арасындағы қатынасты айқындау. Сонымен қатар осы көзқарас ұқсас аспектілердің ерекшеленуімен кез-келген әлеуметтік процесс үшін анализ жасау моделі бола алады. Бұл тұста «ер» және  « әйел» категорияларының түпкілікті трансценденттік мазмұнға ие емес екндігін көрсету мүмкіндігі пайда болды. Гендерлік ерекшеліктер адамдардың қатынасы процесінде символикалық түрде құрылып және қайтадан құрылады.  Гендерлік қатынастар адамзат тарихындағы, индивидте гендерлік консенсусқа жету және гендерлік әлеуметтену процесінде қалыптасқан ең  ұзақ әрі өзге иерархиялық жүйелер ішіндегі ең мықтысы болып табылады. Гендерлік зерттеулер ерекше синтетикалық модел жасауға мүмкіндік береді. Онда  социумның барлық мүмкін деген өлшем белгілері орын табады. Олар: жүйелік-структуралық, социомәдениеттік, индивидуалды-жекебастық, және гендер түсінігі олардың қалай әрекеттесетіні және қалай байланысатыны туралы түсінік береді. Бұл моделдің уақыттық ұзақтықта ашылуы осы құбылыстардың тарихи динамикасын реконструкциялауға мүмкіндік жасайды. Бұл зерттеу перспективалары әліде толық түрде іске асу мүмкіндігіне ие. Бірақ қазіргі уақыттың өзінде батысевропалық тарихнамада барлық хронологиялық уақыттар мен Европаның бар региондары бойынша монографиялық зерттеулердің айтарлықтай көлемі жиналды. Сонымен қатар гендерге арналған көптеген беделді журналдарда  тұрақты рубрикалар, сонымен қоса арнайы периодикалық басылымдар пайда болды. Ресейдегі осындай басылымға «Адам и Ева» альманахы жатады.

Әйелдер тарихының  1970 жылдардағы алғашқы түлектері ескі дәстүрлі тарихнамадан тарихи кезеңдестіру мәселесін қабылдап, оны шешудің өзіндік жолдарын ұсынды. 1974 жылдары- ақ француз зерттеушісі Моник Пьеттер « Положение женщин сквозь века» атты жұмысында тарихты әйелдің басшылық бейнесі жақтарына қарап өте ұзақ үш фазаға бөлді. Олар: бірінші бейнесінде « Арғыдан дүниеге әкелуші – Ана », екіншісінде ежелгі мемлекеттерде және одан соң әсіресе христсандық орнаған мезеттер мен Жолдас-Әйел бейнесі моногамиясында, үшінші қайта өрлеу дәуірінен бастап Тұлға-Әйел бейнесі пайда болды. Бұнда әйел статусының өрлеуі линейлік процесс болған жоқ, зерттеулер гендерлік тарих динамикасын айқындау қиындығын көрсетті, өйткені жекелеген әлеуметтік, кәсіби және жастық топтарда гендерлік статустың өзгеруі біртекті уақытта болған жоқ. Гендерлік тақырыптың тарихи материалы гендерлік қатынастардың перспективада әлеуметтік тарихын жасау үшін әлеуметтік- класстық және гендерлік қатынас жасау қажеттігін көрсетіп берді. Дүниежүзілік әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі айқындалып шықты.

Әйелдер тарихының жекелеген кезеңдерін зерттеуде таптырмайтын үлгі, әсіресе ерте жаңа заман кезеңіндегі, осы кезге дейін америкалық феминизмнің теоретигі мен практигі , тарихшы Джоан Келлидің « Было ли у женщин Возрождение» атты айтулы мақаласы болып табылады. Әртүрлі әлеуметтік топтардағы әйелдерге қоғамдық өзгерістердің әсер етуін зерттеу үшін Джоан Келли өзінің теоретикалық моделін әйел бостандығының сапасы және деігей индекаторын жасады. Ол төрт байланысты критериді санатқа алды. Олар: ерлермен салыстырғандаәйелдердің жыныстық ерекшелігінің қоғамдағы регламентациясы, әйелдерге қатыстырылған шаруашылық және саяси саладағырөлі, сонымен қатар олардың меншікке, билікке, білімге, кәсіби оқуға қол жетімдігі, қоғамның мәдени өміріндегірөлі, әйелдердің, яки жыныстардың қоғамдық санадағы, өнердегі , әдебиет пен философиядағы рөлдік функциялары. Осы негіздерге қатысты жүргізілген Дж. Келлидің анализі 15-16 ғасырларндағы италия әйелдерінің гендерлік статусын тәуелденуі мен төмендеуіне әкелді деген қорытындыға ұшыратты. Нәтижесінде « Әйелдерде ешқандай Қайта өрлеу, тым болмаса Реннесанс дәуірінде болған жоқ » деген қорытынды жасалды. Француз революциясы кезінде әйелдер тарихымен айналысқандар осы методикаға сүйене отырып бұл революцияның әйелдердің жағдайына әсері туралы түсінікті теріске шығарды. 1791жылы француз революциясының программалық құжаттарының бірі « Декларация прав человека и гражданина » шыққан соң әйелдің құқықтарын жақтаушы Олимпия де Гуж « Декларация прав женщины и гражданки » атты манифесін баспадан шығарды. Бірақ бұл революция жақтастарының энтузиазмын туғызбады. Жәнедағы нәтижесінде шығу тегі әлеуметтік топқа жататын автор контрреволюциялық күштермен байланыста деп айыпталып, 1793 жылы қазанда басы шабылды. Нәтижесінде ол француз феминистерінің атақты тұлғасына айналды. Осылайша, қоғамдық тарихқа әйелдік дауыс нүктесінің қосылуы күн тәртібіне тарихи процесстің жалпы көрінісіне коррекция жасау мәселесін қойды. Қоғамның прогресивті даму түсінігі , тарихи периодтардың жалпыға ортақ бағасы өзгеріске түсті және қоғамдық прогресс әйелдердің бостандыққа, теңдік пен туыстыққа қосылуын көрсетпеді. Сонымен қатар жаңа заманға жылжыған сайын гендерлік иерархияның күшеюі байқалды. Бұл социум өмірінің әртүрлі дерктері мен аспектілерінде бақыланады. Европаның жаңа заман тарихынан қоғамдық құрылымның күрделенуі әйелдің жанұядағы беделін түсірді, оның меншіктік құқығын шектеді, өзін ұстау нормалары мен моральдың екі жақты стандартының орнауына әкеліп соқты. Дегенмен осымен қатар әйелдердің жанұя мен үй шаруашылығынан тыс ресми емес әлеуметтік байланыстар арқылы өз ықпалдарының күшеюіне қол жеткізілді. Әйелдер тарапына көбіне қоғамдық прогресстің ұстанымдық негіздері түсті. Сонымен бірге гендерлік жүйенің асимметриясы ерте кезеңдерде соңғы  кезеңдерге қарғанда әлдеқайда әлдеқайда әлсіз болғаны анықталды. Және дәстүрлі дамымаған, архайкалық болып саналатын бұл дәуірде әйелдердің статусы ерлерден еш кем болған жоқ, ал « прогресс эрасы » деп аталатын дәуірде әйелдердәі жағдайы құқықтық қатынаста нашарлады. Нәтижесінде одан әрі жоғарылаудан әйелдердің жалпы сауаттылық деңгейі артып, әйелдердің мәселесі мен феминизм дәстүрлерінің пайда брлуына әсер етті. Ірі қоғамдық өзгерістер кезеңінде гендерлік қатынастар өзгерістерге ұшырап, алайда олардың әйелдер пайдасына шешілмегені анықталды. Мысалы атақты британ тарихшысы Дэвид Андердаунның айтуынша 17 ғасырдағы дағдарыс кезінде ерлерді әйелдердің басқарылмайтындығы мазалады, нәтижесінде әйелдердің бейнесінде бірінші орынға «шашпа» белгілері шықты. Жалпы гендерлік саладағы мамандардың айтуынша, тұлға арлық және әлеуметтік жүйедегі қатынасындағы қайшылықпен айқындалады, мұндағы тура және анық өзара әрекетті анықтау мүммкін емес, қоғамдағы гендерлік қатынастың дамуында өзінің мәдени дәстүріне сай логикасы бар, оның тегінде сол қатынастар дамиды.

Гендерлік зерттеулер үшін болашағынан зор үміт күттіретін ол күнделікті тарих пен жеке өмір тарихы. Гендерлік тарихшылар ойластырған ойларын іске асырмай қоймады, өздерінің көзқарастарына сүйене отырып жасаған  « жаңа жалпы тарих » жобасы  персоналды, локалды, структуралық және социо мәдениеттік тарих шеңберінде алынған микро- және макропроцесстердің зерттелу нәтижесін интеграциялап және қайта ойластыртуға мүмкіндігі бар. Гендерлік тарих социомәдени – жыныстық бөлігі қоса ала отырып қоғамдық процестер түсінігідегі тарихи синтезді іске асыруға таласып отыр. Гендерлік тарих шынымен –ақ жалпы тарих жыныстық емес түрде жазыла алатынын көрсетіп бере отырып, ол қоғамдағы гендерлік қатынастарды « жаңа әлеуметтік тарих» ретінде есепке ала отырып іске асатынын анықтады. Бұл өз кезегінде тұлғааралық қатынастардың барлық жақтарын қоса ала отырып әлеуметтік түсінікті кеңейтуге ұмытылады.

1980 жылдары сонымен қатар тағы бір көзқарас, қазір әзірше « ерлердің гендерлік тарихы» деп аталып жүрген ағымның құрылуы басталды. « Ерлердің тарихшылары» да өздерәне скептикалық қатынаста болды. Олардың пайда болуы модаға сыйлық ретінде қабылданды. Бірақ нақ солардың мысалында қоджэғамдық қатынастар гендерлік құрамдастан тұратыны одан әрі айшықты көрінді. Зерттеушілер ерлердің тарихындағы гендерлік белгілері де әлеуметтік- класспен, статуспен, іс қарекетімен, өмір сүру ортасымен, жасы және тағы басқалармен байланысты екенін анықтады. Жаңазаманның алғашқы кезеңдерінде үйленген ерлер нағыз еркек болып саналды, ал олардың бойдақ бауырлары олармен салыстырғанда азаматтық құқықтарға ие болғанымен қоғамдық өмірге үйлденгендердей араласа алмады. Бойдақтарға күйеуге шықпаған әйелдерге қараған сияқты күмәнді қатынас танытылды, өйткені олардың өмір салты әзірше қандайда бір  гендерлік – дифференциалды әлеуметтік тәртіптің орнына сай емес. Ерте жаңа заман тарихы кезеңінде үйленбеген подмастьерлердің өзіндік суб мідениеті қалыптасты. Оларға цехтық шеберлер күшпен бойдақтық жағдайды таңды. Себебі олар қазірге дейін нормаға сәйкес жанұя құру үшін жеткілікті қаражат бермеді. Өйткені бұл ортада ертеден отағасының өзіндік қаражат көзі болу керке деген қағида ұстанылды.

16-18 ғасырларда ерлер әйелдердің  патриархалды биліктен босап шығу мүмкіндігін мүлдем мойындамады. Бұл реформаторлардың да, Ұлы Француз революциясы дәуірі  революционерлерінің де ойына кіріп шықпады. Ерте жаңа заман дәуірінде ерледің сапасы саяси жауапкершілікті өзіне қосты, ал бұл кезде әйелдердің жақсы әрекеті үй және шаруашылықтық болып қала берді.Ақыл, тұнық ой, достық сияқты қасиеттерді ерлер өздеріне таңды. Бұл тіпті пайда болған вербалды формулировкаларда көрініп тұрды. Осы кезде ортақ ойлылардың бірлестіктері, ортақ экономикалық өндірістері «ағайындық», « серіктестік» деп аталды. Нағыз ердің атрибуты деп оның жанұясындағы өмір сүріп жатқан әйелі мен қыздарын, әйел жынысты өзге туыстарын, тіпті үй қызметкрлерін өз қол астында ұстай алу еді. Бірақ кейде әйелдер өз ерлеріне ықпалын жүргізуге тырысты. Ал нағыз еросындай дүниеге жол бермеуі тиіс еді. Ерлердің арасындағы біреу егер патриархалдық билікті ұстай алмаса ол қоғамдық сферада қздерінің басқару құзыретінен айырылуы мүмкін еді .  Ары қарай он сегізінші ғасырдың ортасы мен он тоғызыншы ғасыр қоғамындағы таптыұ құрылымының өзгеруіне байланысты әр түрлі әлеуметтік топтарда ерлік қатынас айырмашылықтарына жол берілді. Белгілі Британ тарихшысы Джон Тош бұл үрдістерді Британдық материалдарда қарастырды. Онда ол он тоғызыншы ғасырда ағылшындық орта тапта ерліктің негізгі құрауыштарын көрсетті. Оларға жататындар  -  жақсы жұмыс, жанұяның өзін асырауы, өзге ерлер арасында еркін қатынас жасай алуы. Джон Тош адам өмірінде қоғамдық және жеке тұлғалық сфераларды бөлмеуге шақырды. Оның ойынша, гендерлік тарих тарихи зерттеулерге тән қоғамдық пен жеке тұлғалықтың қатаң бөлінуіне әкелді. Мысал ретінде, ол Британдық гендерлік тарихнаманың көрнекті жетістігі деп санайтын Леонор Дэвидофф пен Кэтрин Холдтың «Привратности семьи » еңбегін келтірді. Бұл авторлардың басты тезисі адам өміріне қоғамдық және жеке деп бөлу тұлғалық өзін ұстау мотвациясының спецификасын ашып бермейді. Ал он тоғызыншы ғасырда Англияда мысалы ердің іскер белсенділігінің басты мақсаты үйі мен жанұясын асыруы еді. Орта таптаеғы ер үшін мұндай қасиеттер күнделікті өмір қажеттігін қанағаттандарды. Бұл бағытта гендерлік пен әлеуметтік тап арасындағы байланыс ашылды. Гендерлік зерттеулердің арықшылығы Джон Тоштың айтуынша ол адамның қасиеттеріне тек биологиялық тұрғыдан ғана емес, әлеуметтік тұрғыдан да анализ жасайды. Гендерлік зерттеулер Джон Тоштың айтуынша бүкіл қоғамды қамтуда концептуалды құралдарға ие.

Гендерлік саясаттың мақсат пен мәінденттері сонымен қатар  жеке тұрғыдан да анықталады, немес, жаңа биографиялық тарихпен сипатталады. Бұл жаңа биографиялық зерттеулер шеңберінде жүйелік құрылымдық негіздер жасалу шаралары қарастырылды, және әлеуметтік мәдени мен психологиялық қадамдар іс тәжәрибеде сынақтан өткізілді. ХХ ғасырдың көпетегн тарихшыларды зерттеуге итермелеген және тарихнамада ұзақ уақыт жетекші орын алған тарихтағы макросараптамалық қанағаттандырылмаушылығы болды..Бұл мәселелер толық түрде рухани мәдениет мәселелерін зерттеумен айланысатындармен де шешіле алмады. Мысалы ділдер тарихын зерттеуші тарихшылар басыннан бастап аз өзгеретін тұлғалық емес қоғамдық сана құрылымдарына назар аударды. Осыған байланысты тарихшылардың қызығушылығы қатардағы адамнаннемесе орта тұлғадан нақты индивидке ауысты. Бұнда ол біржақты емес, қиын жағдайларда шешім қабылдай алатын индивид еді.  1980 жылдары микротарихтың кең етек алуына байланысты биография жанрындағы жұмыстар көлемі көбейді.  Биография жанры тарихтың ерте кезеңдері үшін деректемелік базасында қатаң шектеулерге ие. Әсіресе қоғамның төменгі және жоғарғы қабаттарын зерттеуде бұл ерекше көзге түседі. Сондықтан зерттеуге элиталық қатардың өкілдері анағұрлым оңтайлы.  Олардың санасында көбіне гендерлік және әлеуметтік компоненттер айқасқан. Жаңа жеке тарихта индивидуалды биографиялар макросараптама тұрғысыннан қарастырылады және әлеуметтік контексті анықтауда қолданылады.  Биографиялық әдіс микротарих принциптерімен байытылып және бұл гендерлік тарихтағы бірқатар мәселелерді айшықтауға мүмкіндік берді, бұлар-адамның қоғамдағы қабылдануына матриоманиалды статустың рөлі, өмірлік циклдың әр кезеңіндегі психологиялық ерекшеліктері, рөлдік жүктеулер және қысқартулар, қоғамның девианттық әрекетке реакциясы.  Қоғамдық сананың ерлермен жасалған стереотипі әйелдердің әрекеттік стереотипін детерминациялағаны көрсетілді. Бұл әйелдердің жыныстық әрекетін басқаруға арналған, тәрбиненің қаталдығын көрсетті, білім жағдайын, киім үлгісін, сөйлеу мәнерін, жұпты таңдаудағы шектеулерді, іскерлік әрекет түрлерінің шектемесін көрсетті.  Осы шектеулерден шығудың салдары трагедиялы болды.Осымен қатар әйелдік биография , әйелдік персоналды тарих өзімен бірге ерлер тарихынан ақпаратты қоса ала жүрді.  1990жылдары әйелдер тарихының кезеңдестіру мәселесі қайта ойластырыла бастады , өйткенібұл кезеңдемтіруді екі жыныстың да қатынас тарихын еске ала отырып жүргізу қажет еді. Қазіргі таңда мұндац кезеңдестіру әртүрлі тарихи кезеңдерде бір бірінен өзгешеленетін механизмдерді зерттеу жолында ғана мүмкіндік алады. Олар әйелдердің жыныстардың арасындағы айырмашылықтардың билік ету түсініктерін мойындатуға кепілдік беруге арналған. Ал бұлар өз кезегінде белгілік, мәдени зорлықты іске асырудың әдісі  еді. Барлық тарихи дәуірлерде ерлер мәдениеті биліктің патриархалды қатынастарын орнатуға және  нығайтуға ұмытылды. Бұл қатынастар  тарихи – мәдени түрде қалыптасқан және оларды табиғи, түп негізді әрі бүкіл ортақты етіп көрсетілді.  Гендерлік тарихтың кезеңдестіру мәселесінің негізгі мағынасы мынада- әртүрлі тарихи дәуірлер үшін жыныстар арасындағы әлеуметтік рөлдер мен функциялардың айырмашылықтарын құрайтын және көрсететін механизімдерді анықтау. Бұл жолда гендерлік тарих әлеуметтік тарихпен байланысқа түседі және қоғамдағы «әлеуметтік » категориясын түсінігін байыта түседі.  Тарихшылармен қатар гендерлік қатынастар мәселесімен философтар да айналысады. Бұл жерде, философиялық ортада гендер әйелдер табиғатының ерекшелігін бейнелейтін « бытийствелік » категория ретінде көбірек қабылданады. Осы категориялар барлық тарихи уақыттарда ерлердің рухани-психолгиялық құрылымынан ерекшеленетін айрықша белгілерге ие.  Гендерді зерттеуде философтардың негізгі басымдықтары гендерлік тарихтың әр тарихи кезеңдегі тарихи спецификасын көрсетуге тырысатын тарихшыларға қарағанда олар әйел спецификасы ерлермен салыстырғанда ешқашан жоғалмайды деп көрсетеді және бұл гендерлік қатынастарда таусылмас қайшылықтар туғызады.  Гендерлік қатынасты философиялық зерттеудің ірі орталығы Харьков университетінде қалыптасты, мұнда аталған бағытта үлкен жұмыс атқарған Ирина Жеребкина.


Пікірлер

Пікір қалдыру үшін кіріңіз немесе тіркеліңіз